Бразилия Республикасының табиғи жағдайы мен ресурстары, халқы

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 28 Марта 2012 в 19:43, реферат

Описание

Бразилия, Бразилия Федеративтік Республикасы – Оңтүстік Америка құрлығының шығыс және орталық бөліктерін алып жатқан мемлекет. Жері – 8,5 млн. км2. Халқы 189 млн. адам (2007). Халқының этникалық құрамы: ақ нәсілдер – 54,7%, зәңгілер – 5,89%, мулаттар – 38,45%. Бұған қоса 3 млн-нан астам иммигранттар (жапон, италиялық, неміс, араб, француз, т.б.) тұрады. Астанасы – Бразилиа. Мемлекеттік тілі – португал тілі.

Содержание

І. Кіріспе
Бразилия Республикасының табиғи жағдайы мен ресурстары, халқы
ІІ. Негізгі бөлім
1. Табиғат ресурстары мен жағдайлары
2. Халқы
3. Шаруашылықтың жалпы сипаты мен даму ерекшеліктері
4. Сыртқы экономикалық байланыстар мен ішкі айырмашылығы.
5. Сыртқы экономикалық байланыстар
ІІІ. Қорытынды

Работа состоит из  1 файл

Бразилия.doc

— 101.50 Кб (Скачать документ)


                 Бразилия Республикасының табиғи жағдайы мен ресурстары, халқы

 


Мазмұны


І. Кіріспе

Бразилия Республикасының табиғи жағдайы мен ресурстары, халқы

ІІ. Негізгі бөлім

1. Табиғат ресурстары мен жағдайлары

2. Халқы

3. Шаруашылықтың жалпы сипаты мен даму ерекшеліктері
4. Сыртқы экономикалық байланыстар мен ішкі айырмашылығы.
5. Сыртқы экономикалық байланыстар

ІІІ. Қорытынды

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Бразилия, Бразилия Федеративтік Республикасы – Оңтүстік Америка құрлығының шығыс және орталық бөліктерін алып жатқан мемлекет. Жері – 8,5 млн. км2. Халқы 189 млн. адам (2007). Халқының этникалық құрамы: ақ нәсілдер – 54,7%, зәңгілер – 5,89%, мулаттар – 38,45%. Бұған қоса 3 млн-нан астам иммигранттар (жапон, италиялық, неміс, араб, француз, т.б.) тұрады. Астанасы – Бразилиа. Мемлекеттік тілі – португал тілі. Халқының көпшілігі христиан дінін ұстанады. Ұлттық мейрамы – жетінші қыркүйектегі Тәуелсіздік күні. Бразилия – президенттік федеративті республика. Елдің басшысы, Қарулы Күштердің бас қолбасшысы – президент. Жоғарғы заң шығарушы органы – Ұлтық Конгресс федералдық сенат және депутаттар палатасынан тұрады. Әкімшілік жағынан жиырма бес штатқа, бір федералдық (астаналық) округке бөлінеді. Губернатор билейтін әрбір штат өз конституциясын ұстанады.

Бразилия-Латын Америкасындаы ең іріел,жерінің ауданы және  халхының саны жөнінен дүние жүзінде бесінші орын алады.Аумағы мен ресурстық мүнкіншіліктеріне, эономикасының ауқымына байланысты Бразилияны  әдетте  тропик алыбы деп атайды.

Климаты

Бразилия жері экваторлық (солтүстік бөлігі), субэкваторлық, тропиктік (орталық және оңтүстік бөлігі), субтропиктік (қиыр оңтүстік-шығыс) ендіктерде орналасқан. Жерінің көбін Бразилия таулы үстірті алып жатыр. Климаты негізінен ыстық, жауын-шашын мөлшері әр түрлі. Батыс жағы ылғалды экваторлық, шығыс жағы қуаң экваторлық ендікте. Суы мол, энергия көзіне бай өзендер көп, ішіндегі ірілері: Амазона, Сан-Франсиску, Парнамба, Парана. Ниобий, уран, торий кендері бар. Одан басқа темір, марганец, мыс, мұнай, газ, көмір қорлары мол кездеседі.

