Германия

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 16 Февраля 2012 в 17:37, реферат

Описание

Астанасы: Берлин
Халық саны: 81540000
Аумағы: 357868 км.кв
Тілі: неміс және ағылшын
Діні: лютеран және римдік -католик шіркеуі

Работа состоит из  1 файл

Германия[2].docx

— 93.78 Кб (Скачать документ)

Германия

 

Астанасы:  Берлин

Халық саны: 81540000

Аумағы: 357868 км.кв

Тілі: неміс және ағылшын

Діні: лютеран  және римдік -католик шіркеуі

Ұраны: “Бірлік, құқық және бостандық”

Ақшасы: неміс  маркасы

Басқару формасы: Федеративтік Республика

Негізгі өндіріс  саласы: қара металлургия, автокөлік, құрал-жабдық және электроника шығару

Ауыл шаруашылығында өндіретін негізгі өнімдер: бидай, картоп, шарап, сиыр еті, шошқа еті, көмір

Халық тығыздығы:1м.кв- 228 адам

Шекаралас мемлекеттер: Дания, Польша, Чехия, Австрия, Швецария, Франция, Люксимбург, Бельгия, Недерланды

             

                                                                                                                                      

                Германия әкімшілік-аумақтық бөлінісіне қарай 16 жерден тұрады. Негізгі заңы-конституциясы 1949 жылғы 23 мамырда қабылданған. Елдің федералдық президенті Хорт Келер, ол 2004 жылдың 23 мамырында сайланған. Германия парламенті екі палатадан- Бундесрат(жоғарғы) және Бундестагтан (төменгі) тұрады. Бундесратты жер үкіметі өкілдерінің 68 мүшесі құрайды. Егер федералдық президент болмаған немесе ол өзінің міндетін атқаруды мерзімнен бұрын тоқтатқан жағдайда мемлекет басшысының міндеті Бундесрат төрағасына көшеді. Ал Бундестаг төрт жыл мерзімге жасырын дауыс беру арқылы сайланған 603 депутаттан тұрады. Атқарушы билік- федералдық үкіметтің құрамына гермондық Бундестагта сайланған Федералдық концлер мен Федералдық министрлер кіреді. Федералдық концлер мемлекеттің ішкі және сыртқы саясатының негізгі бағыттарын айқындайды. Германияның қазіргі Федералдық концлері – Ангела Меркель.

            

Саяси жүйесі

                 Германия – парламенттік басқару формасындағы республика. Елдің іс жүзіндегі саяси басшысы ретінде Бундесконцлер( үкімет басшысы, Примьер –министр) қызмет атқарады. Ал Бундеспрезидент болса саяси билік жүргізу мен өз бетінше заң қабылдап, шешім шығару құқықтарына ие емес. Ол ресми түрде (саяси символ ретінде) елдің басшысы болып табылады.

 

Халқы мен демографиясы

                 Германияның халқы бірнеше жылдан бері 81540000 адамды құрайды. Бұл көрсеткіш тек елдің азаматтарының саны. Олардан басқа, Германияның азаматы болмасада жұмыс істеп жүрген, басқа елдерден босқын ретінде келген адамдар бар.

                Германияда немістердің саны көп.Немістерден кейінгі орында түріктер тұр. Олардың саны З млн. шамасында.

                Жыл өткен сайын немістердің саны азаюда. Бұл демографиялық жағдай 1972 жылдан бері жалғасып келеді. Германия халықтарының арасында немістердің табиғи өсім көрсеткіші мүлдем төмен. Жалпылай алғанда, Германиядағы табиғи өсім көрсеткіші 2008 жылы 1000 адамға шаққанда 8 жан туылып, 10 жан өлген. Тағы бір дерек, Германияда туылатын 10 баланың жетеуі мұсылман отбасыларының үлесінде. Ел халқының 10% ауылды жерлерде, 90% қалалар мен қала маңында тұрады. 

