Экологиялық туризмнің

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 11 Мая 2013 в 15:43, реферат

Описание

Экологиялық туризмнің пайда болу себептері көп, бірақ ең бастылары ол әлемнің жалпы экологиялық жағдайының күннен күнге нашарлауы яғни бүлінуі және техникалық прогресс пен урбанизациядан шаршаған адам баласының табиғатқа яғни таза ауамен демалып нерв жүйке салмағынан құтылуға ұмтылуы.Туризмнің бұл түрінің пайда блуының басты ерекшелігі, ол осы экологиялық туризмнің тұрақты даму концепциясының арқасында әлемдегі табиғи ортаны қорғауға кететін шығын мөлшерінің бірнеше есе азаюы.

Содержание

Кіріспе………………………………………………….................................. 3

1 Экологиялық туризм географиясының теориялық және методологиялық сұрақтары………………………………….................. 4-10
1.1 Экологиялық туризм ұғымы........................................................... 4-
1.2 Экологиялық туризм ерекшеліктері……………………................ 7
1.3 Экологиялық туризмнің әлеуметтік-экономикалық маңызы………………………………………………………............ 9
1.4 Қазіргі заманғы классификациядағы экологиялық туризмнің алатын орны……………………………………............................. 10

2 Экологиялық туризм және тұрақты даму…………………...... 13
2.1 Мемлекеттердің тұрақты даму концепциясы……………............ 13
2.2 Экологиялық туризм тұрақты дамуға жету құралы ретінде……………………………………………………….......... 16
2.3 Тұрақты дамудағы экологиялық туризм ролінің географиялық аспектілері………………………………….................................... 18
2.4 Әлемнің кейбір мемлекеттеріндегі экологиялық туризмнің маңызы мен ролі………………………………….......................... 22
2.5 Биологиялық әртүрлілікті сақтаудағы экологиялық туризмнің ролі………………………………………………............................ 25

3 Экологиялық туризмнің Қазақстандағы дамуының алғышарттары мен перспективалары…………………........................31
3.1 Қазақстандағы экологиялық туризм дамуының жағдайы мен оның талғануы……………………………………………............. 31
3.2 Экологиялық туризмді дамыту мақсатындағы республиканың ресурстық потенциалы…………………….................................... 34
3.3 Қазақстандағы экологиялық туризмнің дамуының проблемалары мен перспективалары………………………….............................. 38

Қорытынды………………………………………………………………...... 40

Пайдаланылған әдебиеттер………………………………………………… 42

Работа состоит из  1 файл

Экологиялық туризм және оның маңызы.doc

— 293.50 Кб (Скачать документ)


Мазмұны

 

 

Кіріспе………………………………………………….................................. 3

 

1 Экологиялық  туризм географиясының теориялық  және                 методологиялық сұрақтары………………………………….................. 4-10

1.1 Экологиялық туризм ұғымы........................................................... 4-

1.2 Экологиялық туризм ерекшеліктері……………………................ 7   

1.3 Экологиялық туризмнің әлеуметтік-экономикалық             маңызы………………………………………………………............ 9  

  1.4 Қазіргі заманғы классификациядағы экологиялық туризмнің         алатын орны……………………………………............................. 10

 

2 Экологиялық туризм және тұрақты даму…………………...... 13  

       2.1 Мемлекеттердің тұрақты даму концепциясы……………............ 13    

         2.2 Экологиялық туризм тұрақты дамуға жету құралы            ретінде……………………………………………………….......... 16  

2.3 Тұрақты дамудағы экологиялық туризм ролінің географиялық аспектілері………………………………….................................... 18    

2.4 Әлемнің кейбір мемлекеттеріндегі экологиялық туризмнің            маңызы мен ролі………………………………….......................... 22    

2.5 Биологиялық әртүрлілікті сақтаудағы экологиялық туризмнің ролі………………………………………………............................ 25 

 

3 Экологиялық  туризмнің Қазақстандағы дамуының                  алғышарттары мен перспективалары…………………........................31   

3.1 Қазақстандағы экологиялық туризм дамуының жағдайы мен            оның талғануы……………………………………………............. 31      

3.2 Экологиялық туризмді дамыту мақсатындағы     республиканың ресурстық потенциалы…………………….................................... 34  

3.3 Қазақстандағы экологиялық туризмнің дамуының проблемалары        мен перспективалары………………………….............................. 38

 

Қорытынды………………………………………………………………...... 40

 

Пайдаланылған әдебиеттер………………………………………………… 42    

 

 

 

 

 

 

 

Кіріспе

 

    Туризм, өзінің  бағыттарымен, соңғы жылдары әлемнің  көптеген мемлекеттерінің  шаруашылығының  негізгі саласына яғни «пайда  көзіне» айналды. Ал бағыттарының ішінде өзін айқын көрсетіп, маңыздылығы жағынан алдыңғы қатарда тұрған ерекше түрі – экологиялық туризм.

