Орталық Азия

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 12 Января 2012 в 13:43, реферат

Описание

Орталық Азия мемлекеттеріндегі бұқаралық ақпарат құралдары өкілдерінің айтуынша, қазіргі кезде нашақорлық және ВИЧ/СПИД дертімен күресу туралы толыққанды ақпарат тарату үшін қаржы тапшылығы сезіліп отыр. Тәжікстанның мемлекеттік “Седои Душамбе” радиосының бас редакторы Сафарали Кұрбанәлидің айтуынша, мәселенің барлығы осыған келіп тіреледі.

Работа состоит из  1 файл

Орталық Азия мемлекеттеріндегі бұқаралық ақпарат құралдары өкілдерінің айтуынша.doc

— 59.00 Кб (Скачать документ)

Орталық Азия мемлекеттеріндегі бұқаралық ақпарат құралдары өкілдерінің айтуынша, қазіргі кезде нашақорлық және ВИЧ/СПИД дертімен күресу туралы толыққанды ақпарат тарату үшін қаржы тапшылығы сезіліп отыр. Тәжікстанның мемлекеттік “Седои Душамбе” радиосының бас редакторы Сафарали Кұрбанәлидің айтуынша, мәселенің барлығы осыған келіп тіреледі.  
 
- Біздің радиода нашақорлық мәселесі, ВИЧ/СПИД дерті туралы хабарлар айына 6-7 рет шығып тұрады, оның тыңдармандары да бар, бірақ бұл насихатты көбейту үшін қаржы керек. Бұл мәселе ретін тапса, біз ерінбей еңбектенуге дайынбыз, себебі, нашақорлық және ВИЧ/СПИД дертімен күрес - қоғамдағы өзекті мәселелерді бірі, - дейді “Седои Душамбе” радиосының бас редакторы Сафарали Кұрбанәли. 
 
Ал мамандар болса, ВИЧ/СПИД және нашақорлық дертімен жүргізіп жатқан күресті насихаттау үшін, журналистердің де бұл саладағы сауатын аша түсу керек деген пікір білдіреді. Мәселен, өзбекстандық маман Саид Бурхановтың айтуынша, бұл салада жұмыс істейтін журналисттер тақырыпты қалай ашуды, мәселені қалай насихаттауды жақсы білуі керек: 
 
- Ең алдымен журналистер нашақорлық немесе ВИЧ/СПИД-ке шалдыққандарға ерекше бір көзқараспен қарамай, оларға қатардағы қоғам өкілі ретінде қарауы тиіс. 
 
Өзбекстандық журналистің бұл ойын қазақстандық дәрігер, Қазақстандағы Салауатты өмір салтын қалыптастыру проблемаларының ұлттық орталығының директоры Қазбек Төлебаев қолдап отыр: 
 
- ВИЧ/СПИД, нашақор десе болды, біз ол азаматтардың маңдайына таңба қойғандай қараймыз. Олай жасауға болмайды, қоғам өкілдері ВИЧ/СПИД немесе нашақорлық дертіне шалдыққандарға олай қарай беретін болса, бұл азаматтар өз ауруын жасырып, басқаларға жұқтыра береді, яғни мұның салдарынан қоғам пайда көрмейді. 
 
Мамандардың айтуынша, егер Орталық Азия мемлекеттері бірлесіп, осы мәселемен күресуді қолға алса, онда ғаламдық қор мен Дүниежүзілік банк 18 миллион доллар көлемінде қаржы бөлуге дайын. Қырғызстанның ұлттық телеарна жетекшісі Мырзақұл Мәмбетәлиевтің айтуынша, бұдан бұрын Орталық Азия мемлекеттерінің бұқаралық ақпарат құралдары бірігіп, мәселені шешуге әрекеттенгенімен, одан нәтиже шықпапты. 
 
- Кездесулер тек теория жүзінде өткен. Көп жағдайларда бұл кездесулер тек декларативтік түрде өтеді. Ал мұндай кездесулердің нәтижесі болуы керек. Осы мақсатта Орта Азия мемлекеттері қандай шараларды іске асырып жатқанын біз хабардар болуымыз керек, өз кезегінде Орта Азияның өзге елдері Қырғызстанда болған жағдайлар жөнінде біліп отыруы тиіс. Себебі, нашақорлық, ВИЧ/СПИД деген шекарасы жоқ мәселелер ғой, - дейді М.Мәмбетәлиев. 
 
