Автор работы: Пользователь скрыл имя, 03 Октября 2011 в 18:51, реферат
2010 жылдың 15 қаңтарында Халыққа қызмет көрсету орталықтарын жергілікті атқарушы органдардың қарамағына беру туралы Қазақстан Республикасы Үкіметінің қаулысы шығып, соған байланысты ХҚО қызметін үйлестіру мен әкімшіліктендіру, сондай-ақ ХҚО мәселелері бойынша мемлекеттік органдармен өзара іс-қимылды жүзеге асыру облыс әкімі аппаратына жүктелді, тиісінше Маңғыстау облысы әкімдігінің 2010 жылғы 9 ақпандағы № 27 қаулысымен «Маңғыстау облысының Халыққа қызмет көрсету орталығы» мемлекеттік мекемесінің мемлекеттік басқару органы болып – Маңғыстау облысы әкімі аппараты анықталды.
Маңғыстау облысының жергілікті атқарушы органдарымен көрсетілетін мемлекеттік қызметтер тізілімі
|
Мемлекеттік
қызметті көрсететін
жергілікті атқарушы
органдар:
Ақтау қаласы әкімдігі
Жаңаөзен қаласы әкімдігі
Мұнайлы ауданы әкімдігі
Маңғыстау ауданы әкімдігі
Бейнеу ауданы әкімдігі
Түпқараған ауданы әкімдігі
Қарақия
ауданы әкімдігі
Маңғыстау
облысының табиғи
ресурстар және табиғатты
пайдалануды реттеу
басқармасы
Маңғыстау
облыстық ішкі саясат
басқармасы
Маңғыстау
облыстық мәдениет
басқармасы
2010
жылдың 15 қаңтарында Халыққа қызмет
көрсету орталықтарын
Қазіргі таңда облыста 8 Халыққа қызмет көрсету орталықтары қызмет етеді: 2 – облыстық деңгейдегі қалаларда, 6 – аудан орталықтарында: Бейнеу, Маңғыстау, Мұнайлы, Түпқараған, Қарақия, Жетібай филиалдары және 3 - өкілдіктер: Бейнеу ауданының Боранқұл ауылында, Түпқараған ауданының Ақшұқыр ауылында, Қарақия аудынының Бостан ауылында.
Жергілікті атқарушы органдардан Жер қатынастары бөлімдері өз қызметтерін Халыққа қызмет көрсету орталықтары арқылы көрсетеді.
Бүгінгі
күнде облыс әкімдігімен
2)
Маңғыстау облысы экімінің аппараты мемлекеттік мекемесі туралы
ЕРЕЖЕ
1. Жалпы ережелер
1. «Маңғыстау облысы
әкімінің аппараты» мемлекеттік мекемесі
(бұдан әрі - «Облыс әкімінін аппараты»)
Маңғыстау облысы әкімінің қызметін ұйымдастыруды,
құқықтық, ақпараттық-талдау және материалдық-техникалық
жағынан қамтамасыз етуді жүзеге асыратын
мемлекеттік орган болып табылады.
2. Облыс әкімінің аппараты өз қызметін,
Қазақстан Республикасының Конституциясы
мен заңдарын, Қазақстан Республикасы
Президентінің, Үкіметінің нормативтік-құқықтық
кесімдерін, облыс әкімиятының қаулылары
мен облыс әкімінің шешімдерін, сондай-ақ
облыс әкімияты және әкімі аппаратының
Регламенттерін және осы Ережені және
өзге де нормативтік-құқықтық кесімдерді
басшылыққа ала отырып жүзеге асырады.
3. Облыс әкімінің аппараты заңды тұлға
болып табылады, мемлекеттік тілде жазылған
Қазакстан Республикасының Мемлекеттік
елтаңбасы бейнеленген мөрі, белгіленген
үлгідегі бланктері, сондай-ақ заңнамаға
сәйкес банктерде шоттары болады Егер
облыс әкімияты оны осыған уәкілеттік
етсе, облыс әкімі аппаратының мемлекеттің
атынан азаматтық-құқықтық қатынастардың
тарабы болып түсуге құқығы бар.