Экономикасы

                 Германия- Еуропадағы экономикалық держава. Оның экономикасы әлеуметтік нарықтық экономикаға негізделген. Мұндай экономика аясында мемлекетте, жеке бизнес өкілдері де елдегі экономиканы толықтай басқара алмайды. Екеуі де халық игілігі үшін жұмыс жасайды. Инфляция тұрақты және төмен.

                 Ел экономикасы автокөлік жасау, ауыр өнеркәсіп , электротехника және химия өнеркәсібі есебінен қарыштап дамыған. Ірі өнеркәіп орындарының филиалдары мен кішігірім өндіріс орындары Германияның салық саясатының кесірінен Еуропаның басқа да елдері мен Азия елдеріне көшуге мәжбүр болды. Көптеген компаниялар шетелдерге кетіп, жұмыссыздық деңгейі арта түсті. Қазіргі кездегі жұмыссыздық деңгейі 11% болып тұрақты түрде сақталуда. Германия үшін мұндай жұмыссыздық деңгейі өте жоғары. Соған қарамастан, елде дамыған технологиялар саласы мен инженерлік салада мамандар тапшылығы байқалады.  Шамамен 92мың маман жетіспейді.

                 Германия БҰҰ мен ЕҚЫҰ-ң жұмыстарына белсенді түрде қатысып жүр. Өз тараптарынан беделді бұл  халықаралық  ұйымдарға  айтарлықтай  қаржы және кадр ресурстарын бөліп отырады.  Сондай –ақ Германияның алуына қойған басым бағыттарының бірі – БҰҰ қауіпсіздік Кеңесіне мүше болу. Ал Германияның Орталық Азия елдеріне байланысты ұстанған саясаты айқын, ол- экономикалық салаларда мүмкіндігіне қарай ынтымақтастық жасау. 

Географиясы мен климаты

               Германияның оңтүстік бөлігі таулы аймақтарға жатады. Альпі тауларының бір бөлігі оңтүстік Германияда. Солтүстік Балтық және Солтүстік теңіздерімен шектесетін жерлер Солтүстік Германия ойпатына жатады. Ең төменгі нүктесі- Нойендорф-Соксенбонде, теңіз деңгейінен 3,54 метр төмендікте жатыр. Көптеген таулар биіктігі орта тауларға жатады. Германиядағы биік таулар тек оңтүстіктегі таулы белдеуде орналасқан. Ең биік шыны-Цугшпитце 2962 метр.

              Орталық Германияда жазық, аласа таулы дала мен орман зонасы орналасқан.

            Ірі өзендері: Рейн(865км), Дунай(700км), Эльба(686км), Везер(451км)және Одер(187км) өзендері.

              Германия қоңыржай климаттық белдеуде орналасқан. Сондықтан табиғаттың қауіпті күйлері бола бермейді. Жазда ауа-райы қатты ыстық болмайды. Жылы болып тұрған күннің өзінде бірден жауын жауып, ауа-райы құбылуы қалыпты жағдай болып саналады. Жаз мезгіліндегі ең жоғарғы температура +35°C, ал орташа +19 °C. +35°C  болатындай ыстық ауа-райы Германияның барлық бөлігінде байқалмайды.

           Германиядағы қыс жұмсақ, яғни, қатты аяз болатындай қыс жоқ. Тіпті кей аймақтарда қар жаумайтын қыс та болып тұрады.Қыс мезгіліндегі орташа температура 0°C. Қыс қатты болған жағдайларда ауа температурасы -20°C болатын аймақтар бар. 
 
 
 
 
 
 

Қазақстан Республикасының  Білім және ғылым  министрлігі

Абай  атындағы Қазақ Ұлттық Педагогикалық Университеті 
 
 
 
 
 
 
 

Реферат

Тақырыбы:_______________________________________________________ 
 

  

                                                           

                                                             Орындаған:__________________________________

                                                             Тексерген:___________________________________ 
 
 
 
 

Алматы 2011 
 

      Қазақстан Республикасы мен  Германия Федеративтік Республикасы арасындағы қатынастар  
 

      Жалпы мағлұматтар

      1991 жылғы 31 желтоқсан- Германия Федеративтік  Республикасы Қазақстан Республикасының  егемендігін таныды.