Тарихы

Бразилия жеріне адам неолит дәуірінде қоныстанған. 16 ғасырдың басына дейін Бразилия жерін тупи-гуарани, тупинамбас, ботокуд тамойос, короадос, т.б. үндіс тайпалары мекендеген. Олар аңшылықпен, балық аулаумен, жер өңдеумен шұғылданып, темекі, какао, т.б. дақылдар өсірді. 1500 жылы Бразилия жағалауына португалдық теңізші Педру Кабрал келіп түсті де, өзі тапқан жерді Португалия иелігі деп жариялады. Ол паубразил атты құнды қызыл ағашты Бразилиядан Португалияға тасыды; елдің аты да осы ағаштың атынан шыққан. 1549 жылы генерал-губернаторлық құрылып, астанасы Баия (Салвадор) қаласы болды. 1517 жылдан құлдар әкеліне бастады да, құл еңбегінің нәтижесінде ірі жер иеліктері пайда болып, онда қант қамысы, мақта, күріш, жүгері өсірілді. Кейіннен алтын мен алмас шығарылуына байланысты Бразилия Португалияның ең бай отарына айналды. 1763 жылы астана Баиядан Рио-де-Жанейроға көшірілді. 1815 жылы Бразилияға корольдік статус беріліп, «Португалия, Бразилия және Алгарва біріккен корольдігінің» құрамдас бөлігіне айналды. 1822 жылы қаңтарда Бразилияның тәуелсіздігі жарияланды. 1824 жылдың наурыз айында елдің тұңғыш конституциясы қабылданып, конституциялы монархия орнады. Келесі жылы Португалия Бразилияның тәуелсіздігін мойындады. 1850 жылы елге құл әкелуге тыйым салынып, 1888 жылы құл иелену мүлде жойылды. 1-дүниежүзілік соғыста Ұлыбритания және АҚШ-тың қысымымен Бразилия Германияға соғыс жариялап, 1918 жылы Еуропаға бірнеше әскери бригадаларын жіберді. 2-дүниежүзілік соғыс кезінде Бразилияда АҚШ-тың ықпалы күшейеді де, 1942 жылы тамызда Германия және Италияға, 1945 жылы маусымда Жапонияға қарсы соғыс жариялады. 1944 жылы елу мыңдық әскери корпусын Италия майданына жіберді. 1950 – 60 жылдары Бразилия аграрлы елден аграрлы-индустриялы елге айналды. Сан-Паулу, Рио-де-Жанейро, Ресифи, т.б. өнеркәсіп орталықтары өсіп, аграрлық, финанс, оқу реформалары жүргізілді. 1960 жылы жиырма бірінші сәуірде ел астанасы Бразилиа қаласына көшті. Бұдан кейін жиырма жылдай (1964 – 85) елді әскери генералдар басқарды. Бразилия экономикалық күш қуаты жағынан дүние жүзінде сегізінші орын алады. Бразилия Латин Америкасы елдері ішінде шешуші рөл атқарады. Негізгі сауда серіктестері: АҚШ (22%), Батыс Еуропа елдері, Латин Америкасы елдері, Азия елдері. Қазақстанмен дипломатиялық қарым-қатынас 1992 жылы орнатылған.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

           Бразилия

 

Жерінің ауданы-8,5млн  км2

Халқы-185млн адам (2004 ж.)

Астанасы – Бразилиа

Мелмекеттік құрлымы - федерацияляқ республика

Мемлекет басшысы-преиздент

Заң шығару органы - Ұлттық  Конгресс

Мемлекеттік тілі – португал тілі

Ұлттық валютасы – реал

Әкімшілік -аумақтық бірлігі - шарттар және федералдық округ

 

 

   

   Мемлекетің қалыптасу тарихы. Бразилия жеріне 1500 жылы келіп жеткен  португал экспедитцясы бұл өнерді Португалия иелігі де п жариялады. Алтын  мен асыл тастар іздеп таппаған португалдықтар өздері пау- бразил деп атаған ағашты осы жердің басты байлығы деп есептейді.Бұл ағашты қызыл түсті бояу алынатын, кейіннен елдің өзі осы ағаштың құрметіне Бразилия деп атала бастады.Португадықтар  Атлант мұхиты жағасында елдің алғашқы қаласы және астанасы –Салвадордың  іргетасын қалады.

Ұзақ уақыт бойы  Португалияның отар  болған  Бразилия еуропалық елдер үшін шикізат көзіне айналды.

1808 жылы Наполеон  армиясы Португалияға  қарсы басқыыншылық әрекетін бастағанда, корольмен оның отбасын жедеп түрде Рио-де-Жанейроға көшіру туралы шешім қабылданды.

Бұл шешімді жүзеге асыруға белсене көмектескен  Ұлыбритания

Ендігі жерде  Бразилия жеріндегі ықпалын күшейтті.Рио-де-Жанейрода 14 жыл болған король Португалиядағы саяси жағдайдың  ушығуына байланысты  1821 жылы Лиссабонға оралуға мәжбүр болды. Бразилияны басқару ісі вице-король деп жарияланған корольдің мұрагеріне тапсырылды.