    Экологиялық  туризмнің пайда болу себептері  көп, бірақ ең бастылары ол әлемнің жалпы экологиялық жағдайының күннен күнге нашарлауы яғни бүлінуі және техникалық прогресс пен урбанизациядан шаршаған адам баласының табиғатқа яғни таза ауамен демалып нерв жүйке салмағынан құтылуға ұмтылуы.Туризмнің бұл түрінің пайда блуының басты ерекшелігі, ол осы экологиялық туризмнің тұрақты даму концепциясының арқасында әлемдегі табиғи ортаны қорғауға кететін шығын мөлшерінің бірнеше есе азаюы. Жер шарындағы экологиялық жағдайдың күрт нашарлауы мемлекеттік және мемлекеттік емес ұйымдар экологиялық орталықтар, туристтік фирмалар қоғамға қоршаған ортаға зиян келтіруіне төтеп беру жолдарын ізейді. Сонымен қатар жануарлар әлемін қорғау проблемасы туындайды. Осы проблемалардың шешу жолдарын біріктіретін экологиялық туризм болды.

    Біріккен Ұлттар  Ұйымы (БҰҰ) 2002 жылды Халықаралық экотуризм жылы деп жариялады. Сол жылы мамыр айында Квебек провинциясында (Канада) Дүниежүзілік экотуризм саммиті өтті. Осы саммитқа дайындық барысында Дүниежүзілік туристік ұйым (ДТҰ)  тәжірибе алмасу мақсатында аймақтық конференциялар мен семинарлар өткізу инициативасын ұсынды. Соған байланысты Алматы қаласында (Қазақстан) «Экотуризм – XXI ғасырдағы ТМД, Қытай және Моңғолия елдерінің өтпелі экономикаларының тұрақты даму құралы» атты, 2001 жылы қазан айында, семинары өтті.

    БҰҰ-ның Генералды ассамблеясы мемлекеттік және мемлекеттік емес ұйымдарды, халықаралық бірлестіктерді, даму агенттіктерін және әр туристті, экотуризм тұрақты дамудың маңызды факторына айналу үшін, қосымша көмегін тигізуге шақырады, себебі  ол қоршаған ортаның биологиялық әртүрлілігі мен жергілікті халықтың әлеуметтік-экономикалық тұрақтылығын сақтауға жағымды ықпалын тигізеді.

    Бүгінгі таңда Қазақстанды  экологиялық туризмнің дамуы  үшін жаңа құрылып келе жатқан  нарық деп қарастыруға болады. Биологиялық және геологиялық  әртүрлілік, халықтың минималды  тығыздығы, бай тарихи және мәдени мұра республиканың өте зор экотуристтік потенциалын айқындайды.

 

 

 

 

 

 

 

 

    1. Экологиялық туризм ұғымы

 

Туризмнің даму проблемалары әрқашан актуалды болатын, бірақ  оларды қазіргі нарықтық жағдайда шешу үшін оларға ерекше бақылау керек, себебі жылдан жылға өсіп келе жатқан миграция қоршаған ортаға қауіп төндіреді, ол қауіпті, өндіріс, урбанизация және көлік құралдарының даму барысындағы келтіретін қауіптеріне тең деп айтуға болады. Бұл өте көп адамдардың бір жерде шоғырлануын кесірінен ландшафттың бұзылуы, қоқыс-қалдықтардың бір жерде жиналуы, музыкалық аппараттардың динамиктері шығаратын зиянды шу толқындары және көлік құралдарының төндіретін қауіпі. Су мен ауаның ластануына негізінен туризм моторизациясы үлкен үлесін қосты. Көпшілік туризмнің экологиялық талаптардың орындалмай дамуы табиғи кешендердің біртіндеп деградацияға ұшырауына әкеп соқтырды. Рекреациялық территориялардың деградацияға ұшырауының бір себебі ол туристік ұсыныстың туристік сұраныстан әлдеқайда төмен болуы, яғни рекреациялық саланың обьектілердің саны мен көптүрлілігі бойынша жеткіліксіз дамымағандығында, ал ол өз кезегінде адамдардың бір жерде, яғни өздерінің байырғы үіреніп қалған аумақтарында шектен тыс шоғырлануына әкеп соқтырады. Соған байланысты әлемнің көптеген елдерінде табиғи кешендердің бірқалыптылығын сақтайтын жоспарланған территориалды туризмнің түрі пайда болды. Ол туризм түрі әлемде «экологиялық туризм» атын алды.

