Автор работы: Пользователь скрыл имя, 26 Февраля 2013 в 13:04, курсовая работа
Жердің әлпетін зерттеумен ежелден бері география, геодезия, топография, картография шұғылданады. Бұл ғылымдар өзара байланысты және түптеп келгенде шешетін негізгі міндеті бір — планетамыздың бітімін, мөлшерін және сыртқы әлпетін дұрыс және дәл көрсету.
Әскери топография жергілікті жерді зерттеу әдістерін, онда бағдарлануды және әскердің ұрыс қимылдарының мүддесіне сай жергілікті жерді бағалаумен байланысты басқа да мәселелерді қарастырады, әр алуан жауынгерлік міндеттерді орындау кезінде топографиялық карталар мен аэрофотосуреттерді пайдалануды үйретеді.
КІРІСПЕ................................................................................................................. 3
1. Аспан денелері мен жергілікті заттардың белгілеріне қарап көкжиек жақтарының бағыттарын анықтаудың теориялық негіздері
1.1 Бағдарлану туралы түсінік........................................................................... 4
1.2 Ақиқат және магниттік азимут, оны анықтау........................................... 11
1.3 Маршрут бойымен жүру сызбасын түзу және жергілікті жерде азимут бойынша жүру................................................................................................... 14
2. Жергілікті жерде топографиялық карта бойынша бағдарлану
2.1 Топографиялық карта жайлы түсінік........................................................ 19
2.2 Жергілікті жерде карта бойынша бағдарлану........................................... 26
ҚОРЫТЫНДЫ....................................................................................................... 30
ҚОЛДАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ.......................................................... 31
Саяси-өкімшілік маңызы
мен олардың көлемі сызбалар жөне
атауларының жазбасы шрифт
1:25 000 жөне 1:50 000 масштабты картада отқа төзімді тығыз кварталдары бар кұрылыстар (тас, кіРпіш, темір бетонды) кызғылт сары түспен, ал отка төзімсіз күрылыс-тары барлар (ағаш, саздан тұрғызылған) сары түспен боялады.
Өндірістік, ауыл шаруашылық және әлеуметтік-мәдени пысандарга зауыттар, фабрикалар, шахталар, электр станциялары, диірмендер, мұнай мұнаралары, шіркеулер, мешіттер, мектептер, ауруханалар, шипажайлар, ескерткіштер, байланыс желісі, электр өткізгіш желісі, мұнай және газ кұбырлары жатады. Негізінен, олар масштабтан тыс белгілермен бейнеленеді. Олар бейнеленген нысанның мнңызын түсіндіретін жазбалармен толыктырылады.
Өсімдіктер жамылгысынан топографиялық картада ормандар, жекеленген тоғайлар, аласа және сирек ормандар, жеке ағаштар, орманның жас өсінділері, орманның жіңішке алаңдары, тал-шіліктер, бұталар және цитрус бақтары, жүзімдіктер, шай плантациялары, өртенген ормандар мен шаппа орындар көрсетіледі.
Орман алаңы жасылмен боялады. Ормандар қылқан жапырацты, жапырақты жөне аралас болып белінеді. Шартты белгінің сол жағына ағаштардың басым түрлері, ал он жағына ағаштардың орташа сипаттамасы метрмен (алымына — биіктігі, бөліміне — кеуде деңгейіндегі калың-дығы және бөлшектің оң жағына — ағаштар арасындағы кашықтык) жазылады.Орманды бейнелегенде ондағы жолдар, байланыс желісі мен өкімшілік шекаралар көрсетіледі.Сирек тоғайлар бояусыз шартты белгімен, ал орман ашык жасыл түспен боялып, жиі кездесетін ағаштар мен ағаш биіктігін көрсететін шартты белгімен беріледі.
Тұтас тал-шіліктер алаңы
ашык жасыл түспен, сирек бұталар
бояусыз белгіленеді.Картада
2.2 Жергілікті жерде карта бойынша бағдарлану
Қазіргі жағдайда жергілікті жерде бағдарланудың негізгі түрі топографиялық карта бойынша бағдарлану болып табылады. Карта бойынша бағдарлану — картада бағдарланудан, ондағы тұру нүктесіне берілетін анық-тамадан жөне картаны жергілікті жермен салыстырудан тұрады.
Картаны багдарлау — оны горизонталь тегістік қалпына келтіріп, ондағы бағыттар жергілікті жердегі тиісті багыттарға параллель болатындай ету. Мұндай жағдайда карта жақтауының жоғарғы жағы — солтүстікке, ал төменгі жағы—оңтүстікке, оң жағы—шығыска, сол жағы—батыска бағытталады. Картаның бағдарлануы жуықтап, көзбен, сызғышпен немесе компастың көмегімен дөл орындалуы мүмкін.
