Жоба инвестициясын тарту Департаментінің алдын ала жасаған сараптамасы: Мал өсірудің желілік жобасы

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 14 Марта 2012 в 17:38, реферат

Описание

Шаруашылық мал өсіру өндірісіне кешенді қызмет көрсету мақсатын сервистік-дайындау орталықтары желісін құру (тікелей сатып алу, қалалық орындарда «Тобол» ӘКК арнайы нүктелерінде айналымға салу).

Работа состоит из  1 файл

жоба го.doc

— 359.00 Кб (Скачать документ)


Жоба инвестициясын тарту Департаментінің алдын ала жасаған сараптамасы:

Мал өсірудің желілік жобасы

 

 

1. Жобаның мақсаты:

Шаруашылық мал өсіру өндірісіне кешенді қызмет көрсету мақсатын сервистік-дайындау орталықтары желісін құру (тікелей сатып алу, қалалық орындарда «Тобол» ӘКК арнайы нүктелерінде айналымға салу).

 

2. Мақсаты, міндеттері

I.                    Өңірдің әлеуметтік, экономикалық дамуы,

II.                  Ұсақ тауар өндірушілер өнеркәсібіне жәрдем беру;

III.               Сауда- саттық қауіпсіздігін қамтамасыз ету;

IV.               Жаңа жұмыс орындарын ашу.

 

3. Жобаның көрінісі:

Мал өсіру саласында шаруашылық жұмыстарын атқаратын қожалықтар үшін бірнеше ауылдық округтерде кәсіпорын ашу. Кәсіпорын мынадай мәселелердің шешуін таба алады – малдың жем шөбін қамтамасыз ету, ветеринарлық қадағалау, егу жұмыстары, жем жеткізу, сойысқа жығылатын малдарды азықтандыруды қамтамасыз ету.

 

4.Маркетинг:

Ет саласы – тамақ өндірісінің ең ірі саласының бірі, оның мәні малдың кешенді өңдеуден өткізілуінде болып табылады. Бұл сала әртүрлі кәсіптермен айналысатын көптеген кәсіпорындардың басын біріктіреді: мал өсіру және жемдеу, құрама жем өндіру, дайын малды сойысқа жығу және етін өңдеу, ет өнімдерін шығару, өнімдерді сақтау және айналымға салу, сондай ақ сервистік қызмет көрсететін кәсіпорындар.

Қазақстан Республикасының ет өндіруші кәсіпорындары құсты, малды сойысқа жығуға дайындайды және оның етін өңдейді, шұжық өнімдерін, ет консервілерін және жартылай өнімдерді шығарады.

Ет өндірісіндегі тамақ өнімдерін шығарумен қатар құрғақ жем әзірленеді, бағалы медициналық дәрі дәрмектер мен желімдер, желатин, қауырсын-ұлпа және басқа да бұйымдар шығарылады.

Ет өндірісінің биологиялық ерекшелігі сол маусымдық ауысымдарды сойысқа жығылатын мал етіне сұраныс ауытқып тұрады. Физиологиялық ерекшеліктеріне қарай ірі қара малдың ет өнімділігі мал бағу кезеңінде біршама артық болады. Ол жылдың белгілі бір мерзімінде мал шикізаты өндірісінің көлемі артып, ет қоры мөлшерінің көбеюіне байланысты туындайды. Одан өзге мал бағу кезеңінде семіртілген малдың өзіндік құны біршама төмен болады. Өйткені бұл мезгілде малды азықтандыру, қорада тұрған малға қарағанда анағұрлым арзанға түседі. Бұл факт ет өндірушілерді өз малдарын мал бағу мерзімінен кейін айналымға салуына итермелейді. Осыдан жылдың тамыз, қыркүйек, қазан айларында сойысқа жығылатын мал саны артып, тауарлық ұсыныс көлемі де бірден көбейеді.

Сонымен қатар, ірі қара малды сойысқа жығудың маусымдық сипатын сенімді азықтандыру базасының болмауымен де түсіндіруге болады. Бүгінде ауылшаруашылық тауарларын өндірушілер үшін жыл бойында, үздіксіз, жеткілікті мөлшерде, толық құндылықтағы дәрумендері бар жем шөппен қамтамасыз етіп тұратын азықтандыру базасы жоқ деуге болады. Малды азықтандырудағы маусымдық теңсіздік жылдың қаңтар, ақпан, наурыз, сәуір айларында малдың сойысқа жығылу көлемін күрт төмендетеді.

