Жұмыссыздық мәні себептері

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 20 Ноября 2011 в 18:40, курсовая работа

Описание

Жұмыс қабілеті бар, бірақ жұмыс күшіне қосылмайтын жандар әдетте егделеу адамдар немесе жұмыстан жолы болмай жүрген адам екені аян. Осылайша жұмыссыз адамдар жұмыссыздық бірлестігін құрайды.
Экономикалық реформалар жүріп жатыр. Бірақ экономикамыздың құрамы әрі тиімді, әрі оңтайлы деңгейге әлі де жеткен жоқ. Жұмыссыздық – белгілі бір кезеңде өзінің орын алады. Жұмыссыздықтың бір жыл ішінде бірнеше кезеңі болуы мүмкін. Тіпті ол бір жыл бойы жұмыстан мүлде қол үзуі де ғажап емес. Жұмысшы әдетте бірде жұмыссыздық бірлестігіне қабылданса, енді бірде ол жұмыс күші қатарынан шығып кетуі жиі кездеседі. Жұмыссыздық өсіп, ол ұлтымыздың онымен бетпе-бет келген өзекті проблемасына айналды. Жұмыссыздық мөлшері жоғары болған сайын (жұмыссыз болу ұзаққа созылады) жұмыссыздық ұзақ уақытқа созылады және жұмыссыздық мөлшері неғұрлым жоғарыласа, жалақы мөлшері де соғұрлым төмендей береді.

Содержание

Кіріспе
1 Жұмыссыздың мәні, себептері, түрлері және салдары
1.1. Жұмыссыздықтың пайда болу себептері
1.2. Жұмыссыздық түрлері
2 ҚР – дағы жұмыссыздың жағдайы және оны шешу жолдары
2.1. Жұмыссыздың жағдайы
3 Жұмыссыздарды жұмыспен қамту шаралары
3.1. Жұмыссыздықпен күресу бағдарламасы
3.2. Жұмыссыздарды жұмыспен қамту
Қорытынды
Қолданылған әдебиеттер

Работа состоит из  1 файл

kontrosha.kz.doc

— 114.00 Кб (Скачать документ)

    Алайда , әлеуметтік қолдауға аса зәру азаматтарды  жұмысқа алу үшін жұмыс берушілерде  айтарлықтай экономикалық ынта жоқ , бұл оларды жұмысқа орналастыруды қиындатады .

    Сонымен бірге , Қазақстан Республикасының  жаңадан қабылданған «Халықты жұмыспен қамту туралы» заңында халықтың еңбекке орналасуда қиыншылық көріп  отырған атаулы топтарын әлеуметтік қорғауды күшейту белгіленген . Ол топтар : жеткілікті қамтамасыз етілмегендер ; 21 жасқа дейінгі азаматтар , жетім балалар және ата-ананың көмегінсіз қалған балалар ; кәмелетке толмаған балаларын тәрбиелеп отырған жеке басты және көп балалы ата-аналар ; Казақстан Республикасы заңдарына сәйкес қарамағында үнемі көрсетілетін күтімге , көмек пен бақылауға мұқтаж деп танылған адамдары бар азаматтар ; зейнеткерлікке шығар алдындағы жастағы адамдар (жасына байланысты зейнеткерлікке шығарға екі жыл қалған) , мүгедектер ; Қазақстан қарулы күштері қатарынан босатылған адамдар ; бас бостандығынан айыратын жерлерден және ықтиярсыз емдеуден босатылған адамдар ; оралмандар .

    2006 жылдың 1 каңтарына қоғамдық жұмыстарға 116,3 мың жұмыссыз қатысты , бұл жұмыспен қамту органдарына өтінішпен келген азаматтардың жалпы санының 31,6 пайызын құрайды яғни 2005 жылдың 1 қантарына (59,3 мың адам болған) қарағанда екі есе көп . Бағдарламада республика бойынша қоғамдык жұмыстарға 71,8 мың адамды катыстыру көзделсе , іс жүсінде 114,1 жұмыссыз осындай жұмыспен қамтылды , яғни жоспар 158,9 пайыз орындалды . Жоспарлы тапсырманы республиканың барлық аймақтары орындап шықты . Ең жоғары көрсеткіш Алматы облысында – 6,8 есе және тапсырма Қостанай , Ақтөбе , Атырау , Маңғыстау облыстарында және Алматы қаласында орта есеппен 2,5 орындалды .

    Орындалатын қоғамдық жұмыстар үшін ақы төлеуі барлығы 897,5 миллион теңге белгіленгенді , одан қаржыландырылғаны 617,9 миллион теңге , яғни жалпы соманың 68,8 пайызы .

