Шөл зонасы

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 28 Февраля 2013 в 16:05, реферат

Описание

Шөл зонасы Каспий теңізі жағалауынан Тарбағатай тауының етегіне дейін созылады. Шөл зонасының жалпы көлемі 120 млн га, республика аумағының 44%-ына жуығын алады. Бұл зонада негізінен құмды және сазды шөлдер кең тараған. Тасты шөлдер Қазақстанға тән емес, бұлар тек шағын үлескілерде кездеседі. Шөлдің климаты тым континентті және аса құрғақ . Жалпы жауын-шашынның жылдық орташа мөлшері 200 мм-ден аспайды. Шөлдің кейбір аудандарында жылдық жауын-шашын 100 мм-ге де жетпейді. Жазда жаңбыр өте сирек жауады. Жауын-шашынның көбі көктемде түседі.

Содержание

1 Жер асты суы
2 Құмды шөлдер
3 Құмды шағылдар
4 Сазды шөлдер
5 Тастақ немесе тасты шөлдер
6 Өсімдіктері
7 Жануарлары
8 Пайдаланған әдебиет

Работа состоит из  1 файл

Шөл зонасы.doc

— 99.00 Кб (Скачать документ)

Шөл зонасы

Уикипедия —  ашық энциклопедиясынан алынған  мәлімет

Мында өту: шарлау, іздеу

Шөл зонасы Каспий теңізі жағалауынан Тарбағатай тауының етегіне дейін созылады. Шөл зонасының жалпы көлемі 120 млн га, республика аумағының 44%-ына жуығын алады. Бұл зонада негізінен құмды және сазды шөлдер кең тараған. Тасты шөлдер Қазақстанға тән емес, бұлар тек шағын үлескілерде кездеседі. Шөлдің климаты тым континентті және аса құрғақ . Жалпы жауын-шашынның жылдық орташа мөлшері 200 мм-ден аспайды. Шөлдің кейбір аудандарында жылдық жауын-шашын 100 мм-ге де жетпейді. Жазда жаңбыр өте сирек жауады. Жауын-шашынның көбі көктемде түседі.

Қысы суық. Аяз -40°С-қа дейін  жетеді. Жазы өте ыстық, қапырық әрі  құрғақ. Шілденің орташа температурасы  солтүстігінде 24° -26°С, оңтүстігінде 28° -30°С. Құм бетінде температура  жазда 70°С-қа дейін қызады. Осының бәрі буланудың көп болуына септігін тигізеді. Көктемде еріген қарсуымен толығатын қазаншұңқырлар мен ойыстар жазда кеуіп кетеді. Олардың түбінде қалың тұз қабыршақтары пайда болып, ондай жерлерде ешқандай өсімдіктер өспейді.

 

 

Балқаш

Мазмұны

  • 1 Жер асты суы
  • 2 Құмды шөлдер
  • 3 Құмды шағылдар
  • 4 Сазды шөлдер
  • 5 Тастақ немесе тасты шөлдер
  • 6 Өсімдіктері
  • 7 Жануарлары
  • 8 Пайдаланған әдебиет

Жер асты суы

Шөл зонасының  ауасы құрғак әрі жауын-шашын  мөлшері аз болғандықтан, жергілікті өзендері жоқ. Тек қана шөл зонасынан  тыс (Жайық, Жем, Сырдария, Сарысу, Шу, Талас, Іле, Қаратал, т.б. басталатын өзендер бар. Ол өзендер шөл арқылы аққандықтан, суының көбі булануға немесе суаруға кетеді де, кейде сағасына жете алмайды. Осыған байланысты шөлде терең орналасқан жер асты суының зор маңызы бар. Ондағы халықты ауыз сумен камтамасыз етуде және мал суару үшін терең жер асты суының алатын орны ерекше. Шөл зонасының астында Қызылқұм, Шу-Сарысу, Оңтүстік Балқаш, Сырдария, Бетпакдала, Маңғыстау, Каспий маңы сияқты ең ірі артезиан алаптары жатыр.

