Дүние жүзінің саяси картасының қалыптасуы және мазмұны

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 11 Февраля 2013 в 14:24, реферат

Описание

Дүние жүзінің казіргі саяси картасының қалыптасуына адамзаттың тарихи-әлеуметтік даму кезеңдерінің ықпалы зор. Бұл — өте ұзақка созылған, мыңдаған жыл тарихы бар процесс. Адамзат қоғамының дамуы бірнеше тарихи кезеңдерді басынан өткізді. Осыған сәйкес дүние жүзінің саяси картасының қалыптасуының да әр түрлі кезеңдері бар. Қоғам дамуының негізгі заңдылықтарына сүйене отырып, дүние жүзі саяси картасының қалыптасуын төмендегідей кезеңдерге бөлеміз: ежелгі, ортағасырлық, және қазіргі заманғы. Осы себепті саяси картаны "дәуір айнасы" деп бекер айтпаймыз.

Работа состоит из  1 файл

Әлемнің саяси картасының мазмұны және оның қалыптасуы .DOC

— 123.50 Кб (Скачать документ)

Батыс елдері ғалымдарының бағалауынша, Екінші дүниежүзілік соғыстан кейінгі және өткен ғасырдың соңына дейінгі аралықта әлемде шамамен 450-ден астам әр түрлі масштабтағы екі-үш немесе одан да көп елдер араласқан қарулы қақтығыстар болған, яғни орта есеппен бір жылда он шақты рет . Әрине, мұндай көп жылдарға созылған дау-жанжалдардың, әсіресе соғыстар мен ірі қарулы қақтығыстардың белгілі бір себеп-салдары болады. Қақтығыстардың шығуының шамамен тең жартысына аумақтық және шекаралық даулар негізгі себеп болып табылуда. Осындай себептерден, Иран мен Ирак (1980—1988 жж.) арасындағы сегіз жылра созылған қантөгіс соғыс туды.

Үндістан мен Пәкстан арасындағы шекара, шын мәнінде, «діни шекара» болып табылады. Ал Жамму мен Кашмир штатындағы демаркациялық сызық мемлекеттік шекара ретінде әлі де тұрақталған жоқ. Ол осы екі ел арасындағы шешілмеген түйін күйінде қалып, олардың милитарландыру саясатына бой ұруына негізгі себеп болуда. Нәтижесінде — осы екі ел ядролық қақтығыс қаупінде тұр. 1990 жылдардың ортасында дүние жүзі бойынша 50-ге жуық соғыс әрекеттері тіркелген. Оның жартысы Азйяда, 1/3-і Африкада, ал қалғаны Латын Америкасында. Сол кезде Еуропада, Балқан түбегіндегі мемлекеттерде (бұрынғы Югославия) және Солтүстік Ирландияда соғыс қимылдары болған. Бүгінде өлемнің 40 елінде қарулы қақтығыстар әлі жалғасуда, ал дүние жүзі бойынша 25 миллионнан астам босқындар ресми түрде тіркелген. Қазіргі таңда халықаралық қатынастарда жаңа кезең туындап, аймақтық жанжалдарды саяси құралдар арқылы шешуге әлемдік қауымдастық бет бұрды. Оның ішінде бұл процеске егеменді еліміз Қазақстан өз үлесін үстемелеп қосып келеді.

 