    Қазақстан Республикасының «Халықты жұмыспен қамту туралы» заңына сәкес қоғамдық жұмысты атқарғандардың еңбегіне акы төлеу мөлшері ең төменгі жалақы мөлшерінен кем болмауға тиіс . Республика бойынша бір жұмыссыздың қоғамдық жұмыс атқарғаны үшін орташа айлық ақысы 2,5 теңге болды және ол 2005 жылға ең төменгі жалақыдан (2680 теңге) асқан жоқ . Қазақстан Республикасының «Салықтар және бюджетке басқадай төлемдер туралы» заңына сәйкес әлеуметтік салық ұсталады . Сондықтан 897,5 миллион теңгеден әлеуметтік салық ұсталғаннан кейін бағдарламаны жүзеге асыруға 664,2 миллион теңге қалады , бұл өз кезегінде істелетін жұмыстың көлемін де , онымен қамтылатындардың санын да кемітеді . Табыс салығы ақша төленетін жерде ұсталады және оның көлемі 125 теңгедей . Сөйтіп жұмыссыздар қолына қоғамдық жұмыс үшін 2375 теңге алады .

    Республиканың «Халықты жұмыспен қамту туралы» жаңа заңында қоғамдық жұмысты ұйымдастыру , каржыландыру және төлеу тәртібі өзгертілді . Осы Заңға байланысты қоғамдық жұмысты орталық және жергілікті атқарушы органдар ұйымдастырады , ол республикалық және жергілікті бюджеттен , сондай-ақ жұмыс берушілер қаражатынан қаржыландырылады .

    Жалпы экономикалық ахуалды ескере отырып , (ал оның ерекше белгілеріне жұмысшы  күшіне сұранымның төмендеуі , жаңа жұмыс орындарын құрудың төмен қарқыны , жұмыс берушілердің жергілікті жұмысқа орналастыру органдарына бос орындар жайына ақпарат беруге ынтасының төмендеуі , кәсіптік оқытуға міндетті түрде төрт жақты келісім шарт жасау жатады) бағдарламаны әзірлеу кезінде жұмыссыздарды қоғамдық жұмысқа тарту басым бағытқа жатқызылды . Осыған байланысты бағдарлама бойынша жұмыспен қамту шараларына қараған қаражаттан 2005 жылы қоғамдық жұмысқа 72,4 пайызы , кәсіби оқытуға 17,5 пайызы жоспарланды .

    Бағдарлама  бойынша 2005 жылы республикада 13638 жұмыссыз адамды кәсіптік оқытуға жіберу қаралды , нақты жіберілген адам саны 12.784 яғни жоспарлы тапсырма 93,7 пайыз орындалды . Оқыту 30 кәсіп бойынша жүргізілді . Оқудан өткендердің 10 мыңы жұмысқа орналастырылды , 272 адам өз ісін ашты . Жұмыссыздарды оқыту жөніндегі ең жоғары көрсеткіштер Маңғыстау облысында – тапсырма 2,3 есе , Қостанайда – 2,2 есе , Ақтөбеде – 1,5 есе орындалды .

    Бағдарлама  бойынша жұмыссыздарды оқыту  жөніндегі тапсырманы қамтамасыз етпегендер : Солтүстік Қазақстан облысы – 12,7% , Жамбыл – 19,8% , Павлодар – 62,2% , Алматы – 76,4% , Шығыс Қазақстан – 77,0% , Қызылордада – 77,1% , Ақмола – 84,0% .

    Қаржыландырудың жеткіліксіздігі жұмыссыздарды  кәсіптік оқуға жіберуді қиындатты , соның салдарынан оқумен қамту  ойдағыдай емес . Басында кәсіптік оқыту үшін 207,9 миллион теңге қаралғанымен , қаражаттандыруға нақты белгіленгені 81,9 миллион , яғни 37,6 пайыз болды , мұның өзі негізінен жұмыссыздарды оқыту жөнінде жасалған төрт жақты келісім шартта көрсетілген шектеуге байланысты еді .

    Бизнес  –инкубаторлар

    Бизнес-инкубаторлар 9 облысты және 2 қалада құрылған . Республика бойынша бүгінде 31 бизнес-инкубатор ашылған , олардың офистері мен өндірістік ғимараттары алып жатқан жер 28,907 шаршы метр , келешекте осы мақсатқа тағы да 6250 шаршы метр бөлу көзделіп отыр . Маңғыстау және Атырау облыстарына оларды құру ұйымдастыру сатысында ғана .

    Бизнес-инкубаторлар аумағында өндірістің әртүрлі салалары бойынша 202 кәсіпорын салынған .

    Бизне-инкубаторларды ұйымдастырумен олардың қызмет істеуі үшін жуапкершілік қалалар мен аудандардың  әкімдеріне , облыстық және қалалық  Еңбек , жұмыспен қамту және халықты әлеуметтік қорғау департаменттері мен басқармаларына , кәсіп-керліктің , шағын және орта бизнестің облыстық басқарламалары мен комитеттеріне жүктелген .

    Кәсіпкерлікті колдаудың Батыс Қазақстан қоғамдық қоры негізінде жалпы көлемі 2220 шаршы метрлік бизнес-инкубатор ұйымдастырылған , онда өндіріспен , өндеумен және қызмет көрсетумен шұғылданатын шағын кәсіпкрліктің 15 субъектісін орналастыру жоспарланып отыр .

