Каспий теңізі

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 22 Октября 2011 в 11:27, реферат

Описание

КАСПИЙ ТЕҢІЗІ — Еуразия құрлығының орталығында, мұхиттардан алыста, оқшау жатқан тұйық су алабы. Дүние жүзіндегі ең ірі тұйық су айдыны, үлкендігіне қарап теңіз деп атайды. Ауданы 376 000 км2. Меридиан бағытында 1200 км-ге созылған, орташа ені 300 км. Жағалау сызығының ұзындығы 7000 км, оның Қазақстанға тиесілі ұзындығы 2340 км (солтүстік жағалауының басым бөлігі және шығыс жағалаудың солтүстік жартысы), қалғаны Ресей, Әзербайжан, Түрікменстан және Иран жерімен шектеседі

Работа состоит из  1 файл

Каспий теңізі.doc

— 87.00 Кб (Скачать документ)

КАСПИЙ ТЕҢІЗІ — Еуразия құрлығының орталығында, мұхиттардан алыста, оқшау жатқан тұйық су алабы. Дүние жүзіндегі  ең ірі тұйық су айдыны, үлкендігіне  қарап теңіз деп атайды. Ауданы 376 000 км2. Меридиан бағытында 1200 км-ге созылған, орташа ені 300 км. Жағалау сызығының ұзындығы 7000 км, оның Қазақстанға тиесілі ұзындығы 2340 км (солтүстік жағалауының басым бөлігі және шығыс жағалаудың солтүстік жартысы), қалғаны Ресей, Әзербайжан, Түрікменстан және Иран жерімен шектеседі. Беті мұхит деңгейінен 28 м төменде жатыр. Ентерең жері 1025 м, орташа тереңдігі 180 м. Ірі шығанақтары: Маңғыстау, Қазақ, Қара-бүғазкөл, т.б. 50-ге тарта аралдар бар (ірілері: Құлалы, Шешен, Артем, т.б.). Ірі түбектері Маңғыстау, Апшерон, Аграхан, Красноводск, Шелекен. Ойпатты тегіс жағалау басым. Жағалауында теңіз суының бұрыңғы жоғары тұрған кезеңін дәлелдейтін теңіз террасалары көп. Каспий теңізінің қалыптасуы ұзак геологиялық мерзімде өгті. Осы уақыт ішінде теңіз суы бірде жағалауды басты (трансгрессия), бірде суы кейін қайтып отырды (регрессия). Плейстоцен кезеңінде (70 млн. жыл бұрын) теңіздің Понто-каспий алабы оңтүстігінде орналасқан Тетис атты үлкен теңізден бөлініп қалды. Понтий кезеңінде (10 млн. жыл бұрын) кұрамында қазіргі аумақты алып жатқан Қара және Каспий теңіздері бар С а р м а т т. бірнеше бөлікке бөлінді. Нөтижесінде оқшау тұйық алапты қамтыған қазіргі Каспий теңізінің нобайы пайда болды. Бұл кезде теңіздің аумағы қазіргіден кіші болған. Орта плиоценнің кейбір кезендерінде теңіздің аумағы одан да кіші болған. Ол тек Дербент қазаншұңқырымен ғана шектелген. Каспийдің шарасы терендігі жөне түпкі бедері жөнінен 3 бөлікке бө-лінеді. Құрлықтық қайранда орналасқан солт. бөлігі тай-ыз (10 — 20 м). Орта тұсын-дағы ойпанда тереңд. 788 м. Оңтүстік бөлігі терең ойпаң (1025 м). Судың беткі қабаты жаз айларында солтүстігінде 24 -26°С, оңт-нде 27 - 28°С-қа дейін жылынады. Қыста солтүстігінің тайыз бөлігі қатады, оңтүстігінде судың температурасы 10°С-қа жуық болады. Каспий теңізіне 130-дай өзен құяды. Ағын су көлемінің 80%-ін Еділ, 5%-ке жуығын Жайык өзендері берсе, Терек, Сулак, Са-мур өзендері 5%-тен астам, Кура өз. 6%-тін береді. Иран жағалауындағы өзен мен Кавказдың кіші өзендері 4%-ке жуығын береді. Жалпы жер беті суының теңізге келіп құятын ең көп жөне ең аз жылдық айырмасы жүз жыл ішінде 260 км3-ді құрады. Теңіз суы бетіне шақканда өзен ағынының мұндай өзгеруі К. т. деңгейін 67 см-ге өзгертеді. Басқаша айтқанда Каспий теңізінің деңгейінің жыларалық өзгеруі құбылысында өзен ағыны ғана жарты метрді құрайды. Теңізге келіп түсетін атмосфералық жауын-шашын мөлшері тым аз. Ол теңіз деңгейін 1 см-ге ғана көтереді. Каспий  теңізінде Қарабұғазкөл шығанағының маңызы зор. Әсіресе, оның суының деңгейі мен тұздылығын сақтауға ыкдал етеді. Теңізден келген әрбір км3 су шығанаққа 13 — 15 млн. т әр түрлі минералды тұздар алып келеді. Қарабұғазкөл теңіздің буландырғышы рөлін атқарады. Каспий теңізінің тұздылығы Еділ мен Жайық өзендері сағасына жайдын маңында 0,1 — 0,3%о, оңтүстік -шығыс-та 13%о-ге дейін көтеріледі. Теңізде желдің, өзен суының және жағалау сызығының әсерінен циклондық айналма ағыс пайда болады. Каспий теңізінің деңгейі маусымдық, бір жылдан екінші жылға және ғасырлық мерзімде ауытқып тұрады. Геоморфологиялық зерттеулер бойынша Каспий