Қазіргі қоршаған ортаның  қарқынды деградациялауы кезінде экологиялық  туризмнің басты маңызы әрі ролі, ол табиғи ресурстардың бірқалыпты рекреациялық пайдалануында.

Қазіргі заманғы туризм дамуының басты ерекшелігі, экологиялық туризм арқылы толық ашылады деп айтуға болады. «Экологиялық туризм» термині және «экотуризм» яғни оның қысқартылған түрі ағылшындардың «ecological tourism» және «ecotourism» сөздерінен шыққан. «Экологиялық» эпитеті әрине ағылшындардың, американдықтардың, канадалықтардың әдебиеттерінде және басқа да көптеген елдерде жалғыз емес, мысалы, тағы «табиғи туризм», «жасыл туризм», «жұмсақ туризм» терминдері кездеседі. Соңғысы негізінен неміс тілді елдерінде қолданылады. Оларда «экологиялық» анықтамасы өте сирек қолданылады.

Бұл саланың іс-әрекет сферасын ұғу үшін оның анықтамасының  бірнеше айқындамаларын анықтау  керек. Бірақ айта кететін бір  жайт, ол экотуризм ұғымының қазіргі кезге дейін толықтырылып (өзгертіліп) және дамып келе жатқандығында. Бірақ осы анықтамалардың әрқайсысы экотуризмнің маңызды аспектілерін ашады. И. Криппендорф (J. Krippendorf) анықтамасына сәйкес, экологиялық туризмнің басты мақсаты, ол автор алдын ала айтып кеткендей «тыныш немесе тыныштық туризмнің» осы адамдардың, жергілікті халықтың және ландшафт талаптарына сай, ландшафтпен физикалық және мәдени байланысын қамтамасыз ету.

К.Х. Рохлитц (K.H. Rohlitz) басқа анықтама ұсынған. Осы автордың ойынша «жұмсақ туризм – жергілікті халыққа экономикалық пайда түсіретін және келген қонақтар мен соңғылардың арасында қарым қатынасты қамтамасыз ететін және ландшафт пен жергілікті әлеуметтік-мәдени ортаға зиян келтірмейтін сандық біркелкі туризм».

Келесі кезекте Австралия Үкіметі мен туристік-табиғи ұйымдардың «Экотуризмнің ұлттық стратегиясы» құжатында келтірген анықтамасы. Анықтамада былай жазылған: «Экотуризм – қоршаған ортамен таныстыратын және оны түсіндіретін, тірегі табиғат болып табылатын тұрақты экологиялық туризм»

Кейбір мәліметтер бойынша «экотуризм» терминін күнделікті өмірге 1987 жылы Hector Ceballos-Lascurian енгізен. Ол мынадай анықтама ұсынды: «Саяхат кезінде біршама бүлінбеген және ластанбаған, өзіне тән таңқалдырарлық, әдемі, зерттеу және ләззат алу ландшафттары, жануарлар, өсімдіктер әлемін өзіне қосатын туризмнің бір саласы.

Кейін, 1991 жылы АҚШ-та орналасқан Экотуризм қоғамымен оның өзгертілген  анықтамасы ұсынылды. Соған сәйкес, экотуризм – табиғи ортасы жақсы  сақталған жерлерге шынайы және мәдени-этнографиялық ақпарат алу мақсатымен жасалатын саяхат түрі. Сонымен қатар ол экожүйенің бірқалыптылығын бұзбайды және жергілікті табиғатты қорғауды табысты іске айналдырады. Бірақ 1993 жылы сол Қоғаммен ұсынылған анықтаманың тағы бір нұсқасы бар: «Жергілікті халықтың көңіл күйін жақсартатын және қоршаған ортаны қорғайтын табиғи аймақтарға жауапты сапар».

Осы анықтамалардың қысқаша  анализін қорытындылай келе экотуризмге  қойылатын бес негізгі крийтерийлерді ерекшелеуге болады:

  1. Экотуризм негізінен табиғатқа бағытталу керек және негізінен керек табиғи ресурстарды пайдалану;
  2. Экологиялық тұрақты болу керек, яғни адамның тұрғылықты ортасына зиян келтірмеу немесе зиян келтіру дәрежесін минимизациялау;
  3. Экологиялық білім беру мен танымдылыққа бағытталу керек және адам мен табиғат арасында толыққанды қарым-қатынастың құрылуына ықпалын тигізу керек;
  4. Жергілікті әлеуметтік-мәдени ортаның сақталуын өз қарамағына алу керек;
  5. Өзінің болған аймақтарында экономикалық эффективті және олардың тұрақты дамуын қамтамасыз ету керек.

    Осы бес  критерий экологиялық турларды  басқа экологиялық емес турлардан  айыру үшін жеткілікті.

