Автор работы: Пользователь скрыл имя, 24 Февраля 2012 в 08:06, реферат
Бүгінгі таңда жаһандық проблема болып отырған экологиялық мәселелер табиғаттың даму заңдылығын ескермегендіктен, оның тепе-теңдігінің бұзылуынан пайда болды. Себебі, ғылыми-техникалық жетістік ғылымның кейбір саласы адам баласына қауіп төндіруде. Өйткені адам әрекетінен туындап отырған жаңа «антропогендік ландшафтар» жер бетінде климаттың жылынуы тіршілік дүниесіне зардабын тигізуде. Яғни, күн тәртібіндегі ғаламдық жылынуында, жерге алып астеройдтардың жақындауы да уақыт күттірмес мәселе.Лаңкестік оқиғада мемлекеттердің бір-бірімен соғысуы да ғаламдық проблемаға қарағанда түкте емес.
Ақ континент (Антарктида) материгінен Мұзтау ажырап кетті. Неге?
Бүгінгі таңда жаһандық проблема болып отырған экологиялық мәселелер табиғаттың даму заңдылығын ескермегендіктен, оның тепе-теңдігінің бұзылуынан пайда болды. Себебі, ғылыми-техникалық жетістік ғылымның кейбір саласы адам баласына қауіп төндіруде. Өйткені адам әрекетінен туындап отырған жаңа «антропогендік ландшафтар» жер бетінде климаттың жылынуы тіршілік дүниесіне зардабын тигізуде. Яғни, күн тәртібіндегі ғаламдық жылынуында, жерге алып астеройдтардың жақындауы да уақыт күттірмес мәселе.Лаңкестік оқиғада мемлекеттердің бір-бірімен соғысуы да ғаламдық проблемаға қарағанда түкте емес. Сондықтан аталмыш мәселені шешуге әлем жұртшылығы жұмылып атсалысқаны жөн. Өйткені, ғаламдық жылынудың ақыры үлкен дауылдарға,құрғақшылыққа, су тапшылығына, мұздардың еруіне, жасыл-желектің құруына әкеліп соғатыны сөзсіз. Әрине, бұл экономикалық шығын көбейіп, жұқпалы аурулар тарап, босқындар көбейеді деген сөз. Бір сөзбен айтқанда «табиғат – Ананы аялай алмағанымыз үшін ол бізден өшін алып жатыр» – деген сөз. Демек, табиғаттың мұндай тосын мінез көрсетуіне кім кінәлі? Ғалымдардың барлығы дерлік мұның бәрі өндірістен шығып жатқан улы газбен билік өкілдерінің экологияға мүлдем мән бермеуінің кесірі дейді. Яғни, жыл өткен сайын климаттың жылынуы артып келеді. Өйткені ауаға таралатын көмірқышқыл газдарының – 40 пайызын электр стансалары шығарады. Ал өндіріс орындарының үлесі – 18 пайыз. Көліктен – 20 пайыз, коммуналдық шаруашылық қызметтерінен – 13 пайыз улы газдар таралады екен. Демек, бір сөзбен айтқанда өндіріс орындарынан атмосфераға шығатын улы газдардың мөлшеріне шектеу қою қажет. Сол сияқты осы салада Киота келісімі бар. Алайда, соған АҚШ күні бүгінге дейін кірмей отыр. Сол сияқты үлкен алып кәсіпорындар қай елде? Сол АҚШ-та, Қытайда, Ресейде. Егер қоршаған ортамен экология мәселесіне мойын түбегейлі бұрылмаса іс насырға шабуы әбден мүмкін. Сонымен бірге кейбір облыс орталығындағы автокөліктерден шығатын көк түтіндерде сол ауаға тарайтынын айтпасада түсінікті жәйт. Өйткені жыл өткен сайын автокөліктер саны әрбір қалада көбею үстінде. Ал, мұндай жәйттерді әлем елі бойынша