ДҮНИЕ  ЖҮЗІ  ЕЛДЕРІН  ТИПКЕ  БӨЛУ

  ЖӘНЕ  ТОПТАСТЫРУ

Қазіргі дүние  жүзі елдерінің көптүрлілігі және типологиясы. Дүние жүзінің қазіргі саяси картасында 240-қа жуық мемлекет пен жер аумақтары бар (қосымшадағы, 1-кестені қарацдар). Әлемнің сан алуан елдері бір-біріне мүлдем ұқсамайды және әрқайсысының өзіне тән қайталанбас қасиеттері бар. Мәселен, жер аумағы мен географиялық орналасуы, халқының саны мен құрамы, табиғат ресурстары мен шаруашылық салалары, әлеуметтік-экономикалық даму деңгейі мен оның сипаты, т.б. белгілеріне қарай ерекшеленеді. Осы себепті оларды ұқсастықтары мен айырмашылықтарын анықтау арқылы жекелеген түрлерге бөлеміз. Әдетте, елдердід жалпы әлеуметтік-экономикалық деңгейі мен өндірістік қатынастарының даму дәрежесіне негіздеп саралау басым. Бұл негіздемелер елдерді типке бөлудегі басты белгілер болғанымен, оны біз мәңгілік өзгермейтін ұстаным деп есептеуімізге өсте болмайды. Сонымен қатар қазіргі құбылмалы дүниеде оның бір түрінен екіншісіне өту немесе қайта оралу процестері нақтылы түрде болып отыр.

Барлық топтағы елдерді дүние  жүзінің саяси картасында типологияға бөліп жіктеу Қазан революциясынан кейін, әсіресе жүйелі түрде Екінші дүниежүзілік соғыстан кейінгі өзгерістерге байланысты әр түрлі саяси-қоғамдық құрылыстар негізінде пайда болды. Елдерді өткен ғасырдың соңғы онжылдығына дейін үш типке бөліп келді: социалистік, дамыған капиталистік, дамушы елдер.

ТМД және Шығыс Еуропадағы, сондай-ақ Азия мен дүниенің басқа бөліктерінің кейбір елдеріндегі бертіндегі біраз  жылдар ішінде болған түбегейлі саяси және әлеуметтік-экономикалық өзгерістерге байланысты «социализм жүйесі» типологиясы өзінің көп бөлігін жоғалтты. Бірақ қазіргі кезде социализм құрылысын ұстанып отырған мемлекеттер дүние жүзінде бар, олар Қытай Халық Республикасы, Вьетнам Социалистік Республикасы, Корей Халық-Демократиялық Республикасы, Лаос және Куба Республикалары.

Жалпы экономикалық-географиялық типологияға статистикалық сандық көрсеткіштер негіз етіп алынғанымен де, бұл кешенді түрдегі географиялық типология. Әдетте, дүние жүзі елдерінің экономикасының әлеуметтік кұрылымында шаруашылықтың белгілі бір сферасы басымдық көрсетеді. Мәселен, дамыған елдерде басты орынды өңдеуші, әсіресе басқару және қызмет көрсету секторлары алады. Ал дамушы елдердің барлығы дерлік тарихи жағынан бұрынғы отар немесе жартылай отар елдер болғандықтан, шаруашылығы көп укладты әрі онда ауыл шаруашылығы (орман, балық, т.б.) және өндіруші (отын, шикізат, т.б.) өнеркәсіп салалары басым болады. Мәселен, көмірсутек экспорттаушы елдер (Біріккен Араб Әмірлігі, Кувейт, Бахрейн, т.б.)- Осы себепті оларда аграрлық, болмаса, минерал-шикізаттық мамандану мен әлемдік экономикалық жүйеге бағыныштылығы орын алады.

Елдердің экономикалық тұрғыдан өсіп-өрлеуі тауарлар өндіру мен қызмет көрсетудің тек сандық қана емес, сапалық жағын да қарастырады. Негізінен, дамушы елдерге тән экстенсивті жолменен дамудан, интенсивті типтегі дамыған елдерде еңбек өнімділігі аса жоғары. Олар мұндай нәтижеге өндірісті ұйымдастыру мен басқаруды жетілдіру, ҒТП мен технологияның озық түрлерін пайдалану және жұмыс күшінің мамандану дәрежесін арттыру арқылы жетіп отыр. Осы екі тип елдерінің сыртқы сауда байланысының жалпы көлемдері, оның қатынас түрлері мен құрылымдары да әрқалай. Дамыған елдерде экспортқа дайын өнімдер, озық технология, капитал шығару мен қызмет көрсету басым болса, ал дамушы елдерге отын, шикізат, азық-түлік тауарларын шығару және инвестиция тарту, сол сияқты жұмыс күшімен қамтамасыз ету, оның ішінде "ақыл-ойдың сытылуы" тән. Әсіресе экономикалық жағынан өсіп-өрлеуіне сыртқы сауда айналымы үлкен ықпал етіп отырған "ашық экономикалы" елдер бұл жағынан айрықша орында.

