Мұсылман құқығының қайнар көздері

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 14 Марта 2012 в 13:31, реферат

Описание

Мұсылман құқығының қайнар көздерін топтарға бөлуде негізінен әр ғалымның ойы әртүрлі. Мысалы, Сарсембаевтың ой пікіріне келетін болсақ ол мұсылман құқығының қайнар көздерін негізінен екі топқа бөледі: негізгі қайнар көздер және қосымша қайнар көздер деп. Яғни негізгі қайнар көздерге Құран (барша мұсылманның қасиетті кітабы) және Сүнне (Мұхаммед (с.ғ.с.) пайғамбардың жасаған амалдары), Фил (Мұхаммед (с.ғ.с.) пайғамбардың әңгімелері), Такрих (Мұхаммед (с.ғ.с.) пайғамбардың өмір баяны), Каул (Амалдары). Ал қосымша қайнар көздерге Иджма, Қияс, Пәтуа (Фетва), Адат (әдет-ғұрып нормалары), Шариғат (діни нормалар) (иттихад, ильтихад, иджтихад) жатады.

Работа состоит из  1 файл

Мұсылман құқығының қайнар көздері.docx

— 47.62 Кб (Скачать документ)

Мысалы, шариғатта: қалыңдық таңдағанда: ақыл-есі бүтін, мұсылман абыройы өзінде, кәмелетке келген, ұрпақ табу қабілетіне ие, ауыру емес, жақын туыс болмау жағы қарастырылады. Әлбетте, біздерде де осыған ұқсас. Қайта 7 атаға дейін бір-біріне үйленуге тыйым салынады. Шариғат кітап түскендерге (яғни, христиан дініндегілерге) үйленуге рұқсат береді.

Некелесуде  екі жастың кәмелетке келуіне, өзара келісіміне, екі ер адам куәлікке қатысуына мән беріледі.

Ажырасу кезінде, ері ажырасуға ниет етіп, 3 рет талақ айтса, діннен безсе, ері 4 жыл 10 күн хабар-ошарсыз кетсе, кемшіліктері  анықгалса   (ақыл-есі   кем,   белі  жоқ,   жаман   ауыру  т.б.)   еске тұтылады.

Ері өлгендер, ажырасқандар шариатта 4 ай 10 күн, идда, қазақтар 1 жыл (асын бергенше) мерзім күтулері керек. Идда, не жылын күтушілерге сән-салтанат құрып, бетін бояуға, алтын-күміс тағынуға тыйым салынады.

Сауда-саттық міндеттемелері. Екі жақта да өте  үқсас. Негізгі ережелері: сату мен  сатып алу жөніндегі өзара  келісімі, кәмелетке келуі, өзін-өзі  игеруі, ақыл-есі бүтін болуы, сатылатын  зат өз меншігі болуы, сатылған заттың тапсырылуы қабылдар алынуы, сатылатын заттың сапасы мен саны, бағасы нақты болуы секілді қағидалар қатаң сақталуы тиіс. Ұрланған затты біле тұрып сатып алу қылмыс болып табылады. Кепілдік беру, тарту, мен сыйға беру, өсиет айту, ант ішу. қарыз беру мен алу, сактауға беру, үжіре, тапсырыс, жолдау мен жалға беру, бойге мен жарыстағы т.б. міндеттемелер. Шарпат пен қазақ әдет-ғұрыптары өте үқсас, бір-біріне кереғар емес.

Қорыта  айтқанда, шариат пен қазақ әдет-ғүрып зандарының арақатынасы тығыз байланысты, бір-біріне өте ұқсас. Бұл деген сөз шариат зандарының қазақ қоғамына әсері өте үлкен болғанының куәсі. Осы күнге дейін ислам діні мен оның шариат зандарына тіксіне қарап келгеніміз жасырын емес. Шариғаттың тигізген әсерін мойындағымыз келмейді. Бұл тек ислам дініне, ғана емес, ата-бабаларымызға да жасалған қиянат деп білуіміз керек. Шариғат зандарына өгейсі қарағанымыздан ұтылмасақ, ұтпаймыз.