     Алдында айтылып кеткендей «экотуризм» термині жақында пайда болған, бірақ демалыс түрі ретінде көптеген жылдар бұрын, нақтырақ айта кететін болсақ XIX ғасырдың басында европалықтар Африка мен Үндістанда жабайы өмірді (сафари) көру мақсатымен саяхаттап жүрген кезде пайда болған. Ең бірінші американдық ұйымдастырылған орнитологиялық турлар XX ғасырдың басында пайда болған, ал Европада бірінші орнитологиялық сапарлар 1961 жылы пайда болды. Бүгінгі күні экологиялық туризм әр континент пен әрбір елге жеткен. Статистикалық мәліметтерге сүйенсек экологиялық туризм әлемдік туристік нарықтың 23% алады, ал оның даму қарқыны туризм индустриясының басқа салаларынан әлдеқайда алда.

   Экологиялық туризмнің  құрылуы және дамуымен бірге  оның басқа туризм жақындау  процессі байқалады. Табиғатқа  жақындау процессі көпшілік туризмде  де байқалады. Жағажай демалысы , круиздер, іс-сапарлар және т.б.  түрлеріне жиі табиғи және ұлттық-этнографиялық саябақтарға бару кіреді. Соған байланысты экологиялық туризмнің шекаралары анық емес және нақты сипаттауаға келмейді.

Бірақ менің ойымша экологиялық  туризмді және жалпы оның секторын бүкіл туризм индустриясы салаларынан  айыру үшін негізгі екі жолы бар.

Біріншісінде міндетті түрде сапардың ішінде жабайы табиғаттың болуы. Соған байланысты авторлардың көбі табиғат пен жергілікті мәдениет арасындағы шекара өткізу қиыншылығынан соңғысын табиғатпен бірге экотуризм обьектілеріне қосады. Бірақ бұл жағдайда да бұл анықтаманың сиымдылығы сарқылмайды. Антропогендік территорияларда демалу мақсатындағы туризм түрі кең тараған. Бұл негізінен дамыған мемлекеттерге тән. Оның ішіне агротуриз де кіреді.

Екінші жолында экотуризм  бұл басқа дәстүрлі туризм түрлерінен ресурс сиымдылығы аз бола тұра, қолданылатын табиғи және басқа да ресурстарды деградацияға ұшыратпайды. Бұл жерде «экологиялық» термині - «тұрақты» сөзіне теңестіріледі.

 Туризм тұрақтылығына, одан түскен табыстың (пайданың) белгілі бір бөлігін ресурстардың қайта қалпына келтіруіне, қорғауға және туристік ресурстардың сапасы мен қоршаған ортаға жағымсыз яғни зиян тигізетін процесстерді ликвидациялауға жұмсалғанда ғана жетеді.

 Экологиялық туризмнің пайда болуы және оның дамуы адамдардың, ең бастысы табиғатпен тілдесуге, оның обьектілері мен құбылыстарымен танысуға және қоршаған ортада болатын өзгерістерді минимизациялауға талпынуымен түсіндіріледі.

Қоршаған орта мен  жалпы туризм арасында екіжақты байлйныс бар. Экологиялық туризмде - табиғатты  қорғауға туристтердің өзі де және туристік ұйымдар да талпынады; соңғылары өздерінің қызмет көрсетулерін алға жылжытуға байланысты, олардың ішіне сапалы қызмет көрсету, табиғи территориаларды жақсарту, жануарлар мен өсімдіктердің популяциасын қайта жаңғырту кіреді, себебі шынайы табиғи орта туристтердің арасында үлкен сұранысқа ие.

 

 

 

 

 

 

Экотуризм тұрақтылығына  баға беру

 

                       

                           Экотуризм     

                                  обьектілері

Туризм                          тұрақтылығының

градациялары

                                                

 

 

 

Жабайы табиғат

 

 

 

Жасандылар

 

тұрақты

 

жағымды

 

жағымдылығы аз

 

тұрақсыз

 

жағымдылығы аз

 

жағымсыз


 

 

 

 

    1. Экологиялық туризм ерекшеліктері

 

Экологиялық туризм –  бұл соңғы жылдары бүкіл әлемде кеңінен дамыған қазіргі туризмнің жаңа бағыттарының бірі. Бұл жөнінде экотуризмнің даму қызметіне белгілі. Оны Бүкіләлемдік жабайы табиғат қоры(WWF) және халықаралық табиғатты және табиғат ресурстарын қорғау одағы(IUCN) сияқты халықаралық ұйымдардың одағы растайды. Сонымен қатар, экотуризмнің халықаралық және аймақтық деңгейде дамуы үшін конгресстер, семинарлар өткізіледі, туризмнің барлық түрінен негізінен экологиялыққа көп көңіл бөлінетін фирмалар саны көбеюде.

Информация о работе Экологиялық туризмнің