Қазақстан таулары

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 30 Сентября 2013 в 16:10, реферат

Описание

Шығыс Қазақстан облысы. Семей қаласы.
№38 жалпы орта білім беретін мекеп-лицей.
География және химия пәндерінен кіріктірілген ашық сабақ. 8-класс
География пәні мұғалімі: Масалимова Дидар Маулиевна
Химия пәні мұғалімі: Қалдыбаева Уасиля Кенжегалиевна

Работа состоит из  1 файл

Қазақстанның таулары.doc

— 47.50 Кб (Скачать документ)

Қазақстанның таулары. Тауларда кездесетін пайдалы қазбалар

Шығыс Қазақстан  облысы. Семей қаласы.  
№38 жалпы орта білім беретін мекеп-лицей.  
География және химия пәндерінен кіріктірілген ашық сабақ. 8-класс  
География пәні мұғалімі: Масалимова Дидар Маулиевна  
Химия пәні мұғалімі: Қалдыбаева Уасиля Кенжегалиевна  
 
Сабақтың тақырыбы: Қазақстанның таулары. Тауларда кездесетін пайдалы қазбалар.  
Сабақтың мақсаты: География, химия пәндерін байланыстыра отырып, Қазақстанның  
тауларының ерекшеліктерін қорытындылау.  
Сабақтың міндеттері: 1) Білімділік: Оқушылардың географиялық ойлауды, Қазақстанның  
биік тау белдеулерінің өзіндік ерекшеліктерін ашуды қаншалықты  
меңгергендіктерін түрлі формадағы сұрақтар мен тапсырмалар  
арқылы байқау. Таулы аймақтар республикамыздың тұнып тұрған  
байлық көзі екенін айқындай отырып, тауларында жиі кездесетін  
химиялық элементтермен таныстыру.  
2) Дамытушылық: Оқушылардың өз ойларын жете айта білуге,  
география, химия пәндерін байланыстыра отырып жан-жақты ойлау,  
топпен, картамен жұмыс жасау қабілеттерін дамыту.  
3) Тәрбиелік: Танымдық іс-әрекеттерін, өзіндік жұмыстарды тез  
орындауға төсілдіру, іздену, ізденіс әрекеттерін қалыптастыру.  
Қоршаған ортаны қорғауға, еліміздің байлығын тиімді пайдалануға  
тәрбиелеу.  
Сабақтың түрі: география және химия пәндерінен кіріктірілген сабақ  
Сабақтың әдісі: іздену, өздік жұмыс, ой қозғау  
Сабақтың пәнаралық байланысы: химия, биология, әдебиет  
Қажетті құралдар: Қазақстанның физикалық картасы, интерактивті тақта, жұмыс дәптері, пайдалы қазбалар үлгілері.  
Сабақтың жоспары:  
І. Ұйымдастыру  
ІІ. Ой қозғау  
ІІІ. Тауларға шолу  
а) географиялық орны  
ә) жер бедері мен геологиялық құрылысы (бейне сұрақ)  
б) пайдалы қазбалары  
в) кескін картамен жұмыс  
г) климаты, өзендері, табиғат зоналары (бейне көрініс)  
ІV. Қорытындылау  
V. Бағалау  
VІ. Үйге тапсырма беру  
 
Сабақтың құрылымы:  
І. Ұйымдастыру. Оқушылардың көңіл-күйін сабаққа аудару.  
ІІ. Ой қозғау.  
 
 
 
 
 
6995 м Хантәңірі 4622 м Бесбақан 4506 м  
Мұзтау 3816 м Мұзтау 657 м Үлкен Боқтыбай  
 
Қорғасын, гипс, фосфорит, полиметалл Полиметалл, әктас, гранит Қалайы,қорғасын, мырыш, сынап, күміс, вольфрам, алтын Көмір, әктас, тақтатас, гранит Кобальт, хромит, мыс, никель, қара, сирек металл  
 
