Автор работы: Пользователь скрыл имя, 27 Января 2013 в 18:43, реферат
Қытай халқының саны осы аптада тағы бір мәрелі деңгейге жетті. Бейсенбі күні таңға жуық бұл елдегі 1 миллиард 300 миллионыншы бала жарық дүниеге келді. Демографтар Қытай елі халық санының өсуін бақылауда табысқа жетті деп есептейді.
Қытайда 1 миллиард 300 миллионыншы сәби дүниеге келді
Қытай халқының саны осы
аптада тағы бір мәрелі деңгейге жетті.
Бейсенбі күні таңға жуық бұл елдегі
1 миллиард 300 миллионыншы бала жарық
дүниеге келді. Демографтар Қытай
елі халық санының өсуін
Бұдан 30 жыл бұрын ғана
Қытайдың әрбір отбасындағы орташа
бала саны бесеу болатын. Жер бетіндегі
халқы тығыз орналасқан елдердің
бірі саналатын Қытай мемлекетінің
әр отбасында бір ғана бала болсын
деген шектеу саясаты үкімет көздеген
нәтиже әкелді, соңғы жылдары Қытайда
халық өсімінің тоқтауымен бірге, төмендегені
де байқалды.
Қытай ұлттық статистика комитеті 1 миллиард
300 миллионыншы бала шамамен 6 қаңтар күні
туады деген болжам жасаған болатын. Міне,
олардың сол сәуегейлігі де дәл шықты.
Енді Қытайдың ресми билігі 1 миллиард
300 миллионыншы сәбидің туғаны жөнінде
жаһанға жар салып жатыр.
Әрине, халқының саны орташа елдерде мұндай
деңгейге жетудің өзіндік қиыншылықтары
болары айқын. Ал Қытай сияқты мемлекет
үшін демографтар мұны тұрғындардың өсу
жағдайын реттеп, бақылауға ала білген
табыс ретінде сипаттайды. Вашингтондағы
арнайы мекеменің демографы Карл Хоб былай
дейді:
– 1950 жылы Қытайда әр әйелге алты баладан
келетін. 1970 жылдары бұл көрсеткіш беске
теңелді. Бұл, әрине, өте жоғары. Ал 1980 жылдары
бұл цифр екі есеге қысқарып, 2,5-нан келетін
болды, ал бүгінде бұл көрсеткіш 1,8 деңгейде,
әрине, мұның өзі ғаламат қысқару деуге
болады.
Қытайда әр шаңырақта бір ғана бала болсын
деген шектеу саясаты 1979 жылы Қытай коммунистік
үкіметі демографиялық жылдам өсудің
соңы аштыққа апарып соғады деп қауіптенгеннен
кейін басталды. Тек 25 жылдан кейін ғана
Қытайда бала туу коэффициенті төмендеді.
Қытайдың Синхуа жаңалықтар агенттігі
ел билігінің «бір шаңыраққа – бір бала»
саясатының табысы тіпті жоғары болды,
ол халық санының 1 миллиард 300 миллионға
жету шегін төрт жылға кейінге шегерді
деп хабарлады. Мұнымен қатар осы саясат
Қытайдағы өзгерістер, экономикалық қарқынды
өсу кезеңіне тап келді. Қытай қыздары
тұрмыс құрып, ана болудан гөрі жұмыс күшіне
көбірек тартылатын болды.
Кейінгі бес жыл бойына Шанхайда тұрып
келе жатқан журналист Дэвид Остерхоуттың
пікірі мынандай:
– Адамдардың, әсіресе жастардың көпшілігі
байып, дәулетті болған сайын Батыстағы
сияқты олар да отбасында адам санының
көп болғанын қаламайды. Жастар алдымен
үй сатып алу үшін және басқа да өмірлік
қажеттіліктерге көбірек қаржы жинап
алғысы келеді. Шынын айтқанда, мен бір
үйде бір баладан артық болмасын деген
саясатқа наразылық білдірген қытайды
естіген емеспін, олардың көпшілігі үшін
сол бір бала жеткілікті көрінеді.
Демографиялық өсудің біршама тежеліп,
саябырлауы Қытай экономикасына да өзіндік
ықпал етті. Бұл үкіметтің мектепке, бала
бақшаға, басқа да әлеуметтік салаға арналған
шығындарын екі онжылдық бойына біршама
тұрақтандырды. Оның орнына мемлекет елдің
индустриалды секторын дамытуға көп-күш
жігерін бөлді.