Оның  зардабын көріп те жатырмыз. Сондықтан  ата-баба зандарымен тығыз байланысты шариат заңдарына құрметпен қарап, қоғамымызға пайдалы тұстарын кәдеге жарату бүгінгі күннің маңызды мәселесі. Заңдарымыздың қайнар бастауы осыларда жатыр. Өз қайнар бастауынан қол үзбеген зандар өміршең болып, оны халық құптайды, екі етпей орындайды. Сол үшін ата-баба заңдарына оң қабақ танытып, оларды — тірілту, өз ұрпақтары кәдесіне жарату заңгерлердің міндеті болуы тиіс.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Шариғаттың құқықтық сана мен құқықтық мәдениетке әсері

          Біздің қазақ халқы — мұсылман, діні — ислам екенінде дау жоқ. Алайда, ол жайлы өз білім деңгейі мен дүние танымы ауқымында ойлап, соған орай неге тон пішпейді, не себепті мемлекеттік идеологиямыз соған сүйене отырып, кұрылмайды? Оның себеп-салдарын 70 жыл бойы сан ғасырлар ата-бабамыз қастер тұтып, бүкіл табиғи болмысына айналған ислам дінінен қол үздіріп, оны "апиын" деп мансұқтаған, жеккөрінішті, құбыжық еткен атеистік тәрбие, сол өсіп-өнген, көктеп-тамыр жайған алтын діңгегімізден айырып, өзінің рухани тегін білмейтін дүмше-мәңгүртке айналдырып жібере жаздады.

Құдайға шүкір, қазір өз алдына жеке Ту тіккен егеменді, тәуелсіз мемлекетіміз. Өкінішке орай, мемлекетіміздің басым көпшілік тұрғыны мұсылмандар саналғанымен, әлі де исламдық тәлім-тәрбие өз дәрежесінде жүріп жатыр деп айта алмаймыз. Қалың көпшілік мүлдем сауатсыз, қараңғыда түртінектеген су караңғы соқыр секілді, жарыққа, яғни, шамға ұмтылган көбелектей кез келген діни кітаптарға үңіледі. Оны түсініп, жарытып жатқаны да шамалы. Оны түсіну үшін исламның табиғат-болмысын, Қасиетті Құран-Кәрімді танып, білу қажет. Араб тілін игеру қажет. Кезінде, сақылдап түрған коммунистік сары аязда шырылдап жүріп, мектептерге ішінара болса да араб тілін оқытуды қолға алған едік. Ол да қожырап, басталған іс аяқсыз қалды. Имандылықты шыр етіп, жарық дүниеге келгеннен бастау өте сауапты іс. Алайда, Оқу министрлігіміз сол істі тереңдете түсу орнына араб тіліне енжар қарап, оның орнына батыс тілдеріне кең жол ашып берді. Одан ұтып жатқанымыз, бүлдіршіндеріміздің сол тілде сайрап жатқаны шамалы. Көше бойы толған шетелдік-батыстық жарнамаларға толы. Оны бойжайлап, оқып жатқан ешкім жоқ. Нәтижеде елімізді қараңғылық қоюлана қаптап, әр түрлі наным-сенімдерді насихаттайтын миссионерлер қаптап кетті. Олардың үгіт-насихаты пайдалы ма, зиянды ма, оны ойлап жүрген пенде жоқ. Қазір тәуелсіз мемлекетімізде 300-ден аса әр түрлі діни ұйымдар мен бірлестіктер жұмыс істеуде. Бұлар адал да ақжарқын, тазалық пен пәктікке ұмтылған халықгың басын шыр айналдырып, сан ғасырлар бойына жік түспей, тек исламдык нұр аясында келе жатқан наным-сеніміне жегідей тиіп, күйрету үстінде. Мұны жақсы сезініп, түсінгенімен мұсылман елдері бейжайлыққа салынып, бауырластық тұрғыдан қол ұшын беріп жатқаны да мәз емес.