              1822 жылы вице-король Бразилияны тәуелсіз империя деп жариялады. 1988 жылы 13 мамырда құлдықты жою жөніндегі «Алтын заңға» қол қойылды. Үлкен саяси-әлеуметтік маңызы бар бұл заң монархиялық биліктің құлдырауына себепші болды: 1889 жылдың 15 қарашасында император тақтан түсіріліп, Бразилия республика болып жарияланды. Президенттік басқару орнаған жаңа мемлекет федерациялық жүйені қабылдады; байырғы провинциялар штаттарға айналды.

              Жүз жылдан астам тарихы бар Бразилия Республикасында бірнеше рет сайлау жүйесі мен Конституция өзгертілді, жаңа ақша бірлігі енгізілді. ХХ ғасырдың 60 жылдары ел астанасы Рио-де-Жанейродан арнайы салынған Бразилина қаласына көшірілді. Құрылысы жағынан президенттік федерациялық республика болып есептелінетін Бразилияның саяси-әлеуметтік дамуы қазіргі кезде салыстырмалы түрде тұрақты сипат алған. Елде 10-нан астам тұрақты танымал саяси партия, кәсіподақ ұйымдары жұмыс істейді. Заң шығару билігіне ие Ұлттық Конгресс федералдық сенат пен депутаттар палатасынан тұрады. Бразилия БҰҰ-ға (1945 жылдан бері) және көптеген халықаралық, аймақтық деңгейдегі ұйымдарға мүше.

Табиғаты және табиғат ресурстары.

              Аумағының 93%-ы оңтүстік жарты шарда жатқан Бразилия жерінің табиғаты алуан түрлі. Ел аумағында Гвиана таулы үстіртінің оңтүстік бөлігі, Бразилия таулы үстірті және Амазонка ойпаты орналасқан. Бразилияның ең биік нүктесі – Бандейра тауы (2890метр). Парагвай өзенінің жоғарғы ағысын Пантонал ойпаты (Португал тілінен аударғанда «батпақы жер») алып жатыр. Тұтасымен ежелгі Оңтүстік Америка платформасында орналасқан ел аумағы пайдалы қазбаларға да бай.  Бразилия темір кенінің қоры жөнінен дүние жұзінде бірінші орын алады, мұнда аса ірі Каражас кен орыны (қоры 18 млрд. тонна) орналасқан. ХХ ғасырдың соңына қарай дүние жүзінде өндірілген темір кенінің 19% Бразилияға тиесілі болды.

              Елде марганец пен алмастың, бакситтің, алтын және полиметалдардың дүние жүзілік маңызы бар кен орындары барланған. Елдегі аса ірі Каржас кен орынында темір, түсті және сирек кездесетін металдардың мол қоры табылған.

              Бразилия асыл тастарменен, бағалы металдарымен де әйгілі. Соңғы жылдары Амозонияда алтын кен орындарының ашылуына байланысты ең жаңа «Алтын дүрбелеңін» бастан кешірді. Бұл Канада, АҚШ және ОАР-дың аса ірі алтын өндіруші компанияларының назарын аударып, ауданға алтын іздеушілер («гаримпейрос») легінің ағылуына себепші болды. Соның нәтижесінде соңғы 10 жылдықта алтын өндіру көлемі екі есеге өсіп, 80 тоннаға жетті. Атлант мұқитының жағалауында мұнай қоры барланған. Минералды шикізат ел экономикасының өркендеуінің басты алғышартына айналған.

              Бразилия жері, негізінен, экваторлық және субэкваторлық белдеулерде орналсақан, оңтүстігі тропиктік белдеуге енеді.

              Экваторлық және субэкваторлық белдеулерді ылғалды экваторлық ормандар алып жатыр, оларды бразилиялықтар сельва деп атайды. Бразилия жерінің 60%-ын алып жатқан селвада ағаштардың 4000- нан аса түрі таралған, олардың көпшілігінің шаруашылық маңызы зор. Биіктігі 45 метрге жететін сейба ағашынан маққтаға ұқсас талшық – капок алынады, қазіргі кезде бұл пайдалы ағаш басқа елдерде де өсіріледі. Гевея ағашынан табиғи каучук алынса, махогонидің өте бағалы қызыл сүрегі жихаз жасауға пайдаланылады. Селбада тағамдық өсімдіктер (бразилия жаңғағы, ваниль, ананас және т.б.) де мол. Елдің Бразилия таулы үстірті орналасқан бөлігінде жауын-шашын түсуінің маусымдық ерекшелігіне байланысты саванналар мен сирек ормандар-кампос өседі.  Ылғалды кезеңде компос орасан зор мал жайылымына айналады. Елдің онтүстік шығысында аса құнарлы қызыл топырақтар – терро росса таралған, климат жағдайлары да алуан түрлі тропиктік дақылдарды өсіруге қолайлы.