4. Облыс әкімінің аппараты туралы Ережені,
сондай-ақ оның кұрылымы мен штатын облыс
әкімияты бекітеді. Ережеге өзгерістер
мен толықтырулар облыс әкімиятының қаулысымен
енгізіледі
5. Облыс әкімінің аппараты заңнамамен
белгіленген тәртіпте, өз құзыретінің
мәселелері бойынша, олардың облыс бойынша
міндетті күші болатын, бұйрықтар түрінде
құқықтық кесімдер шығарады
6. Облыс әкімі аппаратының заңды мекен-жайы:
130000 Маңғыстау облысы, Ақтау қаласы, 14
шағын аудан, 1 үй
7. Мекеменің толық атауы: «Маңғыстау облысы
әкімінің аппараты» мемлекеттік мекемесі.
Орыс тілінде: Государственное учреждение
«Аппарат акима Мангистауской области»
8. Облыс әкімі аппаратының құрылтайшысы
облыс әкімияты болып табылады.
Облыс әкімі
аппаратының құрылтай құжаттары
облыс әкімиятының 2005 жылғы 7 қаңтардағы
№ 5 қаулысы мен осы Ереже болып табылады.
Облыс әкімі аппаратының құрылтай құжаттарына
барлық өзгерістер мен толықтырулар облыс
әкімиятының қаулысы негізінде енгізіледі.
2. Облыс әкімі аппаратының функциясы
9. Облыс әкімінің
аппараты мынадай негізгі функцияларды
жүзеге асырады:
Маңғыстау облысы әкімияты мен әкімі аппаратының
регламенттерінің сақталуын қамтамасыз
ету;
облыс әкімиятының мәжілістерінде қарау
үшін тоқсан сайынғы мәселелердің тізбесін
дайындау;
облыстық департаменттер/басқармалар
мен жергілікті атқарушы органдардың
дайындаған облыс әкімияты қаулыларының,
облыс әкімі шешімдері мен өкімдерінің
жобаларын сараптау;
Қазақстан Республикасы Президентінің,
Үкіметінің, облыс әкімиятының және облыс
әкімінің нормативтік-құқықтық кесімдерінің
орындалу барысы туралы облыс әкіміне
жүйелі түрде хабарлау;
облыс әкімінің іс-шараларының және іс-қимыл
Бағдарламасының орындалуы туралы облыс
әкіміне ай сайын хабарлау;
облыс әкімиятының қаулылары мен облыс
әкімі шешімдерінің орындалу мерзіміне
бақылау жасауды жүзеге асыру;
облыс әкімиятының мәжілістерін, облыс
әкімі мен оның орынбасарлары өткізетін
кеңестерін, ресми кездесулер мен сапарларын,
басқа да іс-шараларын ақпараттык-талдау,
құқықтық, ұйымдастырушылық, консультативтік
және материалдык-техникалық жағынан
қамтамасыз ету;
қалалық және аудандық атқарушы органдарының
қызметін үйлестіру, олардан Қазақстан
Республикасы Президенті Жарлығының,
Қазақстан Республикасы Үкіметі қаулылары
мен өкімдерінің, облыс әкімияты каулыларының
және облыс әкімі шешімдерінің орындалуы
туралы ақпаратты уақытылы алу;
облыстағы әлеуметтік-экономикалық жағдай
туралы жұртшылық пікірін зеуірттеу, экономика
мен қоғамдық өмірдегі жағымсыз құбылыстарды
қорыту және оның алдын алу мен еңсеру
жөнінде ұсыныстар дайындау;
облыс әкімінің бұқаралық ақпарат құралдарымен
байланысын камтамасыз ету;
облыс әкімінің қызметін құқықтық жағынан
қамтамасыз етуге және өзге де мәселелерін
шешуіне қатынасу;
кадрлар оқуын, дайындау мен қайта дайындауды
үйымдастыру;
облыс әкімияты мен әкімінің қызметін
құжаттамалық қамтамасыз ету және қызмет
көрсету, іс қағаздарын жүргізу;
мемлекеттік қызметтің барлық саласында
мемлекеттік тілдің колданылуын қамтамасыз
ету;
қызметтік құжаттарды қарау;
азаматтар мен заңды түлғалардың өтшіштерш
қарау;
азаматтарды қабылдауды үйымдастыру;
3. Облыс әкімі аппаратының өкілеттігі
10. Облыс әкімі аппаратының,
өз функцияларын жүзеге асыруы үшін өз
құзыретінің шегінде, мынадай құқықтары
бар:
мемлекеттік органдардың қарамағында