      1992 жылғы 11 ақпан- екі ел арасында  дипломатиялық қатынастар орнатылды.

      1992 жылғы желтоқсан- Алматы қаласында  ГФР Елшілігі ашылды.

      1993 жылғы қыркүйек- Берлинде ҚР Елшілігі  ашылды, 1999 жылы мамырда Елшілік  Берлин қаласына көшті.

      2007 жылғы 11 қазан- Германия Федеративтік  Республикасының Қазақстан Республикасындағы  Төтенше және Өкілетті Елшісі  болып Райнер Ойген Шлагетер  тағайындалды.

      2008 жылғы 12 наурыз- Қазақстан Республикасының  Германия Федеративтік Республикасындағы  Төтенше және Өкілетті Елшісі  болып Онжанов Нұрлан Баймолданұлы  тағайындалды. 
 

            Саяси қатынастар

      Екіжақты  қатынастар түрлі деңгейдегі байланыстардың жоғары қарқынымен айқышталады, олар достық пен өзара сенімге негізделген. Халықаралық саясат мәселелерінің  басым көпшілігі бойынша ұстанымдарда түсініспеушілік немесе алшақтық жоқ.

      Екі мемлекет арасында саяси, сауда-экономикалық, мәдени-гуманитарлық және білім беру саласында, сондай-ақ халықаралық лаңкестікке  және есірткімен саудаға қарсы, қоршаған ортаны қорғауға бағытталған ынтымақтастықтың негізгі бағыттарын белгілейтін  түрлі құжаттарға қол қойылған.            

Олардың ішінде соңғы екі жылда ғана қол  жеткізілген төмендегі құжаттар мен уағдаластықтарды ерекше атап өтуге  болады:            

Қазақстан Республикасы мен Германия Федеративтік Республикасы арасындағы болашақ үшін ынтымақтастық туралы Бірлескен  мәлімдеме, 2008 жыл;            

ҚР Өндіріс  және сауда Министрлігі мен ГФР  Экономика және технологиялар Министрлігі  арасындағы 2011 жылға дейінгі инновациялық-инвестициялық  серіктестікті қалыптыру мақсатындағы ынтымақтастық туралы Біріккен мәлімдеме, 2008 ж.;            

ҚР Үкіметі  мен ГФР Үкімет арасындағы Қазақ-Неміс  университетін дамыту барысындағы  ынтымақтастық туралы Келісім, 2008 ж.;             

ҚР мен  ГФР арасындағы Болашақ үшін серіктестік  аясындағы Іс-әрекеттер Бағдарламасы, 2009 ж..

     2009 жылғы 3 ақпанда Елбасы Н.Назарбаевтың  ГФР-ға ресми сапары болып,  сол күні екі ел Президенттері  «Қазақстанның Германиядағы жылын»  салтанатты түрде ашты. Сапар  барысында Федералдық президент  Х.Келермен және Федералдық канцлер  А.Меркельмен келіссөздер өтті. Президент  Н.Назарбаев Берлинде жүзден аса  герман кәсіпкерлерінің өкілдері  мен қазақстандық ресми делегация  қатысқан қазақ-неміс бизнес-форумында  сөз сөйлеп, екіжақты сауда-экономикалық  байланыстардың мүмкіндігін толық  пайдалану қажеттігіне тоқтады.  Бизнес-форум барысында сауда-экономикалық  ынтымақтастық туралы бірқатар  екіжақты келісімдерге қол қойылды.  Соның нәтижесінде 2009 жылғы 26 қазанда Астанада «МЕТРО» компаниясы  жобалары жүйесінің бірінші әмбебап  дүкені ашылды.