Ірі қара малдың сойысқа жығылып, өңірлік нарық аясында мал шикізатын ұсынудың маусымдық циклі жаз, күз айларында еттің сатып алу бағасына айтарлықтай ауытқулар болуына ықпал етеді. Ет өндіру көлемі артқан маусымда ет бағасы арзандайды, ал қыстың екінші жартысында және көктемде ұсынылған ет өнімдеріне бағаның өсуі айқын көрініс табады.

Малды сойысқа жығудың маусымдық ауытқулары ет өнімдерін шығаратын кәсіпорындардың өз қуаттылықтарын жеткіліксіз деңгейде пайдаланылуын білдіреді — мал шикізатын жаппай ұсыну маусымында артық салмақпен жұмыс істейді, ал нарықтық тапшылық кезеңінде өндіріс тұрып қалады. Ауылшаруашылық тауарларын өндірушілер тиімсіз баға орнатылған кезеңде өздерінің мал басының көп бөлігін айналымға салады, қосымша табыс табу мүмкіндігінен айрылады.

Малдың туылуынан оның ет өніміне айналып сауда алаңына шыққанға дейін бір жылдан аса және одан көп бірнеше жылдар өтеді. Ет өнімін айналымға салу процесінде біршама ұзақ және қиын кезең - малдың туылған уақыты мен оны семірту кезеңі болып табылады. Бұл шаруамен тұтас бір ауылшаруашылық саласы – мал өсіру саласы айналысады. Қазақстан Республикасының мал шаруашылығы құрылымында ірі қара мал өсіру, шошқа өсіру, құс өсіру, қой өсіру, жануарлар өсіру, бал арасын өсіру және т.б. атап өтуге болады (статистика).

ҚР Ауылшаруашылығы министрлігінің мал шаруашылығын дамыту және ветеринарлық қауіпсіздік департаменті директорының сараптамалық пікірі бойынша Қазақстанның азықтандыру базасының жағдайын «түйінді мәселе»[1] деп қарастыруға болады.

Сөгі бар жем шөптер өндіру және оларды тұтыну көлемі күрт төмендеп кетті. Малды азықтандыруда үлкен қуаттылықтар беретін пішен, тамыр жемісті, бұршақты дақылдардан жасалған жем, әсіресе сүт өнімдерін беретін мал үшін құнарлы азықтарды өндіру тым төмен көрсеткіштерге ие. Прогрессивті технологиямен өндірілетін жем (белсенді желдетілетін пішен, туралған шөп дайындау, химиялық консерванттармен байытылған сүрленген шөп) шығару көлемі тіпті тоқтатылған деп айтуға болады.

Азықтандыру базасы бойынша жалпы жағдай мынадай сипатта қалыптасқан:

1) саланы техникалық қамсыздандырудың жалпы  төмендеуі

2) жем дақылдарын өсіретін аумақтардың қысқартылуы;

3) азық сапасының төмендеп кетуі, тек аздаған көлемінде ғана сапа көрсеткіштерімен бағаланады;

4) табиғи жем шөптерді жақсарту жұмыстарының тоқтап қалуы және дақылдық мал бағу орындарының құрылуы;

5) өндірілетін жем шөптің өзіндік құнының жоғары болуы.

Республикамызда мал бағу шаруасына мониторинг және жүйелік бақылау шаралары жүргізілмейді. Ақша қаражаттарының жетіспеушілігі салдарынан геоботаникалық қорларды бағалауды жүргізу тоқтатылған.

Өсіп келе жатқан малды жем шөппен қамтамасыз ету үшін жем шөп шығару өндірісін қолға алу қажет. Бұл саланы индустриялды негіз ретінде қарап және жем шөп дақылдарынан астық жинау деңгейін көтеру керек.

Қазіргі уақытта Қостанай облысында 6 863 ауыл шаруашылық нысан бар. Алайда осы жобада жеке үй шаруашылықтары да есепке алынатынын айта кету керек (статистикалық мәліметтер бойынша өңірдегі ірі қара малдың 80% жеке үй аулаларында ұсталады, осы жағдайды тезірек өзгерту мүмкін деген пікір емес, тек жағдайға икемделу денді білдіреді).