Ресми деректерге жүгінсек, бүгінгі таңда Қазақстанда бар нашақорлардың саны 300 мыңдай адамға жетеді, ал іс жүзінде бұл көрсеткіш әлдеқайда көп болуы мүмкін дейді мамандар. Қазақстанда ВИЧ жұқпалы індетінің таралуы жалғасуда. СПИД орталықтарының мәліметтері бойынша, 2009 жылдың 1 қазанында республикада 13310 ВИЧ жұқтырғандар тіркелген, ол 100 мың адамға шаққанда 71,5 көрсеткішті құрайды. СПИД-тің диагнозы 938 пациентке қойылған. Елімізде ВИЧ жұқтырғандардың саны, сол сияқты үдемелі СПИД жұқпасынан қайтыс болған адамдардың саны жыл сайын артып отыр.

ВИЧ жұқтырудың жаңа жағдайларын төмендету бойынша басым міндеттер тек оның таралуының алдын алу немесе оған қатысты салауатты өмір сүруді насихаттау және жеке қорғаныс құралдарын қолдану және ВИЧ жұқтырғандарды сапалы емдеу болып қана табылмайды. Терапия өз кезегінде науқастардың қанында вирустың мөлшерін төмендетіп, оларда СПИД кезеңінің дамуына жол бермейді және ВИЧ-тің жыныстық серіктеріне берілу қаупін төмендетеді.

Көптеген адамдарда  “ВИЧ жұқпасы” емдеуге келмейтін ауру деген ұғым қалыптасқан. Шынында, арнайы ең жаңа технологияның көмегімен, иммундық тапшылық вирусының көбеюіне әсер ететін, антиретровирустық терапияны енгізгенге дейін, ахуал осындай болған. Қазір осы емдеу түрі арқылы абсолютті өлімге апаратын қатерлі ауруды созылмалы аурулар қатарына ауыстыруға мүмкіндік туды. Бұрын ВИЧ-ті жұқтыру мен СПИД-тің дамуы арасындағы кезең орта есеппен 6-8 жылды және СПИД-тің дамуы мен өлімге дейінгі аралық 3,7 жылды құраған. Қазіргі уақытта ВИЧ жұқтырған адамдардың өмірін 10-15 жылға және одан да көп жылдарға созуға болады. Қазақстан арнаулы терапияға мұқтаж адамдарға ақысыз қызметін көрсететін озық елдердің тізіміне алғашқылардың бірі болып енгенін атап өткен жөн.

Дүниежүзілік ғылыми қоғамдастық қазіргі кезеңде ВИЧ жұқпасын емдеуге арналған 30-ға жуық антиретровирустық препараттарды (АРП) ойлап тапты. Олардың сапасын жақсарту жұмысы жалғасуда, себебі тиімді емдеудің кепілі АРП-ны дұрыс тағайындау болып табылады, ол минималды қосалқы әсер етеді, сондай-ақ бұл дәрі-дәрмектерге тұрақтылық туғызбауы керек. Бірақ иммунтапшылық вирусы өз қасиеттерін өзгерту арқылы жаңа ортаға бейімделеді де, қолданылатын дәрмектерге тұрақты болып алады. ВИЧ-тің әртүрлі өмір кезеңдеріне әсер ететін, белсенділігі жоғары антиретровирустық терапия сызбасына 3-тен кем емес препараттар кіретінін ескерсек, арнайы диагностикалық тестсіз қай препараттың тиімсіз екендігін анықтау қиын. Осындай зерттеулер әлемнің барлық дамыған елдерінде және кейбір ТМД республикаларында жүргізіледі.

2009 жылдан бастап  ВИЧ-тің өзгергіштігін және дәрі-дәрмекке  сезімталдығының жоқтығын зерттеумен СПИД РО ғылыми бөлімі де айналыса бастады. Антиретровирусты терапиядан тиімді нәтиже алмаған пациенттерге, олардың ішінде балаларға республиканың әртүрлі аймақтарында тест жүргізіледі. Егер, бұрын осы зерттеу енгізілгенге дейін, препараттар үйлесімі негізсіз өзгертіліп отырса, енді дәрілік затты негіздеп өзгертуге мүмкіндік бар.

Қазіргі уақытта республикада 15 антиретровирустық препараттар тіркеліп, қолданылуда. Терапияны бағытталған түрде өзгертуден басқа, пациенттер тиімді емделетін дәрілік заттардың спектрін кеңейту жобалануда. ВИЧ СПИД-ті емдеу үшін ең жаңа технологияларды жасау және қолдану бойынша соңғы жылдардағы ғылыми зерттеулер ВИЧ жұқтырған адамдарға сапалы көмек береді деген үміт бар.

