Автор работы: Пользователь скрыл имя, 28 Февраля 2013 в 16:02, реферат
Нидерланд патшалығы (бейресми атауы-Голландия)-Батыс Еуропадағы мемлекет.Солтүстік теңіз жағалауында Рейн,Маас және Шельда өзендерінің құяр сағасында орналасқан.Нидерланд оңтүстігінде Бельгиямен,шығысында Германиямен шектесіп жатыр.Жер көлемі 41,2 мың км².Дүние жүзі бойынша 131-ші орында.Ел аумағы батыстан шығысқа қарай 200 км-ге,солтүстіктен оңтүстікке дейін 370 км-ге созылып жатыр.
Нидерланд корольдігі
Нидерланд патшалығы (бейресми атауы-Голландия)-Батыс Еуропадағы мемлекет.Солтүстік теңіз жағалауында Рейн,Маас және Шельда өзендерінің құяр сағасында орналасқан.Нидерланд оңтүстігінде Бельгиямен,шығысында Германиямен шектесіп жатыр.Жер көлемі 41,2 мың км².Дүние жүзі бойынша 131-ші орында.Ел аумағы батыстан шығысқа қарай 200 км-ге,солтүстіктен оңтүстікке дейін 370 км-ге созылып жатыр.
Қазіргі кезде Нидерланд демократиялық парламент жүйесі бар конститутциялық монархиялы мемлекет болып табылады.Мемлекеттің жаңа конститутциясы 1983 жылы 17 ақпанда қабылданған.Ресми тілі-нидерланд (голланд) тілі.Ақша бірлігі-еуро.Жоғары заң шығарушы органы екі палатадан тұратын Бас Штаттар.Әкімшілік жағынан 12 провинцияға бөлінеді.Ел астанасы-Амстердам,бірақ король сарайы,парламент және үкімет Гаагада орналасқан.
Кішігірім ел болуына қарамастан,Нидерланд-
Сонымен ұстанған сыртқы
саясатының бағыты,Солтүстік теңіз
жағалауындағы географиялық орнының
стратегиялық маңызы,одақтас елдермен
көршілес орналасуы,халықаралық
Табиғаты.
Нидерланд аумағының көпшілік бөлігін ойпатты жазықтар алып жатыр. Оңтүстік-батысында Арденн сілемдері орналасқан (ең биік нүктесі – Ваалсберг тауы – 321 м), қысы мен жазы жылы, жұмсақ теңіздік климат. Қаңтардағы орташа температурасы 1 – 3С, шілдеде – 16 – 17С. Жылдық жауын-шашын мөлшері 650 – 750 мм-ге тең. Нидерландыда өте тығыз өзен тораптары (Рейн, Маас, Шельда өзендерінің атыраулары) бар. Аумағының 70%-ын мәдени жер бедері (егіндіктер, қолмен егілген шабындықтар), 9%-ын ормандар (қылқан жапырақты, ірі жапырақты) алып жатыр.Жер бедері ойпатты келеді.Нидерланд жерінің 10%-ға жуығын көлдер мен өзендер,каналдар алып жатыр және аумағының 40%-ы теңіз деңгейінен төмен орналасқан.Нидерланд тарихында бірнеше рет апатты су басулар болған.Сондықтан жағалау ойпаттарды теңіз суының басуынан қорғау үшін жергілікті халық ежелден-ақ дамбалар мен бөгеулер салып келеді.Қазіргі кезде құрғатылып,теңізден “жаулап алынған” жерлердің жалпы ауданы 7 мың км²-ге жеткен.Мұндай жерлерді голландықтар “польдера” деп атайды.Ел аумағы борпылдақ жыныстар жапқан аймақта жатыр.Бұл жыныстарда шөгінді пайдалы қазбалар(тас тұзы, мұнай, газ, бор, каолин сазы) қалыптасқан.Солтүстік теңіз қайраңында мұнай мен газдың мол қоры бар.Географиялық орнының ерекшеліктері мен Гольфстримнің жалғасы Солтүстік Атлант жылы ағысының әсерінен Нидерланд жерінде теңіздік климат қалыптасқан.Жыл бойы жауын-шашын біркелкі мол түседі.
Су ресурстары.
