Автор работы: Пользователь скрыл имя, 21 Ноября 2011 в 18:04, реферат
Еуропадағы қауіпсіздік пен ынтымақтастық жөніндегі кеңес - 1972 — 94 жылдар аралығында болған халықаралық ұйым. 20 ғасырдың 70-жылдарының бас кезінде Батыс Еуропа елдері мен КСРО арасындағы шиеленіс бәсеңдеп, өзара ынтымақтастыққа ұмтылу ниеті күшейді. 1972 жылы маусымда Брюссель қаласында Еуропадағы қауіпсіздік пен ынтымақ жолында күресуші күштердің ассамблеясы өтті.
Еуропадағы
қауіпсіздік пен
ынтымақтастық жөніндегі
кеңес - 1972 — 94 жылдар аралығында болған
халықаралық ұйым. 20 ғасырдың 70-жылдарының
бас кезінде Батыс
Еуропа елдері
мен КСРО арасындағы шиеленіс
бәсеңдеп, өзара ынтымақтастыққа ұмтылу
ниеті күшейді. 1972 жылы маусымда Брюссель қаласында Еуропадағы
қауіпсіздік пен ынтымақ жолында күресуші
күштердің ассамблеясы өтті. Онда қауіпсіздікті
қамтамасыз етудің негізгі қағидалары
жарияланып, жалпыеуропалық кеңес шақыру
жөнінде мәлімдеме қабылданды. 1972 жылы
22 қарашада Еуропаның 33 елі, АҚШ пен Канада өкілдері Хельсинкиде көп жақты келіссөздер
бастады. Қатысушы елдердің 15-і НАТО, 7-еуі
Варшава шарты ұйымының мүшелері, 12-сі
бейтарап мемлекеттер болатын. Келіссөздерге
қатысушылар 1973 жылы шілдеде қорытынды
нұсқаудың мәтінін жасап, оны “Көк кітап”
деп атады. Кеңес 3 кезеңмен өткізілетін
болды. 1973 жылы 3 шілдеде кеңестің 1-кезеңі Хельсинкиде ашылды. Оған Еуропаның Албаниядан басқа елдерінің, АҚШ пен Канаданың сыртқы істер министрлері
қатынасты. Онда қорытынды нұсқаулар бекітілді.
1973 жылы 8 қыркүйекте Женевада кеңестің 2-кезеңі басталып,
арадағы үзілістермен 1975 жылы 21 шілдеге
дейін созылды. Осы уақыт ішінде 4700 жоба
талқыланып, 1975 жылы 21 шілдеде кеңестің
Қорытынды актісінің мәтінін жасау жұмысы
аяқталды. Кеңестің 3-кезеңінде 1975 жылы
30 шілдеде Хельсинкиде 35 мемлекеттің басшылары
кездесіп, 1 тамыз күні олар Еуропадағы
қауіпсіздік пен ынтымақтастықтың Қорытынды
актісіне қол қойды. Бұл құжатта қатысушы
елдердің өзара қарым-қатынастарында
жетекшілікке алынатын 10 қағида бекітілді:
егеменділіктің теңдігі және егемендікті
құрметтеу; күш қолданбау және қоқан-лоқы
жасамау; шекаралардың мызғымастығы; мемлекеттер
жерінің тұтастығы; даулы мәселелерді
бейбіт түрде реттеу; бір-бірінің ішкі
істеріне араласпау; адам құқықтары мен
бостандықтарын құрметтеу; халықтардың
теңдігі мен өз тағдырын өзі шешу құқығы;
мемлекеттер арасындағы ынтымақтастық;
халықаралақ құқық бойынша міндеттемелерін
адал ниетпен орындау. Бұған қоса өзара
сенімділікті нығайту және қарусыздану,
экономикалық, ғылыми-техникалық, т.б.
