Автор работы: Пользователь скрыл имя, 24 Марта 2012 в 11:46, контрольная работа
Жинақтаушы зейнетақы қорының зейнетақы активтерін басқару тәртібі.
Жинақтаушы зейнетақы қорларының зейнетақы активтері: зейнетақы жарналары, инвестициялық кіріс, өсімпұл және жинақтаушы зейнетақы қорларының комиссиялық сыйақыларын шегеріп тастағандағы залалдарды өтеу ретінде түскен қаражат есебінен қалыптасады.
І. Кіріспе
ІІ. Негізгі бөлім
1. Жинақтаушы зейнетақы қорының зейнетақы активтерiн басқару.
2. Зейнетақы активтерiн инвестициялық басқаруды жүзеге асыратын ұйымның басшы қызметкерлерi.
3. Жинақтаушы зейнетақы қорының зейнетақы активтерiн инвестициялық басқару.
ІІІ. Қорытынды.
ІҮ. Пайдаланылған әдебиеттер тізімі.
Зейнетақы активтерiн инвестициялық басқаруды жүзеге асыратын ұйымның жауапкершiлiгi.
Жинақтаушы зейнетақы қоры зейнетақы активтерін инвестициялық басқаруды жүзеге асыратын ұйыммен жасалған шартты бұзу белгіленген күннен жиырма күн бұрын оған хабарлай отырып, бір жақты тәртіппен бұзуға, сондай-ақ зейнетақы активтерін тиісті басқармаудан туындаған залалдарды өтеуді талап етуге құқылы.
Зейнетақы активтерін инвестициялық басқаруды жүзеге асыратын ұйым өз міндеттемелері бойынша өзіне тиесілі бүкіл мүлкімен жинақтаушы зейнетақы қоры алдында жауап береді.
Жинақтаушы зейнетақы қорларынан зейнетақымен қамсыздандыру.
Міндетті зейнетақы жарналарын төлеу:
1. Міндетті зейнетақы жарналарының салымшылары жинақтаушы зейнетақы қорларына міндетті зейнетақы жарналарын осы Заңда белгіленген ставкалар бойынша төлеуге тиіс.
2. Міндетті зейнетақы жарналарының салымшысы міндетті зейнетақы жарналарын төлеу үшін бір ғана жинақтаушы зейнетақы қорын таңдап алуға және онымен міндетті зейнетақы жарналары есебінен зейнетақымен қамсыздандыру туралы шарт жасасуға міндетті. Міндетті зейнетақы жарналарының салымшысына міндетті зейнетақы жарналары есебінен зейнетақымен қамсыздандыру туралы бір мезгілде екі және одан да көп шарт жасасуға, сол сияқты салымшының міндетті зейнетақы жарналарын іс жүзінде екі және одан да көп жинақтаушы зейнетақы қорына енгізуіне, не жарнаны бір қорға төлеп, жинақталған зейнетақы қаражатының бір бөлігін басқа жинақтаушы зейнетақы қорында сақтауына жол берілмейді.
3. Осы Заңның 9-бабының 1-3-тармақтарына сәйкес, зейнеткерлік жасқа жеткен адамдар жинақтаушы зейнетақы қорына міндетті зейнетақы жарналарын төлеуден босатылады.
Бiрiншi және екiншi топтардағы мүгедектiгi бар адамдар, егер мүгедектiгi мерзiмсiз болып белгiленсе, жинақтаушы зейнетақы қорларына мiндеттi зейнетақы жарналарын төлеуден босатылады.
4. Міндетті зейнетақы жарналары Қазақстан Республикасының ұлттық валютасымен төленеді.
5. Міндетті зейнетақы жарналарының және осы Заңның 22-4-бабының 1-тармағына сәйкес есептелген өсімпұлдың толық және уақтылы төленуін бақылауды Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес салық органдары жүзеге асырады.
6. Міндетті зейнетақы жарналарын басқа адамдардың пайдасына төлеуге болмайды.
7. 2005 жылғы 1 қаңтардағы жағдай бойынша әлеуметтiк жеке коды және (немесе) салық төлеушiнiң тiркеу нөмiрi және (немесе) жинақтаушы зейнетақы қорларымен жасасқан зейнетақы шарттары жоқ бұрынғы қызметкерлердiң (Қазақстан Республикасының шегiнен тыс тұрақты тұрғылықты жерге кеткен, Қазақстан Республикасының заңнамасында белгiленген тәртiппен хабарсыз кеткен немесе қайтыс болған деп танылған) кiрiстерiнен ұсталған мiндеттi зейнетақы жарналары Қазақстан Республикасының Үкiметi белгiлеген тәртiппен аударылады.
Мiндетті зейнетақы жарналарының ставкасы.