Нидерландтардағы жүктердi тасымалдаудың жанында жасанды жасалған су бөгеттер үш негiзгi дәрежелерiнiң күрделi жүйесiн қолданылады: екi үлкен Роттердам порттары және Амстердам; бұл Солтүстiк теңiзi бар порт дәнекерлiк каналдар және елдiң әртүрлi аудан жалғастыратын каналдар.
Екi ең iрi порттарға Солтүстiк теңiзiнен жолдардың
жақсартулары үшiн - Амстердамда және Роттердамда –XIX ғасырдың соңында екi каналдар құрастырылды.Нордзе каналы Амстердамнан Солтүстік теңізіне шығатын ең қысқа жолды қамтамасыз етеді. 27 км созылымдықпен кең және терең канал-Ньив-Ватервех,құм белдiгi хукте бұза – Холланд теңiзi бар Роттердамды жалғастырады.Эйсселмер көлінің оңтүстiк-батысындағы кішігірім шығанақтың маңында орналасқан Амстердам порты XIX ғасырда өзінің мәнiн жоғалта бастады,өйткені сол кезде Солтүстік теңізге шығатын порт жеткіліксіз болды.1825 жылы Амстердам мен Хелдерді қосатын канал салынған,бірақ ол жүз жылдықтың аяғында ірі кемелердің өтуіне жарамсыз болды.Сондықтан Амстердаммен және Солтүстік теңіздің жағасындағы Эймейден және Велсеннен қалаларының арасына Нордзе каналы салынды. Амстердам және Роттердам порты жаппай жүктердiң үлкен партияларының тез өңдеуiне есептеуде жабдықталған.Амстердамда айлақтардың ұзындығы 39 км,солардың жартысы мұхит кемелеріне арналған.Порт екіге бөлінеді:шығыста ескі порт,бұрын Зейдер-Зеге ашылған,және батыста кең және терең айлақтары бар жаңа порт Нордзе каналына тікелей қатысты. Европорт, ең батыс және қазiргi заманға сәйкес порттың бiр бөлiгi, Солтүстiк теңiзiнiң кептiрiлген түп бөлiмшесiнде орналасқан.
Ол ең ірі мұхит кемелерінің кіруі үшін,және де аса зор танкерлерге де.Роттердамда шамамен жылына 200 млн.тонна жүк түсіріледі.
2005 жылғы санақ бойынша Нидерланд елінде 16,41 млн. адам тұрады.Халқының тығыздығы 1 км² 400 адам.Халықтың 61%-ы қалада тұрады.Елде халық саны 100 мыңнан асатын 17 ірі қала бар.Елдің ең ірі қалалары-Амстердам, Роттердам,Гаага.Халықтың табиғи өсуі жылына 0,53% құрайды.Оның көбісін Мороккодан,Түркиядан,Суданнан және басқада дамушы мемлекеттерден келген эмигранттар құрайды.
1996 жылы халықтың 37%-ы Голландияның Солтүстік және Оңтүстік провинцияда тұрған.
Екінші Ұлы Отан соғысынан кейін Нидерланд елінде халықтың өсуі азайып кетті.Жылдық орташа табиғи өсім 1950-1960 жылдары 1,3% құраса,1970 жылы 0,9%-ға дейін төмендеді,1980 жылы 0,4%-ға жетті.1990-1996 жылдары 0,6%-ға жетті.1995жылы халықтың 15%-ын шет елде немесе бiр ата-анасы-шетелдiк болатын дүниеге келген тұлғалар құрады.Бұл адамдардың көбісі мұсылман елінен келген.1996 жылы Нидерланд елінде 728 мың шетелдік тұрған.
Өмір сүру жасының орташа ұзақтығы:балалар 0-14 жас халықтың 18,1%-ын құрайды(ұлдар-1,5млн адам,қыздар-1,5млн адам),15-64жас халықтың 67,8%-ын құрайды(еркектер-5,63млн адам,әйелдер-5,49млн адам),65 жастан жоғары 14,1%-ын құрайды(еркектер-974,04мың адам,әйелдер-1,34млн адам).Орташа өмір сүру ұзақтығы-ер адамдарда 78жас,әйелдерде 81жас.Бұл дүние жүзіндегі ең жоғарғы көрсеткіш.Әлемдегі ең ұзын халық голандықтар болып саналады.Жергілікті халқының орташа бойы 182 см.
