Қазақстанның
машина жасау өнеркәсібі
Орындаған: Кенжебаева
Ж
Қабылдаған: Жылкыбаева
М
Мазмұны:
- 1. Қазақстанның жалпы машина жасау өнеркәсібіне сипаттама
- 2. Негізгі өнеркәсіп орталықтары:
- а) мұнай-газ машиналары;
- б) тау-кен машиналары;
- в) автомобиль машиналары;
- с) теміржол машиналарын жасау
- 3.Қазіргі таңдағы жобалары
- Машина жасау кешенінің құрылымы өте күрделі. Оның кұрамына үш топқа біріктірілген 30-ға жуык салалар кіреді: 1)машина жасау (машиналар мен құрал-жабдықтар шығару); 2)металл өңдеу (металл конструкцияларын даярлау, машиналар мен құрал-жабдықтарды жөндеу); 3)«кіші металлургия» (машина жасау зауыттарында металл балқыту). Жалпы өнім шығарудағы машина жасау кешенінің үлес салмағы.Машина жасау кешені - шаруашылыктың әр түрлі салаларына құрал-жабдық, елдің корғаныс жағдайы үшін кару-жарақ, халыққа қажетті тауарлар (мысалы, автокөліктер теледидарлар, кір жуатын машиналар) шығарумен айқындалады. Машина жасау үшін көп мөлшерде химиялық тауарлар (пластмасса, синтетикалық талшық пен каучук, бояу) жұмсалады .
Деректерге сүйенсек,
еліміз аумағындағы ең алғашқы машина
жасау кәсіпорны 1909 жылы Алматы қаласында
(бұрынғы Верный) құрылған екен. Ол тұқым
себу машинасын (сеялка) шығаратын болған.
Ал өндіріс саласы ретінде Қазақстандағы
машина жасау өнеркәсібі Ұлы Отан соғысы
жылдарында Кеңестер Одағының батыс және
орта өңірлерінен көшіріліп әкелінген
кәсіпорындардың негізінде қалыптасты.
Сөйтіп, Алматыда металлургиялық құрал-жабдықтар,
Шымкентте автоматты сығымдау аппаратураларын,
Ақтөбеде автокөлік қозғағыштарын, Ақмолада
ауылшаруашылық техникасын шығаратын
кәсіпорындар құрылып, ондаған машина
жасау зауыттары салынды. Осылай аспап
жасаудың, электротехникалық өнеркәсіптің,
трактор жасаудың жаңа салалары пайда
болып, машина жасау салаларының кешені
қалыптаса бастады.
- Еліміз тәуелсіздігін алар тұста Қазақстандағы машина жасау кешенінің құрамында 2500-ден аса өнім түрлерін шығаратын 370 зауыт болды. Бірақ біз бұл саланың жалпы даму деңгейі бойынша басқа одақтас республикалардан айтарлықтай артта едік. Жалпы, өнім өндіруде Қазақстан КСРО-да үшінші орында болғанымен, машина жасауда он екінші орында тұрғаны мұның айқын дәлелі. Кешеннің құрылымы да біздің еліміз үшін қолайлы болмады: зауыттардың үштен бірі тек ескірген техникаларды жөндеумен айналысса, тағы сондай бөлігі металл конструкцияларын өндірді. Ал қалған үштен бірінің жартысын Қорғаныс-өндірістік кешен құрады. 1990 жылдары сала өндіретін өнімге деген сұраныстың төмендеуінен, машина жасау кешені терең дағдарысқа ұшырады. Жалпы, Кеңестер Одағы ыдырағанға дейін еліміз аумағындағы қорғаныс-өнеркәсіп кешені құрамында 50 жоғары технологиялық зауыт жұмыс істеді. Олар әскери техника, қару-жарақ және оқ-дәрі шығарды. Алматы, Орал, Зырян, Петропавл қалаларында орналасқан жетекші зауыттар орта қашықтықтағы зымырандар, әскери-теңіз флоты үшін торпедо, атқыш қару-жарақ, зымыран техникаларының микросызбаларын шығаратын. Қазір де бұл зауыттар Қазақстан мен ТМД елдерінің Қарулы күштеріне арналған өнімдер шығарады.