     Қазақстанның  ЕҚЫҰ-ға төрағалығы қарсаңында ү.ж. 7 мамыр  айында ҚР Сыртқы істер министрі М.Тәжиннің Германияға сапары қазақ-неміс қатынастарын жаңа деңгейге көтеру барысына айтарлықтай  серпін берді. Сапар кезінде қол  қойылған «Іс-әрекеттер Бағдарламасы»  іс жүзінде екі ел арасындағы полифункционалдық  серіктестік аясындағы нақты  жобаларды жүзеге асыруға бағытталған  «Жол картасы» болып табылады.

     2009 жылғы 10 маусымда ҚР Әділет  министрі Р.Түсіпбеков Берлинде  ГФР Федералдық әділет министрі  Б.Циприспен кездесіп, министрліктер  арасында тәжірибе алмасу және  құқықтық ынтымақтастық туралы  Бірлескен Мәлімдемеге қол қойды.

  Сыртқы  саясат саласындағы екі елдің  бастамалары мен ұмтылыстары  өзара толықтырып, қолдау табуда. Соның  ішінде Германия тарапының Қазақстанның ЕҚЫҰ-ға Төрағалығына, ЖСҰ-ға мүше болуға  деген ұмтылысына қолдау көрсетуін, сонымен қатар Қазақстанның Германияның БҰҰ-ның Қауіпсіздік Кеңесіне тұрақты мүше болуын қолдауын атап өтуге болады.

     2009 жылдың 23-25 мамырында Парламенттегі  Президент  өкілдігінің басшысы А.Бейсенбаев басқарған ҚР Парламенті Сенаты және Мәжілісінің 5 депутаты неміс тарапының ЕҚЫҰ-ға дайындық барысында іске асырып жатқан «Қонақтар бағдарламасы» аясында Германияда болып, Бундестагта, Канцлер кеңсесінде, СІМ-де, ІІС-те, сондай-ақ Германияның саяси қорларында болып, қазақ-неміс қатынастарының өзекті мәселелері, сондай-ақ ЕҚЫҰ қызметінің негізгі принциптері мен стандарттары, шешім қабылдаудың тетіктері мен үдерістері, мемлекеттік органдардың транспаренттігі мен ашықтығы туралы пікір алысты.

     2004 жылдан бері Герман Бундестагы  жас қазақстандық саясаткерлер  үшін «Халықаралық парламенттік  практика» бағдарламасын іске  асыруда.

  Германия 2007 жылғы 22 маусымда Брюссель қаласында  ЕО Саммиті барысында қабылданған  ЕО-ның Орталық Азия мемлекеттері бойынша жаңа Стратегиясын дайындауға бастау болды. Бұл құжатта ЕО мемлекеттерінің  ОА елдерімен, оның ішінде Қазақстанмен ынтымақтастығының басты бағыттары  бекітілген. Қазақстандық «Еуропаға  жол» Мемлекеттік бағдарламасы ҚР мен  Еуропа Одағы елдері арасындағы ынтымақтастықты  жаңа сапалы деңгейге көтерудің нақты салалары мен тетіктерін белгілеп берді.

  Екіжақты  қатынастарды нығайту үдерісіне  Қазақстан Республикасының ГФР  Федералдық жерлері- Бавария, Баден-Вюрттемберг, Төменгі Саксония, Гамбург, Бремендегі Құрметті консулдар институты оң үлесін қосуда. Қазақстан Республикасының  беделді де іскер тұлғаларды Құрметті консул етіп тағайындауы әсіресе  аймақтық жерлердегі қазақ-неміс ынтымақтастығын  дамытуға өте пайдалы.