Осылайша дүние жүзі елдерін жалпы шаруашылығының сипаты мен оның түрлі бағытта даму ерекшеліктеріне  орай топтастыра отырып, олардың ұлттық экономикасын жүйелеу арқылы 3 топқа бөлеміз: 1) өнеркәсібі дамыған (капиталистік) елдер; 2) өтпелі экономикалы кезеңдегі (бұрынғы социалистік) елдер; 3) дамушы елдер. БҰҰ даму деңгейінің қарқынының жоғарылылығынан емес, халық санының көптігі мен жер аумағының кеңдігі, ондағы табиғат ресурс-тарының молдығы мен өндіргіш күштерінің көлемі жағынан экономикалық әлеуетінің ауқымы аса үлкен Қытай мен Үндістанды да дамушы елдерге жатқызады. Сол сияқты Қытаймен бірге елі де социалистік елдер болып табылатын Солтүстік Корея, Вьетнам, Лаос, Кубаны және шаруашылығының әлеуметтік құрылымы мен даму деңгейлері жағынан жоғары дамыған елдермен шамалас келетін "негізгі дамушы" немесе "жаңа индустриялы елдер" — Бразилия, Мексика, Тайвань, Аргентина, Сингапур, Оңтүстік Кореяны да осы соңғы типке жатқызады.

Сонымен қатар бұл топ елдерін жіктеуде демографиялық көрсеткіштер де есепке алынады. Мәселен, халқының орта жасының ұзақтығы, туу мен өлім коэффициенттері, халықтың есу қарқыны, экономикалық тұрғыдағы белсенді адамдар үлесі, қала мен ауыл халқының арасалмағы, т.б. Соңғы уақытта халықтың әлеуметтік жағдайларын "өмір сүру сапасы" көрсеткіші бойынша талдау басты орын алуда. Бұл жерде: халықтың білім алуындағы деңгейі, денсаулық сақтаудағы қол жеткен табыстары, тағамдану сапасының дәрежесі, тұтыну заттары (автомобиль, компьютер, т.б.) және электр энергиясын, басқадай адамның жайлы да салауатты ғұмыр кешуіне қажеттіліктерді пайдаланудың жиынтығы, т.б. мәдени-тұрмыстық көрсеткіштер есепке алынады. Оқулық қосымшасындағы 6-кестедегі елдердің әлеуметтік-экономикалық керсеткіштерін салыстыру барысында, оларды 3 топқа жіктеуге болады. Алғашқы 3 ел дамушы елдер тобына, соңғы 3 ел дамыған елдер тобына, ал ортадағы 3 ел етпелі экономикалық елдер тобына жатады. Осы кестеде дамыған және дамушы елдер арасындағы алшақтық байқалады. Мәселен, Швеция жалпы ішкі өнімді (ЖІӨ) жан басына шаққанда Мозамбиктен ағымдағы рести валюта курсы (АРВК) көрсеткішімен 250 еседей, ал сатып алу қабілетінің паритеті (САҚП) өлшемімен 25 еседен аса артық өндіруде. Сонымен қатар енді бір дамушы елдер (Сингапур, Қатар, БАӨ, Бруней) бұл көрсеткіштер бойынша кейбір жоғары дамыған елдерден (Испания, Жаңа Зеландия, Грекия, Португалия) алда тұр. Былайша қарағанда дамыған және дамушы елдер арасында белгілі бір шек жоқ сияқты. Бірақ жоғарыда аталған тарихи және саяси қалыптасу барысындағы өзгешеліктері, олардың экономикалық және әлеуметтік дамудағы өзіндік ерекшеліктерімен сөйкестендіріліп, әлем елдері жалпы екі типке бөлініп қарастырылады.