Жуықтап багдарлану үшін белгілі тұру нүктесінен картада бейнеленген қоршаған жақын бағдарларға ойша жүргізілген бағыттар жергілікті жердегі осы заттардағы бағыттармен шамамен сөйкес келетіндей етіп картаны бұрса жеткілікті.
Картаны шамамен горизонт жагына қараган багытпен бағдарлайды. Алдын ала горизонт жағын анықтайды, сосын картаның жоғарғы жактауы — солтүстікке, ал он, төменгі жөне сол жақтауын — шығыска, оңтүстікке жөне батыска карайтындай етіп етіп бұрады.
Картаны жергілікті жер сызығы, бағдар мен компас бағыты бойынша негұрлым толық бағдарлауға болады.
Картаны жергілікті жер сызыгы бойынша багдарлау картада бейнеленген түзу сызыкты жергілікті заттар (жолдар, жыралар, байланыс желілері) болған жағдайда қолданылады. Жергілікті жердің қандай да бір сызығында тұрып, картадағы сызықты зат бейнесінін бағыты оның жергілікті жердегі бағьпымен сөйкес келетіндей, ал оның сол не оң жағындағы баска нысандардың бейнесі картаның да сондай жағында болатындай етіп картаны бұру керек.
Егер тұру нүктесі белгілі және картада бейнеленген бағдарлар болса және ол тұру нүктесінен көрініп тұрса, онда картаны сол багыты, бойынша бағдарлайды. Сызғышты картадағы жүру нүктесіне қойып, кандай да бір көрінетін бағдармен сызғыш бойын нысаналап (визируя), таңдалған бағдар нысаналанған сызықтың бойында болатындай етіп картамен бірге бүрады. Нысаналау кезінде сызғыштың соңын өзіне каратып, картада бағдарға карап тұратындай етіп ұстайды [10].
Өзінің тұру нүктесі картада бейнеленген бедерге тән формалар мен бөліктер бойынша темендегі тәсілдердің бірімен: көзбен жуыктап бағдарлау, жүрілген кашықтыкты өлшеу, бағдар бойынша белгіленген таңбалар аныкталады.
Жақын багдар бойынша тұру нүктесін анықтау үшін картаға қарап, ондағы және жергілікті жердегі екі-үш жакын жергілікті заттар мен бедер элементтерін тану керек.
Сосын танылған бағдарға, оған дейінгі бағытқа, сондай-ак олардың өзара орналасуына дейінгі "көзбен" өлшеп анықталған кашықтықты картадағы тұру нүктесінің масштабын ескере отырьш белгілеу керек.
Тұру нүктесін журіп өткен қашықтықты өлшеу арқылы аныктауда бұл кашыктыкты картадағы дәл танылған жергілікті жер нүктесінен бастап өлшеу керек және оны карта масштабындағы козғалыс бағытына қою керек.
Багдар бойынша белгіленген таңбалар өдісінің мәні мынада: бағдарланған картада сызғышпен екі-үш жергілікті затқа белгі койылып, одан бағыттар жүргізіледі; бұл сызықтардың қиылысы тұру орны болып шығады. Мұнда багдарлардың дәл танылуы, ал сызғыш шегі оның картадағы бейнесінің дәл ортасынан өтуі маңызды.
Картаны жергілікті жермен салыстыру жергіпікті заттар мен бедер элементтерінің тұру нүктесінің айналасында орналасқандардың бәрін тауып, сондай-ак картада көрсетілген жергілікті жер нысандарын тану болып есептеледі.
Картада бейнеленген затты табу үшін картаға карап, ондағы езінің тұру орнын анықтау керек. Карта бағдарын өзгертпей бетін затқа қаратьш тұрады да, жергілікті жерден оған дейінгі қашықтыкты көзбен бағалап, ойша карта масштабындағы бұл кашықтыкты өзінің тұру нүктесінен зат бағытына карай кояды. Қойылған кашықтықтан көрінетін жергілікті заттың картадағы бейнесін табу керек.
Картада бейнеленген жергілікті жердегі затты табу картаға қарап, ондағы өзінің тұру орнын аныктағаннан кейін орындалады. Картада бағдарланған жағдайда түру нүктесінің жергілікті затка бағытын табады (сызғышты картадағы түру нүктесіне жөне заттың шартты белгісіне кою арқылы табуға да болады), бұл бағытка картада өлшенген нүктелер арасындағы қашықтыкты апарып, жергілікті жердегі затты іздестіреді.
Ұрыс жағдайында да, бейбіт уақытта да карта көмегімен түрлі жағдайларда: жолмен және жолдан тыс, жабық жерлерде, түнде, сондай-ак көруге киыншылык туатын басқа да жағдайларда қозғалыс жасауға тура келеді. Берілген маршрут бойынша бағытпен қателеспей жүру үшін козғалыска мұқият дайындалу және жолда үнемі өзі түрған жерін аныктап отыру кажет.