              Ылғалды экваторлық ормандар алқабын дүние жүзіндегі ең мол сулы өзен – Амазонка мен оның салалары кесіп өтеді. Жер бедерінің ерекшелігіне орай, таулы үстірттен басталатын өзендер энергияға бай. Әсіресе шығыстағы Парана және Сан -  Франсиску өзендері бойында аса маңызды су электр станцияларының жүйесі орналасқан.  Өзендер елдің ішкергі аудандарымен қатынасатын су жолы қызметін де атқарады.

              Бразилияның қайталанбас табиғаты қорғау, табиғат ресурстарын тиімді пайдалану мәселесі халықаралық деңгейде көтеріле бастады. Соның нәтижесінде ғаламшарымыздың «өкпесі» деп аталатын мәңгі жасыл орманды кесіп, ағаш сүрегін шетке сатуға тыйым салынған.

 

 

Халқы

Бразилия халқының саны 182 миллион адам, яғни дүние жүзі тұқрғындарының 2,8% -ын, Латын Америкасы халқының 1/3 бөлігін құрайды.

Орташа есеппен алғанда халық тығыздығы 1 км2 жерге 20 адам болғанымен,ел аумағы бойынша халық біркелкі қоныстанбаған.Халықтың басым көпшілігі Атлант мұхиты жағалауында шоғырланған.Мысалы,оңтүстік – шығыста халық тығыздығының көрсеткіші 70 аламнан асалы.Елдің ішкергі

аудандарында халық сирек қоныстанған. Бұл әсіресе солтүстіктегі ну ормандаы аудандарда айқын байқалады,мұнда халық тығыздығы 1км2жерге

2-3адамнан  ғана келеді.Соңғы  онжылдықтарда қала халқының саны артуда,

Бразиляда қала халқының  үлесі 780/0 -ға жетті.Аса ірі қалалары – Сан-Паулу, Рио-де-Жанейро, Белу-Оризонти,  Ресифи, Порт-Алегри.

       Соңғы ылдары  Бразилия халқының жас құрамында  үлкен өзгерістер

Болды(19-сызбанұсқадан халықтың жастық-жыныстық құрамын көре аласыңдар).

       Ел халқының 600/0-дан астамын 29 жасқа дейінгілер құрағанымен,халық санының өсуі баяулай бастады. ХХ ғасырдаң ортасында елхалқы жылына орташа есеппен 30/0-ғаартса,қазіргі кезде бұл көрсеткіш 1,20/0-ды құрайды.

Қазіргі кезде туу көрсеткіші 1000 адамға 18,ал өлім 1000 адамға шаққанда  6 адамға тең.

       Латын  Америкасындағы,т.б.елдердегі сияқты,Бразилия халқының да нәсілдік және этностық құрамы өте күрделі(19-сызбанұсқаны қарандар).Қазіргі  Бразилия  ұлтының қалыптасуына  монғол тектес нәсілге жататын жергілікті үндісте,ХХІ ғасырдан  бастап  осында қоныс аударған 

Еуропалық және жұмыс күші ретінде Африканың батысынан әкелінген қара  нәсіл өкілдері негіз болды.Ішкергі аудандарда тұратын үндіс тайпалары өздерінің әдет-ғұрыптарын ,тілдерін сақтап  қалған. Қазіргі кезде Бразилия

Жерін 180-нен астам тілде сөйлейтін 200 үндіс тайпасы мекен етеді.Жағалауда тұратын үндістер еуропалықтармен және африкалықтармен

Араласуы нәтижесінде аралық нәсілдік топтар қалыптасты.ХХғасырдың басында  Бразилия жеріне жапондар,арабтар және т.б.азиялықтар қоныс аудара бастады.Қазіргі кезде азиялықтар ел халқының 10/0-дан астамын құрайды.

      Бразилиядағы мемлекеттік тіл –португал тілі,бұл тілде шағын  үндіс тайпаларын қоспағанда ел халқының түгелге жуығы сөйлейді.Діни нанымы жағынан бразилиялықтардың  көпшілігі –католиктер,елде протестанттар мен жергілікті діндерді  ұстанушылар да бар.

