Балхаш көлі

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 02 Апреля 2012 в 21:34, курсовая работа

Описание

Балқаш көлі. Балқаш көлі Қазақстанның оңтүстік-шығысына, Балқаш- Алакөл ойысына орналасқан. Ол төрт облысының Жезқазған, Жамбыл, Алматы, Талдықорған облыстарының территориясымен шектеседі.

Содержание

І – тарау Балқаш көлінің физикалық географиялық сипаттамасы

1.1. Балқаш көлі туралы түсінік.

1.2. Балқаш көлінің климаты.

1.3. Балқаш көлінің морфометриясы.



ІІ – тарау Балқаш көлінің қазіргі жағдайы

2.1. Балқаш көлінің экологиясы.

2.2. Балқаш көлінің табиғат байлықтары.



Қорытынды

Пайдаланылған әдебиеттер

Работа состоит из  1 файл

Балқаш көлінің қазіргі жағдайы.doc

— 139.50 Кб (Скачать документ)

Балқаш көлі соңғы жылдары 2 метрге жуық төмендеп отыр. Сонымен көл жағалаулары батпақтанып, сорланып, тақырлар мен шөлдерге айналуда.

Іле – Балқаш экожүйесінің фаунасы мен флорасы зардап шегуде. Балық аулау соңғы жылдары 5 есе төмендесе, уылдырық шашу (Қапшағай су қоймасы) тіпті азайды. Сонымен қатар балықтардың Іле бойындағы егіс, көкөніс алқаптарына пайдаланылған пестицидтер, тербицидтер және минералды тыңайтқыштар қалдықтарымен улануы жиі байқалуда.

Іле – Балқаш алабы ит тұмсығы батпайтын тоғайлар, кішігірім көлдер, аралдар, аңдар мен құстар мекені болатын. Әсіресе 1960 жылдары жылына 1,5 млн-ға жуық бұлғын терісі дайындалатын болса, қазір бұл шаруашылық жойылған.

Іле бойында және көл жағасындағы тіршілік ететін құстардың түрлері де азайып кеткен. «Қызыл кітапқа» енген аққу, бірқазан, көкқұтан, т.б. құстар қазір өте сирек кездеседі.

Іле – Балқаш алабы Қазақстандағы тарихи-табиғи ескерткіштерге бай өлке. Бұл өңірде Шарын тау өзені мен оның бойындағы Шарын тауларындағы тастағы таңбалар мен тас мүсіндер және көне қорғандар жүйесі, Әнші құм атты табиғат туындысы, Алтынемел ұлттық саябағы, Кербұлақ сияқты қорыққорлар бар. Жетісу деп аталатын бұл аймақта 3 млн. астам халық тұрады. Ең ірі қалалары – Алматы, Талдықорған, Жаркент.

Бұл өңірдегі экологиялық ірі мәселелер қатарына Балқаш көлі бойындағы Балқашмыс комбинаты, Приозер, Ақсүйек кен рудаларын байыту кешендері, Сарышаған полигоны және Текелі қорғасын-мырыш комбинаттары осы аймақта тұратын тұрғындарға өз зардабын тигізіп отыр. 1999 жылы «Балқаш көлін құтқару, оның бүгінгісі мен болашағы» атты халықаралық деңгейде экологиялық форум өтті. Онда Балқаш көлін құтқару мәселелері қаралып, нақты шешімдер қабылданды. Оның негізгілері:

1. Іле өзені бойындағы өндіріс орындарында суды тиімді пайдалануды реттеу. 2. Қапшағай суқоймасынан Балқашқа жіберілетін судың үлесін тұрақтандыру. 3. Ақдала және Шарын массивтеріндегі күріш алқаптарын азайту. 4. Жер асты суларын пайдалануды жүзеге асыру. 5. Суармалы жерлердің көлемін шектеу.

Балқаш көлін құтқару бүгінгі күннің талабы. Арал мен Балқаш сияқты су экожүйелерінен айырылу Қазақстанды ғана емес Еуразияны да бұрын-соңды болмаған экологиялық анаттың ошағына айналдыруы мүмкін. Сондықтан әрбір табиғи экожүйені көздің қарашығындай сақтау мен қорғау адамзат баласының парызы. 