болған кез-келген, соның ішінде құпия,
ақпараттық деректер банкісін пайдалануға;
облыс әкімі аппаратының қарауына жатқызылған
мәселелер бойынша, мемлекеттік және мемлекеттік
емес органдармен және ұйымдармен қызметтік
хат алмасулар жүргізуге;
облыстық департаменттер, басқармалар
мен жергілікті атқарушы органдар дайындаған,
облыс әкімияты қаулыларының, облыс әкімінің
шешімдері мен өкімдерінің жобаларын
сараптауды жүзеге асыруға;
әкімияттың мәжілістерінде оларды қарау
кезінде, алауыздық туындаған және оларды
жою жөнінде тапсырма берілген жағдайда,
облыс әкімияты қаулыларының, облыс әкімі
шешімдерінің жобаларын пысықтап тиянақтауға
катынасуға;
Президенттің нормативтік-құқықтық кесімдерінің,
Үкімет қаулыларының, облыс әкімияты қаулыларының,
облыс әкімі шешімдерінің орындалуына
тексеру жүргізуге қатынасуға;
Президенттің, Үкіметтің, Премьер-Министрдің
нормативтік-құқықтық кесімдерінің, облыс
әкімияты қаулыларының, облыс әкімі шешімдерінің
орындалу мерзіміне бақылауды жүзеге
асыруға.
11. Облыс әкімі аппаратының қажетті материалдарды,
хабарламаларды мемлекеттік органдардың
табыс етуі жөніндегі талаптары, егер
тапсырмада орындаудың басқадай мерзімі
айқындалып белгіленбесе, заңнамамен
белгіленген мерзімде орындалуға жатады.
4. Облыс әкімінің аппаратына басшылық ету
12. Облыс әкімінің
аппаратына облыс әкімі қызметке тағайындайтын
және оны қызметінен босататын аппарат
басшысы басшылық етеді.
13. Облыс әкімі аппараты басшысының заңнамамен
белгіленген тәртіпте, қызметке тағайындалатын
және қызметінен босатылатын, орынбасары
болады.
14. Облыс әкімі аппаратының басшысы мемлекеттік
органның жұмысын ұйымдастырады және
оған басшылық етеді және өзіне жүктелген
міндеттердің орындалуына дербес жауапкершілік
артады, өз функциясының шегінде бұйрықтар
шығарады.
15. Облыс әкімі аппаратының басшысы:
өз орынбасарының және облыс әкімі аппараты
бөлімдерінің міндеттері мен өкілеттігін
айқындайды, бөлімдердің ережелерін бекітеді;
аппарат, оның кұрылымдары туралы Ережені
әзірлейді және оларды облыс әкімиятына
бекітуге ұсынады;
келіп түскен құжаттарды орындау жөніндегі
ұсыныстарды облыс әкіміне даярлауды
үйымдастырады;
бөлімдер мен өзге құрылымдық бөлімшелердің
жұмыстарын ұйымдастырады және бағыт
бағдар береді;
заңнамаларға және облыс әкімінің қарарына
сәйкес Д-4 - Д -5 санаттағы мемлекеттік
әкімшілік қызметшілердің іссапарлары
мен демалыстарына бұйрықтар шығарады;
әкімият қаулыларының, облыс әкімі шешімдері
мен өкімдерінің жобаларын және басқа
да материалдарды облыс әкіміне қол қоюға
табыс етеді;
аппараттың құрылымдық бөлімшелермен,
қалалар мен аудандардың әкімдері аппараттарымен,
саяси партиялар және қозғалыстармен,
өзге де коғамдық бірлестіктермен, бұқаралық
ақпарат құралдарымен және тұрғын халықпен
тұрақты байланысын қамтамасыз етеді
Қазақстан Республикасының Президенті
мен Үкіметі заңдарына, нормативтік-құқықтық
кесімдеріне сәйкес кадрлар резерві жөнінде
және мемлекеттік мекемелер мен облыстың
коммуналдық меншіктегі кәсіпорындардың
басшыларын тағайындау жөнінде облыс
әкіміне ұсыныстар дайындайды;
облыс әкімі өткізетін кеңестерге қатысады,
оның тапсырмалары мен нұсқауларының
орындалуына жедел бақылауды жүзеге асырады;
облыс әкімінің жалпы сипаттағы бір жолғы
тапсырмаларын орындауды ұйымдастырады;
заңнамаға сәйкес өзге де өкілеттіктерді
жүзеге асырады.