Орналасу факторлары
мен географиясы
- Машина жасау зауыттары әр түрлі факторлардың әсерімен орналасады. Темір жолдың болуы Алматыда металл құрал-жабдықтары мен металл кесетін станоктар шығаратын, ал Шымкентте - алып пресс-автоматтар шығаратын зауыттарды орналастыруға мүмкіндік берді. Сондықтан ауыр, тасымалдауға қолайсыз машиналарды тікелей пайдаланатын жерлерде шығаруға тырысады. Ендеше, мынадай фактор - тұтыну факторы деп аталады. Мысалы, мұнай машиналарын жасау зауыты мұнай өндірілетін жерде (Атырауда) орналасқан. Шахталық кен өндіру құрал-жабдықтарын көмір өндіретін жерде (Қарағандыда), ал металлургиялық құрал-жабдық пен машиналарды металл қорыту орталыктарында (Өскемен) орналастырады. Трактор және ауыл шаруашылық машиналары зауыттары егіншілік (Павлодар, Астана, Қызылорда) пен мал шаруашылығы дамыған аудандарда орналастырылады. Теледидарлар құрастыруға, компьютерлер мен басқа да күрделі техникаларды шығаруға («Алатау Сити») арналған технопарк Алматы мен Алматы облысында ұйымдастырылған.
- Өскемен қаласында жобалық қуаты жылына 15 мың автокөлік құрастыратын «Азиа-Авто» зауыты жұмыс істейді. Кәсіпорын ресейлік «АвтоВаз», чехиялық «Шкода», америкалық-оңтүстіккореялық «Дженерал Моторс» кәсіпорындарының қолдауымен «Лада», «Шевроле» және «Шкода» көліктерін шығарады. Қазірше ол еліміздегі автокөлік құрастыратын ең ірі өндіріс орны. ҮИИД бағдарламасының арқасында зауыт биылғы жылдың бірінші жартысында 2609 автокөлік шығарды. Бұл өткен жылдың тиісті кезеңімен салыстырғанда, 2,6 есе артық. Елімізде шығарылатын автокөліктердің дерлік 90 пайызы осы кәсіпорынның үлесінде. Жалпы, өндіріс көлемі де дағдарысқа дейінгі деңгейден асып түсті. Бұл жерде 2010 жылдан бері қарай автокөліктердің 12 түрлі жаңа модельдері шығарыла бастады. Егер Өскеменді республиканың «автокөлік астанасы» десек, енді осындай тағы бір өсу нүктесі пайда болды: Қостанайда «Агромашхолдинг Қазақстан» АҚ Allur Auto қазақстандық автомобиль компаниялары тобы және оңтүстіккореялық SsangYong Motors Corporatіon автоөндірушісімен бірлесіп, ҮИИД мемлекеттік бағдарламасының аясында Ssang Yong жол талғамайтын көліктерін шығаратын құны 16 миллион АҚШ доллары тұратын жобаны жүзеге асыра бастады.
- 2009-2011жж көрсеткіштері:
2009жылы 136,8 автокөлік
2010ж 3176
Автокөлік 4,33% 2009дан
артық
2011жылдың алғ.
Жартысында 3012 автокөлік шығарылған
- Жалпы, Қазақстанда барлығы 30-дай әртүрлі құрастыру өндірісі жұмыс істейді. Олардың көбі «Газель» автомобилінің негізінде микроавтобустар, шағын жүк көліктерін, рефррижераторлар шығарады. Алматы қаласында троллейбустар, автобустар, ауыр жүк таситын «КамАЗ» автокөліктері құрастырылады. Орал қаласында ресейлік «Россельмаш» зауытының «Нива-Эффект» комбайны шығарыла бастады.
Жоспарлы экономика кезінде Қазақстанда КСРО-ның басқа республикаларында жоқ бірнеше ерекше зауыттар болғанын да айта кеткен жөн. Қой қырқатын машинкалар шығарған «Ақтөбесельмаш», жерасты тұзды суларын тұщыландыратын қондырғылар шығарған «Алматы электроника», жер қабаттарын үйіндісіз өңдеу құралдары мен дестелегіш және қар тоқтатқыш механизмдер шығарған «Целиноградсельмаш» зауыттарын солардың қатарына жатқызуға болады. Десек те ұзақ жылдар бойы Қазақстанның машина жасау, соның ішінде ауыр машина жасау өнеркәсібінде жетекші орынды Алматы ауыр машина жасау зауыты иеленіп келді. Ол бүгінде жұмыс істеп тұр. Зауыт металлургия, химия өнеркәсібі мен атом реакторларына арналған күрделі прокаттық құрал-жабдықтар мен басқа да алюминий, мыс сым темірлері, құбыр, прокат құралдарын шығарады. Олар отандық кәсіпорындар мен ТМД және шетелдердің көптеген зауыттарына жеткізілуде.
