Шөлейтті даланың ортасындағы көркем орын

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 01 Февраля 2013 в 10:44, статья

Описание

Баянауыл – бұл шөлейтті даланың ортасындағы көркем орын. Тау жартастары мен жоталары өсімдіктің көптілігімен және бірі біріне ұқсамайтындығымен таң қалдырады. Баянауыл тауларында болған адам мұнда денінің саулығы үшін демалуға міндетті түрде қайтып келеді. Туристік сүрлеумен жүріп, осы өлкенің қарттарымен танысып, сөйлескеннен кейін Сіз Қазақстанның осы бір тамаша, әдемі жері туралы ойыңызды кеңейтесіз.

Работа состоит из  1 файл

ш-лейт.docx

— 32.76 Кб (Скачать документ)

Шөлейтті даланың ортасындағы  көркем орын

         

 Баянауыл – бұл  шөлейтті даланың ортасындағы  көркем орын. Тау жартастары мен  жоталары өсімдіктің көптілігімен  және бірі біріне ұқсамайтындығымен  таң қалдырады. Баянауыл тауларында  болған адам мұнда денінің  саулығы үшін демалуға міндетті  түрде қайтып келеді. Туристік  сүрлеумен жүріп, осы өлкенің  қарттарымен танысып, сөйлескеннен  кейін Сіз Қазақстанның осы  бір тамаша, әдемі жері туралы  ойыңызды кеңейтесіз.         

 Егер Павлодар жолымен  Майқайың өткелінен өтсеңіз, алдыңыздан  ақбоз түйенің өркешіне ұқсас  таулар шыға келеді. Оңға бұрылатын  дала жолы Торайғыр өзеніне  тіреледі. Тас жол аудан орталығы  Баянауылға әкеледі. Өткелдің  ар жағында таулы шеңбердің  ішінде Жасыбай көлі жайылған. Баянауылдың керемет көлдері  тау жықпылдарынан өтетін бұлақ  жылғаларымен толығады. Жұмбақ жотасына  таяу Әулиетас үңгірі бар. Үңгір  ұзындығы 30 м-ге жуық, орта ені  мен биіктігі - 2 м, 4-тен 7 метрге  дейін жететін күмбезі бар.  Оның тереңдігінде үлкен ойық  бар, түрі суға толы тасты  кесе сияқты. Торайғыр көлі бойындағы  жолдың кез келген орнынан  Жасыбай көліне қарай кемпірдің  басына ұқсас тас бар. Үңгір  мен жықпыл жартастағы суреттер  ертедегі адамның өмір сүргенін  дәлелдейді. Ол бұл орындарда  неолит заманынан, яғни бірнеше  мың жыл бұрын мекен еткен.  Жазудың белгілері мен мағынасы  әлі ашылған жоқ.          

Парктің флорасы мен фаунасын 40 түрлі сүтқоректі жануар, 70 түрлі  құс, 244 түрлі тек пен 63 тұқымдасқа жататын өсімдіктер құрайды. Баянауыл тауларында болған адам мұнда денінің  саулығы үшін демалуға міндетті түрде  қайтып келеді. Туристік сүрлеумен  жүріп, осы өлкенің қарттарымен  танысып, сөйлескеннен кейін Сіз  Қазақстанның осы бір тамаша, әдемі  жері туралы ойыңызды кеңейтесіз. Парктің  жалпы көлемі 48,2 мың га құрайды. Парк 3 негізгі зонаға бөлінген: қорғау-қорықтық (31.1 мың га), қорғау-рекреациялық (6,1 мың га), рекреациялық-шаруашылық (6 мың га), олардың айналасындабуферлік  қорғау аймағы қалыптасқан (6.5 мың га). Мұнда жануарлардың 40 түрі мен құстардың 50 түрі қорғауға алынған. Қолайлы таби,и-климаттық  жағдайларға байланысты Баянауыл тауларын “шөлейттегі тау-орман оазисі”  деп атайды. Ғажайып көріністегі  гранитті таулар мен үңгірлер, таза тау бұлақтары, қарағайлы орман, қара қандыағаш өсінділері мен жеміс-жидек, саңырауқұлақтардың молдығымен таң  қалдырады.         

 БМТП ең биік шыңы  – Ақбет (теңіз деңгейінен 1026 м). парк аймағында ғажап таулар, үстірттер, үңгірлер орналасқан. олардың кейбірі сыртқы көріністеріне  байланысты Кемпіртас, Найзатас, Батылдар шыңы, От Басы, Көгершін. Үңгірлер: Драверт құмырасы, Әулиетас  үңгірі, Жұмбақ алабы және т.б.  парк аймағында орналасқан 9 көлдің  ең ірілері – Сабындыкөл, Жасыбай,  Торайғыр көлдері. Парк көлдерінде  алабұға, тұқымбалық, таутан, шортан, шіркеші, ақ амур, ұзын мұрт  сияқты балық түрлері мекен  етеді.         

12.08.1985 жылы Баянауыл паркіне  Қазақстандағы алғашқылардың бірі  болып Мемлекеттік ұлттық парк  статусы берілді. 
 

Шөлейт


Уикипедия — ашық энциклопедиясынан алынған  мәлімет

Шөлейт – аридтік климат жағдайында қалыптасатын ландшафт түрі. Далаға және шөлге тән өсімдік түрлері аралас кездеседі. Солтүстік және Оңтүстік жарты шардың қоңыржай, субтропиктік және тропиктік белдеулерінде таралған. Шығыс жарты шардың қоңыржай белдеуінің Шөлейті – Каспий ойпатының батысынан Ордостың (Қытай) қиыр шығысына дейінгі 10 мың км-ге созылған; субтропиктік және тропиктік белдеулердегі Шөлейт –Сахарада, Оңтүстік және Оңтүстік-батыс Африкада, Арабия түбегінде, Кіші Азия мен Иран таулы қыратында, Үнді алабында, Австралияның ішкі бөлігінде кездеседі. Батыс жарты шардың қоңыржай белдеуінің Шөлейті –Сеңгір таулардан шығысқа қарай 1300 км-ден астам алқапты қамтиды; субтропиктік және тропиктік белдеулердегі Шөлейт – Колорадо үстіртінде, Үлкен алапта, Мексика таулы қыратында, Анд тау¬ларынан шығысқа қарай жатқан бөлігінде қалыптасқан. Шөлейтте климат өте қуаң, булану жауын-шашын мөлшерінен әлдеқайда артық болады. Жер беті суы мардымсыз. Ағын суы шағын өзен мен жылғалардан тұрады. Ащы сулы шағын көлдер көп. 2 м тереңдікте грунт суы кездеседі. Шөлейт бедері адырлы, құм бұйратты келеді. Қоңыржай белдеудегі Шөлейтте борпылдақ жыныстар шоғыры, субтропиктік, тропиктік шө¬лейттерде карбонатты берік жабындылы, қатты бедер пішіндері басым. Топырағы бозғылт қызыл қоңыр. Өсімдік жамылғысы ылғал тапшылығына төзімді шөп және бұта түрлерінен тұрады. Қоңыржай белдеу Шөлейтнде боз, бетеге, еркекшөп, жусан, қараған, Австралияның субтропиктік Шөлейтнде спинифекс, эвкалипт, т.б. өседі. Жануарлар дүниесінде пржевальский жылқысы, құ-лан, бөкен, кемірушілер мен бауырымен жорғалаушылардың көптеген түрлері, т.б. кездеседі. Мал ш-нда Шөлейттің жайылымдылық маңызы зор; қала Шөлейт белдемі.


Информация о работе Шөлейтті даланың ортасындағы көркем орын