5. Облыс әкімі аппаратының қызметін ұйымдастыру
16.Облыс әкімі
аппаратына жүктелген
17. Аппарат қызметкерлеріне, олардың жұмыс
қызметінің салалары шеңберінде мынадай
құқықтар беріледі:
облыс әкімі мен аппараттың құрылымдық
бөлімшелері өткізетін мәжілістерге,
кеңестерге, іс-шараларға қатысуға;
облыс әкімі қарайтын мәселелерді шешуге
қатыстыру үшін кұрылымдық бөлімшелердің
қызметкерлерін, мемлекеттік кәсіпорындардың,
мекемелер мен ұйымдардың өкілдерін тартуға;
құрылымдық бөлімшелердің дайындаған,
қойылатын талаптарға жауап бермейтін,
әкімият қаулылары мен облыс әкімі шешімдерінің
жобаларын пысықтап тиянақтауға қайтару
туралы ұсынысын белгіленген тәртіпте
басшылыққа енгізуге, сондай-ақ оларды
қарау, мемлекеттік басқарудың басқа да
органдарының, қалалар мен аудандар әкімдерінің,
кәсіпорындардың, мекемелер мен ұйымдардың
құзыретіне кіретін материалдарды қайтаруға.
18. Аппараттың бөлімдері мен құрылымдық
бөлімшелерінің басшылары:
өз бөлімшелеріне жүктелген міндеттерді
орындауға, облыс әкімияты қаулыларының,
облыс әкімі шешімдері мен өкімдерінің,
облыс әкімі орынбасарларының, аппарат
басшысы мен оның орынбасары тапсырмаларының
уақытылы әрі толық орындалуына жауапкершілік
артады;
қызметкерлер арасындағы міндеттерді
бөледі, еңбек тәртібін камтамасыз етеді,
сондай-ақ аппаратта әрекет ететін нұсқаулықтарға
сәйкес іс кағаздарының дұрыс жүргізілуіне
жауап береді;
аппараттың құрылымдық бөлімшелерінен,
мекемелерден, кәсіпорындар мен ұйымдардан
қажетті ақпаратты сұратып алуға, орындалуға
міндетті тапсырмалар беруге құқығы бар.
19. Осы Ережеден
туындайтын мәселелерді
6. Облыс әкімі аппаратының мүлкі
20. Облыс әкімі аппаратының оралымды басқару құқығында оқшауланған мүлкі болады, ол коммуналдық меншікке жатады. Облыс әкімі аппаратының мүлкі, оған мемлекет тарапынан берілген мүліктердің есебінен қалыптастырылады және негізгі қорлар мен айналым кұралдарынан, сондай-ақ олардың құны облыс әкімі аппаратының балансында көрсетілетін, өзге де мүліктерден тұрады Облыс әкімінің аппараты тарату кезінде оның мүліктерін пайлаланудың тәртібін қолданыстағы заңнамаға сәйкес облыс әкімияты шешеді.
Информация о работе Маңғыстау облысының жергілікті атқарушы органдары