Автор работы: Пользователь скрыл имя, 12 Апреля 2013 в 06:46, курсовая работа
Карта (немісше Karte – түпнұсқа; грекше chartes – жазуға пайдаланылатын папирус парағы) – Жер бетінің, жұлдызды аспанның немесе оның бөліктерінің картографиялық проекцияларды пайдалана отырып, шартты белгілер арқылы жасалған кішірейтілген бейнесі (үлгісі). Картадан өзен арнасының, топырақ жамылғысының, жыралардың өзгеруін, батпақтанудың, елді мекендер мен жолдардың сипатын, т.б. анықтауға болады. Масштаб бойынша нысандардың өзара орналасуы мен байланысын, саралық және сандық сипаттарын анықтайды. Картаның өндіріс пен шаруашылықта, ғылым мен елдің қорғанысында маңызы зор.
Кіріспе
II. Негізгі бөлім
1. Географиялық картаның қысқаша тарихы
1. Географиялық карта
2. Карта пайдаланудың қысқаша тарихы
3. Карта пайдалану деңгейі
2. Қазақстан картографиясының қысқаша тарихы
1. Катография ұғымы
2. Қазақстан картографиясының қысқаша тарыхы
3. Геологиялық картографиялау
4. Жер қойнауын мемлекеттік геологиялық зерттеу
5. Тұңғыш Ұлттық Атлас
6. ГАЖ – дың карта құрастыруындағы рөлі
III. Қорытынды
IV. Қосымша
V. Пайдаланған әдебиеттер тізімі
Қазақстан республикасы ғылым және білім министірлігі
Қостанай мемлекеттік педагогикалық институты
Жаратылыстану – математика факультеті
Биология және география кафедрасы
Есмуратов Ержан Арманович
Курстық жұмыс
Географиялық картаның даму тарихы.
Қазақстан картографиясының қысқаша тарихы.
Ғылыми жетекші: Баймағанбетова Қ. Т.
Қостанай 2013
Мазмұны
III. Қорытынды
IV. Қосымша
V. Пайдаланған әдебиеттер тізімі
Кіріспе
Карта (немісше Karte – түпнұсқа; грекше
chartes – жазуға пайдаланылатын папирус парағы) – Жер бетінің, жұлдызды аспанның немесе оның бөліктерінің картографиялық пр
Карта — Жер шарының бетін немесе оның бөліктерін белгілі бір картографиялық проекцияда жазықтыққа кішірейтіп және жинақтап бейнелеу. Қолданылу мақсатына қарай керекті мәліметтер көрсетіледі.
Карта маштабы. Карталардың масштабы 1:10000, 1:25000, 1:50000 1:100000, 1:200000, 1:500000 және 1:1000000 болып шығарылады. Кіші бөлімдердің командирлері өз міндеттерін орындау үшін ұрыста көбінесе 1:50000 және 1:100000 масштабы карталарды қолданады. Ал масштабы 1:200000, 1:500000 және 1:1000000 карталар ірі штабтардын жұмысында, сонымен қатар арнаулы міндеттерді орындау үшін қолданылады.
Карталар маштабы. Карталар
маштабы - картадағы ұзындық сызығының
жергілікті жердегі сәйкес сызықтын ұзындығына
қатынасы. Топографиялық картан
Карталар номеклатурасы. Карталар номенклатурасы - көп паракты географиялық карталард
Карталардың
жіктелуі. Карталардың жіктелуі
- карталардың мазмұнына, мақсатына және
маштабына қарай ор түрлі болып бөлінуі.
Барлықкартографиялық немесе жалпы географиялық және арнаулы карталар.
Жалпы географиялық карталар масштабына
карай топографиялық (масштабы 1:1000000 және
одан да үлкен) және шолу (масштабы 1:1000000нан
аз) картасы болып бөлінеді. Масштабы 1:10000;
1:25000 және 1:50000 топографиялық карталар
ірі масштабты, ал масштабы 1:100000 және 1:200000
орта масштабты, масштабы 1:500000 және 1:1000000
— кіші масштабты топографиялық картал
Картография — табиғат пен қоғамның құбылыстарын
географиялық карта мен басқа да картографиялық
өнімдерді кескіндеу және оларды құру,
пайдалану әдістемелері туралы ғылым.
Картографияның жетістіктері
карталарда, атластар мен глобус-тарда
материалданған. Картографиялық зерттеулер
Қазақстан Республикасының Ұлттық ғылым
академиясында жоғары оқу орындары мен
Картографиялық кәсіпорындарында жүргізіледі.