Кешегі  үстемдік-кеңестік дәуір кезеңінде Қазақстандық мұсылмандардың көрген құқайы аз емес. Соның салдарынан есінен танып қалған, құдайсыздық шырмауына оралған мұсылман бауырларымызды шетелдік, дінімізге жат діни-нанымдар саналарын улап, сондарынан ерте бастады. Бұл жайттың алды алынбаса, қоғамымызға үлкен кесапат әкелгелі түр. Сондықтан да мемлекетіміз болып, мұсылман елдері болып бұл кесапаттың алдын алуға бар күшімізді жұмсауға тиіспіз. Сонда ғана жаратушы Хақ Тағала алдындағы касиетті борышымызды ақтауға бет бұрамыз. Ата-бабалар рухы мен аруақтар алдындағы парызымызды адалаймыз.

Ислам дінін  жете түсініп, Алланың ақиқат хақ жолын өмірлік бұлжымас  қағида ретінде ұстанған ата-бабаларымыз ұрлык-қарлыққа, зінәқорлыкка, отбасын бүлдіруге, арақ-шарап ішуге, әлім-жетікке жол бермеген. Қылмыс пен тәртіп бұзушылық қашанда болмасын Алланы танымайтын, құқыктық санасы төмен, ар-үяттан жүрдай болғандар арасынан шығады. Қазіргі кезде еліміздегі қылмыстың түрлері көбейіп, қүлақ естіп, көз көрмеген қылмыстардың жасалуы біздерді де, коғамды да катты толғандыруы қажет.

Ата-бабаларымыз  түрме, кұлып дегендерді білмей-ақ бейбіт өмір сүрді. Қоғамымыз күннен-күнге рухани азғындық түңғиығына батып барады. Құдайдан қорықпағандар обал-сауапты білмейді, бүгінгі күнмен ғана өмір сүріп, ертеңін, тіпті арғы дүниені ойламайды. Олардың бар арманы түпсіз, шыңырау қүдыққа айналған қүлқындарын толтыру, бірін-бірі алдау, алдауына көбінесе мәжбүрлеу. Мұны көрген дүмбілез топ "болмасаң да ұқсап бақ" дегендей "ауырдың үстімен, жеңілдік астымен" жүріп, оңай олжа табу шараларын іздей бастады. Қаракөз қыз-келіншектеріміз тәнін саудалауға, жастарымыз арақ-шарап ішуге, тіпті өмірі болмаған "тастанды сәбилер" көбеюіне жол ашылды. Нәрестелерімізді алыс шетелдерге сату шыға бастады. Көзінді бақырайтып қойып, мүсылманбыз деп санайтын Қазақстан   жерінде   жат   діндердің   пұтханалары   нағыз   көзге көрінер, қара жол торабында аспанмен таласа бой көтерді.

Әбу Ханифа салған сунниттік жол исламдық басқа ағымдар ішінде өзінің көнімпаздығымен, ізгілікті-демократиялық сипаттарымен ерекшеленеді. Мұны жақсы түсінген ата-бабаларымыз осы ағымға жан беріп, VIII ғ. Бері арасына жік түсірмей келген болатын. Қазір ше? Басқа жат діндерді айтпағанның өзінде Қазақстанда исламдық 73 ағым өкілдері қаптап жүр. Әрі олардың тындырып жатқандары да шамалы. Өздері әбден қажыған халқымызды рухани пәктентіп, айдынын асыру, жан-дүниесін, руханиятын тазарту үшін, бізге жалғыз-ақ ата-бабаларымыз үстаған Әбу Ханифа жолы болғаны дұрыс. Бүл жолды әлемдегі мұсылмандардың басым көпшілігі үстанады ғой! Сондыктан да Елбасшымыз әр түрлі мұсылман елдерінде оқып жатқан қазақ азаматтарын елге қайта шақыруы әбден орынды. Біздің қазақ халқы: "Қойшы көп болса, қой арам өледі", - дейді. Әр түрлі ағым үгіт-насихатын қаптатқанымен берері аз болмақ.