Отандық машина жасау өнеркәсібіндегі
ең ірі жобалардың бірі - Астана қаласында
америкалық «Дженерал электрик» компаниясымен
бірлесіп құрылған ірі локомотив құрастыру
зауыты. Қазірдің өзінде бұл зауыт бір
локомотивті құрастырып шығарса, тағы
бірнешеуі аяқталу алдында тұр. Жалпы,
бұл зауыт отандық және шетелдік нарық
үшін ДЭ «Эволюция» маркалы 150 локомотив
шығаруы тиіс. Бүгінгі күні еліміздің
барлық өңірлерінде дерлік машина жасауға
қатысты өндіріс орындары бар. Айталық,
Алматы мен Арал қаласында вагон шығару
зауыттары жұмыс істесе, Оралда - кеме,
комбайн, Қостанайда - ауыр жүк көліктерінің
қозғалтқышы, Өскеменде - «Беларусь» тракторлары
мен автобус, жеңіл көліктер құрастырылады.
Талдықорғандағы «Қайнар» зауытының аккумуляторлары
болса шетелдік нарыққа шығатын сапалы
тауарларымыздың бірі.
Еліміздің
экономикасында машина жасау өнерәсібінің
алар орны
Мұнай-газ машиналарын
жасау
- Отандық мұнай-газ машиналарын жасауды дамыту басымдығы мұнай-газ секторы машина жасау өндірісінің ірі тұтынушысы болып табылуына негізделген.
2008 жылы Қазақстан Республикасының нарық көлемі 168 млрд. теңгені құрады, оның 12 %-ын отандық өнімді сату құрады. Қалған мұнай-газ жабдықтарына қажеттілікті импорт қанағаттандырды, оның көлемі 2008 жылы 150 млрд. дерлік теңгені құрады.
Қазақстан кәсіпорындары бұрғылау, ұңғымаларды жөндеу, мұнай мен газды өндіру, дайындау, тасымалдау, өңдеу үшін әртүрлі күрделі жабдықтарды шығаруды іске асырады, бұл теңіз платформалары өндірісін игеруге мүмкіндік береді. Қазақстан Республикасында 2008 жылы 250 астам атаулы мұнай-газ машиналарын және олардың бөлшектерін жасау ойдағыдай игерілді, олардың көбі әлемдік стандарт бойынша өндіріледі.
Осы сегменттің басымдығы мұнай-газ жабдықтарына
сұраныс бірінші кезекте Қазақстандағы
мынадай негізгі кен орындарында мұнай
өндіру көлемінің ұлғаюына негізделген:
Теңіз, Қарашығанақ және Қашаған. Өндіруші
ірі компаниялардың жоспарына сәйкес
2020 жылға мұнай өндіру көлемі 2,4 есе ұлғаяды.
Бұдан басқа, Қазақстан Республикасында
Каспий қайраңында жаңа ірі кен орындарын
игеру бойынша жұмыстар жүргізілуде.
Сұраныстың жоғарлауының екінші маңызды
факторы технологиялық артта қалудың
және мұнай өңдеу өнеркәсібі қуатының
тозуы, сондай-ақ мұнай және газ құбырларының
тозуы болып табылады. Қазақстан Республикасында
мұнай және газ құбырлары жалпы ұзындығының
80 %-ы 20-30 жылдан астам жөндеусіз пайдаланылуда.
Тау-кен металлургиясы
машиналарын жасау
- Әсіресе 2008 жылдың соңына дейін шикізаттық өріс кезеңінде Қазақстан Республикасында көмір, кендер мен металлургия өндіруді белсенді даму нәтижесінде тау-кен металлургиялық машина жасау саланың тез өсетін сегменттерінің бірі болып табылады.