Лондондағы экономика мектебінің Азия
зерттеу орталығы директорының орынбасары
Ахтар Хұссеиннің пікірі:
– Бір бала саясатының ең үлкен бір оң
әсері – мектептегі бала саны қазірде
1982 жылғымен бірдей. Ал экономикасы дамып
бара жатқан елде білім беру саласы да
өте маңызды болып табылады. Мәселен, біздің
білуімізше, оңтүстік Азияда және басқа
халық саны артып отырған елдерде мемлекет
білім беру саласын да сол деңгейде ұстап
тұру үшін оған көп қаржы бөледі. Соның
нәтижесіндей Қытайда бір балаға үкімет
те, ата-ана да оның оқуына деген қаржыны
қарастырады, олар білім сапасын санға
айырбастамайды.
1 миллиард 300 миллион тұрғын Қытайдың
демографиялық өсу шегіндегі ең жоғары
көрсеткіш ретінде қалуы мүмкін. Бір отбасына
бір-бір жарым бала саясатымен Қытай халқының
саны 1 миллиард 450 миллион болатын деңгейге
алдағы үш онжылдықта жетеді.
Ол уақытқа қарай әлемдегі халқының саны
ең көп ел – тұрғындары 1 миллиард 600 миллионға
жететін Үндістан болады деген болжам
бар.
Шетелдердегі
демографиялық ахуал
Шетелдерде ұлттың қартаюы және өмір ұзақтығы
проблемасы айрықша өзекті болып отыр.
Өмір ұзақтығы барынша жоғары елдер рейтингінде
Андорра (Франция мен Испания аралығындағы
Пернейде орналасқан мемлекет, орташа
өмір ұзақтағы 83,5 жылға дейін) көш бастап
келеді. Ел екінші дүниежүзілік соғыстан
кейін айтарлықтай гүлденді, бұған дейін
ол оқшау және кедейлік жағдайында болған
еді.
Жапония, Макао (Қытайдың айрықша әкімшілік
ауданы), Сан-Марино мен Сингапурда өмір
ұзақтығы жоғары.
Сахараның оңтүстігіне қарай орналасқан
Африка елдеріндегі адамдар ең аз өмір
сүреді. ЖҚТБ ауруы, аштық пен азамат соғыстары
халықтың 35 жасқа жетпей өлуіне әкелді.
Свазиленде елінде адамдар тым ерте өледі,
ондағы орташа өмір ұзақтығы 34,1 жылды
құрайды. Замбия, Ангола, Либерия және
Зимбабвадағы ахуал бұдан сәл жақсы.
ХХ ғасырдың 90-шы жылдарынан бастап қазіргі
кезге дейін Ресейде халық санының күрт
төмендеуі байқалып отыр. РФ Мемлекеттік
статистика комитеті мен демограф Е. Андреевтің
болжамы бойынша халық санының азаю серпіні
мынадай: 2010 ж. – 138,7 млн. адам; 2020 ж. – 131,2;
2030 ж. – 121,1; 2040 ж. – 108,3; 2050 ж. – 93,8 млн. адам.
РФ денсаулық сақтау министрінің мәлімдемесі
бойынша 2011 жылға халық санының құлдырауын
143 млн. деңгейінде ұстап тұру жоспарлануда.
Әр жыл сайын Ресей халқы 700–150 мың адамға
азайып отыр. Халық санын 2011 жылы 143 млн.
адам деңгейінде ұстау арқылы тұрақтандырудың
негізі жоқ. Бірқатар себептер бойынша,
ең бірінші Ресей халқы санының мониторингі
деректері бойынша қазіргі кездегі халық
саны 143 млн. адам, яғни 2011 жылы азаю саны
және 3 млн. адамды құрайды. Осылайша, үміттене
отырып есептегеннің өзінде 2011 жылы Ресейліктер
саны 140 млн. адамды құрайды.
2050 жылға дейінгі Ресей халқының өсім
серпінін болжаудың барлық нұсқалары,
тіптен бала туудың және халықтың өлімінің
ең ілгерінді өзгерісі кезінде оның жастық
құрылымының ерекшеліктері салдарынан
(халық құрамында жастар үлесінің аз болуы
және жасы үлкен топтардың жоғары болуы)
халықтың табиғи өлімінің болмай қоймайтынын
көрсетіп отыр.
Сондықтан Ресей халқының санын қазіргі
143 млн. адам деңгейінде сақтау үшін халықты
шетелден тарту есебінен халықтың көші-қон
санын айтарлықтай ұлғайтуды қажет етеді.