теңізінің деңгейінің ауытқуы уақыт өткен сайын  кеми берген: плейстоценде (соңғы 700 -500 мың жыл ішінде) теңіз деңгейінің ауытқуы 100 м, голоценде (соңғы 10 мың жылда) 15 м-ге (-20 м-ден - 35 м-ге дейін), соңғы 2 мың жыл ішінде 12 м-ге, ал инструментальді бақылаудан бастап (1830 жылдан қазіргі уақытқа дейін) 4 м-ге ауытқып отырған. Теңіз деңгейінің көтеріліп, немесе төмен түсіп отыруының себептері туралы көптеген болжамдар бар. Олардың негізгілері: ғаламдық геологиялық құбылыстар және теңіздің аймақтық ерек-шеліктері. Каспий теңізіне ерте неогенде тектоникалық қозғалыстар мен тау пайда болу процесі өсер етсе, жоғ. плиоценде тектоникалық жөне климаттық факторлар әсер еткен. Ал қазіргі кезеңде Каспий теңізінің  деңгейінің өзгеруіне климаттық және антропогевдік факторлар әсер етеді. Соңғы кездегі ең жоғарғы деңгей (+22,5 м) 19 ғ-дын басында, ең төмен деңгейі (-29,0 м) 1977 ж. байқалған, 1978 жылдан (20 ғ-дың со-ңына кдрай) теңіз деңгейі 2 - 2,7 м-ге көтерілді. Теңіэ айдыны кей жерлерде 100 км-ге дейін кеңіп, көптеген мұнай өндірісі нысандарын, шабындықтарды, жайылымдарды, жолдарды су басты. 

2. Каспий балықтары 
 

Каспий теңізінде  балық аулау көсібі жақсы дамыған. Теңізден бекіре тұқымдастары, майшабақ, табан, торта, көксерке, сазан, килька көптеп ауланады. Каспий теңізінде қара уылдырық өндірілетін су айдындары арасында дүние жүзі бойынша алдыңғы орындардың бірінде. Ит балық аулау ертеден жолға қойылған.

КАСПИЙ АЛБЫРТЫ  — албырттар тұқымдасының бір  тұр тармағы. Негізінен Каспий теңізінің  оңтүстік -батыс аймағын мекендейді. Солтүстік Каспийде сирек кездеседі. Кавказ жотасынан ағатын езендерге өрлейді. 20 ғ-дың басында аз да болса Еділ мен Жайық өзендеріне өрлейтін. 1980 жылдан бері бұл өзендерде ауланғаны туралы дерек жоқ. Каспий албырты