Қапшағай СЭС-і іске қосылған соң, тасқын су шығымы 1600 – 1800 м³/с-тан 700 – 800 м³/с-қа дейін төмендеді. Электр стансасы қажетіне байланысты су ағымы жылдам өзгеретін (0 – 1000 м³/с) болды. СЭС-тен төмен қарай өзен тасындылары (судағы қатты заттар) тоқтап, олар толығымен Қапшағай бөгенінде шөгетін болды. 1986 жылдың аяғында Балқаш көліне құятын Іле өзенінің тармақтарынан Шұбарқұнан, Иір, Базарбай және Қалғаніле ғана қалды. Су шығымының 90%-ы тек Иір тармағымен қосылған Қоғалы тармағына жинақталып, бір арнаға айналды. Кезінде суы арнасына сыймай жататын Жиделі тармағы шөгіндіге тола бастады. Көлдің оңтүстік жағалауындағы балықтардың уылдырық шашу аймағы түгелдей жойылып, атыраудағы 15 көл жүйелерінен тек 4 – 5-еуі ғана қалды. Осының салдарынан жыл сайын ауланатын балық мөлшері 17 – 18 мың тоннадан 10 – 11 мың тоннаға дейін төмендеп, балық сапасы да нашарлады. Мысалы, бұрын негізінен сазан ауланатын болса, кейін ауланатын балықтың 90%-ын табан, жайын, көксерке, т.б. құрады. Ал аты әйгілі көкбас, Балқаш қарабалығы 1970 жылдан бері кездеспейтін болды. 1980 жылдан бастап көлдегі балықтар судағы пестицидтер мөлшерінің көбеюінен жаппай фибриалды саркома (қатерлі ісік жаралары) кеселімен ауыра бастады. Көл суының минералдығы күрт өсті. Балқаш металлургия кәсіпорындарының өндіріс қалдықтарының әсерінен суда ауыр металдар (мыс, мырыш, қорғасын, кадмий, т.б.) мен күкірт оксидтерінің мөлшері көбейді. Балқаш алабынан атмосфераға түсетін әр түрлі газдардың көлемі жылына 250 мың тоннаға жетті. Бұл газдар көл бетінен буланған ылғалмен қосылып, жерге қайтадан қышқыл жаңбыр болып жауады. Жауын-шашынның минералдығы 3 еседен астам өсті. Құрғап қалған аумақтардан көтерілген шаң-тозаңның әсері биік таулы аймақтардағы мұздықтардың еріп, ұсақтануына әкелді. Мысалы, 1974 жылдан бері Іле Алатауындағы аум. 1 км²-ден астам 86 ірі мұздықтың 6-уы ғана қалды. 1980 – 1990 жылдры Іле – Балқаш табиғи-шаруашылық жүйелеріне кешенді ғылыми-зерттеу жүргізіліп, олардың қорытындысы бойынша берілген ұсыныстарға сәйкес, Қапшағай бөгенінің деңгейі 10 метрге төмендетілді, сөйтіп, көлемі 2 есеге (28 км³-дің орнына 14,5 км³) кеміді де, жер суғаруға алынатын су мөлшерінің өсуі тоқтатылды. Осы шаралар Балқаш көлінің деңгейін тұрақтандырғанмен, су сапасы жылдан-жылға нашарлады. Сыртқы себеп – Балқаш алабындағы су қорының жартысына жуығы Қытай мемлекетінің аумағында қалыптасады.Экологиялық жағдайы өте нашарлағандықтан, көлден ауланатын көксерке балығы ауруға шалдығып, жеуге жарамсыз болып отыр. Балқаштың экологиялық жағдайын барынша жақсарту барша жұртты алаңдатып отыр. Қазір Арал-Балқашты қорғау қоры ашылды.