Дамушы елдер топтарына  берілген саяси-экономикалық анықтамаларда "социалистік бағыттағы" елдер туралы сипаттама ескерілмеген. Жалпы салыстырмалы түрде өткен ғасырдың 70—80-жылдарында олардың саны дүние жүзі елдері бойынша 20-дан астам болатын. Қазір бұл елдердің көпшілігі социализмнің болашағының жоқ екенінен әрі өздерінің саяси-әлеуметтік дамуы мен ішкі факторлардағы келіспеушілігінен социалистік бағытты ұстаудан ресми түрде бас тартты. Ал кейбір елдер ұлттық экономикасының құлдырауынан, азамат соғыстарының ұзаққа созылуынан, бүркемелі түрдегі шетелдік басқыншылықтың өрістеуінен, бұрынғы Кеңес Одағы және социалистік жүйедегі, т.б. елдерден берілетін қаржы-экономикалық және басқадай көмектің (әскери, техникалық) қысқартылуынан, т.б. осы сынды себептерге байланысты олар да социализмнен бас тартуға мәжбүр болды. Қазіргі кезде социалистік бағытты ұстанып отырған дамушы мемлекеттер дүние жүзінің саяси картасында іс жүзінде жоққа тән.

Типологиялық бөлінуге негіз етіліп, тек саяси-қоғамдық жағдай ғана есеп-телініп алынған жіктеушілік өзінің келешексіздігш көрсетіп отыр. 1970 жылдары Қытай, Югославия, Румыния, сәл кейін Вьетнам, Лаос және Куба өздерін дамушы елдерміз деп жариялады. Бұрынғы Кеңес Одағы республикаларының басым көпшілігі (славян және Балтық маңы республикаларынан басқасы) қазір дамушы мемлекеттер болып табылады.

Басқаша мысал, Түрік  үкіметі өзінің даму деңгейін дамушы елдер тобына кіретін елдерден жоғары санайды. Ол Түркияның, Еуропалық Одақ (ЕО) мүшелігіне өту тілегін ресми түрде жариялауда. Түркия ЕО-ның кейбір елдерін өзінің басты экономикалық көрсеткіштері бойынша қуып жетті. Түркия көптеген халықаралық еуропалық ұйымдарға мүше ел, онысын ЕО елдерімен барлық бағытта өте тығыз байланыста екендігімен дәлелдеуде. Сонымен қатар өзінің Еуропадағы 3%-дан астам аумағының және онда елдің аса маңызды мәдени әрі экономикалық орталығы Стамбұл каласының көп белігінің орналасқандығын тілге тиек етуде.

Сонымен, казіргі дүние жүзі елдерін, әлеуметтік-экономикалық даму деңгейіне қарай: экономикасы дамыған және дамушы мемлекеттер деп екі түрге ажыратамыз. Бұлайша саралаудың мәні — оларды жалпы тану тұрғысында ғана емес, халықаралық ұйымдардың осы типтердегі жекелеген елдер топтарының даму проблемаларын зерттеп білу мен оны шешу үшін ұсыныстар беруде де практикалық маңызы зор.

Экономикасы дамыған  және өтпелі экономикалы елдер. Экономикасы дамыған елдерге БҰҰ сараптамасы бойынша: Батыс Еуропа елдері түгел, АҚШ, Канада, Жапония, Австралия, Жаңа Зеландия, Израиль, Оңтүстік Африка Республикасы, сол сияқты өтпелі экономикалы елдерге Шығыс Еуропа мен ТМД-ның кейбір елдері жатады. Дүние жүзі бойынша олардың жалпы саны 50-ден астам, ал қалғандары дамушы елдер болып табылады. Бұл топтағы елдер өз кезегінде ішкі айырмашылықтары мен әкономикалық даму деңгейіне, тарихи ерекшеліктері мен даму дәрежесіне қарай бірнеше топшаларға бөлінеді. Мысалы, дамыған елдер типологиясы құрамынан төрт топшаны бөліп көрсетуге болады. Олардың түгелдей дерлік экономикалық-әлеуметтік даму деңгейі мен экономикалық әлеуеті жоғары. Экономикасының құрылымы мен оның халық-аралық географиялық еңбек бөлінісіне қатынасу дәрежесімен және әлемдік өндірістегі бұл елдер үлесінің қомақты болып келуімен сипатталады.

