Алматы

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 14 Ноября 2011 в 13:28, реферат

Описание

о городе Алматы. Георафическое положение, история.

Работа состоит из  1 файл

Алматы.doc

— 233.50 Кб (Скачать документ)

Алматы (бұрынғы кездері Верный және Алма-Ата деп аталған) — Қазақстанның ең үлкен қаласы. Ол Тянь-Шань тауларының солтүстігінде, Іле Алатауының баурайында, Қазақстан Республикасының оңтүстік-шығысында орналасқан. Алматыда 1 434 755 адам тұрады (2011).[

Географиясы

Қаланың аумағы — 170 шаршы  километр.

           Алматының ғарыштан көрінісі

Халқы. Қала тұрғындарының жартысынан көбін қазақтар құрайды. Қазақтардан басқа орыстар, ұйғырлар, татарлар, украиндар және т.б. тұрады. Шетелдіктердің ішінде ең көбі түріктер. Бейресми деректер бойынша халық саны 2 миллионды, ал ресми дерек бойынша Алматыда 1,3 милллионды қоныстайды. Алматыда 1,185,900 адам тұрады (2004).

Тарихы. Тянь-Шань жоталарының етегінде орналасқан әсем қаланы «бақша-қала» деп бекер атамаған. Көктем маусымында, оңтүстік алқаптардағы бау-бақшаларда алма, өрік, шие гүлдеген кезде, қала ертегіге айналады. Алматы қаласының атауы — алма сөзінен шыққан. Дәл осы жерде аты әлемге танымал апорт алмасы өседі.

Кейбір  деректерге сүйенсек, ескі замандарда осы жерде, яғни керуен жолы — Жібек жолында Алматы сауда мекені орналасқан. ХІІІ ғасырда оны Шыңғысхан ордасы тас талқан етті. 1854 жылы ескі қала қалдықтарынан Верный қаласы пайда болды. Кеңес Одағы жылдары қала атауы Алма-Ата болып өзгертілді, 1929 жылдан 1997 жылға дейін Алма-Ата Қазақстан астанасы болды. 1993 жылы тәуелсіздік туралы Атазаң қабылданған сәттен бастап, бұрынғы Верный, одан кейінгі Алма-ата Алматы деп өзгертілді.

Алматы  теңіз деңгейінен 650-12-00 метр биіктіктегі  Іле Алатауының солтүстік бөктерінде орын алған. Қала жазықтықта орналасқан, үш жағын биік таулар мен жасыл массив қоршаған. Алматы — Еуразия континентінің орталығы. Қазақстан Республикасының оңтүстік-шығысында.

Алматының баурайларын Іле Алатауының ұлттық паркі алып жатыр. Онда көптеген табиғи қорықтар орналасқан. Мұнда өмір сүретін  сирек құстар мен аңдар Қазақстанның Қызыл кітабына енгізілген. Олардың қатарына Алматының мемлекеттік гербын әшекейлеген барс жатады. Тау баурайында дәнді, бақша, темекі плантациялары мен жүзімдіктер жидектер мен жеміс бақшаларына ұласады. Қала территориясының 8 мың га астамын бақшалар, парктер, саябақтар мен бульварлар алады.

Қала 170 шаршы км. астам алаңды құрайды. Ол кіші және үлкен Алматы өзендерінің  торабында орналасқан. Тау өзендері қаланы сумен қамсыздандырудың басты көзі болып саналады. Алматы бүгінде, 1997 жылғы Қазақстан Республикасы Президентінің жарлығына сәйкес, Астана қаласына көшірілді.

Алматы  — елдің ғылыми, мәдени, тарихи, өндірістік және қаржы орталығы. 1997 жылы қаланы одан әрі іскерлік әрі қаржы орталығы ретінде дамыту туралы шешім қабылданды. 2006 жылы АӨҚО дамыту жөніндегі заңға қол қойылды.

Басты қала құндылықтарының бірі — Көктөбе. Оңтүстігі қаламен шектесетін жоталы мекен. Ол 1070 метр биіктікте орналасқан. Көктебенің басына шығу арқылы қаланың алақандай көрінісін тамашалауға болады. Дәл осы жерде қаланың керемет түнгі көрінісінің куәсі бола аласыздар.

28 панфиловшылар паркі. Паркте атақты мемориал, естелік аллеясы мен мәңгі алау от бар. Зенков кафедралдық шіркеуі де осы паркте орналасқан.