Шөл зонасы солтүстік және оңтүстік болып екіге бөлінеді. Солтүстік шөлдерде Үстірт және Тұран ойпатының солтүстік жартысы, Бетпақдала үстірті, Мойынқұм, Балқаш маңы құмдары жатады. Ал оңтүстік шөлдерге Үстірттің оңтүстігі мен Қызылқұмды қамтитын Тұран ойпатының оңтүстік жартысы жатады. Шөлдің оңтүстігінде жеңіл саздақтың үстіне қалыптасқан қоңыр топырақ тараған. Қоңыр топырақтың ашық қызғылт топырақтан түсі бөлек және құрамында шіріндісі аз (2,5%-ға дейін). Шөлдің оңтүстігінде сұр-қоңыр топырақ басым. Оның құрамында шірінді тіптен аз (1,0-1,2%). Сұр қоңыр топырак минералды заттарға бай болғандықтан, құнарлы келеді. Мұндай топырақты жерді суарса және тыңайтқыштар қолданылса, мақтадан, бидайдан, бау-бақшадан көп өнім алуға болады.

Құмды шөлдер

Құмды шөлдер бүкіл  шөл зонасының үштен біріне жуығын алып жатыр. Олардың ең ірілеріне Қызылкүм, Арал маңы Қарақұмы, Мойынқұм, Сарыесік. Атырау және Каспий маңы ойпатының құмдарын (Нарын, Тайсойған, Қарақұм, т.б.) жатқызуға болады. Мұндағы құмдар ондаған мың жылдар бұрын осы жердегі өзендер мен көлдердің орнында пайда болған. Кейін желдің әсерінен бұл құмдардан шағылдар, қырқалар, төбелер түзілген. Құмға су жақсы сіңеді және одан аз буланады. Әдетте, тек құмның беткі қабаты ғана құрғайды, ал оның астыңғы қабаттары әр уакытта ылғалды келеді. Сондықтан аз ғана тереңдікте ішуге жарайтын еспе суы болады. Көшпелі құмдарда топырақ жамылғысы жоқ дерлік. Топырақ қабаты кырқалар мен төбелерде, борпылдак құмды қырқалардың аралығында, қазаншұңқырлар мен жазық жерлерде құмайтты, қоңыр және сұр қоңыр топырақты болып келеді. Еспе суы жер бетіне таяу жатқан жерлерде дәнді дақылдар мен бақша дақылдарын егуге болады.

Құмды шағылдар

Құмды шағылдар мен төбелерде астық тұқымдастардан бозға ұқсас селеу тараған. Мұның тамыры ұзын болады, ол құмды бекітеді. Бекіген құмдарда көктемде селеу, өлеңшөп, құмның боз жусаны, құм бетегесі, еркекшөп, құмның жабайы сұлысы, қоңырбас, құм түймедағы, құмаршық жақсы өседі. Жазда барлық шөп өсімдіктері қурап кетеді. Қазақстанның оңтүстігіндегі Сырдария аңғарында, Батыс Тянь-Шаньдағы Қаратау бөктеріндегі шөлдерде дермене жусаны сақталған. Ол Қазақстанда ғана өседі. Дермене жусанының ашылмаған жас гүлінен іш құртын (глист) түсіретін сантонин дәрісі жасалады. Дермене «Қазақстанның Қызыл кітабына» енгізілген. Шөл өсімдіктері табиғат жағдайларына қарай бейімделген. Бұл — олардың ерекшеліктерінің бірі. Ылғалды тез жоғалтпау үшін жапырақтары тікенді қабыршыққа айналған немесе буланудан сақтайтын түктері болады. Құмдағы өсімдіктердің барлығының да тамыры ұзын. Құмды шөлдерде шөпті өсімдіктерден басқа жүзгін, Құм қарағаны, теріскен сияқты бұталар да өседі. Бұл бұталар онша биік болмайды және жапырактары да аз. Шөлдерде ағаш тектес өсімдіктерден ақ және қара сексеуіл өседі. Ақ сексеуіл құмды жерде, кара сексеуіл сортаң топырақты жерде өседі.

