Өзіндік құнды калькуляциялау

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 14 Ноября 2011 в 08:10, реферат

Описание

Өзіндік құнды калькуляциялаудың процестік жүйесі біртекті немесе шамамен ұқсас, бірдей өнімді сериялап немесе жаппай өндіретің, не болмаса үздіксіз өндірістік циклі бар өндірісте қолданылады, Шығындардың процестік калькуляциясын процесс деп аталатын өндірістік кезеңнің жеке бөлігін әрбір өндірістік бөлімше орындауын көздейтін технологиясы бар кәсіпорындар да қолданады..

Содержание

1. Аяқталған өнім өндірісінде процестік калькуляциялау
2. Аяқталмаған өндірісте процестік калькуляциялау
3. Есепті мерзім басындағы және аяғындағы ақталмаған өндіріс

Работа состоит из  1 файл

7 тақырып.docx

— 28.79 Кб (Скачать документ)

   - өнімге сұраныс азайғанда, қоймадағы  дайын өнім қорына тұрақты  қосымша шығыстар капиталданады;

   - өзіндік   құнды   жоспарлы   калькуляциялауда   жоспарлы пайда   алдын-ала   қарастырылады,   шын   мәнісінде   ол зиянның  тәуекелділігін жою мақсатында  жасалады;

   - өндіріс көлеміне байланысты  шығындар тәртібінің сипатына  назар аудармау салдарынан шығындарды  талдау, бақылау және жоспарлау  жүргізудің мүмкін еместігі (өйткені  тұрақты шығындар есепте өзгермелі  шығындар қарастырылады).

   Негізгі материалдың шығындар тікелей шығындардың (қосалқы материалдар жанама шығыстар кұрамында ескеріледі) бірінші элементі болып табылады.

   БЕС-на сәйкес материалдардың нақты өзіндік  құны олардың сатып алу шығындарына  негізделіп, анықталады, бұған ресурспен  жабдықтаушы ұсынған несиені  пайдаланғаны үшін процент төлеу, жабдықтаушы  ұйымдар төлеген комиссиялық  сыйақылар, тауар биржаларының көрсеткен  қызмет кұны, кеден, баж салығы, басқа  ұйымдардың күшімен атқарылған тасымалдау мен жеткізу шығыстары кіреді.

   Шығын баптарын көрсететін негізгі материалдардың құнын бағалау үшін дәстүрлі есеп саясатында төрт тәсіл пайдаланылады: орташа өзіндік кұн бойынша; сатып  алу уақыты бойынша, бірінші келген материалдың өзіндік құны бойынша (ФИФО); соңында сатып алу бойынша  кірістелген өзіндік құн (ЛИФО).

   ФИФО  тәсілі бойынша материалдардарды бағалауда: "бірінші келдің, бірінші кеттің" ережесі қолданылады. Бұл өндіріске  материалдардың қай партиясы босатылуына  қарамастан, алдымен, бірінші сатып  алынған партия бағасы бойынша, содан  екінші партия бағасы бойынша осылайша кезектілік тәртібімен, ай ішіндегі жұмсалған  материалдардың жалпы саны алынғанша, есептен шығарыла береді.

   ЛИФО  тәсілі бойынша материалдарды бағалаған  кезде, "соңында келіп, бірінші  кетті" ережесі қолданылады, Бұл  тәсілде өндіріске ең алдымен  соңғы сатып алынған партия бағасы (өзіндік құны) бойынша, содан кейін  алдағы өткен партия бағасы бойынша  шығыстың жалпы санына дейін материалдар  есептен шығарылады.

   Материалдарды бағалаудың көрсетілген тәсілдерін қолдану кәсіпорынды материалдардың аналитикалық есебін тек қана түрлер бойынша емес, жеке партиялар бойынша  да ұйымдастыруға бейімдейді.

   Орташа  өзіндік құн тәсілін пайдаланғанда, материалдық қорлардың өзіндік  қүны есепті кезең басында бар  материалдық және осы кезеңде  сатып алынған барлық материалдардың орташа өзіндік құнына тең болады.