есептегенде бір ғана автокөліктердің өзінін атмосфераға миллиардтаған тонна қалдықтары таралатыны сөзсіз. Сол сияқты мұнымен бірге қазіргі соғысқа арналған қару түрлері жер бетіндегі барлық тіршілік түрлерімен табиғи ортаны бірдей күйрететіні сөзсіз. Өйткені XX ғасырдың екінші жартысынан бастап соғыс құралы есебінде ракета, химиялық, бактерогиялық және термоядролық – адамзатты орасан зор қырғынға ұшырататын қару түрлері пайда болды. Сөйтіп, бүгінде дүние жүзінде осындай апатқа ұшырататын қару түрлері де және оның қуатыда күн санап артуда. Ғалымдардың есептеулеріне қарағанда жер бетінің әрбір тұрғынына орта есеппен 15 тонна жарылатын заттар (бомба, снаряд, миналар) келеді екен. БҰҰ-ның мәліметтеріне қарағанда қазіргі қоғамның ғылым салаларын дамытуға бөлінген қаражаттың 40 пайызы тек ғана соғыс қару түрлерін және техникасын жасауға, болмаса жетілдіруге жұмсалады екен. Міне, сондықтанда планетамыздың қай түкпірінде болмасын тұтанған соғыс өрті, тіпте соған дайындықтың өзі табиғи ортаның бұзылуына, бүлінуіне және мөлшерден тыс ластануына үлкен ықпал жасайды. Сонымен бірге атмосфераға бұлардан миллиардтаған тонна улы газдардың таралатынын айтпаса да түсінікті. Сол сияқты ядролық қару түрлері бар елдердің оларды атмосферада сынақтап өткізулеріне байланысты адамдардың радиоактивті қалдықтардың әсерінен ауруларға шалдығуы жиі кездесетін құбылыс болды. Өйткені дүние жүзінің денсаулық сақтау ұйымының мәліметтеріне сәйкес Қазақстанда өз-өзіне қол жұмсаушылар саны бойынша әлемде алдыңғы бестікке кіреді. Оған төмендегі мәліметтер дәлел бола алады. Әлемде жылына 1 млн. адам өз-өзіне қол салып көз жұмса, оның 8 мыңы отандастарымыз. Сол сияқты Қазақстандағы 15 пен 24 жас аралығындағы әйел арасында, суицид көрсеткіші 100 мың тұрғынға 11,1 оқиғадан тиеді. Салыстырмалы түрде айтар болсақ, АҚШ-та бұл көрсеткіш 2,9-ға тең. Сол сияқты ядролық қарулардың сол атмосферадағы жарылуынан пайда болған радиоактивті заттар негізінен жауын-шашын, шаң-тозаңдармен жер бетіне, су айдындарына жетіп, едәуір мөлшерде шоғырланатын көрінеді. Сондықтан да ондай қалдықтардың барлық тіршілік түрлерінің дұрыс дамымауына үлкен зардабын тигізетіні белгілі. Мысалы, өсімдіктер түрлерінің радиоактивті заттармен зақымдануы адамдар денсаулығына үлкен қатер тудырады, өйткені өсімдіктермен малдар қоректенеді, ал мал етін жеп, болмаса сүтін ішкен адамдардың ішкі органдарында радиоактивті қалдықтардың концентрациясы артып, олардың функциясын әлсіретеді, тіпте адам өміріне қауіп тудырады. Дәрігер және биологтардың мәліметтеріне қарағанда, радиоактивті заттармен жарақаттанған адамдар басқа ауруларға да тез шалдығады екен. Онымен қоса олардан туған балалар дұрыс тумай, кейбір мүшелері қисайып, кемтар және кескінсіз болатын көрінеді. Жалпы бір сөзбен айтқанда адамзаттың өз мқолымен жасалған қаруы өз өміріне қауіп