    Шағын несие беру

    Шағын несие беру адамдардың өзін өзі жұмыспен қамтуына көмек көрсететін экономикалық шара ретінде кедейлікпен және жұмыссыздықпен күрес жөніндегі бағдарламаның құрамдас бөлігі болып табылады . Ең аз қамтамасыз етілген 70 мың азаматқа шағын несие беру көзделген болатын . Бағдарлама жұмыс істей бастаған мерзімнен бері 19,2 мың адамға 601,7 миллион теңгенің шағын несиесі , оның ішінде қайтып келген сомадан 3 миңнан астам шағын несие берілді . Бағалау деректері боынша шағын несие бағдарламасы жүзеге аса бастаған кезден бері 10 мың жаңа жұмыс орны құрылды .

    Қазіргі кезде 2006 жылы беріліп , мерзімі өткен несиелерде қайтару жүріп жатыр .

    Халыққа шағын несие беру бағдарламасының  жаңа жобасы жасалады . Қазіргі кезде  ол бұған мүдделі министрліктерге  жіберілді .

     

 

    <h4>Қорытынды

    Кедейлік, жұмыссыздық – бір қасірет. Жұмыссыздық – бүкіл дүниежүзілік проблемалардың бірі болып саналады. Жұмыс қабілеті бар, бірақ жұмыс күшіне қосылмайтын жандар әдетте егделеу адамдар немесе жұмыстан жолы болмай жүрген адам екені аян. Осылайша жұмыссыз адамдар жұмыссыздық бірлестігін құрайды. Жұмыссыздық мөлшері жоғары болған сайын (жұмыссыз болу ұзаққа созылады) жұмыссыздық ұзақ уақытқа созылады және жұмыссыздық мөлшері неғұрлым жоғарыласа, жалақы мөлшері де соғұрлым төмендей береді.</h4>

    Республика  бойынша және оның жеке аймақтары бойынша да кедей адамдар да , жұмыссыздар да бар, бірақ, оларды одан әрі кедейлендірмеу үшін, олардың қоғамдық өмірден, қоғамның ішкі өмірінен шеткері қалмауы үшін оларға жұмыс істеп жүрген басқа адамадар есебінен көмек көрсету керек.

    Біздің  болашағымыз - жасөспірімдер. Жұмыссыз жасөспірімдердің көбі - жұмыс күші қатарына жаңадан келіп қосылғандар. Егер жастардың жұмыс іздеуге кеткен уақыты қысқартылған болса, онда олардың арасындағы жұмыссыздықты азайтуға болар еді. Жастарды мектеп бітіргеннен кейін жұмысқа орналастыратын қызмет немесе орталықтар құрылуға тиіс.

    Жастардың жұмыс күші қатарына қосылып және одан шығуының бір себебі – сол  жұмыс орны оларды қызықтырмайды. Жұмыс  орнын жақсарту мәселесімен кейбір еуропалық елдер, әсіресе, Германия жастарды жұмыс орнына қызықтыру үшін техникалық тұрғыдан оқытуды қолға алып отыр.

    Жұмыссыздықты тереңірек болдырмау үшін, біздер белгілі бір шараларды қолдануымыз керек:

    • Мемлекет жаңа жұмыс орындарын ашу керек.
    • Жаңа жұмыс орындарын аша отырып, бірте-бірте жалақыны өсіру.
    • Адамдарды қоғамдық жұмыстарға тартумен қатар, өз ісімен, өз кәсібімен шұғылдансам деген адамдарға шағын несие беріп, олардың өз кәсібін ашуына көмек жасауға көмек көрсету.
    • Шетелдік инвесторлар келген кезде, шетелдік мамандар мен жұмыскелер көбірек орын алып кетпейтіндей етіп, сол жаңадан ашылған жұмыс орындарына мамандығы мен білікті бар адмдарымызды жұмысқа орналастыра алатындай ішкі еңбек базарын құру қажеті де жоспарлануы қажет.

    Сонымен, жұмыссызыдық деңгейін төмендету шараларын  асыруға қажетпіз. Біз Қазақстандағы әр отбасының кемінде бір мүшесін жұмыспен қамтуды қамтамасыз етуі тисті және жұмысты жоқ халықты еңбек етуге ынталандыратын жаңа жұмыс орындарын құруымыз біздің міндеттімізге жатады.Біздің көзделіп отырған мақсаттар – жұмыспен қамтудың белсенді саясатын жүзеге асыру және негізінен еңбекке жарамсыз кедей азаматтарға, сондай-ақ, еңбек базарындағы жағдайы осал халыққа таулы көмек көрсету есебінен кедейліктің ауқымын қысқарту және жұмыссыздық деңгейін төмендету болып табылады.

 

    Қолданылған әдебиеттер

  1. «Макроэкономика» Мамыров Н.Қ.
  2. «Ақша айналысы және несие» Мақыш Серік Биханулы, Алматы 2004 ж.
  3. Ілиасов Қ.Қ., Құлпыбаев С. “Қаржы”, Оқулық – Алматы, 2003 ж.
  4. Қабдиев Д.К. “Экономикалық саясат”, экономика, Алматы, 2002 ж.

    5. Куликов  Л.М. “Основа экономических знаний”  М 1998 г. 

Информация о работе Жұмыссыздық мәні себептері