Әрбір географиялық картаның атқаратын
қызметі болады. Оны білім мен өндірістің
белгілі бір салаларындағы мамандар, туристік
танымжорықтың жетекшілері, оқушылар
біліммен маңызды ақпарат көзі ретінде
қолданады.
Картаны құрушылар кескіндейтін
аумақты терең зерттеп оқып үйренген сайын
сол аумақта орналасқан нысандар мен құбылыстардың
ерекшеліктерін айқындап ашып көрсетеді.
Картография құрылымы жағынан күрделі
пәндер жүйесін құрайды. Оның маңызды
құрамды бөліктеріне - картатану, картографиялық
ақпараттану, математикалық картография,
картометрия жатады.
Картаны жобалау және
құру, картаны безендіру, картаны жасау
және картаны пайдалану әдістемесі кіреді.
Картатану - географиялық
карта және оның түрлері, қасиеті мен элементтері,
даму тарихы, пайдалану әдістемелерін
зерттейді.
Математикалық картография
- жер беті мен ғаламдағы аспан денелерін
жазықтықта (картада) кескіндеудің математикалық
әдістерін зерттейді.
Картографиялық ақпараттану
- картаны жүйелеу және оларды талдау,
бағалау, сақтау, тарату мәселелерін қарастырады.
Картометрия - картадағы
әр түрлі географиялық нысандардың сандық
сипатының мазмұнын айқындайтын (ауданы,
көлемі, биіктігі, ұзындығы, бұрышы) өлшеу
жұмыстарын жүргізу әдістерін жасап шығарады.
Картаны безендіру - картаны
көркем және графиктік безендірудің әдістері
1.Географиялық картаның даму тарих
1.1 Географиялық Карта— Жер бетінің кішірейтіліп,
жинақы түрде жазықтықта шартты белгілермен
бейнеленуі.
Бұлайша көрсетілген Географиялық Карта
Жердің географилялық қабығындағы табиғат
және қоғамдағы әлеум.-экон. құбылыстардың
арасындағы әр түрлі жағдайдағы байланыстардың
бір-бірімен ұштасуы мен олардың қандай
мақсатқа арналатыны ескеріліп, осы тұрғыдан
іріктелініп алынғанын көрсетеді. Географиялық
Карта Жердің геогр. қабығының кеңістіктегі
ерекше модельдік бейнесі ретінде көруге
болады. Картаны аумақты қамтуына (дүниежүз.,
құрлықтық, жеке елдер, т.б.), мазмұнына
(жалпы геогр. және тақырыптық, т.б.), маштабына (ірі
маштабты — 1:200 000 және одан ірі, орта масштабты
— 1:200 000-нан 1:1000 000-ға дейін және кіші масштабты
— 1:1000 000-нан кіші), т.б. белгілеріне қарай
бөледі. Географиялық Картаны жасаудың
ерекше матем. заңы болады. Оны картогр.
проекция деп атайды. Картаның көмегімен
жер бетіндегі объектілердің орны, пландағы
мөлшері және пішіні туралы дәл деректер
алуға болады. Картогр. белгілерді картаның ерекше тілі ретінде пайдаланады. Географиялық
Картада көрсетілген құбылыстарды іріктеудің
және қорытындылаудың, яғни картогр. генерализациялаудың
зор маңызы бар. Географиялық Картаның
құндылығы — олардың толықтығында, дәлдігінде,
пайдаланылған деректердің жаңалығында,
сонымен қатар, Географиялық Картаны жасаудың
негізіне алынған ғылыми принциптер мен
идеяларда. Географиялық Карта планетамыздың
және оның бөліктері — құрлықтар мен мұхиттар,
олардың географиялық жағдайы, табиғат байлықтары,
халқы, экономикасы, мәдениеті
а) жер бетінің бір бөлігін, немесе оны түгел қамту үшін қажетті масштабта кішірейтіп алуға мүмкіндік береді және картада алынған масштабта кішірейтіп көрсетуге келмейтін, ал өзінің маңызы жағынан қалдырып кетуге болмайтын объектілерді көрсетуге жағдай жасайды;
ә) картада жер бедерін көрсетуді, яғни белгілі бір жердің ойлы-қырлы екендігін кескіндеуді жеңілдетеді;
б) Географиялық картада заттардың сыртқы бейнесімен қатар, олардың ішкі қасиеттерін де (мысалы, теңіз картасында судың физико-химиялық қасиеттерін, ағыстарды т.б.) көрсету оңайға түседі;
в) адамның сезім мүшелері қабылдай алмайтын құбылыстардың (магнит бұрылысы, ауырлық күшінің аномалиясы т.б.) таралуын, тікелей көруге қиын байланыстар мен қатынастарды (шикізат көзі мен оны өңдейтін кәсіпорындардың арасындағы) көрнекі түрде көрсетуге болады;
г) жеке объектілердің ұсақ-түйек жақтарын алып тастап, бәріне ортақ және ең маңызды белгілерін (елді мекендерді халқының саны мен әкімшілік маңызы жағынан сипаттау) көрсетуді оңайлатады, яғни абстракция әдісін қолдануға мүмкіндік береді.