      Қазақстанда тұрып жатқан ұлты неміс азаматтар (230 мың) мен Германияға қоныс аударған бұрынғы қазақстандықтар (924 мың), сондай-ақ осы елдегі этникалық қазақтар (1 мыңнан аса) екі ел арасындағы қатынастардың  дәнекері болып табылады. Осы топтарды әсіресе кіші және орта кәсіпкерлікті  дамытуға бағытталған бірлескен  бағдарламаларға тарту ҚР мен  ГФР арасындағы ынтымақтастықты  дамытуға өз үлесін қосуда. Қазақстанда  тұрып жатқан этникалық немістер мәселелеріне байланысты тұрақты жұмыс  істейтін Қазақ-Герман Үкіметаралық комиссиясының  жеті отырысы болып өтті.

 
 
     Сауда-экономикалық ынтымақтастық

     Германия  Қазақстанның ең ірі сауда-экономикалық әріптестерінің санына енеді. ҚР Индустрия  және сауда министрлігінің мәліметтеріне  қарағанда 2008 ж. нәтижелері бойынша  екіжақты сыртқы сауда көлемінің  көрсеткіші 2004 жылмен салыстырғанда 2,6 есе өсіп, 3,2 млрд. АҚШ долларын құраған.

     Германияның статистика мекемелерінің мәліметтері  бойынша 2008 жылы ҚР мен ГФР арасындағы сауда айналымының көрсеткіші 6,2 млрд. евроға жеткен, ал 2007 жылы бұл  көрсеткіш 5,6 млрд. евро болған.

     Ғаламдық  қаржы және экономикалық дағдарыстың  салдарынан ағымдағы 2009 жылы ГФР-дың  мәліметтері бойынша екіжақты сауданың нақты төмендеуі байқалуда. Сандық салыстырмада осы саладағы көрсеткіш  ү.ж. маусым айында неміс тарапының  ақпараты бойынша 1 млрд. 613 млн. евро (2008 ж. маусым айында – 3 млрд. 29 млн евро), ал қазақстандық мәліметтер бойынша  ү.ж. қаңтар-тамыз айларында - 1,64 млрд. доллар құрады.

     Бүгінгі күні Германия Ресей (20,0 млрд.), Италия (13,2 млрд.), Кытай (12,2 млрд.), Швейцария (11,4 млрд.), Франция (6,2 млрд.), Нидерланды (4,9 млрд.) және Украинадан (4,1 млрд.) кейін  ҚР-ның әлемдік сауда әріптестері  арасында сегізінші орынға иеленіп  отыр.

     Германияның дәстүрлі жетекші экспорттық бағыттарына  машиналар, құрал-жабдықтар, электротауарлар, автокөліктер, дәрі-дәрмектер жатады. Қазақстан Германияға көмірсутектер (жалпы мөлшері – 88,2%), металлдар, химиялық шикізаттар мен ферроқорытпалар  шығарады.

     Қазақстан экономикасына ГФР инвестицияларының  көлемі 3,3 млрд. доллардан асты. Өз кезегінде, жалпы көлемі 95 млрд. доллар құрайтын шетелдегі қазақстандық инвестициялары ішінде Германияның экономикасына 3,2 млрд. доллар қаржы инвестиция құйылды.

     Герман  капиталының қатысуымен Қазақстанда 700-ге жуық бірлескен қазақ-неміс  кәсіпорындары тіркелген. Елдің  экономикалық күш-қуатын бейнелейтін  және германдық жетекші биржалық DАХ индексі тізіміне енетін ГФР-дың  ірі компанияларының көпшілігі  қазақстан экономикасының әр-түрлі  салаларында белсенді жұмыс істейді  және біздің елді сенімді инвестициялық  серіктесі және ТМД мен Орталық  Азия аумағындағы маңызы үлкен мемлекет ретінде қарастырады.

     Сауда-экономикалық және инвестициялық ынтымақтастықтың маңызды бағыты – шағын және орта бизнес өкілдері арасындағы әріптестік, оған ГФР-дың ең ірі өнеркәсіп-қаржы  орталықтарында тұсаукесерлік іс-шаралар  мен Қазақстанның экономика күндерінің өткізілуі зор себін тигізуде.