   ФИФО  тәсілі материалдарды хронологиялық  тәртіппен түсуіне сәйкес партияның  өзіндік кұны бойынша есептен  шығарылуы тиіс. Инфляция жағдайында ол өндіріске босатылған ресурстардың өзіндік құнын кемітуге, олардың  баланстағы қалдығын арттыруға, сондықтан, негізгі іс-қызметтің қаржылық нәтижесін  көтеруге және өтімділік көрсеткіштерін арттыруға себепті болады. Бұл  тәсілді күрделі қаржыны өзіндік  қаражаты есебінен іске асыруды жоспарлайтын және пайдаға салынатын салық  бойынша тиісті жеңілдіктерді пайдаланатын ұйымдарда қолдану мақсатқа сәйкес келеді.

   ЛИФО  тәсілі соңғы партиялардың өзіндік  кұны бойынша материалдарды бірінші  кезекте есептен шығаруды көздейді. Ол босатылған құндыдықтардың құны жоғарылауын, ай соңындағы қалдықты азайтуды, яғни пайданы төмендетіп, өтімділікті  нашарлатуды қамтамасыз етеді. Оны  салықтың жеке түрлері бойынша (пайдаға  салық, мүлікке салық және т.б.) салық  салынатын базаны ең аз шамаға жеткізуді мақсат етіп коятын ұйымдарда қолдану ұсынылады.

   Орташа  өзіндік құн тәсілі босатылатын  ресурстары орташа сатып алу өзіндік  кұны бойынша бағалауға мүмкіндік  береді. Ол ФИФО және ЛИФО тәсілдерімен салыстырғанда, салық салынатын  база мен өтімділікке ықпал ету  тұрғысынан орынды болып табылады.

   Материалдарды есептен шығару шығыс жайлы құжаттар негізінде атқарылады.

   Есепті  кезең ішіндегі материалдың жалпы  нақты шығысы (тікелей шығыстардың  бірінші элементі) мынадай формула  бойынша есептеледі:

   Рф = Онп + П - В - Окп

   Мұнда,  Рф-есепті кезең ішіндегі материалдың  нақты шығысы;

                 Онп -   есепті кезең басындағы материалдың калдығы;

                 П  -   есепті кезең бойы  материалдың түсуін құжатпен  растау;

                 В - есепті кезең бойы материалдың  ішкі ауыстырылуы (материалды  қоймаға қайтару, басқа цехтарға  беру және т.с.с.);

                 Окп - түгендеу мәліметтері бойынша анықталатын есепті кезең соңындағы материалдың қалдығы.

   Әрбір бұйымға шыққан нақты шығысты  норма бойынша шығысқа сәйкес бөлу жолымен анықтайды.

   Негізгі өндірістік жұмысшылардың еңбек  ақысы тиісті аударымдарымен бірге  тікелей шығыстардың екінші элементі болып табылады.

   Еңбектің  істеген мерзіміне қарай ақы  төленетін түріндегі еңбеккерлердің еңбекақысы есептеу үшін жұмыс істелген уақыт есебі табелінің мәліметтері  пайдаланылады. Еңбекті өтеудің  кесімді түрі жағдайында,- кесімді  ақы алушы жұмысшы (сдельник) өнімділігін  есептеудің әр түрлі жүйесі қолданылуы мүмкін. Ұсақ сериялы және жеке өндіріс  жағдайында жұмысшылардың өнімділігін  есептеу бойынша кесімді жұмыс  наряды; сериялық өндірісте маршрут  парақтары немесе карталары негізгі  бастапқы құжат болып табылады.