Географиялық карталардың ішінен неғұрлым көп қолданылатыны – жер беті мен ондағы объктілер көрсетілетін жалпы географиялық карталар. Ал басқалары тақырыптық деп аталады. лар жалпы географиялық картаның мазмұнына кіретін белгілі бір элементті (мысалы, жер бедерін) өте толық және жан-жақты баяндайды немесе жалпы географиялық картада жоқ құбылыстарды (белгілі бір жердің геологиялық құрылысын, климат жағдайын т.б.) көрсетеді.
Географиялық карта мазмұнының қорытылу дәрежесі жағынан бірдей бола бермейді. Кейбір карталарда жинақтап қорытылмаған немесе әлі аз жинақталған көрсеткіштер (нақтылы бір уақыттағы метеорологиялық элементтердің мәні) берілсе, басқа бір карталарда әбден жинақталған көрсеткіштер (көп жылдық деректердің негізінде алынатын айлық орташа, жылдық орташа температулар) қамтылады.
Халықты сондай-ақ табиғаттың, экономиканың,
мәденитеттің кейбір элементтерін, олардың
қасиеттерін немесе ерекшеліктерін
ажыратып көрсететін карталар анализдік
карталар деп аталады. Бірнеше көрсеткішті
қосып, пайдалану негізінде
Географиялық картаның құндылығы
– олардың толықтығына, дәлділігінде,
пайдаланылған деректердің
Географиялық карта
1.2 Алғашқы қауымдық құрылыс қоғамында-ақ, картографиялық суреттер жазу пайда болғанға дейінгі ұзақ уақытта кеңістікті бағдарлау және нысандар мен заттардың қоршаған ортада орналасуын түсіну үшін қызмет етті. Ежелгі Египетте, антикалық Грекия мен Рим тәрізді басқа да өркениет ошақтарында карталар бойынша арақашықтықтар мен аудан табудың қарапайым тәсілдері қолданыла бастады. Картада бейнеленген нысандардың пішіндері мен бағдарлауы бағаланды, өлшемдері табылды. Орта ғасырларда, әсіресе, Ұлы географиялық ашылулар дәуірінде, карталар теңізде жүзушілердің, жер кезген жиһангездердің, байлық іздеген көпестердің қажетті дүниесіне айналды. Теңіз жолдарының ашылып, теңіз арқылы байланыстардың дамуы сол кезең үшін жаңалық болып көрінетін карталарды пайдалану әдістерін өмірде қолданудың толық жүйесіне көшуге ықпал етті. Орта ғасырдың географы Герард Меркатор (1512-1594) өзі құрастырған картографиялық өнімдердің тәжірибе жүзінде қолдану қажеттілігін ескере отырып, қосымша сілтемелер мен нұсқаулықтар беріп отырды. Мәселен, 1541 жылы даярлаған глобусын арнайы «Глобусты пайдалану туралы кітап» аталатын нұсқаулықпен толықтырды. 1569 жылы жарық көрген бірінші рет цилиндрлік проекциялау қолданылған, 18 беттік картасына Меркатор «Жергілікті жерде арақашықтықты өлшеу әдістері» аталған ақпараттық бет енгізді, сонымен бірге, навигациялық сұрақтарды шешу үшін пайдаланылатын «Бағыттар көрсеткіштерін пайдаланудың қысқаша сілтемелері» деген сызба қоса берілген. Алғашқы ғылыми зерттеулер үшін карталар пайдалану тәжірибесі XVIII-XIX ғасырларға жатады, осы кезеңдегі ғылым (атап айтқанда, геология, география, климатология) көмегімен алынған ақпарттар мен мәліметтердің жүйеленуі – алғашқы ғылыми карталардың жасалуына оң ықпалын тигізді. Өз кезегінде мәліметтердің картографиялық түрде үлкен аумақты қамтып таралуы жаңа саналуан салыстырмалы географиялық зерттеулердің жасалуына түрткі болды. Ал карталардың өзі осындай зерттеулердің құралы болып, адамдарға көбірек қызмет ете бастады.
Информация о работе Қазақстан картографиясының қысқаша тарихы