Тау-кен шахталары жабдығы зауыттарының жай-күйіне жүргізілген талдау олардың бірқатары бұрын шығарған номенклатураларды қалпына келтіруге немесе жаңа өндірісті ұйымдастыруға қабілетті екенін көрсетеді.
Тау-кен металлургиясы машиналарын жасауда отандық өнімі ішінде барынша перспективалық салалар: өздігінен жүретін бұрғылау және тиеу-көлік жабдығы, гидравликалық және пневматикалық перфораторлар, редукторлар, таспалық конвейерлер, прокат жабдығының ауқымды номенклатурасы, қосалқы бөлшектер өндірісі және т.б. болып табылады.
Қазақстан Республикасында тау-кен және металлургиялық машина жасау өніміне сұраныс көлемі орташа жылдық серпінмен 7 % өседі деп болжанып отыр.
Сегмент өніміне сұраныстың өсуінің негізгі факторлары мыналар болып табылады:
пайдалы қазбалар көлемі мен болат және басқа да қорытпалары көлемінің ұлғаюы;
тау-кен металлургия секторының негізгі қорларын жаңарту қажеттілігі.
Машина жасау өніміне ішкі сұраныс көлемі
Қазақстан Республикасының тау-кен өнеркәсібі
мен металлургиясы үшін 2008 жылы 145 млрд.
теңгені құрады. Сұраныстың елеулі бөлігі
машина жасау өнімінің импорты есебінен
қанағаттандырылып, ішкі өндіріс көлемі
27 млрд. теңгені құрады (сұраныстың 18 %-ы).
Импорт алмастыруға бағытталған мемлекеттік
саясат 2008 жылдары Қазақстан Республикасының
өзіндік өндірісінің ішкі сұраныс үлесін
өсіруге ынталандырды, ол 2006 жылы 2 есеге
дейін өсіп, 16 % құрады (2006 жылы 8 %). Одан
әрі мемлекеттік қолдау көрсету және салада
ннжинирингтік қызмет пен технологиялар
трансфертін дамыту кезінде ішкі өндіріс
ішкі сұранысты 2014 жылға қарай 30 %-ға дейін
қанағаттандыруы мүмкін
Темір жол машиналарын
жасау
- Әлемдік машина жасау өндірісінің жалпы көлемінде темір жол машинасын жасаудың үлесі аз - 1 % қамтиды. Осыған қарамастан, темір жол машиналарын және жабдықтарын сату өсімінің серпіні орта есеппен жылына 23 %-ды құрады - бұл саладағы ең жоғарғы көрсеткіштердің бірі болып табылады.
Қазақстандағы жалпы локомотив паркі - 1 689 локомотивті, оның ішінде, 578,5 электровозды, 1 110,5 тепловоз және 29 паровозды құрайды. Пайдалану паркі 1220 бірлікті (78 %-ы мүкәммалдық).
2009 жылы Қазақстан Республикасының жалпы жүк вагондары паркі 94 348 бірлікті құрады, оның ішінде 59 381 бірлігі (63 %) мүкәммалдық, ал 34 967 бірлігі (37 %) - жекеменшік болып табылады. Пайдаланатын парктің жалпы мүкәммал вагондар санындағы үлесі 75 % (44 563 бірлікті) құрайды. Жүк вагондарының қызмет мерзімі және техникалық жағдайы бойынша істен шығуы жаңару және мүкәммал паркін толықтырудан айтарлықтай озық болып отыр.
Қазақстан Республикасының темір жол
машиналарын жасау өніміне ішкі сұранысты
жүк вагондары мен локомотивтердің негізі
тұтынушысы — «Қазақстан темір жолы»
Ұлттық компаниясы» акционерлік қоғамы
(бұдан әрі - «ҚТЖ» ҰК АҚ) қалыптастырады.
Компанияның жоспарына сәйкес 2014 жылға
дейін жыл сайын шамамен 1,4 - 5,2 мың вагон
және 100 локомотив сатып алынады, сондай-ақ
қолда бар вагондар мен локомотивтер паркіне
күрделі жөндеу жүргізіледі. Темір жол
машиналарын жасау өніміне сұраныстың
өсуіне негіз болатын негізгі факторлар
жүк айналымының өсуі мен темір жол техникасы
паркі тозуының жоғарылығы болып табылады.
