Автор работы: Пользователь скрыл имя, 14 Марта 2012 в 22:25, реферат
Болгарияның экономикалық және саяси дамуы. Бірінші дүниежүзілік соғыста Болгария үштік одақ мемлекеттері жағында соғысты. Болгария өз одақтастары сияқты бұл соғыстан жеңіліп шықты. Соғыс елдің экономикасын күйзеліске әкелді. Болгария соғыс жылдарында Германияны азық-түлікпен қамтамасыз етіп отырды.
І. Кіріспе
а) Болгарияның экономикалық және саяси дамуы.
ІІ. Негізгі бөлім:
а) Болгариядағы маусым төңкерісі.
б) Капитализмнің уақытша тұрақтануы кезіндегі Болгария.
в) Монархиялық-фашистік төңкеріс.
ІІІ. Қорытынды бөлім:
а) Болгарияның мемлекеті және құқығы
Шаруалар да бірнеше санаттардан тұрған:
париктер – феодалдарға тікелей тәуелді, жерге бекітілген және одан кетуге құқығы болмаған; отроктар – тәуелді шаруалардың ең төменгі санаты; технатарийлер – өз қожасының шаруашылығындағы қажеттіктер үшін қызмет ететін қолөнершілер.
Мемлекеттік құрылым. Болгар мемлекетінің басында монарх тұрған (ол түрліше аталған: алғашқыда – хан, славянша – князь, Симеонның түсында – кесар, кейін – император). Патша жоғарғы заң шығарушы, жоғарғы сот және жоғарғы қолбасшы болып табылды. Оның билігінің негізін әскер құраған. Патша билігі Бояр кеңесімен шектелетін, оның құрамына ұлы боярлар мен патриарх кіретін. Жоғарғы лауазымды тұлғаларды патша өзі тікелей тағайындайтын. Олардың қатарынан мыналарды атауға болады: ұлы логофет – бірінші министр және Екінші Патшалық патшасының көмекшісі; протовестиарий – қаржы министрі, патшаның және мемлекеттің қазынасын сақтаушы және басқарушы; ұлы әскербасы және протостратор – жоғарғы әскери шендер.
Жергілікті басқару. Болгарияның аумағы облыстарға бөлінген, оларды патша билігінің тікелей өкілдері болып табылатын облыстық басшылар – дукалар басқарған.
Сот жүйесі. Болгарияның сот жүйесі мемлекеттік және шіркеулік соттардан құралған.
1393 жылдан 1878 жылға дейін Болгария Түркияның билігіне бағынған. 1878 жылғы 19 ақпанда Ресей мен Түркияның арасында Сан-Стефан келісіміне қол қойылды, оған сәйкес Болгарияға, Сербияға, Румынияға және Черногорияға тәуелсіздік берілді.
Құқықтың негізгі сипаттары. VII-VIII ғасырларда Болгарияда құқықтың негізгі қайнар көзі болып әдет-ғұрып табылды. Кейін номоканондар арасында Эклога мен Жер туралы заң ерекше орынды иеленген. Аса маңызды қайнар көздердің бірі – 32 тараудан тұрған, қылмыстық, азаматтық және іс жүргізушілік құқық нормаларының жинағы түріндегі Сот заңы болған.
Бұл қайнар көздерге сәйкес жерге меншіктің екі түрі ажыратылды: баштина – мұрагерлікпен, еркін түрде берілетін меншік және прония – міндетті әскери қызметпен байланысты, шарттық сипаттағы өмір бойғы иелену. Баштина қайтыс болған тұлғаның балаларына өтетін, ал прония иесінің өлімімен жер үлесі оның жоғарғы иесіне қайтарылатын. Қалған мүліктерді мұрагерлікке алу Эклогамен реттелетін.
Қылмыстық құқықта қылмыс ретінде патша билігі мен шіркеу орнықтырған құқық нормаларын бұзу түсінілген. Патшаға және жеке тұлғаға қарсы қылмыстар Эклогамен, ал меншікке қарсы қылмыстар Сот заңымен реттелетін, азаматтық-құқықтық құқықбұзушылықтар Жер туралы заңда көрініс тапқан. Болгар мемлекетінде жауапкершілік дәрежесі мен жазаның ауырлығы жәбірленуші мен қылмыскердің сословиелік тегіне байланысты анықталатын болған.
Терминологиялық сөздік
Ұлы логофет – болгар патшасының бірінші министрі.
Дука – облыс басшысы.
Отроктар – басыбайлы шаруалардың төменгі санаты.
Париктар – феодалдарға жеке тәуелді шаруалар (жағдайы бойынша басыбайлы шаруаларға ұқсас болып келді).
Протовестиарий – қаржы министрі.
Протостратор – Болгар патшалығының жоғарғы әскери шендерінің бірі.
Технатарийлер – қолөнершілер.
Қолданылған әдебиеттер:
1. Мәшімбаев С.М. «Еуропа және Америка елдерінің қазіргі заман тарихы», Алматы, Қазақ университеті, 2004, 197 бет
2. Булгакова Д.А. «Мемлекет және құқықтың жалпы тарихы», Алматы, Заң әдебиеті, 2004, 222 бет
3. Құланбай Ә. «Жаңа елшілер қызметтеріне кірісті», Егемен Қазақстан, 2006, 18 қазан (№253), 1 бет
4. Бейсенова Ә. «География», 11 сынып, Алматы, Мектеп, 2003, 320 бет
5. Мәскеу, «Беллси» Астрель АСТ баспасы, 2001, 194 бет
6. Әбілмәжінова С. «География», 7 сынып, Алматы, Атамұра баспасы, 2003, 250 бет.