—  албырттардың ішіндегі ең ірісі; ұзындығы 100 см  жыныстық жағынан жетілгендерінің салмағы 2 — 7 кг. Қара теңіз  албыртына ұқсас, айырмашылығы — құйрық сабағы жіңішке келеді. Каспий  албыртының Каспий теңізінің Қазақстан бөлігінде мекендейтіндерінің тіршілігі зерттелме-ген.  Әдетте,  бұл өткінші (өрістегіш) балық. Алғашқы жылдарын өзенде, кейін теңізге шығып, сонда 3 — 5 жасында жыныстық жағынан жетіледі. Уылдырығын (45 мыңға дейін) езеннің түбіндегі малтатасты жерлерге. қазан — қаңтар айларында (судың темп-расы 3 — 13°С-ка жеткенде) шашады, ұрығы 26 — 90 тәулік аралығында жетіледі. Теңізге шыкпай, тек өзенде тіршілік ететін аталықтары да болады. Каспий албырты 10 жылдай тіршілік етеді. Басқа албырттар сияқты К. а-нын көлемінің өсуі, салмағының артуы теңіздегі тіршілік жағдайына байланысты. Шабақтары жөндіктердің дернәсілдерімен, бүйірімен жүзушілермен қоректенсе, ересектері — балықтармен (килька, ате-рина, майшабақ), мизида-

лармен, креветкалармен қо-ректенеді. К. а-ның саны қай кезде  де көп болған емес. Каспийдің оңт.-батыс  бөлігінен басқа жерде сирек  кез-деседі. Оның жылдан жылға азаюына  байланысты, қорғауға алынып, Қазакстанның "Қызыл кітабына" енгізілген.

КАСПИЙ ИТБАЛЫҒЫ — ескекаяктылар отряды, итбалық  тұқымдасына жататын аң. Оны қазақ  тілінде  т ү л е н деп  те атайды. Дене тұрқы 125 -160 см, салм. 65 — 80 кг. Суда тіршілік етуіне байланысты дене құрылымында сол ортаға бейімделуі басым. Мойны денесімен түтасып біткен, соңдықтан басы айқын бөлектеніп көрінбейді; құлақ қалқаны болмайды, аяқтары ескек төрізді, башайларының арасында қалың тері жарғақтары болады. Қара түсті арқасында теңбіл дақтары айқын көрінеді, бауыры ақшыл болады. Каспий  итбалығы тек Каспий теңізінде ғана таралған. Еділ мен Жайық өзендерінің төменгі ағыстарында сирек те болса, кездесіп калады. Әсіресе, Каспий теңізінің солтүстік бөлігіндегі аралдарда қыс айларында көбірек ұшырасады. Тіршілігі-нің көбі суда өтеді. Тек түлейтін, шағылысатын және балалайтын кезде ғана теңіздегі аралдарға немесе мұз үстіне шығады. Шағылысуы ақпанның ортасынан наурызға дейін созылады. Бір жылдан кейін 1 кейде 2 күшік (ақүрпек) табады. Ақүрпегін аналығы майлы сүтімен 3-4 төуліктей қоректендіреді. 2 - 3 айда өбден семірген ақүрпегін "май итбалық" деп, ал бір жылдан кейін терісінің реңі бірнеше рет өзгергендіктен, оларды "қара итбалық" деп атайды. Негізінен, балықтар, шаянтәрізділер және моллюскілермен қоректенеді. Каспий итбалығының терісі мен майы өте бағалы болғандықтан көсіптік маңызы бар аң. Ересек түлен күзге қарай бойына 40 — 70 кг-дай май жинайды. Ол медицинада және парфюмерияда кеңінен қолданылады. Каспий теңізінде шамамен 400 — 450 мындай Каспий  итбалығы мекендейді. 

КАСПИЙ ҚАЯЗЫ  — Арал қаязыныңтүр тармағы, өткінші  балық. Негізінен, Каспийдің оңтүстік бөлігінде тіршілік етіп, теңізге  оңтүстігінен жөне батысынан құятын өзендерге өрістейді. Солтүстік  Каспийде сирек кездеседі. Дене түрқы 56 — 76 см (103 см-ге де-йін), салмағы 3 — 6 кг-дай (14,5 кг-ға дейін) болады. Пішіні, жалпы морфол. белгілері Арал каязына үқсас (негізгі айырмашылығы — тіршілік ететін жерінде). Жыныстық жетілуі

5  жастан басталады.  Уылдырық шашу үшін сөуірдің  аяғынан тамызға дейін Жайыққа өрлейді. Көктемде өрлегендері судың темп-расы 20 —23°С-қа жеткенде уылдырығын (115 --  1259 мың) ағысқа шашады. Каспий  қаязы өзен шаяндарымен, су жәндіктерімен, дернөсілдерімен қоректенеді. Қорегінде өсімдік дөні мен детрит те кездеседі. Каспий қаязының еті өте дөмді, оның Қазақстан суларында ешуақытта саны көп болған емес, сондықтан көсіптік маңызы шамалы.