Балхаш-Алакөл ойысы Қазақстанның оңтүстік-шығысындағы ірі тектоникалық құрылым. Негізінен Алматы облысының аумағында орналасқан. Солтүстігінде Сарыарқамен, шығысында Тарбағатай жотасымен, оңтүстігінде Жетісу (Жоңғар) және Іле Алатауларымен, батысында Желтау , Айтау тауларымен шектелген. Балқаш және Алакөл ойыстарына бөлінеді. Жалпы ұзындығы 800 км. Ені Балқаш көлінің тұсында 300 км, Сасықкөл маңында 100 км. Ойыс табаны қатпарланған палеозой шөгінділерінен, магмалық және интрузиялық жыныстардан түзілген. Оларды бор, палеоген, неоген және төрттік  кезеңдердің континенттік борпылдақ жыныстары жапқан. Ойыстың көпшілік аумағын абсолют биіктігі 342-600 м Сарыесік ,Атырау, Лөкқұм (Лекқұм), Тауқұм сияқты төрттік кезеңнің құм алқаптары алып жатыр. Климаты тым континенттік. Қысы қатаң, аязды. Қаңтар айының орташа температурасы –12–140С, бұрқасынды, әрі үскірік аязды күндер (–30–350С) жиі болып тұрады. Жазы ыстық, аңызақ әрі құрғақ. Шілде айының орташа температурасы 22–240С.  Жауын-шашынның жылдық орташа мөлшері 120–200 мм шамасында. Ойысты қоршап жатқан таулардан бастау алатын Іле, Қаратал, Ақсу, Лепсі, Аягөз, Үржар, Қатынсу, Еміл, Ырғайты, Жаманты, Тентек өзендері ойыстың табанындағы Балқашқа, Алакөлге, Сасықкөлге, Жалаңашкөлге құяды. Балқаш көліне құятын судың үштен екісінен астамы Іле өзенінің үлесіне тиеді. 3–10 м тереңдіктегі (кейде 100 м , Тауқұмда) жер асты суы көбіне тұщы келеді. Алакөл артезиан алабында арынды су қоры мол. Балқаш – Алакөл ойысында сексеуіл, жусан, бұта, сораң өзен аңғарларын бойлай тал, тораңғыл, жиде және құрақ, қамыс бидайық, астық тұқымдас өсімдіктер өседі. Өзен аңғарлары мен құм төбелер – қысқы мал жайылымы, тау бөктеріндегі жазық–суармалы егістік ретінде пайдаланылады. 

 

 

 

 

 

 

2.2 Балқаш көлінің табиғат байлықтары

Көл әр түрлі моллюска, шаян тәрізді ұсақ жәндіктер мен планктонға бай. Балықтың 20-дан аса түрі бар. Оның 6 түрі – тек Балқашта өсетін балықтар. Олар – Іле және Балқаш көкбасы, ұрпағын тірі туатын голомянка, кәсіптік маңызы бар сазан, көксерке, Балқаш алабұғасы, шармай аққайрасы т.б. су тышқаны (ондатра) жерсіндірілген. Іленің атырауында өскен қамыстардан малға жылына 1 млн. тоннаға дейін шөп дайындайды. Жабайы аңдарға бай. Көлдің суын жағалауында орналасқан кәсіпорындар пайдаланады. Көлде кеме қатынасы үзілмейді.

Балқаш алабұғасы ( Perca  schrenki ) – алабұқа тұқымдасына жататын жыртқыш балық. Дене тұрқы 50 см-дей, салмағы 1,5 кг-дай. 18 жылдай тіршілік етеді. Балқаш алабұғасының кәдімгі алабұғадан айырмашылығы: алдыңғы арқа қанатында қара дақтары болмайды, астыңғы жақ сүйегі ілгері қарай шығыңқы келеді. 2-4 жасында жыныстық жағынан жетіледі. Наурыз – мамыр айларында судың температурасы 6-80С-қа жеткенде, уылдырығын (220 мыңға дейін) таяз (0,5 м) әрі тасты су түбіне шашады. Ұрығы бір айда жетіледі. 1961 жыла дейін Балқаш көлінен жылына 2300 тонна Балқаш алабұғасы ауланса, 1965-1966 жылдары бұл көрсеткіш 10 тоннаға дейін төмендеді. Ал. Қазір санының өте азайып кетуіне байланысты азғана популяциясы Іле алабындағы Күрті, Сазталғар бөгені мен Жетісу (Жоңғар) Алатауындағы Басқан өзенінің төменгі сағасында ғана кездеседі. Балқаш алабұғасының – жойылып бара жатқан эндемик түр ретінде халықаралық және ұлттық «Қызыл кітапқа енгізілген» (1996).