Жинақтаушы зейнетақы қорларына төленуге тиiстi мiндетті зейнетақы жарналары осы баптың 3-тармағына сәйкес айқындалатын тәртіппен зейнетақы жарналарын есептеу үшiн қабылданатын, қызметкердiң ай сайынғы табысының он процентi мөлшерiнде белгiленедi. Бұл ретте, мiндетті зейнетақы жарналарын есептеу үшін қабылданатын ай сайынғы табыс тиiстi қаржы жылына арналған республикалық бюджет туралы заңда белгіленген жалақының жетпіс бес еселенген ең төменгi мөлшерден аспауға тиiс.
Адвокаттар, жеке нотариустер, сондай-ақ жеке кәсіпкерлер үшiн жинақтаушы зейнетақы қорларына өз пайдасына төлеуге жататын, салық кезеңінің әрбiр айы үшін есептелетін мiндетті зейнетақы жарналары Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес айқындалатын табыстың он процентi мөлшерiнде, бiрақ тиісті қаржы жылына арналған республикалық бюджет туралы заңмен белгіленген жалақының ең төменгi мөлшерінің он процентінен кем емес және жалақының жетпiс бес еселенген ең төменгі мөлшерiнiң он процентінен жоғары емес болып белгiленеді.
Арнаулы салық режимін қолданатын шаруа (фермер) қожалықтары үшiн шаруа (фермер) қожалығы мүшесiнiң (қатысушысының) және басшысының пайдасына жинақтаушы зейнетақы қорларына төлеуге жататын, салық кезеңiнің әрбiр айы үшін есептелетін мiндетті зейнетақы жарналары тиістi қаржы жылына арналған республикалық бюджет туралы заңмен белгіленген жалақының ең төменгi мөлшерінің он процентiнен кем емес және жалақының жетпiс бес еселенген ең төменгi мөлшерінiң он процентiнен жоғары емес мөлшерде белгiленедi.
Арнаулы салық режимін біржолғы талон негiзiнде қолданатын жеке тұлғалар үшін жинақтаушы зейнетақы қорларына өз пайдасына төлеуге жататын мiндеттi зейнетақы жарналары бiржолғы талондар сатып алынатын әрбiр отыз күнге есептелетін, тиiстi қаржы жылына арналған республикалық бюджет туралы заңмен белгiленген жалақының ең төменгі мөлшерiнiң он процентi мөлшерiнде белгіленедi.
Мiндеттi зейнетақы жарналарын есептеп шығарудың, ұстап қалудың (есептелуінің) және аударудың тәртiбi мен мерзiмдерiн Қазақстан Республикасының Үкіметі белгiлейдi.
Ерікті зейнетақы жарналарының ставкасы.
Салымшы-жеке тұлғалар жинақтаушы зейнетақы қорларына ерікті зейнетақы жарналарын олармен ерікті зейнетақы жарналары есебінен зейнетақымен қамсыздандыру туралы шарт жасасқан жағдайда өз пайдасына өз табысы есебінен енгізеді.
Алушының пайдасына ерікті зейнетақы жарналарының салымшылары жеке және заңды тұлғалар болуы мүмкін.
Ерікті зейнетақы жарналарының ставкасы, оларды төлеу тәртібі, сондай-ақ зейнетақы төлемдерін төлеу тәртібі ерікті зейнетақы жарналары есебінен зейнетақымен қамсыздандыру туралы шарт тараптарының келісімі бойынша белгіленеді.
Ерікті кәсіптік зейнетақы жарналарының ставкасы
Ерікті кәсіптік зейнетақы жарналарын төлеуді кәсіптерінің тізбесін Қазақстан Республикасының Үкіметі белгілейтін қызметкердің пайдасына салымшылар өз қаражаты есебінен жүзеге асырады.
Ерікті кәсіптік зейнетақы жарналарының ставкасы ерікті кәсіптік зейнетақы жарналары есебінен зейнетақымен қамсыздандыру туралы шарт тараптарының келісімі бойынша белгіленеді, бірақ ол қызметкердің ай сайынғы табысының он процентінен жоғары болмауға тиіс. Бұл орайда ерікті кәсіптік зейнетақы жарналарын есептеу үшін алынатын ай сайынғы кіріс Қазақстан Республикасының Үкіметі белгілеген тәртіппен анықталады.
Мiндеттi зейнетақы жарналарының уақтылы ұсталмағаны және аударылмағаны үшiн жауапкершiлiк:
1. Агент уақтылы ұстамаған (есептемеген) және (немесе) аудармаған мiндеттi зейнетақы жарналарының сомалары салымшы табысты нақты төлеген және алған жағдайда, оларды салық органдары өндiрiп алады немесе оларды агенттер әрбiр кешiктiрiлген күнге (Орталыққа төлейтiн күндi қоса алғанда) Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкi белгiлеген қайта қаржыландырудың ресми ставкасының 2,5 еселенген мөлшерiнде есептелген өсiмпұлмен бiрге мiндеттi зейнетақы жарналары салымшыларының пайдасына аударуға тиiс.