Каспий теңізі өңірі көптеген Еуразия халықтарының этн. және мөдени бастауының маңызды  бір ошағы саналады, яғни тарихи-мөдени өлке болып табылады. Каспий өңірінің тоғыз жолдың торабы болуы ондағы этногенетикалық үрдістерге айтарлықтай өсерін тигізді. Ғылымға сүйенсек,   Каспий өңірінде осыдан 1 млн. жылдай бұрын адамдардың арғы тегі — гоминидтер пайда болған. Каспийдің шығыс жағалауындағы үңгірлер мен даланың аңғарлық аумағында, аңшылар мен балықшылардың алғашқы қауымдық құрылыс қоныстарының іздері кездеседі. Үстірттің оңтүстік-шығыс аймағында неолит тұрғындарының ескерткіштері табылды. Қола дәуірінде Ан-дрон мәдениеті және Кима мәдениеті қалыптасты. Б.з.б. 8-мыңжылдықтан б.з. 1-мыңжылдығының бірінші жартысы аралығында Еділ мен Жайық өзендері аралығын отырықшы өрі көшпенді тайпалар қоныс етті. Солтүстік -Шығыс Каспий өңірінде көшпелілердің ежелгі дәуірдегі тарихи ескерткіштері сак-талған. Б.з.б. 1-мыңжыдцық-та Арал-Каспий өңірінде сақ, сармат, каспи тайпалары жөне оған туыстас т.б. тайпалар қоныстанған. Қарабұғазкөл жағалауындағы б.з.б 5  — 7 ғасырларларға жататын кесенелер массагет тайпалары мәдениетінің озық үлгілері болып табылады. Ежелгі грек тарихшысы Страбон: "Каспий теңізі жағалауында тұратын көшпелілерді дайлар деп атайды" деп жазады.

6  ғасырдың  орта тұсында Каспий өңірі  Батыс түрік қағанатының иелігінде  болды. Орта ғасырларда Каспий  өңірі халықар. сауда-дипломатиялық  қатынастар торабы болды. Каспий өңірінің ортағасырлық тарихында хазарлар, қыпшақтар үлкен рөл атқарды.

Шыңгыс хан  империясы құрылғаннан кейін  теңіздің солтүстік, солтүстік-шығыс  бөлігі Алтын Орда иелігіне көшті. Алтын  Орда ыдырап, оның орнында пайда  болған Қырым хандығы, Ноғай Ордасы, Астрахан (Қажы Тархан) хандықтарын жаулап алған Ресей империясы Каспий өңірін де иемдене бастады. Ресей мен Парсы елдері ара-сындағы алғашқы келісім -Решт келісімі болды. Ондағы келісімде Каспий  теңізіне жөне Кура мен Аракс өзендерінде Ресей еркін сауда және кеме каты-насын қолдануына мүмкіндік алды. Кейін теңіз айдыны демаркацияланып, біраз бөлігі Ресейге қарады. 1813 ж. Гүлстан келісімінде, одан кейін Түрікменшай келісімінде (1828) Ресейге Каспий теңізінде толық әскери флот қүруына рұқсат берілді. Парсылар тек сауда және кеме қатьшасымен шектелді. Кеңес Одағы Каспий теңізіндегі монополиялык құқықтан бас тартып, 1921, 1935 жөне 1940 жылдардағы Кеңес — Иран келісімінде Каспий теңізінде кеме қатынасын жүзеге асыруға екі ел тең қүқықты деп саналды. КСРО ыдыра-ған соң (1991), Каспий теңізінде жағалауындағы бес мемлекет (Әзербайжан, Иран, Қазақстан, Ресей, Түрікменстан) Каспий теңізінің мөртебесін айқындауға ұмтылды. Осыған орай, 2002 ж. 23 -24 сөуірде Ашғабатта Каспий жағалауы мемлекеттерінің  алғашқы саммиті өтті. Ашғабат кездесуінде бірде-бір құжатқа қол қойылмағанымен, бес мемлекет басшыларының жоғары дәрежелі басқосуы түйінді мәселені байыптылықпен шешу ісіне қосылған елеулі үлес болды. Ең бастысы, проблеманы талқылау барысында оны қа-лай да шешудің кджеттілігіне деген мүдделі пікірталас өріс алды. Тұңғыш рет проблема барынша ашық қойылып, егжей-тегжейлі талкы-ланды. Қазақстан үстанған бағытты Ресей де, Әзербай-жан да қолдады. 
 