Қасиетті-Вознесенский православтық шіркеуін жергілікті сәулетші А. Зенков бірде-бір шегесіз 1940 жылы құрастырған. Ол әлемдегі ағаштан жасалған ерекше тоғыздықтың бірі болып саналады. Шіркеу 1911 жылы болған Рихтер шкаласы бойынша 10 баллдық жер сілкінісіне төтеп берген.

Тәуелсіздік монументі. Республика алаңына көрік  берген қайталанбас құрылыс. Аталған  монументтің авторы — Шота Уалиханов. Монументтің ұшында барсқа мінген алтын  адам бейнесі бейнеленген. Ал монументтің айналасында қазақ даласының ежелгі тарихы толықтай қамтылған.

А.Қастеев атындағы өнер музейі мен мемлекеттік орталық музей — республикамыздағы басты құндылықтардың бірі. Сонымен қатар қазақ халқының ұлттық инструменттерін топтастырған Ықылас атындағы ұлттық музей де ерекшелігімен көз тартады.

Медеу. Әлемге әйгілі Медеу мұз айдыны 1972 жылы құрылған. Ол қаладан 15 км. қашықтықта орналасқан.

Көне тарихы

  • Б.з.д. 10 — 9 ғғ. қола дәуірінде қазіргі қала аумағы ертедегі жер өңдеушілер мен малшылардың қонысы болды. Бұған дәлел — ерте кездегі Тереңқара мен Бұтақты қоныстарының табылуы. Бұл жерлерде керамика, тастан жасалған қарулар, темір мен сүйектен жасалған бұйымдар табылған.
  • Б.з.д. 7 ғ. — б.з.д. сақ дәуірінде Алматы сақтардың, кейіннен үйсіндердің тұрғылықты жері болған. Осы кезеңнен көптеген қорғандар мен қоныстар орындары қалған; олардың арасында ерекшеленетін «сақ патшаларының» қорғандары. Солардың ішіндегі ең танымалы — Есік қорғаны, онда «Алтын адам», Жалаулы қазынасы, Қарғалы диадемасы, жетісулық «көркемдік қоласы» — шамдар, құрбандық шалатын орын, қазан сияқты көне дәуір жәдігерлері табылған. Сақ және үйсін дәуірінде Алматы аумағы Қазақстан жерінде құрылған ертедегі мемлекеттердң орталығы болған.
  • Б.з. 8-10 ғғ. Алматы өміріндегі келесі кезең орта ғасыр кезеңі. Бұл қала мәдениетінің даму, отырықшылыққа көшу, жер өңдеу мен қолөнердің дамуы, Жетісу аумағында көптеген қалалық қоныстардың пайда болу кезеңі. Қазба жұмыстарының нәтижесінде керамика, темір және сүйек бұйымдар табылған.
  • 10-14 ғасырларда «Үлкен Алматы» аумағындағы қалалар Ұлы Жібек жолы бойындағы сауда байланысына қатысты. Алматы сауда, қолөнер және ауылшаруашылық орталығының біріне айналды. Бұған дәлел — осы жерде табылған 13 ғасырдың 2 күміс дирхемі. Бұл дирхейде алғаш рет қаланың аты аталынады.
  • Алматының 2,5 мың жылдық тарихы бар. Қала тұрған жерді ежелден қазақ ұлтын құраған тайпалар мекен еткен Іле Алатауының етегінде Алмату қаласы туралы алғашқы жазба деректер Рашид ад-Диннің шығармаларында кездеседі. Бабыр Шыңғыс хан шапқыншылығынан қираған Алмалык,, Алмату қалалары туралы жазады. Мухаммед Хайдар Дулати және Шараф ад-Дин Йезди өз шығармаларында Алматуды атап кеткен. Археологиялық зерттеулер қазіргі Алматының орнында ертеректе сақтар, кейінірек үйсін, орта ғасырларда дулат тайпалары өмір кешкен елді мекендер мен қалашықтар, Алмалық пен Алмату қалалары (екеуі екібасқа қала) болғандығын дәлелдеп отыр. Бұл қалалардың қираған құрылыстарьш 1251-59 жылы француз королі IX Людвигтің елшісі және Қытай саяхатшысы Чжан Дэ өз көздерімен көргендіктерін жазған. Алмату қаласының аты жазылған күміс ақшалар, сақтардың 25 барыс бейнесімен безендірілген "Жетісу құрбандық табағы", ғажайып "Қарғалы тәтісі" бұл жердің мыңдаған жылдық тарихы бар өркениетті өлкенің орталығы болғандығын көрсетеді.