   Әрбір жұмысшының ауысым немесе есептелетін  кезең ішіндегі өнімділігін анықтау  үшін жаппай және ірі сериялық өндірісте  ауысым немесе есептелетін кезең соңындағы өнделмеген бөлшек немесс құрастырылмаган бұйым қалдықтарына операциялық санақ жүргізіледі. Жұмысшылардың өнімділігі ауысым басындағы дайындау немесе бөлшек қалдығы ретінде, бөлшек санына көбейтілген, ауысым ішінде жұмыс орнына берілгеннен минус ауысым соңына дейін өңделмеген немесе кұрастырылмаған бөлшектер (дайындау) болып анықталады. Осылайша есептелген әрбір жұмысшының өнімділігі өнімділік есебі рапорты немесе тізімдемесімен рәсімделеді.

   Кесімді бағаны нақты іс-жүзінде жеткен өнімділікке  көбейткенде кесімді ақы алушы-жұмысшының есептелген еңбекақысының мөлшері  алынады.

   Жанама  шығындар нақты объектісі белгісіз болған жағдайда үстеме шығындарына  жатқызылады.

   Кезең шығыстарын  да жанама деп тануға болады, өйткені олар өнімнің толық  өзіндік құнын калькуляциялауға қатысады және сонымен қатар тура жолмен бұйым шығыстарына жатқызылуы мүмкін.

   Қосымша шығыстар өндірістік бөлімшелерде, учаскелерде, цехтарда, өндірістерде, бөлістерде пайда  болады. Олардың белгіленуі, сипаты және іс-қызметтік ролі тікелей өндіріспен байланысты.

   Бұл шығыстардың мөлшерлері көбіне өндіріс  көлеміне байланысты, қосымша шығыстардың  екінші тобы - кезең шығыстары туралы бұлайша айтуға болмайды, олар өндірісті  ұйымдастырумен және жалпы қызмет етумен сондай-ақ жалпы ұйымды басқарумен байланысты.

   Қосымша шығыстардың аналитикалық есебі  кәсіпорынның бөлімшелері бойынша, ал олардың тұрысынан - белгілі шығыс  номенклатурасы бойынша жасалады. Шығыстардың  баптары 7 "Тауарлық-материалдық  корлардың есебі" БЕС-да және оларға әдістемелік ұсыныстарда қарастырылады.

   7 бухгалтерлік есеп стандарттары  шығыс баптарының мынадай номенклатурасын  ұсынады:

   1) басқа жақтан алынған материалдар,  онын ішінде транспорттық-дайындау  шығыстары;   сатып   алынған   материалдар; табиғи шикізат;  сатып алынған бұйымдар; жартылай  өнімдер; басқа   жақтағы,    сыртқары    ұйымдар    орындаған    өндірістік сипаттағы   жұмыстар   мен  көрсетілген   қызметтер; сыртқары, басқа жақтағы  транспорттың қорларды қоймаға  дейін жеткізу бойынша көрсетілген     қызметі;     материалдарды  жеткізуге баиланысты іс-сапарға  шыққан шығыстар; қосалқы материалдар,  отын, сатып алынған материалдардың барлық түрлері. Материалдарға шығыстардан қайтарылған шығыстардың кұны алынып тасталады;

   2)  қызметкерлердің еңбегін өтеу;

   3) еңбек өтеуден заңнамалар белгілеген  мөлшерлеме бойынша әлеуметтік  салық аудару;

   4) негізгі құрал-жабдықтарды жөндеу;

   5) негізгі   құрал-жабдықтардын  тозуы   мен   материалдық  емес активтердің амортизациясы;

   6)  коммуналдық қызмет;

   7)  жал төлемі;

   8)  басқадай қосымша шығыстар.

   Ай  ішіндегі үстеме шығыстардың түрлерін арнайы тізімдемеде көрсетуге мүмкіндік  береді. Әрбір баптың ішінде нақтылау мақсатымен шығындарды толық анықтау  үшін аналитикалық есепті ұйымдастыруға  болады.

   Әдетте  ұйымдарда өндіріс басшылары  мүмкін болатын шығындар мөлшерін біліп, дәлелді шешім қабылдауы үшін алдын-ала үстеме шығыстар жоспарын жасайды.

   Үстеме  шығыстарды бөлу процесі үш элементтен тұрады:

   *  шығындарға қатысты объект таңдалады;

   *  объектіге жатқызылған шығындар  тандалады және жинақталады;

   * шығындардың есептік объектімен  арақатынаста болатын бөлу базасы  тандалады.