байланыстарды дамыту, Жерорта
теңізі бойындағы
қауіпсіздік пен ынтымақтастық туралы
құжаттар енгізілді. Кеңеске қатысушылар
алдағы уақытта үнемі кездесіп тұруға
келісті. Келесі кездесулер 1977 жылы Белградта, 1980 — 83 жылыдары Мадридте, 1985 жылы Хельсинкиде, 1986 жылы Венада өткізілді. 1994 жылы Будапешт қаласында Еуропа, Азия, Солтүстік
Американың
55 мемлекет басшылары кездесуінде кеңестің
атын өзгертуге шешім қабылдады.
Батыс Еуропа
Батыс
Еуропа Одағы (БЕО) - Париж келісімінің (1954 жылы)
шешімдеріне сәйкес 1955 жылы құрылған әскери-саяси
одақ. Штаб-пәтері - Брюссельде (Бельгия). Құрамына Бельгия, Ұлыбритания, Италия, Люксембург, Нидерланд, Грекия, Франция, ГФР, Испания, Португалия және үш мүдделес қосалқы
(ассоциациялық) мүше - Түркия, Норвегия, Исландия, олардан басқа бақылаушы
бес мемлекет - Ирландия, Дания, Австралия, Швеция, Финляндия енеді. Батыс Еуропа
Одағы қызметі кеңесшілік сипатта. Оған
мүше елдердің басым көпшілігі әрі НАТО әрі Еуропа одағының мүшелері.
Батыс Еуропа Одағы космос ракеталарын жедел
игеріп, жердің жасанды серіктерін жасау,
одақ қарулы күштерін құрып, оны атом қаруымен
жарақтандырып, НАТО қарулы күштерінің
қарамағына беру саясатын жүргізді. 1984
жылдан бастап жылына екі рет Батыс Еуропа
Одағына мүше елдер өкілдерінің кездесулері
шақырылады. 1991 жылы желтоқсандағы Маастрихт
декларациясы
Еуропа одағымен Батыс Еуропа Одағы арақатынасын
айқындаса, 1995 жылы мамырда Лиссабон кездесуінде одақтың
қарулы күштері әлуетін көтеру мәселелері
қарастырылған. Батыс Еуропа Одағының
Бас органы - Кеңес, сессиясына сыртқы
істер министрлері, қажет жағдайда қорғаныс
министрлері де қатысады. Тұрақты кеңесте
елшілер күнделікті жұмыспен айналысады.
Бас секретариат одақтың барлық органдарының
қызметін үйлестіреді.
Батыс
Еуропа Қазаншұңқыры - Атлант мұхитының солтүстік-шығысында, Британ аралдары мен Солтүстік Атлант су асты жотасының аралығында
орналасқан. Ең терең жері 5023 м. Қазаншұңқыр
солтүстігінде Британ
аралдарының
құрлықтық қайраңына тіреледі. Шығыс бөлігі Бискай шығанағының қайраңына,
оңтүстікке қарай Иберий қазаншұңқырына ұласады.
Қазаншұңқырдың оңтүстік-батысында сөнбеген
су асты жанартаулары бар. Негізгі бөлігін
абиссальді су асты жазықтары алып жатыр. Қайраңы карбонатталған биогендік
лайлы шөгінділермен жабылған. Батыс Еуропа
қазаншұңқырының солтүстік-батыс бөлігі
арқылы Солтүстік Атлант жылы ағысы өтеді.
Оның Канар су ағысымен түйісетін
оңтүстік-шығыс бөлігінде биологиялық
тіршілік күшейеді. Мұнда, әсіресе, сардина, скумбрия, теңіз алабұғасы, киттер мен дельфиндер өте көп таралған. Батыс
Еуропа қазаншұңқыры — Атлант
мұхитындағы
маңызды кәсіптік балық аулау ауданы болып
табылады.