1992 жылдан бастап Нидерландта қос елдің азаматтығын алуға рұқсат
берілген.Мемлекеттік тіл-герман тіл тобына
жататын нидерланд тілі.Солтүстік провинцияларда
фриз тілі,ел аумағында ағылшын,неміс
тілдері кеңінен тараған.Ел Конститутциясы
ар-ождан бостандығына кепілдік береді,сондықтан
халықтың діни құрамы өте күрделі.Жалпы
алғанда,христиан дінін ұстанатындар
басым (католиктер-32%,протестанттар-
Еңбек нарығында өндірістік емес сферада жұмыс істейтіндер саны басым 67%,өнеркәсіпте 28%,ал ауыл шаруашылығымен және балық аулаумен халықтың 5%-ы ғана айналысады.
Шаруашылығы:
Нидерланд экономикасының даму деңгейі жоғары ел ретінде батыстың күшті дамыған он елінің қатарына енеді.Халқы ЕО халқының 4,5-ын ғана құрағанымен,ЕО өндіретін жалпы өнімнің 5,2-ын береді.Ел экономикасында күрделі қаржыны сыртқа шығару,сыртқы сауда мен теңіз көлігі айрықша орын алады.Халықаралық еңбек бөлісіндегі елдің орны азық-түлік пен сусындар,химия өнеркәсібінің өнімдері,электр техникасын жасаумен анықталады.Нидерланд экономикасындағы үш алып концерн дүние жүзіндегі аса ірі 30 компания қатарына енеді.
Өнеркәсіп ұлттық жиынтық өнімінің 26%-ға жуығын береді.Өнеркәсіптегі жоғары техналогия салаларының үлесі жөнінен Нидерланд дүние жүзінде Жапониядан кейін екінші орын алады.Өнеркәсіптің негізгі саласы-отын энергетика кешені.Елде өндірілетін табиғи газдың жартысынан астамы шетке шығарылады,одан түскен қаржыға шеттен мұнай,тас көмір сатып алынады.Мұнай өндіру мен мұнай өнімдерін шығаруда Ройял Датч-Шелл ұлтаралық компаниясы айрықша көзге түседі.Ел энергетикасындағы газдың үлесі -51,8% мұнай мен мұнай өнімдері-37,8%,көмір 7,4%,атом энергиясы 1,6% басқа энергия көздерінің үлесі 2,4%-ды құрайды.
Химия өнеркәсібі жалпы өнеркәсіп өнімінің 15%-ын береді.Бұл саланың 350 компаниясында 90 мың жұмысшы істейді.Тыңайтқыштар мен фармацевтика шикізатын өндіру,дәрі-дәрмек,бояулар мен сабын,пластмассалар өндірісін және т.б.қамтитын химия өнеркәсібі 50 мыңнан аса өнім түрін шығарады.Өнімнің ¾-і экспортқа шығарылады.
Машина жасау өнеркәсібі,
Көлік жүйесі.Сыртқы байланыстары.
Көліктен түсетін пайда ұлттық табыстың 9%-ға жуығын береді.Елдегі ішкі су көлігі мен теңіз көлігі біртұтас жүйе құрайды.Әлемдегі ең ірі Роттердам портынан өзендер мен каналдар арқылы Еуропаның барлық дерлік өнеркәсіп орталықтарына жүк жеткізуге болады.Ірі порттар қатарына Амстердам,Делфзейл,Флиссинген де жатады.
Елде қазіргі заманғы тас жолдар желісі де жиі,оның үлесіне құрлықтағы жүк айналымының 80%-ы тиесілі.Әуе көлігі жүк пен жолаушы тасымалын жүзеге асырады.Елде 20 әуежай бар,оның 12-сі халықаралық тасымалмен айналысады.Амстердам мен Гаага аралығында орналасқан аса ірі Схипхол әуежайы арқылы жылына 700 мың тонна жүк,20млн-нан аса жолаушы тасымалданады.
Нидерландтың сыртқы экономикалық байланыстарында ЕО елдері басты орын алады.Олардың үлесіне ел экспортының 70%-ы,импортының 56%-ы тиесілі.Басты сауда әріптесі көршілес орналасқан-Бельгия.1948 жылы Бельгия,Люксембург,Нидерланд мемлекеттерінің экономикалық одағы-Бенилюкс құрылған.Ел,сондай-ақ Шенген келісіміне қол қойған.Нидерланд дамушы елдерге қайырымдылық көмек көрсету мөлшері жөнінен дүние жүзінде Швециядан кейін екінші орын алады.