тудыруда. Сонымен бірге соғысқа дайындық, көптеген ядролық, химиялық және бактериологиялық соғыс құралдарын биосферада сынау мен оларды пайдалану әрине, атмосфераның құрамына үлкен нұсқан келтіретіні шындық. Сол сияқты ХХ ,асырдың екінші жартысында қоғаммен табиғаттың өзара қарым-қатынасының жаңа бір саласы алып өндіріс орындары көптеп бой көрсете бастады. Яғни, зауыттар мен фабрикалардың еселеп өсуі барған сайын шикізат түрлерінің мол пайдалануыда, энергия шығынының өсуіне, қазба байлықтарының қарқынды игерілуіне алып келді. Сөйтіп, өнеркәсіптің жаппай дамуы табиғатқа тиетін кері әсер ауқымын кеңейтіп жаңа кен орындарының ашылуы және игерілуі қоршаған ортаның ластануын күшейтті. Екіншіден бұған қоса дүние жүзіндегі демографиялық жағдай күрт өзгерді. Өйткені, жер шары халқының саны тез өсті. 1700 жылы 620 млн. адам болса, 1850 жылы оның саны 1200 млн-ға жетті яғни екі есеге артты. 1950 жылы жер шарындағы халық саны 2500 млн-ға жетсе, 1986 жылы санақ бойынша халық саны 5 млрд-қа дейін өсті. БҰҰ-ның есебі бойынша, 2050 жылға қарай дүние жүзі халқы 11,9 млрд. болады деген болжам бар. Міне, сондықтанда жоғарыда сөз болған жәйттердің әсіресе, атмосфера құрамында еселеп көбеюінің салдарынан парниктік газдардың қалыңдауыда арта түсетіні сөзсіз. Өйткені, Антарктида үстіндегі озон ойығы үлкейіп барады деп ақпарат құралдары жар салуы шындық. Мысалы, Антарктида озон ойығы 2008 жылы едәуір үлкейе түскен. Атап айтсақ 27 млн. шаршы шақырымға жеткен. Ал 2007 жылғы көрсеткіш – 25 млн. шаршы шақырым еді. Сол сияқты дүние жүзілік денсаулық сақтау ұйымының деректері бойынша егер озон консентрациясының бір пайызға кемуінен обыр (ракпен) ауыратын адамдар саны 6 пайызға артады екен. Жалпы атмосфераның ионды, озонды қабаттарының қасиеттерін өзгеруі болмаса жылудың және күннің радиациясын бойына сіңіретін элементтерді ауа құрамына кіргізу Күннің – атмосфераның – жердің өзара жылулық, радиациялық байланысын өзгертуі мұмкін, ал ол тіршілік үшін қандай қауіпті екені белгілі. Сол сияқты ақ континент (Антарктида) материгінен Мұзтау ажырап кетті. Неге? Өйткені, Антарктида материгінің мұзды мәңгілігінен үлкендігі ірі көлемді пара-пар Мұзтау ажырап кетті. Яғни ақ континенттің шыңысында орналасқан Веддал көліндегі Фимбул атты алып мұз қорғанынан бөлінген ол мұхит бетінде еркін жүзіп жүр. Мұзтауды бақылау спутник арқылы жүзеге асырылып отыр. Мұзтауды бақылау спутник арқылы жүзеге асырылып отыр. Ғалымдар бөлінген секторға Д-16 деген ат қойды. 2005 жылы В-15А көлеміндегі мұзтау пингвиндер мекенінің жағалауына соғылып, одан Д-16 тәріздес 2 мұзтауды ажыратып әкеткен. Міне осыған сәйкес ғаламдық жылыну жөніндегі сарапшы Джеймс Хансен «ғасырдың аяғында теңіздің деңгейі 7 метрге көтеріледі» деп болжам жасады. Ғалым мұндай апаттың алдын алуға болады деп есептейді. Ол үшін көмір сутекті шикізатты ең алдымен көмірді пайдалануды тоқтату керек. Сонда атмосфераға көмірқышқыл газының таралуы азаяды. 