Ауа температурасы

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 08 Марта 2013 в 19:21, дипломная работа

Описание

Адамдар үздiксiз атмосфера жағдайын бақылап отырады: температура, атмосфералық қысым, желдiң бағыты мен күшi, ауа ылғалдылығы, бұлттылық, атмосфералық жауын-шашын. Атмосфералық жағдайдың ең негiзгi қасиетi — ауа температурасы.

Работа состоит из  1 файл

АУА ТЕМПЕРАТУРАСЫ.docx

— 12.62 Кб (Скачать документ)

АУА ТЕМПЕРАТУРАСЫ

Адамдар үздiксiз атмосфера жағдайын бақылап отырады: температура, атмосфералық қысым, желдiң бағыты мен күшi, ауа ылғалдылығы, бұлттылық, атмосфералық жауын-шашын. Атмосфералық жағдайдың ең негiзгi қасиетi — ауа температурасы.

Ауа егер түссiз болса, қалай қызады? Ауа түссiз, сондықтан ол жер бетiне күн сәулесiн өткiзбейдi. Егер ыстық ашық күнде терезе шынысын ұстасаңыз, суық екенiн байқаған шығарсыз. Ол шынының түссiз және күн сәулесiн жақсы өткiзу қасиетiне байланысты. Ал күн сәулесi түсетiн заттар бетi жылынады, өйткенi ол күнмен  жылынады. Осылай атмосфера күн сәулесiн өзi жылынбай өткiзедi, ал жер бетi жылынады. Ол өзiнiң жылуын атмосфераға бередi. Сонымен, атмосфера жер бетiнен берiлетiн жылу арқылы жылынады. Ауа температурасы тұрақсыз, өзгергiш шама. Ол бiрнеше себептерге байланысты. Ауа температурасы биiктiкке байланысты өзгередi. Жер бетiне жақын бөлiгiнiң температурасы жоғары. Жер бетiнен алшақтаған сайын, температура төмендейдi. Мысалы, ыстық күнде тауға көтерiлгенде, альпинистер өзiмен бiрге жылы киiмдердi ала жүредi.  Әрбiр километрге көтерiлген сайын  ауа температурасы 5-6 -ке төмендейдi. Сондықтан биiк таулардың шыңдарын қар басып жатады.

Сiздер тәулiк бойы  ауа температурасының өзгергенiн байқадыңыздар. Күндiз түнге қарағанда жылы. Атмосфераның ең жоғарғы температурасы 14 сағатта, ал ең төменгi температурасы күн шығар алдында байқалады. Жер шарының көптеген аудандарында ауа температурасы жыл мезгiлiне қарай өзгередi.

Ауа температурасының жыл мезгiлi бойынша  өзгеруi  Күннiң көкжиек үстiндегi биiктiгiне байланысты. Ауа температурасы жер шарының  бетiндегi орналасуына да байланысты. Экватор ауданында  Күн жыл бойы көкжиек үстiнде өте биiк орналасады және жер бетi өте қатты қызады. Бұл жерде жыл бойы ыстық болады және ауа температурасы жыл мезгiлiне байланысты өзгермейдi. Ол шамамен +24 С –қа тең. Экватордан солтүстiк пен оңтүстiкке қарай Күннiң көкжиек үстiндегi биiктiгi жыл мезгiлдерi бойынша өзгередi, яғни осыған сәйкес ауа температурасы  да өзгередi. Солтүстiк жарты шарда жаз жылы, ал қыс суық. Ауа температурасы тұрақсыз, биiктiкке, тәулiкке, жыл мезгiлiне байланысты өзгерiп отырады.  Ауа негiзiнен жер бетiнен шығатын жылу арқылы жылынады.


Информация о работе Ауа температурасы