 

 

ҚОРЫТЫНДЫ

 

Қазіргі уақытта өзінде осынша ма кереметтер мен ғажайыптарды өзінің бойына жинаған,дүниедегі «экологиялық парадокстың бірі»  болып саналатын Балхаш көліне орасан зор қауіп төніп тұр.Адамның санасыз жүргізген саясатынан Балхаштың экологиялық тепе - теңдігі бұзылып, ол жақын уақыттың өзінде бұрын үлкен теңіз болып,кейін сол адамның ойланбай істелген істерінің нәтижесінде аз - ақ уақыттың ішінде құрып кеткен Арал  теңізінің кейпін киіуі мүмкін.Ал бұндай жағдай өріс алса,ол Қазақстан үшін тек қана зардабы көптеген жылдарға созылатын экологиялық апат қана болмайды,ол елдің  экономикасын орасан зор көлемде материалды шығын ұшыратады, болашақ ұрпақтың есіндегі өшірілмес қайғы - қасіретке айналады  және біздің еліміздің жарқын  болашаққа еркін аяқ басуымызға үлкен тежеу болады. 

              Сол үшін біз бұл Балхаштың экологиялық ақуалы болашақ ұрпақтарымыздың мойына ауыр жүк болып ілінбеуі үшін, мүмкіндігімізше өзіміздің бар қауқарымызды салып,ұлан - ғайыр жеріміздегі бұл бір таңғажайып өлкені сақтап қалуымыз керек. Себебі қазіргі Қазақстан сонау байырғы заманнан бері, ата - бабамыздан келе жатқан,біз үшін тапсырылған аманат екенін ұмытпау керек. Ал,бізге оны болашақ ұрпақ үшін аталарымыз бергендей аман - есен аманат ретінде тапсыру міндет. Соған байланысты үкімет басшыларынан бастап әр қарапайым  қазақстандыққа дейін бір күнмен өмір сүрмей,тек өз басының қажеттіліктерін қамтамасыз етумен айналыспай, болашақтың қамында ойластырғаны жөн. Ойланбай жасалған кез - келген қадам әрқашанда қиындыққа ұрындыратынын және оның өзі жайлы күтпеген жерден хабар беретінін есте сақтау керек. Тарихтың сабағы үйрететіндей адамның қолынан ең жақсы келетіні қирату, себебі оған дейін миллиондаған жылдар бойы тұрған табиғаттың кереметтері,адамның әрекетінің кері әсерінен не бәрі жарты ғасырда жоқ болып, жоғалып кетеді.

              Балхаштың және өзге де Қазақстанның экологиялық проблемаларын шешу үшін міндетті түрде қолда бар ресурстарды біріктіре отырып,мүмкін болса  қажетті мөлшерде қаржыны бөліп және көмекке көптеген дүниежүзілік табиғат қорғаумен айналысатын әртүрлі бірлестіктерді, ұйымдарды тарта отырып, дүние жүзіндегі және көрші елдермен одақтаса,атқарылған жұмыстар үстінен қатал бақылау орнату арқылы, бұл проблемаларды шешуге болады. Балхашты сақтап қалу үшін ең алдымен оның бұрынғы экологиялық тепе - теңдігін қайта орнына келтіру керек. Ол үшін ең алдымен Балхаштың су қорын қалыптастыратын,оған келіп құйатын өзендердің суын ауылшаруашылық қажеттіліктеріне алудың  жүйесін реттеу,су ресурстарын ретсіз қолдануды тоқтату, көлдің жағасындағы өнеркәсіп орындарындағы зиянды қалдықтарын сыртқа тастауын реттеу,оларға жаңа технологияларды қолдануды міндеттеу,себебі қазіргі уақытты жаңа технологияларды қолдану арқасында өнеркәсіптердің табиғатқа келтіретін зиянын еселей кемітуге болады, бұл жерлерді мемлекеттің өз тарапынан қамқорлығына алуы керек. Балхаштың тағдырына қазіргі уақытта Қытай мемлекетінің тарапынан үлкен қауіп төніп тұр. Себебі қазіргі Қытайда бұрын соңды болмаған экономикалық жарылыс болып,бұл ел керемет қарқынмен дамып жатыр. Бірақ Қытайдың бұндай қарқынмен дамуы кейбір елдерге қолайсыз жағдай тудыруда. Сол елдердың бірі Қазақстан. Қазір күшті дамып келе жатқан Қытай, өзінің батыс ауданын жаппай,кеңінен игере бастады. Бұрынғы қалалар үлкейіп, жаңа қалалар салына бастады. Өнеркәсіп кеңнен дамып, ауылшаруашылығының дамуыда да бір жерде тоқтап қалған жоқ. Қарамай мұнай кенішін игеру үшін,мол су ресурсы керек деген желеумен Ертіс - Қарамай су каналын салмақшы. Оның жоспарланған ұзындығы 300 километр,ал ені 22 метр. Ал егер ол салынса бүкіл Рессейдің Сібірі мен Қазақстанның Шығысы мен Павлодар облысы су тапшылығын сезінетіні сөзсіз. Егер де Қазақстанның бұл жерлерде екі миллион халқы тұратынын ескерсе,жағдай тіпті нашар болуы мүмкін. Ал жақын уақытта Қытай тарапынан Балхаш көлінің нәрі болып табылатын Іле өзенінің өзінде басталатын бөлігін бөгеп , өзінің батыс аудандарын сумен қамтамасыз ету мақсатында онда құрылыс жұмыстарын бастау жәйлі мәлімдеме берді. Бұл мәселелердің өзі қазірігі уақытта үлкен дау - дамай туғызуда.  Ескертетін бір жәйіт ол, егер де Қытай өз тарапынан Іле өзенін 15%-ін  бөгеп онда құрылыс жұмыстарын бастаса және сондай көлемде суды ұстап қалса онда Балхашта сөзсіз жақын уақытта экологиялық апат орын алуы мүмкін. Бұндай апатты болдырмау үшін Қытаймен екіжақты және кеңейтілген келіссөздер жүргізіп ( көбінесе Қытай тарапынан өзге елдердің пікірімен , жағдайымен онша санаса бермейтіні  біраз қыңжылтады ),бұл проблеманы тез арада шешу керек.