Орта ғасырлар

15-18 ғғ. Ұлы Жібек жолының маңызының  төмендеуімен қала да құлдырай  бастады. Бұл кезеңде Алматы мен жалпы Қазақстанның тарихында оқиғалар орын алды. Мұнда маңызды этносаяси процестер, Жетісу мәдениетінің қалыптасуы жүрді. Алматы аумағына қатысы бар аудандарда қазақ мемлекеттігінің құрылуы басталды. Бұл жер жоңғар шапқыншылығының және өз елінің тәуелсіздігі үшін күрескен қазақ батырларының оқиғаларына бай.Бүкіл Жетісу жері Моғолстан мемлекетінің территориясында болды

Қазақ хандығы.   1560-1564 жылдары Жетісу жерінде Қазақ хандығы құрылды. Қазақ хандығының іргесі қаланған жер Алматы маңындағы Қозыбасы деген тау еді. Қазір бұл жер Алматы облысы, Самсы теміржол бекеті.

1730 жылы  Алматыдан 70 шаршы км. қашықтықта  орналасқан Аңырақай тауларында  қазақ батырлары қазақ халқының  жоңғарлармен Отан соғысындағы  қиын кезеңдегі тарихта мәңгі  қалған жеңіске жетті. Зерттеуші М.Тынышпаевтың дерегі бойынша Аңырақай шайқасы туралы дерек Пішпек және Әулиеата уезінің қазақтарының жадында жақсы сақталған.

Ресей отарлауы. 1854 жылғы ақпанның 4-інде Іле Алатауының баурайында Ресей империясының әскери қамалы Верныйдың негізі қалануымен қала тарихының жаңа кезеңі басталады.

1854 жылдың  күзінде Верный қамалының құрылысы  аяқталды. Верный қамалының бір  жағы Кіші Алматы өзенінің  бойымен орналасқан, ағаштан құрылған  бесбұрыш пішінінде салынды. Кейіннен  ағаш кірпіш пен таспен ауыстырылды.

1855 жылғы  шілденің 1-інде Верный қаласына  казактардың бірінші тобы көшіп  келді. 1856 ж. орыс шаруалары да  көшіп келе бастады. Олар қамал  жанынан салынған Үлкен Алматы  орталығына қоныстанды. Қоныс аударғандардың  көбеюіне орай Кіші Алматы бекеті мен Татар (Райымбек) көшесі пайда болды. Бұл жерге татар қолөнершілері мен саудагерлері қоныстанды. 1859 жылдың мамырында қоныс аударғандардың саны 5 мыңға жетті. Құрылыс жұмыстарына инженер Л. Александровский жетекшілік жүргізді, ал құрылысты басқарған әскери-инженер Ц. Гумницкий болды.

1867 жылғы  сәуірдің 11-інде Верный қамалының  атауы өзгертіліп, Алматинск қаласы  аталды. Бірақ сол жылы «Дала  комиссиясының» баяндамасы бойынша  қаланың аты Верный болып қайта  өзгертілді. Верныйдың қала болуы сол кездегі реформаларға байланысты болды. Верный өзімен аттас Верный уезі мен Жетісу ауданының орталығына айналды.

КСРО құрамында

  • 1921 ж. 5 ақпанында аудан комитетінің салтанатты жиынында Верный қаласының атауын өзгерту туралы шешім қабылданды. Верный қаласы Алма-Ата дегенжаңа атқа ие болды. Бұл шешім бойынша Жетісу Әскери-революциялық комитеті: «Қаланың революциялық орталық мәртебесін алуына байланысты Жетісу әкімшілік орталығының атауы Алма-Атаға өзгертілсін» деген бұйрық шығарды.
  • 1926 ж. 3 желтоқсанында Еңбек және Қорғаныс Кеңесі Түркістан-Сібір теміржолын салу жөнінде шешім қабылдады.
  • 1927 ж. 2 наурызында ҚазАССР-ң ОСК-і астананы Қызылордадан Алматыға көшіруге шешім қабылдады. ІV-ші бүкілқазақстандық кеңестер съезі бұл шешімді мақұлдады.

Үкімет орындарының көшуі салынып жатқан Түркісіб теміржолының бірінші поезында 1929 ж. мамырында басталды.