Бретаниядағы мегалиттік қорған
Мегалит
Мәдениеті [1] — негізгі ескерткіштері
қатарына мегалиттер, яғни аса үлкен тастардан
жасалған құрылыстар кіретін көне археологиялық
қазба ескерткіштердің жалпылама атауы. Неолит пен қола
дәуірлеріне
байланысты қолданылады. Атау, ең алдымен, мегалиттік
құрылыстар
кеңінен тараған Батыс Еуропа елдері ғылымына
тән және басқа елдер ғылымына батыстан
енген. Мегалит Мәдениеті 20 ғасырдың басында
О.Монтелиус, С.Мюллер, М.Гернес, сондай-ақ
И.Арнольди, Дж. Дэниел, Дж.Хокинс, Г.Чайлд,
Дж.Кларк, С.Нордман, Е.Шпрокхофф, тағыда
басқа көптеген ғалымдар еңбектерінде
зерттелді. 20 ғасырдың басында ғылымда
алдымен мегалиттік құрылыстарды ғана
қамтитын ерекше мегалит мәдениеті жайлы
пікірлер қалыптасты. Осы тәсіл мегалиттік
құрылыстарды тек әлдеқандай бір этникалық
топтарға таңатын, ал бұл ескерткіштердің
таралуын осы топтардың бір өлкеден екінші
өлкелерге жылжуымен түсіндіретін пікірлердің
туындауына мүмкіндік берді. Бұдан келіп
көне дәуірлерде алып мегалиттер салумен
шұғылданған ерекше “құрылысшы” халық
өмір сүрген, ол мұхит жағалауларымен
жылжып отырған дегенге саятын көзқарас
пайда болды. 20 ғасырдың 2-жартысынан бастап Батыс Еуропаның неолит пен қола дәуірлерін
қамтитын көне мәдениеттерін кеңінен
зерттеу ісі қарқынды дамыды. Осы кезден
бастап мегалиттер салумен шұғылданған
ерекше халық жайлы болжам пікірлер өмір
сүруін тоқтатты. Түрлі деңгейде зерттелген
Батыс Еуропа мегалит мәдениеті қатарына
көптеген мәдениеттерді жатқызуға болады.
Гүлдену мерзімі б.з.б. 2400 — 2300 жылдарға
тұстас келетін Франциядағы Сена-Уаза-Марна
(СУМ) мәдениетінің қабырғалары үлкен
тастармен көмкерілген, ішінде 70-ке дейін
адам жерленген “жабық галерея” түріндегі
қабірханалары белгілі. Шақпақ тастан
жасалып, жақсы өңделген балталар, жапырақ
пішіндес қанжарлар мен түбі тегіс қарапайым
көзелер көптеп табылған. Бретань мегалиттер
дәуірі мәдениетінің өз ерекшеліктері
бар. Британияда мегалиттер жергілікті
уиндмиллхилл мәдениетінің кезінде тарайды.
Мұндағы 1925 ж. зерттелген негізгі ескерткіш
Уиндмилл-Хилл қонысының алғашқы қабаттары
б.з.б. 3-мыңжылдықтың басымен мерзімделеді.
Кейінгі неолитте, б.з.б. 3-мыңжылдықтың
соңы мен 2-мыңжылдықтың басында Оңт. Англия
мен Шотландияда райнио-клектон мәдениеті
қалыптасты. Осы мәдениет ауқымында Британияның
атақты ескерткіші Стонхендждің ерте
бөлігі пайда болды (бұл мегалиттік ескерткіш
3 кезеңде салынған, 3 бөліктен тұрады).
Англияның мегалиттер дәуіріндегі айрықша
ескерткіштерінің бірі — Эвбюри кешені. Бұған диам. 350 м үлкен
кромлех, менгирлер аллеясы, Овертон-Хилл
ғұрыптық құрылысы, көптеген “ұзын обалар”
мен мегалиттік қабірлер, күшейтілген
қалашық және жалпы Еуропаның ең үлкен
обаларының бірі саналатын биікт. 37,5 м
Сильбюри-Хилл обасы кіреді. Ирландияның
үлкен тас обалар астындағы мегалиттік
қабірханалары, негізінен, жергілікті
клайд-карлингорд мәдениетіне қарасты.
Батыс Еуропаның неолиттік мәдениеттері
бір-бірімен байланыста дамыды, мұның
өзі мегалиттік ескерткіштердің кең тарауына
әсер етті.
Информация о работе Еуропадағы қауіпсіздік пен ынтымақтастық жөніндегі кеңес