: ВИЧ/СПИД ауруының  алдын алу жұмыстары  
1978 жылы АҚШ-тың Танзания штатында осы аурудың белгілері бар бірнеше пациент тіркеліп, бұл ауруға 1982 жылы СПИД деген атау мен анықтама беріледі.  
Қарап отырсақ, қазір жастарға қарағанда, ересек адамдар ВИЧ және СПИД атауларын синоним сөздер ретінде қабылдап, ол туралы түсініктері шатасып жатады. СПИД ол ВИЧ инфекциясының кезекті асқынған стадиясы ғана, ВИЧ СПИД-ке айналғанға дейін көп жылдар өтпек. Бұл жылдардың нақты мерзімі әрбір науқастың өз денсаулығын одан әрі қарай қалай күтуіне байланысты болмақ. Басқа сөзбен айтқанда, адамда өмір бойы ВИЧ инфекциясы болуы, бірақ СПИД-ке айналмауы да мүмкін. Қысқасы, иммунтапшылығы вирусы адамның қанындағы CD4 немесе Т клеткаларын зақымдайды. Бұл клеткалар ағзаны инфекциялардан қорғайтын иммундық жүйенің қалыпты қызмет етуінде ерекше маңызға ие. ВИЧ инфекциясы қанға түскеннен кейін көбейе келе жоғарыда аталған клеткаларды өлтіре бастамақ. Өз кезегінде иммундық жүйе “жоғалған” клеткаларды жылдам қалпына келтіріп отырғанмен жылдар өте келе CD4 клеткалары соншалықты азайып, ағза оны қалпына келтіріп үлгере алмай қалады. Осының салдарынан иммундық жүйе бұзылып, жайшылықта аса қауіпті емес инфекциялардың алдында адам ағзасы шарасыз болып қалмақ. Бұл инфекциялар (оның ішінде онкологиялық аурулар да кіреді) оппортунистер деп аталады, яғни “жағдайды пайдаланушылар”. ВИЧ-пен ауыратындарда оппортунистік инфекциялардың пайда болуы СПИД диагнозын қоюға негіз болмақ.  
1 желтоқсан – Дүниежүзілік СПИДке қарсы күн.  
СПИД вирус арқылы жұғады. Ол вирустар көзге көрінбесе де, адамның қанындағы антиденелерді өлтіреді. Егер антиденелер өлсе, онда адамның иммундық жүйесі бұзылады. Ондай адамдар ауруға тез шалдығады. Жұқтырылған вирус өзін үш айға дейін ұстатпайды. Сондықтан оны тек дәрігер қанды толық зерттеген кезде ғана тауып алады. СПИД вирусы тек қан және жыныстық қатынас арқылы жұғады. Оның мынандай жолдары бар:  
Біреуге қан құйса  
Бірінші адамнан вирусы бар шприцты екінші адамға қолданса  
Вирусты инемен денеге сурет салса немесе құлақ тессе  
Жыныстық қатынас  
Жұқтырған ананың баласына  
Бірден адамда суық тиген синдромы байқалады. Жөтеледі, дене қызуы көтеріледі, басы айналып, тәбеті болмай ариды. Күретамырлары білеуленіп кетіп, 3 аптадан соң қайта басылады.  
СПИДтің соңғы сатысы-өлім. Ол адам ауруға тез шалдыққыш келеді. Қандай болсын ауруға төзе алмағандықтан, өліп кетуі де бар.  
Ал енді қай кездерде жұқпайды?  
Амандасқанда, құшақтағанда, иіскегенде  
Тамақты бір ыдыстан ішкенде  
Бірге жуынып, орамалмен сүртінгенде  
Ауа, су, ойыншық арқылы  
Жәндіктер шаққанда  
Есік, машина тұтқасын ұстағанда  
Бірақ, сонда да әр адам өзінің жеке бас гигиенасын сақтауы керек.  
СПИДке шалдыққан адам 10-15 жыл ғана өмір сүре алады. Осындай жағдайға душар болған адамдарға көмек беріп, қолдауымыз керек. Ауыратын екен деп бас тартпауымыз керек.  
Осы аурудың аты шығып, анықталғаннан кейін-ақ оған әлемдегі БАҚ өкілдері “ХХ ғасырдың індеті”, “ғасыр обасы” деген ат қойып, оны жұқтырған адамдар санаулы жылдардың ішінде-ақ іріп-шіріп өледі деген түсінік тарата бастады.  