                              Шаруашылығы.

    Бразилия экономикалық қуаты, ресурстық және әлеуметтік-экономикалық даму мүмкіншіліктеріне,аймақтық және дүниежүзілікшаруашылықтағы орнына байланысты дамушы дүниенің жетекші елдер қатарына жатады. ХХ ғасырдың соңына қарай жиынтық ішкі өнімнің көлемі жөнінен Бразилия дүние жүзіндегі алғашқы ондыққа енді. Ұлттық жиынтық өнімнің құрылымында  да өзгерістерболды.

Ғалымдар  Бразилия экономикасының дамуының бірнеше себептерінатап көрсетеді:

*елдің табиғи ресурстарға,соның ішінде минералды ресурстарға бай болуы;

*үкіметтің экономиканы қайта құруға бағытталғанарнайы бағдарлама         қабылдап, оны жүзеге асыру барысында жұмыс істеуі;

*Бразилия экономикасына салынатын шетел инвестициясының артуы;

*арзан жұмыс күшімен қамтамасыз етілуі;

*  ішкі тұтыну нарығы аясының кеңдігі.

    Осы алғышарттар  негізінде бірнеше онжылдық ішінде аграрлық елден индустриялы-аграрлық елге айналған Бразилияда қазіргі заманғы өнеркәсіп өндірісі пайда болған.Соңғы 30 жылда елде қара және түсті  металлургия,мұнай  химиясы,машина жасау  жрғары қарқынмен дамыды. Ел экономикасының дамуында төрт сала –болат балқыту,автомобиль жасау, қызмет көрсету  және мұнай  химиясы шешуші рөл атқарды.

   Бразилияеың энергия балансында су энергиясы және иұнай иен газ (әрқайсысының үлесі 1/3) басым орын алады.Отынның басқа түрлері арасында қант қамысынан өндірілетін этил спиртінің маңызы артып келеді; қазіргі кезде  елдегі автокөліетің 900/0-дан астамы осы отынмен жұмыс істейді.Елдің мұнай кәсіпшіліктері ішкі сұраныстың жартысына  жуыған  ғана қамтамасыз етеді, негізгі мұнай  кәсіпшіліктері теңіз жағалауларында орналасқан. Бұлсалада «Петробраз» мемлекеттік мұнай компаниясы жетекші

орын алады.

    Елдегі электр энергиясының 960/0-ы су электр станцияларында өндіріледі.

Әсіресе Парана және Сан-Франциску өзендері алабының энергетиеалық қоры неғұрлым толық  пайдаланылған. Қазіргі кезде Амазонка алабының қорларын

пайдалану қарқынды жүруде. Суэнергиясы мен жергілікті боксит  кенін

пайдалану нәтжесінде  Бразилия алюминий өндіруден дүние  жүзінде  төртінші орынға шықты. Оңтүстік-Шығыста шоғырланған алюминий өндірісі, негізінен, АҚШ пен Канада қаржысының есебінен өркендеуде. Қара металлургия саласында да шетел қаржысы мен бірлескен кәсіпорындары елеулі орын алады.

    Елдің машина жасау өнеркәсібі жалпы өнеркісіп өнімінің300/0-дан астамын

береді. Шетелдерден әкелінген тетіктерді құрастыру негізінде пайда болған автомобиль жасау кәсіпорындарында қазіргі кезде қажетті бөлшектердің барлығы жасалады.Қазіргі кезде  Бразилия жылына 2,3мли автомобиль шығарады, жүк машиналары мен автобус жасаудан  дүние жүзінде бесінші  орынға  шықты. Бұл салада жұмыс істейтін 21 компания арасында «Фольксваген-ду-Бразил», Дженерал мостор Форд-Виллис, Крайслер-ду Бразил  жетекші орын алады. ХХ ғасырдың 80-жылдарынан бастал елде күрделі әскери текника (танктер су асты қайықтар,ұшақтар, рекативті қондырғылар)өндірісі жолға қойы. Машйна жасау өнеркәсібі  электрондық және есептеу құралдарына деген  сұраныстың 80%-дан астамын, ақпарат құралдарына сұраныстың жартысынан астам қамтамасыз етеді. Машина жасау Сан-Паулу және Рио-де-Женейро агломерацияларына шоғырланған.

Информация о работе Бразилия Республикасының табиғи жағдайы мен ресурстары, халқы