Бұл көкейкесті мәселелерді шешуге мемлекетіміз де, діни басқармамыз да, бүкіл мұсылмандар да атсалысып, бір жағадан бас, бір жеңнен қол шығаруымыз керек. Қазақстандағы тұрғындарды процентпен алғанда мұсылмандар анағұрлым көп. Олар исламдық жол арқылы бас біріктірсе үлкен күш. Сонда бұл күшті адамгершілік, әділеттілік жолына бұру көп жеңілдер еді. Сонда ғана мемлекетіміздің татулығы артып, құқықтық-демократиялық тұрғыдағы нағыз азаматтық қоғам құру оңайға түсер еді.

Құқықгық-демократиялық мемлекет дегеніміздің қайнар көзі де осы исламда, ата-баба қағида-ережелерінде жатыр. Қағида-ережелерді, заңдарды құрастырып, бекітіп, қабылдап отырушы органдар бұларды мүлдем көздерінен таса қалдыруларына болмайды. Өйткені, кез келген өркениетті ел өздерінің түп тамырына сүйенеді. Жапония да, Қытай да, Ағылшындар да, Немістер де, Үнділер де дәл осылай. Біздің зандарымыз сырттан әкелінгендіктен, қаншама сұлу көрінгенімен ділімізге, руханиятымызға сіңбейді. Сол үшін де зандарымыз көпшілік тарапынан қолдау таппай жатыр.

Оған  азғантай мысалдар келтіре кетейік:

-   біріншіден,   ата-бабаларымыз   кез   келген   іс-әрекет,   ой-ниетті адал-арамға, жақсы-жаманға,  обал-сауапқа бөледі. Бірін -жақсы,  екіншісін - күнә дейді. Күнә  нәрселер адам баласына зиян  келтіреді. Сондықтан да ондай  іс-әрекеттерден кез келген мұсылман аулақ жүреді;

-  екіншіден,  күнә жасаушылар болмауын үнемі қадағалап, бола   қалған   жағдайда   оның   шығу   себебін   анықтап,   оның жайылып   кетпеу  жағы   қарастырылады   (мысалы,   әке-шешеге қарсы   шыққандар  жазаланып,   оның  үстіне   басқаларға   сабақ болуы қарастырылады;                                                

-  үшіншіден,  күнә жасаушы міндетті түрді күнәдан арылуы (кәффат беруі), істеген күнәсіна өкініш біддіруі (тәуба етуі) және екінші қайтара істемеуге (шешім қабылдауы) тиіс.

Мұны  құқық қорғау органдарында қызмет етушілер біліп қана қоймай, жүзеге асыруы қажет. Ол үшін кез келген заңгер тек зандарды ғана жақсы біліп қоймай, оның үстіне тілге шешен болуы, тарих пен шежіре, әдет-ғұрып, салт-дәстүрлерді игерген, мұсылмандық жол қағидалар мен шариат зандарын, мақал-мәтелдерді, афоризм сөздерді жетік білуі тиіс. Сонда ғана заңгер діттеген мақсат-мүддесіне жетеді. Қылмыскер өзінің істеген күнәсіна опық жеп, екіншілей істемеуге шешім қабылдайды. Сөйтіп, заңгерлер адамды жаман жолдан қайтарып, имандылыққа жетелейді, сауап іске ие болады.

Қазір жоғарыда айтқан себеп-салдарлар нәтижесінде мүсылмандар түрмелерге жиі отырып жатыр. Бұл қоғамымызға жағылған үлкен кір. Онан пәктенудің жолдары ата-бабаларымыз калаған исламдық жол. Ол жол бүкіл мұсылмандарды бауырластыкқа, имандылыққа, әділеттілікке бастайды. Елімізде жүргізіліп жатқан сот реформасының екінші кезеңі осындай келелі мәселелерге зер салуы тиіс. Қылмыстың алдын алу, қоғамды ыдырататын келеңсіз жәйттерді реттейтін механизмдерді іздестіруде бұрыннан қалыптасқан, ең әділ де адамгершілікке толы ата-баба қағидаларына үңілген абзал. Сонда ғана Қазақстан Республикасында шынайы азаматтық қоғам құрылып, болашақ ұрпақтарымыз риза болады.

 

 


Информация о работе Мұсылман құқығының қайнар көздері