2. Мiндеттi зейнетақы жарналары толық және (немесе) уақтылы аударылмаған жағдайда салық органдары мiндеттi зейнетақы жарналары бойынша жинақталып қалған берешек шегiндегi ақшаны агенттердiң банктегi шоттарынан өндiрiп алуға құқылы.
Мiндеттi зейнетақы жарналары бойынша берешектi өндiрiп алу Қазақстан Республикасының Yкiметi белгiлеген тәртiппен агентке жiберiлетiн хабарлама негiзiнде жүргiзiледi.
Агент хабарлама алған күннен бастап бес жұмыс күнi iшiнде салық органына:
1) мiндеттi зейнетақы жарналары бойынша берешек пайдасына өндiрiлiп алынатын жинақтаушы зейнетақы қорлары салымшыларының тiзiмдерiн;
2) әр жинақтаушы зейнетақы қоры бойынша берешектiң жалпы сомасын көрсете отырып, жинақтаушы зейнетақы қорларының тiзiмдерiн табыс етуге мiндеттi.
Агенттердiң банк шоттарынан мiндеттi зейнетақы жарналары бойынша берешектi өндiрiп алу салық органының инкассолық өкiмi негiзiнде жүргiзiледi.
Клиентке қойылатын талаптардың бәрiн қанағаттандыру үшiн банк шотында (шоттарында) ақша болмаған немесе жеткiлiксiз болған жағдайда банк клиенттiң ақшасын алып қоюды Қазақстан Республикасының Азаматтық Кодексiнде белгiленген кезектiлiк тәртiбiмен жүргiзедi.
Салық органдарының шешiмi бойынша, егер агент мiндеттi зейнетақы жарналары бойынша берешек пайдасына өндiрiлiп алынатын жинақтаушы зейнетақы қорлары салымшыларының тiзiмiн табыс етпесе және мiндеттi зейнетақы жарналары бойынша берешек болса, банктер және банк операцияларының жекелеген түрлерiн жүзеге асыратын ұйымдар агенттердiң банк шотындағы (шоттарындағы) барлық шығыс операцияларын тоқтата тұруға және мiндеттi зейнетақы жарналары мен салық берешегiн аударуға қатысты нұсқауларды Қазақстан Республикасының заңдарында белгiленген тәртiппен орындауға мiндеттi.
Салық органының банк шоты (шоттары) бойынша шығыс операцияларын тоқтата тұру туралы шешiмiнiң күшiн банк шоты (шоттары) бойынша шығыс операцияларын тоқтата тұрудың себептерi жойылған күннен кейiнгi бiр жұмыс күнiнен кешiктiрмей шығыс операцияларын тоқтата тұру туралы шешiм шығарған салық органы жояды.
Агенттiң банк шоты болмаған жағдайда, салық органы Қазақстан Республикасының Үкiметi белгiлеген тәртiппен агенттiң қолма-қол ақшасынан өндiрiп алады.
Банктер және банк операцияларының жекелеген түрлерiн жүзеге асыратын ұйымдар мiндеттi зейнетақы жарналарының сомаларын осы сомаларды агенттердiң банк шоттарынан есептен шығаратын күнi Орталық арқылы аударуға мiндеттi.
Міндетті зейнетақы жарналары есебінен төленетін зейнетақы төлемдері
1. Жинақтаушы зейнетақы қорында жинақталған зейнетақы қаражаты бар адамдардың:
1) осы Заңның 9-бабының 1-3-тармақтарында көзделген жағдайлар басталғанда;
2) елу бес жасқа толғанда және жинақталған зейнетақы қаражаты ең төмен зейнетақы мөлшерінен кем емес төлемді қамтамасыз ету үшін жеткілікті болғанда;
3) егер мүгедектігі мерзімсіз белгіленсе, бірінші және екінші-топтағы мүгедектердің;
4) осы Заңның 60-бабының 1-тармағында аталғандардың;
5) Қазақстан Республикасынан тыс жерлерге тұрақты тұруға кететін немесе кеткен, кету ниетін немесе кету фактісін растайтын Қазақстан Республикасының заңдарында белгіленген құжаттарды табыс еткен шетелдіктер мен азаматтығы жоқ адамдардың жинақтаушы зейнетақы қорларынан міндетті зейнетақы жарналары есебінен зейнетақы төлемдерін алуға құқығы бар. Бұл орайда Қазақстан Республикасынан тыс жерлерге кетер кезінде жинақталған зейнетақы қаражатын алып қойған адамға осы Заңның 5-бабы 2-тармағының нормасы қолданылмайды.