Сонымен қатар, Қазақстан Республикасының Статистика жөніндегі агенттігінің мәліметтері бойынша өңірдегі мал басының саны мынадай сипатта көрініс табады:

 

 

 

 

2009 жылдың мамыр маусым айларындағы мал басы, мың бас

 

 

 

ІҚМ

Қойлар мен ешкілер

Шошқа

Жылқы

01.05.

01.06

01.05.

01.06.

01.05.

01.06.

01.05

01.06.

Қазақстан Республикасы

7167,2

7421,0

22081,9

22708,3

1705,9

1922,5

1550,0

1645,1

Ақмола

496,8

502,3

375,3

388,9

240,6

257,2

97,1

106,5

Ақтөбе

526,4

544,5

1360,1

1486,5

103,1

127,1

77,9

84,6

Алматы

977,4

1016,1

4061,8

4068,5

219,7

272,2

260,1

271,6

Атырау

189,1

192,1

746,4

822,8

2,6

2,1

47,7

54,0

Шығыс-Қазақстан

947,6

980,2

3089,0

3168,6

111,1

118,1

214,5

225,7

Жамбыл

362,9

360,9

2802,8

2789,5

55,2

52,3

89,8

92,2

Батыс-Қазақстан

506,3

517,9

1042,2

1074,5

30,3

31,1

66,7

69,8

Қарағанды

517,9

558,3

1271,0

1373,1

144,1

176,9

154,3

165,2

Қостанай

586,7

633,8

369,9

382,8

346,8

409,0

79,3

82,5

Қызылорда

252,6

254,7

943,4

971,8

3,5

3,7

64,4

65,2

Маңғыстау

11,5

11,7

687,3

693,0

0,5

0,5

46,3

45,8

Павлодар

447,3

452,4

637,7

646,3

112,7

113,7

85,9

93,6

Солтүстік-Қазақстан

477,7

483,7

275,7

337,1

294,1

313,1

98,2

116,3

Оңтүстік-Қазақстан

863,4

908,9

4416,3

4501,8

40,8

44,6

167,3

171,5

Астана қ.

1,5

1,5

1,2

1,2

0,3

0,3

0,2

0,2

Алматы қ.

2,0

2,0

1,9

1,9

0,6

0,6

0,4

0,4

 

ҚР Мал шаруашылығын дамытудың негізгі көрсеткіштері

(барлық қожалықтар санаты бойынша)

 

2008 ж.

2007 ж.

 

2008 ж. 2007 ж. қарағанда

±

%

Мал шаруашылығы өнімдерін шығару, мың тонна

Құсты және малды тірі салмақта сойысқа жығып, айналымға салу мың тонна

308,7

296,6

12,1

104,1

Сиыр сүті, мың тонна

805,5

773,1

32,4

104,2

жұмыртқа, млн. дана

537,3

527,9

9,4

101,8

Мал және құс саны, мың бас

Ірі қара мал

6563,8

6320,4

243,4

103,9

Соның ішінде сиыр

2685,5

2582,7

102,8

104,0

Қойлар мен ешкілер

18781,8

17698,5

1083,3

106,1

Шошқалар

1587,5

1514,1

73,4

104,8

Жылқылар

1320,7

1243,3

77,4

106,2

Түйелер

146,2

139,2

7,0

105,0

Құстар

28920,7

26913,1

2007,6

107,5

 

 

Облыстар бойынша мал шаруашылығы өнімдерін шығару

 

Облыстар

Құсты және малды тірі салмақта сойысқа жығып, айналымға салу мың тонна

2008 ж.

2007 ж.

2008 ж. 2007 ж. қарағанда

±

%

Қостанай

41,0

40,0

1,0

102,5

Солтүстік-Қазақстан

17,9

16,6

1,3

107,8

Республика бойынша

308,7

296,6

12,1

104,1

 

 

 

 

 

Кестеде көрсетілгенде, Республика бойынша біздің өңіріміз ІҚМ және шошқа өсіруден алдыңғы орындарға ие. Жылқы өсіруден – орташа, ал ұсақ мүйізді мал өсіруден – төмен сатыларды салады.

 

5. Оңтайлы аспектілері:

1) Ауылды жерлерде ет өнімдерін шығаруды қолға алу;

2) Өңірдегі және республикадағы сауда саттық қауіпсіздігі;

3) Ет өнімдерін жеткізудің жаңа нарығын қалыптастыру;

4) Өңірдегі мал басының тиімді өсуі;

5) Мал басын тікелей шаруалардан сатып алу;

6) Қалалық жерлерде ет өнімдерін арзан бағада айналымға салу;

7) Жаңа жұмыс орындарын ашу.