Сазды шөлдер

 

 

Жиде

Сазды шөлдер құмды  шөлдердің арасында немесе соларға  жапсарлас жатады. Ең ірі сазды  шөл - Үстірт, Бетпақдала және Сырдария өзенінің оңтүстік жағалары. Үстірттің ойпаң жерлерін тұзды көлдер, cop, сортаң және тақыр алып жатыр. Олардың қалыптасуындағы басты рөлді жер бетіндегі ағын сулар аткарады. Үстірттің негізгі топырағы коңыр, көп жағдайда сортаң. Мұндағы негізгі өсімдік жусан, бұйырғын мен баялыш. Қара сексеуілдің қалың бұталары кездеседі. Кейбір ойпаң жерлерде селеу, Қоңырбас өседі. Бетпақдалада Үстірттегі сиякты, көктемде тез өсіп жетіліп, қурап қалатын эфемерлер өседі.

Тастақ  немесе тасты шөлдер

Тастақ немесе тасты шөлдер Қазақстанда онша көп  емес. Мұндай шөлдер Сарыарканың оңтүстігінде, Бетпақдаланың шығысында және Үстіртте кездеседі. Тастақ шөл дердің өсімдігі құрамы жағынан көршілес жатқан шөлдің өсімдіктеріне ұқсас.

Өсімдіктері

Шөл зонасындағы  өзен аңғарларында өсетін ерекше өсімдіктер бар. Мұнда әр түрлі өсімдіктерден  құралған қалың бұталар өседі. Оны тоғай деп атайды. Тоғай әсіресе Сырдария, Шу мен Іле және т.б. өзендердің аңғарларына тән. Суға жақын жердегі тоғайларда қамыс, қоға кездеседі. Өзен арнасынан қашығырақта биік бұталар - шеңгел, тал, тікенекті жиде, шырғанақ, арнаның құрғақ жерлерінде жыңғыл өседі. Жыңғылдың жапырақтары қызғылт, гүлі ақ болады. Жантақ және басқа тамыры ұзын, тереңге кететін өсімдіктер де бар.

 

 

Қасқыр

Жануарлары

Шөлдің жануарлар  дүниесі өзгеше. Онда өмір сүруге жылан  мен кесірткенің аздаған түрі ғана бейімделген. Кесірткеден көп  тарағаны: құмды және құлақты агамалар, жұмырбас кесірткелер. Жыландардың  ішінде сылдырмақты жыландар тұқымдастарының  өкілі: дала айдаһарлары, оқ жыландар мен қалқан тұмсықтылар бар, сондай-ақ тасбақалар, кірпілер де кездеседі. Қазақстанның оңтүстік шөлдерінде улы өрмекші тәріздестерден - шаян, бүйі, қарақұрт кездеседі. Мұнда бұзаубастар да бар. Бетпақдалада, Үстіртте және Балқаштың оңтүстігіндегі шөлдерде тұяқтылардан - ақбөкендер мен қарақұйрықтар кездеседі. Шөл зонасында қосаяқ, саршұнақ, құм тышқаны тәріздес кеміргіштер де көп. Жылдың қолайсыз мезгілдерінде олар індеріне кіріп, ұйқыға кетеді. Өзен бойындағы ну тоғайларда қабан, мәлін, қасқыр мекендейді.

Құстардан шөлде азия торғайы, кішкентай торғай, copтaң, жер торғайы, айдарлы торғай, сексеуіл жорға торғайы, шөл торғайы бар. Жырткыш құстардан жамансары мен жұртшы кездеседі. Тоғайларда - сауысқан, Қарға, сұр кекілік, қырғауыл болады. Көлдер мен Сырдария бойында үйрек, қаз, шағала, бірқазан, аққұтан бар. Шөл зонасында Барсакелмес Және Үстірт мемлекеттік қорықтары ұйымдастырылған.[1]

Пайдаланған әдебиет

  1. ↑ Қазақстанньң физикалық географиясы, Алматы: Атамұра, 2008. ISBN 9965-34-809-Х
 

Бұл — география бойынша мақаланың бастамасы. Бұл мақаланы толықтырып, дамыту арқылы, Уикипедияға көмектесе аласыз. 
Бұл ескертуді дәлдеп ауыстыру қажет.



Информация о работе Шөл зонасы