  • 1930 ж. 28 сәуірінде «Айнабұлақ» станциясында соңғы балдақ соғылды. Осы арқылы Кеңестер Одағының екі ірі экономикалық ауданы Сібір мен Қазақстанды қосылды. 1 мамырда Түрксіб жолы ашылды. Алматыға Мәскеуден бірінші поезд келді.
  • 1930 жылы Алматы әуе жолы ашылды, сөйтіп Қазақстан астанасы Мәскеумен әуе арқылы байланысқа ие болды.
  • 1930-35 жылдары темірлі құйматастан, күйген кірпіштен құралған, жер сілкінісіне төзімді материадцардан салынған байланыс үйі, ішкі істер министрлігінің клубы,Түрксіб темір жолы басқармасы, "Алатау" кинотеатры, т.б. алғашқы ірі ғимараттар бой көтерді.

Кішкене қалашықтың астанаға айналуы көптеген әкімшілік мекемелердің, тұрғын үйлердің салынуын қажет етті.

  • 1926 жылы қала халқы 45 мың адамды құраған болатын, ал 1929 жылдың күзінде қала тұрғындарының саны 100 мың адамға жетті.

Республиканың кеңестік халық комитеті 1929-1930 жылдарға арналған қала құрылысының жоспарын қабылдады. Тұрғын үй құрылысына 6,5 млн. сом қаржы бөлінді, әкімшілік мекемелер құрылысына 2,9 млн. сом, коммуналдық шаруашылыққа 2,2 млн. сом қаржы бөлінді.

Қаржы бірінші кезекте тұрғын үй және мектептер, денсаулық сақтау мекемелерінің  құрылысына бірінші кезекте бөліне бастады.

Қазақстанның  астанасы Алматыға көшірілуіне байланысты 1936 жылы қаланың архитектуралық құрылысы жөнінде арнайы жоспар құрылды. Жоспардың басты мақсаты Алматы қаласын мәдени орталыққа айналдыру болды. Жоспар бойынша қалыптасқан тарихи маңызы бар құрылыстарды түбегейлі өзгерту және үлкейту көзделді.

  • 1941-1945 ж. Ұлы Отан Соғысы жылдары қала көптеген өзгерістерге ұшырады. Бүкілодақтық тыл жұмыстарын ұйымдастыруда өнеркәсіптік және материалдық қорды концентрациялау үшін 45 мың шаршы метр жер берілді, көшіріліп әкелінген 26 мың адамды қабылдау үшін жер бөлінді. Алматы қаласына майдан шегінен 30 өнеркәсіп орны, 8 госпиталь, 15 жоғарғы оқу орны, орта кәсіптік білім беру жүйесі, 20-ға жуық ғылыми-зерттеу институттары, 20-дан аса мәдени орталықтар көшірілді. Ленинград, Киев, Мәскеу киностудиялары Алматыға ауыстырылды.
  • Соғыс жылдары Қазақ опера жөне балет театры (1941), ал 1950 жылы Қазақстан ҒА-ның бас ғимараты мен Үкімет үйін салу қолға алынды.

Тылдағы ерен еңбегі үшін 52 мың алматылық жоғары мемлекеттік марапаттарға ие болды, 48 адам Кеңес Одағының Батыры атағын алды. Алматыда үш атқыштар дивизиясы (олардың танымалы — 28-гвардиялық панфиловшылар дивизиясы), екі атқыштар бригадасы және үш авиациялық полк құрылды.

  • 1949-1950 жж. Ленинградтық Гипрогор жасаған жаңа жоба ҚазССР-і халық шаруашылығының дамуының 5 жылдық жоспарына негізделді. Жоспар бойынша қала аумағы оңтүстік-батыс бағытында үлкейтілу, орталық бөлігінде 3-4 қабатты үйлер салыну, жол құрылысы мен қатынасы, селге қарсы қорғау шаралары қолға алынды.
  • «Ленгипрогром» жоспарлағандай, 1962-1963 жж. Алматы қаласы 1980 жылға дейін төрт жоспарланған аумақ және сел жүретін аумақтарға үлкен өзгерістер енгізілді. Тек 1966-1971 жылдар аралығында қалада 1400 шаршы метр мемлекеттік және кооперативтік құрылыс тұрағы тапсырылды. Жыл сайын қалада 300 мың шаршы метр баспана салынды. Құрылыс барысында жер сілкінісіне шыдайтын көп қабатты үйлер салу ұйғарылды.

Информация о работе Алматы