Тауларды таныстыру туралы өлең жолдарын оқып, тақырыпты ашу. Сабақтың мақсатымен таныстыру, маңыздылығы түсіндіру.  
Сауыр мен Тарбағатай қос кемерім,  
Орал таудың жалғасы Мұғалжарым.  
Алтай мен Алатауым, арты Тянь-Шань,  
Бес аймақ берекелі өскен елім.  
- Балалар осы өлең жолдарында не туралы айтылған? (Қазақстанның таулары)  
- Осы тау аттары байланысты сыныпты кіші 5 топшаларға бөлінеміз.  
1-топ Орал  
2-топ Алтай  
3-топ Жоңғар Алатауы  
4-топ Сауыр-Тарбағатай  
5-топ Тянь-Шань  
Таудың ең биік жері «шың» деп аталады. Әр адам биік шыңдарға шықсам деген алдына мақсат қояды, сол сияқты бізде білімімізбен «Білім шыңы» деп аталатын шыңға бүгінгі сабақта шығуға тырысайық. Оған біздің біліміміз де, талабымыз да жетеді деген үміттемін. Бүгінгі сабақтан алған білімізді Қазақстанның тәуелсіздігінің 20 жыл толуына арнайық. Ол шыңға шығу үшін жұмыс жасап, тапсырмаларды орындайық.  
ІІІ. Тауларға шолу.  
ГЕОГРАФИЯЛЫҚ ОРНЫ.  
1-тапсырма: Географиялық орнын айтып және интерактивті тақтадағы картаға тау аттарын апарып, жазу керек.  
1 топ – Орал тауы.  
2 топ – Алтай тауы.  
3 топ – Жоңғар Алатауы.  
4 топ – Сауыр-Тарбағатай.  
5 топ – Тянь-Шань.  
 
ЖЕР БЕДЕРІ МЕН ГЕОЛОГИЯЛЫҚ ҚҰРЫЛЫСЫ  
2-тапсырма: Таулардың жер бедері мен геологиялық құрылысы бойынша әр топқа бейне сұрақ қойылады.(төменгі сынып оқушыларының алдын ала бейнеге түсіріліп дайындаған сұрақтары қойылады)  
1) Шығыс беткейлері көлбеу, батыс беткейлері жарқабақты. Герцин қатпарлануында пайда болған палеозойлық таулы өлке. (Орал) 
2) Жер бедерінің ерекшелігіне қарай 3 ауданға бөлінеді. Мезозой дәуірінің аяғында мүжіліп, үгітіліп, жазыққа айналған өлке неоген, анторпоген кезінде қайта көтерілген таулы өлке. (Алтай)  
3) Бұл таудың жер бедерінің қалыптасуына ертедегі және осы күнгі мұз басулар ықпал жасаған. Каледон мен герцин тау түзілу кезінде қатпарлы тауға айналса, ал мезозой мен төменгі кайнозойда сыртқы күштің әсерінен мүжіліп, аласарып тегістелсе, кейінгі Альпі қатпарлығының күшті болуына байланысты қатпарлы-жақпарлы биік таулы өлкеге айналған. (Жоңғар Алатауы)  
4) Жер бедерінің қалыптасуына ерте заманғы мұз басу, ағын сулардың эрозиялық әрекеті және кейінгі тектоникалық процестер әсер еткен. Негізгі құрылымы жоғарғы палеозойда герцин қатпарлануы кезінде қалыптасқан. Альпі тау көтерілу кезінде жаңғырып қайта көтерілген, қатпарланған таулы өлке. (Сауыр-Тарбағатай)  
5) Тауларының жер бедері біркелкі емес. Негізгі жер бедері неоген мен палеоген дәуірлеріндегі тау көтерілу тұсында жетілген. Кей жерлерінде әлі де тау көтерулі процесі жүріп жатыр. (Тянь-Шань)  
 
ПАЙДАЛЫ ҚАЗБАЛАРЫ  
3-тапсырма:  
а) Химиялық элемент атомдарының құрылысы.(әр топтан оқушы шығып орындайды)  
 
Химиялық элемент Элемент таңбасы Протон саны Нейтрон саны Электрон саны  
Қорғасын  
Мырыш  
Сынап  
Күміс  
Темір  
 