     Алматыда  жыл сайын Герман экономикасының күндері өткізіледі. Қазақстандағы  Герман экономикасы Өкілдігінің  мәртебесі бүкіл Орталық Азия елдерін қамтитын аймақтық деңгейге дейін көтерілді.

     Сауда-экономикалық ынтымақтастық жөніндегі Қазақстан-Герман Үкіметаралық жұмыс тобының (ҮЖТ) тең  төрағалары қазақстан тарапынан  Экономика және бюджеттік жоспарлау  министрі Б.Сұлтанов, герман тарапынан  ГФР-ның Экономика және технология министрлігінің Статс-секретарі К.-Э.Браунер  болады. 1992 жылдан бері ҮЖТ-ың 7 отырысы  өткізілді.

     ГФР Федералдық президенті Х.Кёлердің Қазақстан  Республикасына (2008 ж. 2-4 қыркүйек) және ҚР Президенті Н.Назарбаевтың Германияға (2009 ж. 3 ақпан) сапарлары екіжақты қатынастардың  барлық салаларының дамуына жаңа серпін берді. Кездесулер барысында 2011 жылға дейінгі инновациялық-инвестициялық  серіктестік туралы Бірлескен мәлімдемеге  қол қойылып,  Берлин қаласында ҚР Сауда-өнеркәсіп палатасының өкілдігін ашу туралы және тағы басқа маңызды шешімдер қабылданды. Жалпы қаржылық сомасы 400 млн. доллар құрайтын жобалар бойынша қол қойылған бес құжат Қазақстан экономикасына озық неміс технологиялары мен жабдықтарының трансфертін қамтамасыз етуге бағытталған. Неміс тарапымен 50 басым жобаларды іске асыру туралы уағдаластыққа қол жеткізілді. «Қазақстан-Герман аграрлық-саяси пікір алмасу» белсенді түрде іске асырылып жатыр.

     2009 жылы ҚР-ның үкіметтік делегациялары  ең ірі халықаралық көрмелеріне,  атап айтқанда ауылшаруашылық  «Жасыл апта» көрмесіне, «ИТБ»  туризм жәрмеңкесіне және Берлинде  өткен «Иннотранс» көлік көрмесіне,  сонымен қатар Ганновер өнеркәсіп  жәрмеңкесіне қатысты.

     Германиядағы  Қазақстан жылының шеңберінде Бавария, Баден-Вюртемберг, Саксония, Солтүстік  Рейн-Вестфалия федералдық жерлерінде және еркін-ганзей Гамбург қаласында  ҚР экономикасы күндері өткізілді. Бремен қаласында алғашқы рет  Қазақстан-Герман ғарыш күндері  және Ройтлинген қаласында қазақстандық менеджерлерді даярлау бағдарламасы түлектерінің конференциясы ұйымдастырылды.

     2009 ж. 7-9 қыркүйекте Экономика және  бюджеттік жоспарлау министрі  Б.Сұлтанов бастаған қазақстандық  делегацияның ГФР-ға сапары өтті, олар «Еуропаға жол: Қазақстанның  экономикалық және әлеуметтік  даму стратегиясы» атты экономикалық  форумға қатысты. Сапар шеңберінде  ҚР мен ГФР кәсіпорындарының  арасында 9 коммерциялық контрактілерге  қол қойылды және Берлинде  ҚР СӨП өкілдігі ресми түрде  ашылды.

     Елшіліктің  бастамасымен Қазақстанмен Орталық  және Шығыс Еуропа Бірлестігі (OMV) шеңберінде ынтымақтасу бойынша 300-ден астам  ОШЕ және ТМД елдерімен ынтымақтастық  дамытатын герман кәсіпорындары  енген экономикалық Жұмыс тобы құрылды. Жұмыс топтың төрағасы болып Deutsche Bank-тың  басқарушы директоры Петер Тилс сайланды. ЖТ отырыстары әр жарты жылда  бір рет өткізілетін болып  келісілді.  
 