Қазақстандағы жиынтық импорт 2008 жылы
97,7 млрд. теңге сомасына шамамен 5,5 мың
әр түрлі үлгідегі жүк вагондарын құрады
(шамамен 45 %-ы цистерналарға тиесілі),
бұл импортты-алмастыратын өндірістер
құруға маңызды әлеует қалыптастырады.
Жоспарға сәйкес «ҚТЖ» ҰК АҚ отандық тауар
өндірушілер игеретін темір жол өнімінің
номенклатурасын 2 мыңнан 5 мың атауға
дейін ұлғайтуды және отандық тауар өндірушілерден
машина жасау өнімін сатып алудың көлемін
он есеге ұлғайтуды жоспарлап отыр.
Экономика үшін көлік түрі ретіндегі
темір жолдың жоғары маңызы (жүк тасымалының
60 %-ы, жолаушылар тасымалының 50 %-ы темір
жол арқылы жүреді) экономиканың жоспарланып
отырған өсімімен біріге жүк тасмалының
өсуіне алып келеді (темір жол жүк тасымалы
өсуінің орташа жылдық болжамы 2008 - 2014
жылдар аралығында жылына - 4 %-ды құрайды).
Сұраныстың өсуіне әсер ететін басқа маңызды
фактор жұмыс істеп тұрған техника паркі
тозуының жоғары болуы болып табылады.
Қазақстанда пайдаланылатын тепловоздардың
орташа тозуы 75 %-дан асады, жолаушылар
вагондарының сындарлы тозу шегінің 70
%-ынан асады.
Ауыл шаруашылығы машиналарын жасау
- Қазақстан Республикасындағы ауыл шаруашылығы машиналары мен жабдықтары нарығының көлемі 2008 жылы 127 млрд. теңгені, тұрақты бағалардағы өсім қарқыны - 6,6 %-ды құрады. Бұл ретте сұраныстың 90 %-ы импорттық техника жеткізілімдерінің есебінен қанағаттандырылды. Ауыл шаруашылығы машиналарын жасау өнімі экспортының көлемі 2008 жылы шамамен 2 млрд. теңгені құрады.
Қазақстан Республикасындағы тракторлар паркі 137 мың бірлікті, астық жинау комбайндары - 45 мың машинаны, дән себетін машина - 91 мың бірлікті, егін оратын машина - 15 мыңды құрады. 2001 - 2007 жылдардағы техниканы жаңғыртудың жылдық орташа қарқыны 0,8 - 3,2 %-ды құрады, бұл 10 - 12 жылға машиналардың орташа қызмет көрсету мезгіліне шарттасқан оңтайлы деңгейінен 8-10 %-ға төмен. Жаңартудың төмен қарқыны техникалар тозуының жоғары болуына алып келді: Қазақстан Республикасында машиналардың шамамен 85 %-ы амортизациялау мерзімінен тыс пайдаланылады.
74%
Тракторлар
60%
Астық жинайтын комбайндар
71%
Егін оратын машиналар
Ауыл шаруашылығы машиналары
түрлері 2001-2007жж
Электр жабдығы
- 2008 жылы Қазақстан Республикасында нарық көлемі 159 млрд. теңгені құрады, олардың 26 %-ын отандық өнімді сату құрады. Сегмент өніміндегі қажеттіліктің елеулі бөлігі 2008 жылы көлемі шамамен 118 млрд. теңгені құрған импорт есебінен қанағаттандырылады.
2008 жылы Қазақстанның электр жабдығы экспорты өнімінің 79 %-ын Рессей импорттады және Ресеймен отандық импорт көлемі орташа есеппен жылына 62 %-ға өсті.
Қолда бар өндірістердің арасында 2008 жылғы Қазақстан Республикасының электр жабдықтары экспортының төрттен үшінен астамын аккумуляторлар мен трансформаторлар өндірісі иеленді.
Бұдан өзге, Қазақстан Республикасында мыналар өндіріледі:
электрлік тізбекті қайта қосу немесе қорғауға арналған аппаратура;
электр конденсаторлары;
электр қозғалтқыштары;
оқшауланған өткізгіштер мен кабельдер (оның ішінде оптикалық талшықты) және т.б.