РФ Федералдық мемлекеттік статистика
қызметінің болжамдық бағаларына сәйкес,
халықтың табиғи қозғалысы болжамының
көрсеткіші бойынша 50 жыл ішіндегі иммиграциялық
сальдо кемінде 43 млн. адамды құрауы тиіс,
яғни ілгерінді демографиялық серпінді
сақтау үшін жыл сайын Ресейге 900 мың адам
келуі тиіс.
Қазіргі кездің өзінде еңбек ресурсі Ресейде
ең маңызды мәселе болып отыр. 2010 жылға
дейін жинақталған жұмыссыздықтың (жасырын
жұмыссыздықты қоса алғанда) қысқаруы
және зейнеткерлік жасты ықтимал арттыру
есебінен еңбек ресурстарының азаюы күшті
сезілмеуі мүмкін.
Бірақ, егер Ресейде жұмыс күшіне қажеттілік
өсетін болса, онда жақын келешекте еңбек
ресурстарын толықтырудың жалғыз, нақты
көзі иммиграция ғана болмақ. Бұл жағдайда
Ресей үшін әлеуметтік игіліктер Ресеймен
салыстырғанда төменгі деңгейдегі бұрынғы
кеңес елдері жалғыз демографиялық көз
болмақ.
Дамыған Германияда да демографиялық
ахуал қиын. Демография жөніндегі мамандардың
айтуынша халық санының азаюы себебі бала
тууды ынталандыруда емес, қоғамдағы әйелдің
әлеуметтік рөлінің өзгеруінен болып
отыр. Неміс әйелдерінің ұрпақ қалдыруы
тым кейіндеп және сиреп барады. ГФР статистика
ведомствосының деректері бойынша 35 жасқа
дейінгі неміс әйелдерінің 40%-ының әлі
балалары жоқ.
Немістер ұлт ретінде қартаю үстінде.
Денсаулық сақтау саласындағы ілгерілеушілік
және әлеуметтік ахуалдың жақсаруы арқасында
өмір ұзақтығы әйелдерде 84 жасқа дейін,
ерлерде 78 жасқа дейін ұлғайды. Алайда,
сонымен қатар бала туу төмендеп кетті.
Германиядағы бала туушылық коэффициенті
1,3 құрайды, бұл халық санын толықтыру
үшін жеткіліксіз. Мұндай келеңсіз серпін
кезінде болжамдар бойынша ел тұрғындарының
саны қазіргі 82 млн адамнан 2050 жылға қарай
67 млн. адамға дейін азаюы мүмкін, яғни
елдің әрбір үшінші тұрғынының жасы 60-тан
асатын болады.
Бүгінде әрбір зейнеткер неміске әлеуметтік
сақтандыру жүйесіне жарна төлейтін тек
үш жұмыс істейтін тиесілі. 20 жылдан кейін
бұл қатынас екіге бір болмақ. Кельн Экономикалық
зерттеулер институтының директоры Михаэль
Хютердің пікірі бойынша ГФР-дегі бала
туудың төмендеуі германия өнеркәсібінің
бәсекеге қабілеттігіне күйрете соққы
беріп, уақыт өте келе экономика өсімін
тоқтатады.
Саны жағынан әлемдегі халқы ең көп Қытайда
да ұлттың қартаюы мен гендерлік баланстың
(гендерлік асимметрия) сияқты айтылу
демографиялық проблемалар бар. Мәселен,
неке жасындағы еркектердің саны әйелдерден
18 млн. адамға көп. ҚХР демографиялық саясат
және бала тууын жоспарлау жөніндегі мемлекеттік
комитеттің деректері бойынша ауылдық
аудандардағы ерлер мен әйелдер арасындағы
қатынас 122,85:100 құрайды, бұл жалпы ұлттық
көрсеткіштен - 119,58:100 астам. 2020 жылы 20-45
жастағы ерлердің саны әйелдерге қарағанда
30 млн. адамға астам болады деп болжануда.
Қазіргі кезде орта есеппен Қытай бойынша
халық тығыздығы бір шаршы километрге
140 адамды құрайды.
Мұндай жағдайда Қытай елден өз азаматтарының
кетуін көтермелейтін болады, бұл көрші
мемлекеттердің ұлттық қауіпсіздігіне
келеңсіз әсер етуі мүмкін.
Гендерлік баланстың бұзылуы дамыған
өңірлердегі ерлер әйелдер санынан астам
болып отырған Үндістанда да байқалып
отыр. Бұл құбылыстың себебі жыныстық
белгі бойынша бала алдыру тәжірибесінің
таралуында жатыр.