 

6.Теріс аспектілері:

1. Облысымызда 6 863 ауылшаруашылық нысандары бар, оған қоса кәсіпорын дәрежесін алмаған көптеген өндірушілер де бар. Олармен тікелей жұмыс істей отырып, өңірдегі белсенділігімізді арттыра аламыз. Тіпті осы жобаны жүзеге асыруды қазыналық кәсіпорынға жүктеген күнде де белсенділігімізді жоғалтпаймыз.

2. Өңірде бал бағу аумақтарының шектеулі болуына байланысты мал шаруашылығы саласын жетілдіру ақырын жүретін болады. Осыған орай, жобаның өзін өзі ақтау мерзімі ұзаққа созылады.

 

7. Жобаны жүзеге асыру кезеңдері:

1-қадам. Қостанай облысында шамамен 70 жуық малды сойысқа жығу пунктері бар, бұл жаңа құрылыс нысандарын салу қажеттілігін тудырмайды. Қолданыстағы пункттерді бірігіп пайдалану туралы келіссөздерді жүргізу қолға алынуы тиіс.

2-қадам. Сойысқа жығу орталығының орналасатын жерін анықтау;

3-қадам. Қолданыстағы сойысқа жығу орталықтарын және азықтандыру кешендерін қарастыру;

4-қадам. Жобаның құнын анықтау;

5-қадам. Қалалық жерлерге ет өнімдерін айналымға салу пункттерін ашу.

 

 

8. Қаржы бөлімі

 

1-ші сауда нүктесінің құрылысына жұмсалатын шығын

Құрылыс

Бірлігінің бағасы, теңге/м2

саны

барлығы, теңге

ғимарат

45 000,00

25

1 125 000,00

жабдықтар

 

 

 

 

Бірлігінің бағасы, теңге

саны

барлығы, теңге

Тоңазытқыш сөрелері

45 000,00

3

135 000,00

Сүт өнімдеріне арналған шкаф тоңазытқыш

80 000,00

1

80 000,00

кассалық аппарат

20 000,00

1

20 000,00

таразы

15 000,00

2

30 000,00

желдеткіштер

50 000,00

1

50 000,00

жылытқыштар

7 500,00

2

15 000,00

ролл-қондырғылар

105 000,00

1

105 000,00

Барлығы, теңге

 

 

1 560 000,00

 

Сауда нүктелерін Қостанай, Солтүстік Қазақстан, Ақтөбе облыстарында орналастыру көзделіп отыр. Әр облыста үш-үштен сауда нүктелері болады.

 

Реттік №

Құрылыс нысандарының атауы

2009 ж. құрылыс-жөндеу жұмыстары, мың теңге

1

2 500 бас ІҚМ азықтандыру алаңы

160 929,15

3

Бөлу (ІҚМ қабылдау және жөнелту)

19 638,38

5

Жем цехы

12 723,39

6

ІҚМ тұрағы

126 889,80

8

2 500 бас ІҚМ азықтандыру алаңын қоршау

8 578,62

9

Ірі тартылған жемді сақтау үшін қоршау салу

4 688,93

10

Қызметтік тұрмыстық ғимарат (кеңсе)

20 377,76

12

Қоғамдық тамақтануға жалғастырып соғылған тұрғын үй корпусы

23 071,59

13

Автотракторлық шағын парк

9 374,62

14

КПП (1дана)

1 500,00

16

Таразы

1 386,37

17

Ұңғыма

9 271,73

18

Суға арналған суыққойма

1 783,02

19

Жығу шұңқыры

20 687,15

23

ІҚМ оқшаулау ғимараты

2 029,39

25

ІҚМ қабылдау ғимараты

2 940,36

27

Жығу электр жабдықтары мен электрлік жарықтандыру құралдары

9 533,57

29

Алаң ішіндегі су құбырлары

19 769,00

30

Су құбырларының және құбыр жолдарының сыртқы желісі

56 589,15

34

Санитарлық сойысқа жығу ғимараты

1 522,00

 

Барлығы:

582 858,36

Информация о работе Жоба инвестициясын тарту Департаментінің алдын ала жасаған сараптамасы: Мал өсірудің желілік жобасы