Германия Федерациялық Республикасы

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 18 Февраля 2012 в 19:14, реферат

Описание

Германия - Орталық Eуропада 16 жеке не жартылай тәуелсіз федералдық жерлерден тұратын ел.Бүгінгі Германия Республикасының елордасы және мемлекеттік құрылымдары орналасқан жері — Берлин қаласы болып табылады. 82 млн халқы бар Алмания мемлекеті — әзірше Еуропадағы халқы санынан ең ірі мемлекет.

Работа состоит из  1 файл

Германия Федерациялық Республикасы.docx

— 25.65 Кб (Скачать документ)

Германия  Федерациялық Республикасы

 
 

-Туы 
 
 
 
 

 
 
 

-Елтаңбасы 
 

Астанасы- Берлин

Валютасы- Еуро

Жерінің ауданы – 357 мың км2

Халқы – 82,4 млн  адам  

     Германия - Орталық Eуропада 16 жеке не жартылай тәуелсіз федералдық жерлерден тұратын ел.Бүгінгі Германия Республикасының елордасы және мемлекеттік құрылымдары орналасқан жері — Берлин қаласы болып табылады. 82 млн халқы бар Алмания мемлекеті — әзірше Еуропадағы халқы санынан ең ірі мемлекет.

Әкімшілік-аумақтық бөлінісі:Германия – федеративті мемлекет болып табылады. Әкімшілік-аумақтық бөлінісіне қарай 16 жерден тұрады. Негізгі заңы – конституциясы 1949 жылғы 23 мамырда қабылданған. Елдің федералдық президенті Федералдық жиналыста бес жыл мерзімге сайланады. Қазіргі Федералдық президенті Хорт Келер, ол 2004 жылдың 23 мамырында сайланған. Германия парламенті екі палатадан – Бундесрат (жоғарғы) және Бундестагтан (төменгі) тұрады. Бундесратты жер үкіметі өкілдерінің 68 мүшесі құрайды. Егер федералдық президент болмаған немесе ол өзінің міндетін атқаруды мерзімінен бұрын тоқтатқан жағдайда мемлекет басшысының міндеті Бундесрат төрағасына көшеді. Ал Бундестаг төрт жыл мерзімге жасырын дауыс беру арқылы сайланған 603 депутаттан тұрады. Атқарушы билік – федералдық үкіметтің құрамына германдық Бундестагта сайланған Федералдық канцлер мен федералдық министрлер кіреді. Федералдық канцлер мемлекеттің ішкі және сыртқы саясатының негізгі бағыттарын айқындайды. Германия қазіргі Федералдық канцлері – Ангела Меркель.

Саяси партиялары:Германия Федеративті Республикасында бірқатар саяси партиялар қызмет етеді. Олардың ішінде негізгілері, яғни басқа партияларға қарағанда ықпалы күшті алты партияны бөле-жара атаған жөн. Ретіне қарай атайтын болсақ, 1869 жылы құрылған Алмания Социал-демократиялық партиясы; 1945 жылы құрылған Христиан демократиялық одағы. Бұл партияны Федералдық канцлер Ангела Меркель басқарады. Негізгі мақсаты – Батыс елдерімен интеграция жасау және әлеуметтік нарықтық экономика. Бұдан кейінгісі Христиан әлеуметтік одағы; Еркін демократиялық партиясы; Демократиялық социализм партиясы және 1990 жылы құрылған “Жасылдар” одағы. 2002 жылғы қыркүйекте өткен Бундестаг сайлауында тиісті 603 орынның 251-ін Германия Социал-демократиялық партиясы, 248-ін Христиан демократиялық одағы мен Христиан әлеуметтік одағы, 55-ін “Жасылдар”, 47-сін Еркін демократиялық партиясы, ал 2 орынды Демократиялық социализм партиясы алды.  

Эканомикасы:Германия экономикасы дамыған елдердің алдыңғы қатарынан орын алады. Негізгі салалары мәшине жасау, электр техникасы, металлургия, химия және фармацевтика өнеркәсібі, тағы басқа салалар ел экономикасының өркендеуіне қомақты үлес қосып келеді. Сонымен қатар, көлік инфрақұрылымы ерекше маңызға ие. Ірі 13 әуежай, 6,8 мың шақырымнан асатын ішкі су жолдары күндіз-түні жұмыс істейді. Бұған Солтүстік теңізіндегі Гамбург пен Бремен, Балтық теңізіндегі Киль, Любек және Росток теңіз порттары қосылады. Алманияның сыртқы саудадағы әріптестеріне келсек, ең алдында Франция тұр. Одан соң импорт бойынша Нидерланды, Италия, Ұлыбритания, АҚШ, ал экспорт бойынша Ұлыбритания, Италия, АҚШ және Нидерланды келеді. Германия БҰҰ мен ЕҚЫҰ-ның жұмыстарына белсенді түрде қатысып жүр. Өз тараптарынан беделді бұл халықаралық ұйымдарға айтар¬лықтай қаржы және кадр ресурстарын бөліп отырады. Сондай-ақ, Германияның алдына қойған ба¬сым бағыттарының бірі – БҰҰ Қауіпсіздік Кеңесіне мүше болу. Ал Германияның Орталық Азия елдеріне байланысты ұстанған саясаты айқын, ол – экономикалық салаларда мүмкіндігіне қарай ынтымақтастық жасау. 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 

 
 
 
 

Тақырыбы: Германия Федерациялық Республикасы 
 
 
 
 
 

                                    Дайындаган:Өнербекова Гулсая

                                    Тексерген:Өтеулиева О

Информация о работе Германия Федерациялық Республикасы