Тарихы.
Нидерланд аумағын адамдар жаңа тас дәуірінен мекендей бастады. Б.з.б. I мыңжылдықтың II жартысынан мұнда негізінен кельт тайпалары өмір сүріп, оларды біздің заманымыз басталар кезде герман тайпалары ығыстырды. Б.з.б. I ғасырда Нидерланд аумағының бір бөлігін римдіктер басып алды. III – IV ғасырларда оңтүстік Нидерландыны франктер, шығыс Нидерландыны сакстер, солтүстік Нидерландыны фриздер мекендеді. V ғасырдан бастап франк мемлекетінің құрамына еніп, ол ыдырағаннан кейін елде бірқатар ұсақ иеліктер (Голландия, Гелдерн, тағы басқа графтықтар) құрылды. XI – XVI ғасырларда Нидерланд жерлері (Голландия, Зеландия, Фрисландия, тағы басқа) Бельгия, Люксембург, Франция, Испанияның құрамында болды. XVI ғасырдағы Нидерланд революциясының (1566 – 1609) нәтижесінде испан үстемдігінен азаттық алған жерлерде Біріккен провинциялар Республикасы құрылды. XVII ғасырда Нидерланд сауда-саттық пен теңіз саудасы жақсы дамыған алдыңғы қатарлы еур. державаға айналды. Оңтүстік-Шығыс Азияда Индонезия, Америкада Гвиана, Кіші Антиль аралдары, Африкада Кап жерлері Нидерландының отарына айналды. 1810 – 1813 жылдары елді Наполеон басып алды. 1815 жылы Бельгиямен біріктіріліп, Нидерланд корольдігі (1830 жылға дейін) құрылды. II дүниежүзілік соғыс жылдары Нидерландыны немістер басып алды. Соғыстан соң Нидерланд отарлық империясы ыдырай бастады. Нидерландыда 70-тен астам саяси партиялар тіркелген. 1989 жылдан бастап өкімет билігін христиан-демокр. партия мен Еңбек партиясынан құрылған коалицалық үкімет жүргізіп келеді.
Астанасы.
Амстердам - Нидерландтың ең ірі қаласы, әрі астанасы. Қала аты Амстел өзенінің бойында орналасқанына бөгенге қатысты аталған. Қала негізі XII ғасырда кішкене балық аулаушылар елді-мекені ретінде пайда болып, бүгінгі таңда 172 ұлттарды қамтитын 743,104 тұрғыны бар Нидерландтың ірі қаласы (қала маңы тұрғындарымен қоса - 1.5 млн). Нидерланд Алтын дәуірі кезінде Әлемнің ірі сауда кемежайы, қаржы және гауһар орталығы болған.
Амстердам әуежайы Еуропадағы 4-ші ірі әуежай болып табылады.
Теңiз жағалауында Амстердам жағдайы ауа райының жиi өзгередi.Күз әдеттегідей тұманды және жаңбырлы.Қысы желді,бірақ суық емес,қаңтарда ауа температурасы 1С,жазы жылы-тамызда орташа температура-17С.Жылдық жауын-шашын мөлшері 750 мм.
Мәдениеті.Амстердамда 40-тан аса мұражайлар бар.Соның ішінде маңыздылары- Рейкс музеумі,Ван Гога мұражайы және Стеделейк музеумі.
Музеум Стеделейкта қазiргi заманғы өнердiң
коллекциясы жинақталған.Мұнда 1850 жылдан бастап және бiздiң күнге дейін
суретшiлердің, мүсiншiлердің, графиктердің,
Екінші дүние жүзілік
соғыс кезінде 1942-1944 жылдары Анна
Франк және оның ата-анасы жасырынған
үй қазіргі күнге дейін сақталған.
Рейксмузеумнің артында концерттік зал,симфониялық оркестрдің ғимараты орналасқан.Қалалық театрда Лейдсеплейн алаңында классикалық және қазіргі пьессалар,кейде опералар және ұлттық балеттің қойылымдары қойылған.
Қайнар көзі
www.visitnider.com