Жол бойымен қозгалыс жасау кезінде алдын ала картамен жақсылап зерделеп алып, козғалыс маршрутын: жол сипатын, жол бойындағы құрылыстарды, көкжиек тұсына қатысты жалпы бағыт жолын, өтуге қиын учаскелердің орналасуын жөне оларды айналып өтуге болатын жолдарды, жол айрығы мен жол қиылыстарын есте сақтау керек. Содан соң картада қозғалыс дұрыстығын бақылау үшін қажетті маршрут бойынша негізгі бағдарлар таңдап алынып, іріктеледі. Бүкіл маршруттардың ұзындығы мен таңдалып алынған бағдарлар арасындағы қашықтықтар өлшенеді және жазылып алынады.
Қозғалыс уақыты картада бағдарланған болуы тиіс. Бұл бағдардан келесі бағдарға жылжи отырып, картаны жергілікті жермен жүйелі түрде салыстырып отыру керек. Жүріп өткен қашықтық пен бағдарлар бойынша қозғалыс д ұрыстығын бақылау — кез келген нүктеде таңдалып алынған бағдарлар қатынасындағы маршрутта өз тұрған жерінде және козғалыстың соңғы пунктін айқын білу үшін қажет. Әсіресе бағдарлану дұрыстығына күмән туғызатын жерлерде қорғану кезінде мұкият болған абзал.
Жолдан тыс қозгалыс жасау маршрут картада жолдың бір бұрылысы жақсы танылатын жергілікті жер бағдарларымен көрсетілетіндей етіп белгіленеді. Маршрутты мүмкіндігінше жергілікті заттардың (орлар, байланыс желілері, т.б.) түзу сызықты бағыттарымен сәйкес келуі керек. Бір бағдардан келесі бағдарға козғалу кезінде, жолдағы қозғалыска карағанда, карта бойынша жиі бағдарланып оны жергілікті жермен сәйкестендіріп отырған жөн.
Жабық жерлерде қозғалыс багыты компас бойынша бағдар жасалып, ұсталынады. Сондықтан да қозғалыс маршрутын зерделеп, таңдағанда азимут бойынша козғалу үшін міндетті түрде мәліметтер дайындалады. Ормандағы қозғалыс кезінде бағдар ретінде тоғай жолдарын,алаңқайларды, орман жолдарын,өзендерді және тағы басқаларды пайдалануға болады.
Түнгі қозғалыста бағдарлар жол бойындағы бір – біріне жақын қашықтықтағы нысандардан таңдап алынады. Бағдар ретінде мүмкіндігінше көрнекті және қараңғыда тану оңай болатындай заттарды, мысалы, биіктікт еорналасқан заттар,көпірлер, ұшы көрінетін биіктіктерді пайдалану қажет.
ҚОРЫТЫНДЫ
Сонымен, әскери топография жергілікті жерді зерделеу тәсілдерін, ондағы бағдарлауды және ұрыс қимылдары мүддесіндегі жергілікті жерді бағалаумен байланысты басқа да мәселелерді қарастырады.
Жергілікті жерде бағдарлану – яғни бұл көкжиек тұстарына қарай бағыт табу – солтүстік, оңтүстік, батыс, шығыс, айналадағы жергілікті заттар қатынасында, бедер пішінінде өз тұрған орнын анықтау; қозғалыста керекті бағыт табу және осы бағытта жолда ұстанып жүру. Бағдар деп жақсы айқындалатын жергілікті заттар мен бедер элементтері қатынасында өз тұрған орнын анықтап, қозғалыс бағыты және нысаналар мен объектілердің орындарының көрсетілуін айтамыз. Бағдардың жергілікті жерде көзге бірден көзге түсуі үшін, бағдар маңында орналасқан басқа элементтердің пішіні, мөлшері немесе бояуы жағынан ерекше айқындалып тұруы тиіс. Жергілікті жерді зерделеу және есте сақтау өз маңайынан үш-төрт ерекше көзге түсерлік бағдарларды іріктеп алудан басталады. Олардың сыртқы түрі мен өзара орналасуын жақсылап есте сақтап және ол қажет болған жағдайда оны маяк ретінде өз тұрған орнын анықтап тексеру немесе қажетті бағытта қозғалыс жолын табу үшін қолдану керек.
Жергілікті жерде
Жергілікті жердің сипатына, тәуліктің уақыты мен көрінімділікке байланысты көкжиектің тұстары Күнге, Темірқазыққа, Айға қарап, жергілікті заттардың белгілеріне қарап және басқадай әдістермен анықталады.
Әскери топография жергілікті жерді зерделеу тәсілдерін, ондағы бағдарлауды және ұрыс қимылдары мүддесіндегі жергілікті жерді бағалаумен байланысты басқа да мәселелерді қарастырады.
ҚОЛДАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