2. Жинақтаушы зейнетақы қорында міндетті зейнетақы жарналары есебінен жинақталған зейнетақы қаражаты бар адам қайтыс болған жағдайда олар Қазақстан Республикасының заңдарында белгіленген тәртіппен мұраға қалдырылады.
Ерікті зейнетақы жарналары есебінен төленетін зейнетақы төлемдері
Ерікті зейнетақы жарналары есебінен жинақтаушы зейнетақы қорларынан төленетін зейнетақы төлемдеріне жинақтаушы зейнетақы қорларында жинақталған зейнетақы қаражаты бар мына адамдардың:
1) елу бес жасқа толған адамдардың;
2) мүгедектердің;
3) Қазақстан Республикасынан тыс жерлерге тұрақты тұруға кететін немесе кеткен және кету ниетін немесе кету фактісін растайтын Қазақстан Республикасының заңдарында белгіленген құжаттарды табыс еткен адамдардың құқығы пайда болады.
Ерікті зейнетақы жарналары есебінен жинақтаушы зейнетақы қорында жинақталған зейнетақы қаражаты бар адам қайтыс болған жағдайда олар Қазақстан Республикасының заңдарында белгіленген тәртіппен мұраға қалдырылады.
Ерікті кәсіптік зейнетақы жарналары есебінен төленетін зейнетақы төлемдері:
1. Ерікті кәсіптік зейнетақы жарналары есебінен жинақтаушы зейнетақы қорларынан зейнетақы төлемдеріне:
1) елу жасқа толған;
2) Қазақстан Республикасынан тыс жерлерге тұрақты тұруға кететін немесе кеткен және кету ниетін немесе кету фактісін растайтын Қазақстан Республикасының заңдарында белгіленген құжаттарды табыс еткен адамдардың құқығы пайда болады.
Ерікті кәсіптік зейнетақы жарналары есебінен жинақтаушы зейнетақы қорында жинақталған зейнетақы қаражаты бар адам қайтыс болған жағдайда олар Қазақстан Республикасының заңдарында белгіленген тәртіппен мұраға қалдырылады.
Жинақтаушы зейнетақы қорларынан жинақталған зейнетақы қаражатын төлеу:
1. Жинақтаушы зейнетақы қорларынан зейнетақы төлемдері жеке зейнетақы шоттарында жинақталған зейнетақы қаражаты бар алушыларға оның жеке басын куәландыратын куәлігі болған жағдайда төленеді.
2. Осы Заңның 9-бабының 1-3-тармақтарында аталған адамдардың , сондай-ақ егер мүгедектiгi мерзiмсiз болып белгiленсе, бiрiншi және екiншi топтардағы мүгедектердiң өз таңдауы бойынша жинақталған зейнетақы қаражатын жинақтаушы зейнетақы қорынан белгіленген кесте бойынша зейнетақы төлемдері түрінде не сақтандыру ұйымынан зейнетақы аннуитетінің шартына сәйкес жинақталған зейнетақы қаражаты есебінен сақтандыру төлемдері түрінде алуға құқығы бар.
3. Алушыға Орталықтан тағайындалған ай сайынғы зейнетақы төлемдерінің және кесте бойынша төленетін зейнетақы төлемдерінің сомасы тиісті қаржы жылына арналған республикалық бюджет туралы заңмен белгіленген ең төмен зейнетақы мөлшерінен кем болмауы керек.
4. Кесте бойынша төленетін зейнетақы төлемдерінің мөлшерін есептеуді жүзеге асыру әдістемесін Қазақстан Республикасының Үкіметі белгілейді. Кесте бойынша зейнетақы төлемдерін жүзеге асыру кезеңділігі (ай сайынғы, тоқсан сайынғы, жыл сайынғы) зейнетақымен қамсыздандыру туралы шартқа сәйкес белгіленеді.
5. Міндетті зейнетақы жарналары, жинақтаушы зейнетақы қорларынан ерікті кәсіптік зейнетақы жарналары есебінен қалыптасқан жинақталған зейнетақы қаражатынан зейнетақы төлемдерін төлеуді жүзеге асыру ережесін Қазақстан Республикасының Үкіметі белгілейді.
6. Ерікті зейнетақы жарналары есебінен қалыптасқан жинақтардан зейнетақы төлемдерін төлеуді жүзеге асырудың тәртібі мен алушы табыс ететін құжаттардың тізбесі ерікті зейнетақы жарналары есебінен зейнетақымен қамсыздандыру туралы шарттың талаптарымен анықталады.