КАСПИЙ ЭКОЛОГИЯСЫ 

Каспий теңізінде  мұнай-газ өндіру жөне мұнай еңдеу кешендерінің дамуына байланысты Казақстанның батыс өңірінде қалыптасқан табиғат, әлеуметтік, экономикалық жөне экологиялық жағдай. Каспий теңізі — әлемдегі шаруа-шылық маңызы зор ең ірі тұйык, су алабы. Жыл бойына Каспий теңізі-нің деңгейі жел-қума-желбөгет құбышыстарының нөтижесінде 0,5 — 1 м-ге дейін ауытқып отырады. 1837 — 1990 ж. жүргізілген бақылау жүмыстарының нәтижесінде Каспий теңізнің су деңгейі мөлшерінің айтарлықтай өзгеруі 1930 және 1980 — 90 ж. аралығына сәйкес келетіні анықталған. 1929 - 41 ж. су деңгейі 2 м-ге төмендесе, 1977 ж. бұл көрсеткіш ең төменгі абс. мөлшері не (29,01 м) жетті. 1978 95 ж. су деңгейі 2,35 м қайта көтеріліп,  1995 ж.  көрсеткіш -26,66 м болды.

Қазақстанның "Қызыл  кітабына" енгізілген. Қазіргі за-манның балық ш. — балық аулауды реттеу, аса бағалы балық түрлерін (бекіре, қортпа, шоқыр жөне пілмай) табиғи және жасанды жолмен көбейту жұмыстарына негізделген. Жыл сайын 11 балық з-ты (Ресейдің, Әзербайжанның, Қазақстанның) Каспий теңізіне 75 млн. балық шабақга-рын жібереді. 1998 жылдан бері Атыраудағы 2 балық з-ты жылына 6 млн. бекіре балығының шабағын дайындайды. Балықтар уылдырығын тұщы суға шашады, қор жинау ұшін түзды суға шығады. Мысалы, шортан, оңғақ, қызылқанат балық, алабұга теңіздің атырауына (дельта) дейін өрістесе, қаракөз, табан, көк-серке тұзды суда (тұзд. 10 — 11%о), ал бекіре төрізділер судың өте тұзды жерінде тір-шілік етуге бейімделген. Каспий теңізінде 2 тропиктік жүйе қалыптасқан (2-сурет). Солтүстік-Шығыс Каспий аумағында құстардың 278 түрі мекендейді. Соның ішінде Казақстанның жөне Ресейдің "Қызыл кітабына" енгізілген өте сирек кездесетін калбағай, карабай, сары құтан, бүйра бірқазан, т.б. бар. Ал Каспий итбалыгы — тек қана Каспий теңізінде тіршілік ететін сүтқоректі. 1920 ж. 1 млн-нан астам итбалықтың 120 мыңы ауланған болса, 1980 жылдың аяғында 360 — 450 мыңға де-йін азайған итбалықтың — 27 мыңы, 1990 ж. — 13,8 мыңы, 1996 ж. — 8 мыңы ауланған. 2000 ж. сөуір — тамыз айларында індеттен олардың 15 мыңы қырылды. Каспий ит-балығының жаппай қырылуы — Каспийдің солтүстік бөлігіндегі гидрометеорол. жөне экологиялық. жағдайлардың нашарлауынан теңіз жануарлары иммунитетінің төмендеуін көрсетеді. Каспий ойпатында өсімдіктің 88 тұқымдас, 371 туыс бірігетін 945 түрі өседі. Соның ішінде 357 түрі жоғары сатыдағы өсімдік-терге (25 түрі эндемиктер) жатады, 6 түрі — Казақстанның "Қызыл кітабына" енгізілген. Ал теңіздің өзінде су өсімдік-терінің 728 турі (оның 5 түрі — жоғары сатыдағылар) өседі. Теңіз өсімдіктері жамыл-ғысының құрлық өсімдіктері-нен көп айырмашылығы бар. Құрлықта, негізінен, гүлді өсімдіктер, ал суда балдырлар (64 түрі) кездеседі. Солт. Каспийде негізінен қамыс, теңіз шөбі, шалаң, егеушөп, арамот, мүйізжапырақ өседі. Бұл өсімдіктер балықтардың уылдырығының су түбінде бекуі үшін қажет, сондай-ақ, су құстары мен кейбір балық түрлеріне қорек болады. Солт. Каспий жағалауының әсем