   Бөлу  тәсілдері ерікті түрде бухгалтер-талдаушының  ұйғарымы бойынша таңдалады. Бөлу базасы ретінде әрбір өндірістік бөлімшенің қосымша шығыстарына неғұрлым сәйкес келетін көрсеткіш тандалады.

   Үстеме  шығыстарды таңдаудың маңызды принципі осы өнім түріне шыққан нақты шығысқа  ең жуық болу нәтижесі болып табылады.

   Кезеңдердің аналитикалық есебі шығыстардың  тобы бойынша, ол топтың ішінде  баптар бойынша, ол кәсіпорынға шығыстар сметасын орындауды бақылауға мүмкіндік  береді.

   7 БЕС-да кезең шығыстарының өнімді  өткізумен байланысты келесі  шығындары көрсетіледі:

   - еңбекақы, сыйақы және еңбекақыға  байланысты төлемдер бойынша;

   - тауар өткізумен шұғылданатын  қызметкерлердің еңбек қорынан  әлеуметтік салық аудару;

   - буып-түю, орау, тиеу, тасу бойынша;

   - өткізу   және   басқа   делдалдық   ұйымдарға   төленетін  комиссиялық аударымдар;

   - коммуналдық кызметке:  өткізу  орындарындағы тауарларды сақтауға  арналған бөлмелерді ұстау бойынша;

   - жарнамаға: өткізу нарығын жете  білу бойынша;

   - белгіленген мақсаты ұқсас басқа  шығыстар.

   Жалпы және әкімшілік шығыстарға - өндірістік процеспен байланысты емес шығыстар жатқызылады:

   - жалақы,   сыйақы,   жәрдемақы   және   басқа   төлемдер бойынша;

   - әкімшілік жеке қызметкерлерінің  еңбек қорынан әлеуметтік салық  аударымдары;

   - лауазымды қызмет адамдарына  қосымша төлемдер коммуналдық  қызметке;

   - әкімшілікке белгіленген бөлмені  ұстау;

   - күмәнді борыштар бойынша резерв  сомасын есептеу;

   - айыппұл   (штраф)   өсімақы   (пени)   келісім   шарттарын  орындамағаны үшін төленетін  айып (неустойка);

   - белгілеуі бойынша ұқсас шығыстар.

   Кәсіпорынды басқаруға шыққан шығыстар мемлекет тарапынан нормалауға және шектеуге (лимиттеуге) түседі, олардың кейбіріне (іссапарға шығындар, өкілдік шығындар, қызметтік авто-транспортты ұстауға  және т.б.) арнайы мөлшер, норматив пен  шектеулер (лимитгер) заңнамалармен  белгіленген.

   Бір ай ішіндегі жалпы шаруашылық шығыстар тізімдемеге жазылады, бұл оларды баптар бойынша талдауға мүмкіндік  береді және кәсіпорын толық өзіндік  құнды калькуляциялайтын болғандықтан олар әр айдың соңында толықтай есептен  шығады.  "Үстеме шығыстар" мен "Жалпы және әкімшілік шығыстар" шоттарында пайда болған сәтінде  бастапқы құжаттар негізінде өнімнің  нақты түрімен байланыстыру мүмкін емес жанама шығындар жиналады мысалы, есептеу-кассалық қызмет екені үшін банкіге төлеу, үйдің амортизациясы, кадрлердің біліктілігін арттыруға  шығындар және т.б. жанама шығындар кезең  ішінде шыққан өнімніц барлық көлемінің  өзіндік құнына кезең ішінде шыққан өнімнің барлық көлемінің өзіндік  құнына ғана кіреді. Сондықтан жанама шығындар жөніндегі талдау кұрылымдық бөлімшелер бойынша (жөндеу, транспорттық, энергетикалық цех және т.б.) дәстүрлі жүргізіледі.

Информация о работе Өзіндік құнды калькуляциялау