ә) Д.И.Менделеевтің периодтық кестесіндегі Қазақстан тауларында жиі кездесетін химиялық элементтерді сипаттау. (оқушылар орнында орындайды )  
І-топ Zn–мырышты  
ІІ-топ Hg–сынапты  
ІІІ-топ Рв-қорғасынды }сипаттайды  
ІV-топ Fe–темірді  
V-топ Ag–күмісті  
Р/с Сипатталатын белгілер Химиялық таңбалар  
Химиялық элементтерді сипаттау жоспары  
1 Химиялық таңбасы және аталуы Д.И.Менделеевтің периодтық кестесіндегі элементтің орны  
2 Реттік нөмірі  
3 Периоды  
4 Топ нөмірі  
5 Негізгі және қосымша топшалар  
6 Химиялық элементтің атом құрылысы  
7 Ядро заряды  
8 Протондар саны  
9 Электрондар саны  
10 Нейтрондар саны  
11 Электрондардың энергиялық деңгейлер бойынша орналасуы  
12 Электрондық формуласы  
13 Берілген элемент атомы түзетін жай заттардың қасиеттері  
а) металл, екідайлы элемент, бейметалл  
ә) валенттілігі  
14 Жоғары оксидтерінің, оған сәйкес гидроксидтерінің, ұшқыш сутекті қосылыстарының формулалары  
 
б) Химиялық өзгерістерді жүзеге асырып, реакция теңдеулерін құрастыру.  
Cu – CuO – Cu (OH)2 – Cu SО4  
Fe – Fe O – Fe (OH)2 – Fe Cl2  
Zn – Zn O – Zn (OH)2 Na2 Zn O2  
Zn Cl2  
Ca – Ca O – Ca (OH)2 – Ca SO4  
Fe – Fe2 O3 – Fe (OH)3 – Fe Cl3  
 
4-тапсырма: Кескін картаға Орал, Алтай, Жоңғар Алатауының, Сауыр-Тарбағатай, Тянь-Шань тауларының пайдалы қазбаларының шарты белгілерін белгілеу.  
 
 
1-топ Орал тауының пайдалы қазбаларын  
2-топ Алтай тауының пайдалы қазбаларын  
3-топ Жоңғар Алатауының пайд қазбаларын  
4-топ Сауыр-Тарбағатай тауының пайдалы қазбаларын  
5-топ Тянь-Шань тауының пайдалы қазбаларын  
белгілейді  
 
КЛИМАТЫ. ӨЗЕНДЕРІ.  
ТАБИҒАТ ЗОНАЛАРЫ. ӨСІМДІК. ЖАНУАРЛАРЫ  
5-тапсырма: Климаты, өзендеріне байланысты кестені толтыру. (әр топтан оқушы шығып кестені толтырады) Биік таулы өлкенің өсімдік және жануарларына байланысты бейне көріністер көрсетіледі.  
 
Таулар Су қоры Климаты  
Орал Жем, Ырғыз, Ор, Тобыл, Талды Құрғақ, континентті. ЖШ мөлшері 300мм. Жазда +380С Қыста –400С  
Алтай Өзендері:Ертіс, Үлбі, Күршім, Үбі, Бұқтырма, Ақ Берел, Ұлан, Тұрғысын Көлдері: Зайсан, Язовое, Марқакөл, Терновое. Қоңыржай континентті.ЖШ мөлшері 300-400 мм, тау ішінде 1000-1500 мм.  
Жазда +220С Қыста –400С  
Жоңғар Алатауы Ырғайты, Биен, Жаманты, Тентек, Өсек, Лепсі, Сарқан, Ақсу, Қаратал. Құрғақ, континентті. ЖШ мөлшері 600-800 мм. Жазда +200С Қыста –110С  
Ебі, Сайқан желдері соғады.  
Сауыр-Тарбағатай Жарма, Емел. Қайыңдысу, Көкпекті, Үржар, Қарабұлақ, Жетіарал, Базар, Қарабұға, Қатынсу. Қоңыржай континентті. ЖШ мөлшері 350-500 мм. Жазда +220С Қыста –200С  
Тянь-Шань Үлкен, кіші Алматы, Талғар, Есік, Түрген, Шілік, Қаскелең, Күрті, Шарын, Арыс, Боралдай, Бөген. Құрғақ, құбылмалы. ЖШ мөлшері 600-800 мм. Жазда +250С Мұздақтарда –50С  
 
ІV. Қорытындылау. Сабақты қорытындылауда тест орындайтын құрылғылар арқылы (пульт) тест сұрақтарына жауап береді. 



Информация о работе Қазақстан таулары