Шындығында, ВИЧ жұқтырған адам қанша өмір сүреді? “ВИЧ инфекциясы” диагнозы бар адам ең бірінші өзіне осы сауалды қоймақ. Бұған мамандар қазірге: “Ешкім білмейді”, деген бір ғана сауалмен жауап береді. Кейде оның 15, 10 тіпті 5 жыл деген “мерзімі” айтылып та қалады. Осы арада мына бір мәселеге назар аударалық. СПИД эпидемиясы 25 жылдан астам уақыт бұрын басталса, содан бері осы диагнозбен өмір сүріп келе жатқан адамдар бар.  
Қазақстанда ВИЧ/СПИД ауруының алдын алу жұмыстары 10 жылдан бері жүргізіліп келеді. Бірақ, осыған қарамастан, өкінішке қарай біздің елімізде де ВИЧ позитивті адамдардың саны жыл сайын ұлғайып бара жатыр. Осы уақытқа дейін халықтың арасында бұл ауру тек моральдық азғындаған адамдарда ғана болады деген түсінік қалыптасып келді. Оны жыныстық қызмет көрсетіп жан бағып жүрген қыз-келіншектеріміз жұқтырады, онымен осылардың қызметін пайдаланатындар немесе гомосексуалдар мен нашақорлар ауырады деген біржақты пікірде болды. Қазіргі кезде иммунтапшылығы дерті жағдайы түзу, орта жастан асқан отбасылы жандардан да табылып отыр. Адамның ағзасындағы төрт сұйықтықта болатын бұл вирус иненің ұшымен де, жыныстық қатынаспен де, қан арқылы да, ананың сүтімен де оңай жұғатынын Шымкент оқиғасы тағы да дәлелдеп кетті. Осы вирусты аяғын анықтап басып, адал жүрген адамға тіс дәрігері де, маникюр-педикюр шебері де өз кәсібін дұрыс атқармаса, абайсызда жұқтыруы мүмкін.  
Алматыдағы СПИД орталығының деректеріне қарасақ, қазіргі жағдаймен бағалағанда Қазақстанда 12-14 мыңдай адам ВИЧ диагнозымен өмір сүріп жатыр. Шамамен деп отырғанымыз, осы уақытқа дейін, мәселен алматылықтардың 10 пайызы ғана тексеруден өткен. Оңтүстік астанамызда бүгінге дейін ВИЧ диагнозы 1400 адамға қойылған. Олардың жас шамасы 19-49 аралығын құрайды. Биылғы жылдың 1 қазанына дейін елімізде 6 943 жанның ВИЧ жұқтырғандығы тіркеліп, оның 426-сы СПИД-пен ауыратындығы анықталып отыр.  
Бүгінгі статистикаға қарап отырсақ, Қазақстанда ВИЧ жұқтырғандардың 78 пайызын, Алматыда тіркелгендердің 92 пайызын есірткі пайдаланатындар құрайды екен.  
Қазіргі күндері осы аурумен күресетін үкіметтік емес ұйымдар иммун тапшылығы вирусымен ауыратындарға психологиялық қолдау көрсетіп, олардың құқықтарын қорғайды және ол адамдарға осы диагнозбен қоғамға бейімделуге көмектеседі.  
Қазіргі күндері Қазақтанда иммун тапшылығы вирусымен ауыратын азаматтармен көптеген Үкіметтік емес ұйымдар жұмыс істейді. Олардың қатарында “Тең теңімен” ұйымы да бар.  
БҰҰ-ның СПИД жөніндегі Бірлескен бағдарламасы мен Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымының сарапшылары да, СПИД індетінің 2005 жылғы жағдайы жайында есеп-дерегін жария етті. Олардың мәліметтеріне қарағанда, былтырғы жылғы көрсеткіш 37,5 млн. болса, ал 2005 жылы дүниежүзі бойынша ВИЧ пен СПИД жұқтырғандардың саны 40 миллион адамнан асып жығылған. Сонымен қатар 3,1 миллион адам, оның ішінде 570 мың бала осы дерттен көз жұмған екен. Бір айта кетерлігі, әлем бойынша аталмыш індеттен ең көп зардап шеккен аймақ Африка мен Сахараның оңтүстік аймақтары, мұнда ауруды жұқтырғандардың 65 пайызы тұрады екен.

Информация о работе Орталық Азия