20 жылдан кейін температура төмендеп жер шары апаттан аман қалады. Лай етпесе, Антарктида мұзы ғасырдың аяғына дейін толық еріп кетеді. Мұның кесірінен теңіз деңгейі 6-7 метрге көтеріледі. Қазірдің өзінде мұзды құрлық жыл сайын 200 текше шақырымдай көлемнен айырылуда. Ондай-ақ Греландия мұздарының еруі жығылғанға жұдырық болуда. Өйткені ақ континенттің аспанындағы озон тесігі үлкейіп келеді. Сол сияқты осыған сәйкес жуырда ғана республикалық радиодан берген бір хабарда сондай қалқып жүрген мұз кесегі Австралия құрлығының жағалауына небәрі 100-200 шақырым қалған көрінеді. Әрине бұны қорқынышты жағдай демеске болмайды. Міне сондықтанда сөзімді түйіндеп айтқанда бүгінгі адамзаттың тұрағы болып саналатын күн системасында өзінің даму ерекшелігімен дараланған бүкіл тіршіліктің ұясы болған жер планетасын яғни табиғи ортасын соғыс өртінен болмаса, соғыс құралдарының сынығынан қорғану үшін жер бетінің халықтары өздерінің күш жігерлерін біріктіретін уақыт жетті. Ал, біздің еліміз өз тарапынан бүкіл дүние жүзіндегі бейбітшілікті қамтамасыз ету міндетін ойдағыдай шешу үшін қолдан келгенін бәрін істеуде. Дегенмен, қазір әлемде экологияда болып жатқан өзгерістер кезек күттірмейтін мәселелердің бірі болып отыр. Өйткені бұған тура соғыстың өзі емес, сол соғысқа жан-жақты дайындалудың өзі оның ішінде орасан көп мөлшерде соғыс құралдарының (биосферада соғысқа дайындық жұмыстарын жүргізуі), болмаса аспанымызды күндіз-түні торып,қанаттарының астында ядролық бомбаларды байлап ұшып жүрген ұшақтар кенеттен соғыс өртін тұтандыруға сәл жақын тұрған сияқты. Өйткені байқаусыз жарылған бір атом бомбасының өзі жер бетінде қаншама экологиялық өзгерістер тудыратыны белгілі. Бұған мысалы, 1945 жылғы өзінің күйбен тіршілігімен бейқам өмір сүріп жатқан Жапонияның Хиросима мен Нагасаки қалаларында жарылған бомбаны әбден айтуға болады. Ал, сол радиациялық сәуле ауруларына шалдыққан адамдардың ұрпақтары оның зардабын бүгінде көруде. Міне сондықтанда адамдар өздері өмір сүретін ортасын яғни, биосфераны бұзылудан, бүлінуден сақтап, соғыс өртін соған дайындық жұмыстарын жүргізуді болдырмай Жер-Анамызды ұрпақтарға сол таза күйінде қалдырғанға не жетсін. Алайда, осыған сәйкес өткен жылдың желтоқсан айының 7-18 жұлдызында Копенгагеде климаттың жылынуына байланысты 193 елдің басшылары қатысқан жиын өз нәтижесін бермегені өкінішті ақ. Ал бұл жиынды екінші рет қайталап өткізуді үстіміздегі жылдың екінші жартысында Мексика елінде өтпекші. Міне, сондықтанда сөзімді түйіндеп, ғаламдық жылынудың алдын алу үшін әрине, әлем елі болып, Киота қаптамасы төңірегіне сәйкес жұмыс жүргізуімізде ғана қалып тұрған сияқты.
Хамза Суханбердин, инженер-эколог
Информация о работе Ақ континент (Антарктида) материгінен Мұзтау ажырап кетті. Неге?