Бұл жерде жинақтаушы көрсеткіш халықтың жан басына шаққандағы ЖІӨ өндіруі болып табылады. Өйткені ол, БҰҰ типологиялық әдістемесі бойынша, елдердің әлеуметтік-экономикалық даму деңгейінің ең маңызды көрсеткіші болып табылады. ЖІӨ дегеніміз — сол елдің жер аумағында өндірілген барлық тұтынатын тауарлар мен көрсетілген қызметтер, мемлекеттік сатып алу мен іске жұмылдырылған капиталдың жиынтық күны. Сонымен қатар бұл жерде осы елдің ЖІӨ ішінен шетелдік компаниялар әкелген инвестициялар мен олардың сыртқа аударылған кіріс пайдалары және шетелдік жұмысшыларға төленген еңбекақылары есепке алынбайтын жалпы, ұлттық өнім (ЖҮӨ) өндіру де көрнекті көрсеткіш. Аса маңызды осынау қос көрсеткіш елдердің экономикалық күш-куатының әлеуетін керсетеді. Осы себепті аса жоғары дамыған елдерде бұл көрсеткіштер арасында елеулі айырмашылықтар жоқ. Бірақ ЖІӨ өндірудің жалпы мөлшері және жан басына шаққандағы көрсеткіші бойынша жоғары тұрған — Сингапур, Оңтүстік Корея, Тайвань, Малайзия, т. б. елдерде жағдай керісінше қалыптасқан. 1998 жылы болған Азия-Тынық мұхит аймағындағы (АТА) инфляция бұл елдердің ұлттық экономикасын едәуір шайқалтты.

Сонымен қатар әлемдік экономиканың жай-күйі мен оның даму ырғағын білу мақсатында әрі дүниежүзілік масштабтағы экономикалық жағдайларды талдауда жалпы әлемдік өнім (ЖӘӨ) керсеткіші де қолданылады. ЖӘӨ дегеніміз — дүние жүзінің барлық елдері аумағында өндірілген ақырғы дайын өнімдер мен қызметтердің көлемін анықтайтын көрсеткіш. ЖІӨ өндірудегі, әдетте қолданыла-тын АРВК өлшемі, БҰҰ-ның халықаралық салыстырулар шегінде жүргізген зерттеулері бойынша дамуы кенжелеп қалған елдерде оны үш есеге дейін кемітіп керсетеді екен. Өйткені бұл елдерде тауарлық емес (бартерлік айырбас, үй шаруашылығын ұстау мен тұрмыс-тіршілікке қажетті заттар жасау, т.б.) секторлар ауқымының кең болуы себепті, онда өндірілген тауарлар мен қызметтердің жалпы көлемін АҚІН долларының айналымдағы курсымен көрсетуде ЖІӨ мөлшері тіптен 40%-ға дейін азаюы мүмкін. Өз кезегінде ол дүниежүзілік өндірістегі дамушы елдер үлесінің аз болуына өкеліп, олардың ЖӘӨ-ге қатысты қарқынын да бәсендетеді. Сондықтан ЖӘӨ есептеулері АҚШ долларының кәдімгі ресми курсы бойынша емес, баламалы жол—САҚП негізінде жүргізіледі (қосымшадағы 5 -кестені қараңдар). Яғни, дүние жүзінің әрбір елдеріндегі бірыңғай азық-түлік торсебеті мен тауарлар жиынтығының күнына катысты САҚП бойынша, айырбас бағамы негізінде белгіленген валюталардың сатып алу қабілетінің салыстырмалы коэффициенті есебінде қолданылады. Осылайша есептеу өнеркәсібі дамыған жетекші елдер көрсеткіштерін орташа 20—30%-ға кемітумен қатар әлемдік экономикадағы негізгі топтар елдерінің арасалмағьш да өзгертеді. Мәселен, ЖӘӨ көлемінде дамыған Батыс елдерінің үлесі 55%-ға түсіп (ағымдағы валюта курсымен — 75%), ал дамушы елдердің мұндағы үлесін 40%-ға дейін көтереді (ал ресми валюта бойынша 19% болмақ).

Информация о работе Дүние жүзінің саяси картасының қалыптасуы және мазмұны