              Бірақ адам баласы бірлесіп істесе шешілмейтін дау - дамай,мүмкін емес іс жоқ. Сол себебті біздің Балхаштың және өзгеде экологиясы нашарлап кеткен жерлердің жарқын болашағына деген үмітіміз мол.

Бұл   өлкелерде  бұрын  көрмеген  және  ауыз  аштырар  ғажайыптар  өте  мол. Бұл  орындардың  әсемдігі  ежелден   адам  үшін  шабыт  көзі  болатын. Ол  дала  және  шөлдер,  өзендер  мен көлдер,  құстар мен  жануарлар туралы  ғажайып  аңыздар  туғызды.  Әрбір  геологиялық  атау   осы  жерлердің   ежелгі  поэзиясынан   ақпарат   береді.   Ежелгі  адам  табиғатқа   аялай  қарайды  білді,   ол  өзінің  жаны  барға деген   қатынасын сезінді, қазіргі  глобалдық  экологиялық апат  және  зілзалалар   кезінде  қоршаған  әлемге  деген адамның  ойлы  қатынасының  проблемасы  актуальдылыққа   ие  болды.  Қазіргі адамның  әрбір  қадамы  есепті   және  сақ  болғаны  жөн. Не  үшін  қолдан  шөлдер  жасауымыз  керек,   егер  онсыз да  Қазақстанда   олар   жеткілікті  болса?

 

 

 

 

Қолданылған әдебиеттер.

 

 

1.      « Экологиялық бағдарлама ». Алматы. Атамұра. 2004 жыл.

 

2.      «Қазақстанның Республикасының экологиялық ахуалы және оны мәдени қайта құру негіздері» Жақсыбеков,Әбдіғапшар ,Сейдуллаұлы.

 

3.      «Қазақстанның экологиялық қолайсыз аймақтары». Алматы 1991 жыл.

 

4.      «Қазақстанның қазіргі экологиясы».Нұрихан Нұрманқұлқызы Сейдақұлова. Алматы. Мерей. 2002 жыл.

 

5.      «Қазақстанның биосферасы : жер,су,радиоэкологиялық жағдайы». Нұрихан Құрманқұлқызы Сейдақұлова. Алматы. 2001 жыл.

 

6.      «Экология мен табиғатты тиімді пайдалану». Алматы. Ғылым. 2004 жыл.

 

7.      «Экология Казахстана». Панин Михаил Семенович. Семипалатинск.2005 год.

 

 

8.      «Экология». Бейсенова Әлия Сәрсенқызы. Алматы. Ғылым 2001 жыл.

 

 

 



Информация о работе Балхаш көлі