          Мәдени және гуманитарлық саладағы ынтымақтастық

     ҚР  мен ГФР арасындағы мәдени және гуманитарлық саладағы ынтымақтастық 1994 жылғы 16 желтоқсанда  қол қойылған ҚР мен ГФР Үкіметі  арасындағы «Мәдени ынтымақтастық  туралы» Келісімнің негізінде іске асырылады. Осы саладағы өзекті мәселелер  Қазақ-Герман Үкіметаралық жұмыс комиссияның  отырыстарында қаралады.

     2009 жыл қазақ-неміс байланыстарында  ерекше орын алады, себебі  ол- Еуропа елдері аумағында алғашқы рет кең көлемде өткізіліп отырған Германиядағы Қазақстан жылы. Жыл аясында тек бірінші жартыжылдықтың өзінде 60-тан аса саяси, экономикалық және мәдени шаралар іске асырылды. Олардың ішінде Құрманғазы атындағы Қазақ мемлекеттік академиялық халық аспаптар оркестірінің және Республикалық Неміс театрының гастрольдері, Алматы қаласының Штутгарт қаласындағы күндері аясында «Сазген Сазы» ансамблінің концерттері, Қазақстан шеберлерінің суреттері және зергерлік бұйымдар көрмесі, Астана туралы фотокөрме, қазақ-неміс Жастар форумы, оқушылар алмасуы, Астана және Берлин құрама командаларының бокс спортынан сайысын және де басқа шараларды атап өтуге болады. Екінші жартыжылдыққа атақты қазақ пианисті Ж.Әубакированың концерті, Кельн қаласында «Ұлт және дінаралық түсіністік: көпұлтты Қазақстанның дамуының жаңа моделі» форумы, қазақ фильмдерінің апталығы, Қаазқстан суретшілерінің көрмесі және Германиядағы Қазақстан жылының жабылуы салтанатына арналған өнер шеберлерінің Гала-концерті және т.б. жоспарланған.

     2006 жылдан бері Елшіліктің неміс  оқырмандарына арнаған «Қазақ  кітапханасы» жобасы табысты  іске асырылып, Абайдың таңдамалы  шығармалары, М.Әуезовтың «Келіндер  көтерілісі», Ә.Кекілбаевтың «Аңыздың  ақыры», Ә.Нұрпейісовтың «Соңғы парыз», Т.Ахтановтың «Дала сыры», О.Сүлейменовтың  «Әлем шегіндегі бір минут  үнсіздік» кітаптары неміс тіліне  аударылды.  
 

          Білім саласындағы ынтымақтастық

     Екі ел арасында білім және  ғылыми зерттеулер саласындағы ынтымақтастық та тез дамып келеді.

     1999 жылдан бері мамандарды неміс  стандарттары бойынша дайындайтын  Алматыда Қазақ-Неміс университеті  жұмыс істейді. ҚР мен ГФР  Үкіметтері арасындағы Қазақ-Неміс  университетін дамыту мақсатындағы  ынтымақтастық туралы келісімнің  аясында аталған жоғары оқу  орнында қосымша жаңа мамандықтар  ашу, оқу ғимаратын жаңармалы  қуат көздерін пайдаланудың үлгісі  ретінде қайтадан салу жұмыстары  қолға алынды.

     Қазақстанда 1994 жылдан бері Қазақстанда Гете институты, 1989 жылы Герман академиялық алмасу қазметі (ДААД), Герман педагогикалық  алмасу қызметі, түрлі саяси қорлар жұмыс істейді.

     Германияда 2009 жылы«Болашақ» Халықаралық бағдарлама Орталығы  ашылып, осы елде оқитын 200-ге жуық қазақстандық студенттердің форумын өткізу дәстүрге айналды.

Информация о работе Германия