табиғатына, оның экол. жағдайына атмосфераның, топырақ жамылғысының, судың ластануы үлкен қауіп төндіруде. Атмосфераның ластануына мүнай-газ өнді-ретін және оны кдйта өңдейтін көсіпорындар өсер етуде. Мысалы; 1998 ж. Атырау обл. бойынша атмосфераға 135,1 мың т зиянды заттар (онын ішінде 132,8 мың т газ тәрізді заттар, 2,3 мың т кдтты заттар) шығарылған. Бүл улы заттарды атмосфераға, негі-зінен, ескі технол. жабдықтармен жабдықталған 3,5 мың мүнай үңғымасы шығарады. Мүнай кәсіпшілігінің ең басты экол. проблемасы — ілеспе газды іске жарату. Қазір жылына 800 млн.3 газ ауада жанады (2001). Мүнай кен орындарында мұнай өнімдерін өндеу кезінде мұнай мен калдық сулардың топырақ пен грунтқа төгілуі оларды ластайды. Солтүстік Каспий жағалауының мұнай өнімдері қалдықтарымен ластанған аумақ. 194 мың га жерді алып жатса, төгілген мұ-найдың мөлш. 1 млн. т-дан асады (2001). Теңіз деңгейінің көтерілуіне және мүнай-дың теңізге төгілуіне байланысты теңіз суының құра-мында мұнай өнімдерінің қалдықтары, фенол, хлорлы органик. пестицидтер, аммо нийлы азот, ауыр металдардың мөлшері рүқсат етілген шектен бірнеше есе жоғары екені анықталған. Судағы мүконцентрациясы мамыр -шілде айларында байқалады. Теңіз жағалауының мүнай және мүнай өнімдерімен, улы газдармен ластануы планктондар мен теңіз суын-да тіршілік ететін жануарлар мен өсімдіктердің жаппай жойылуына өкелуде. Теңіз түбіндегі шөгінділердің мұнай өнімдерімен ластануы бентостық тіршілік ететін организмдер мен моллюскілер-ге, сондай-ақ, су құстары мен балықтарға да зиянын тигізуде. Мыс., 1900 жылмен са-лыстырганда Каспий т-нде балық аулау 3 есеге, яғни 500 — 600 мың т-дан 180 мың т-ға дейін азайды. Теңіз суын ең қауіпті ластаушы заттың бірі — ыдырамайтын ауыр металдар (мыс., мырыш, барий). Судағы мыс пен мырыштың мөлшері 20 мкг/л (рұқсат етілген шектен 2 есе артық), ал барийдікі — 50 мкг/л (бүл — 5 есе артық). Каспий жағалауы аймағының ластануы онда тіршілік ететін организмдерге ғана емес, жергілікті тұрғындардың денсаулығына да үлкен кэуіп төндіруде. Сондықтан, Каспий теңізі жағалауындағы 5 мемлекет (Әзербайжан, Иран, Ресей, Түрікменстан жөне Қазақстан) Дүниежүзілік банкпен, БҮҮ-ның Адамды қоршаған орта жөніндегі бағ-дарламасымен бірлесе оты-рып, Каспий экол. бағдарла-масын (КЭП) жасап, оны іске асыруда. Бүл бағдарла-маның негізгі мақсаты –экологиялық тұрақтылықты дамыту және Каспий аймағының табиғи ресурстарын тиімді басқаруды қамтамасыз ету. КЭП-тің негізгі бағыттары: теңіз деңгейінің езгерісі жағ-дайында жергілікті тұрғын-дардың түрмысы мен шаруашылық жұмыстарының тұрақтылығын қамтамасыз ету; Каспий теңізі мен оның биоре-сурстарын ластанудан арылтып, қоршаған орта жағдайын жақсарту; теңіздің экожүйесін сауықгырып, қалпына келтіру және оның биологиялық алуан түрлілігін сақтау; аймақта экологиялық. қауіпсіздікті жөне қорнай өнімдерінің ең жоғары шаған ортаның қалыпты » дайын сақтап, ондағы тұрақты тіршіліктің дамуын қамтамасыз ету.

Информация о работе Каспий теңізі