Шыңғыс хан

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 12 Февраля 2013 в 19:22, реферат

Описание

Шыңғыс хан (түр. Чингиз Хон; моңғ. Тэмүүжин) — Азияда тұңғыш біртұтас мемлекет құрушы, өз заманының аса ірі әскери және мемлекет қайраткері. Ежелгі ру басшысы Есүхей батырдың отбасында туған.

Работа состоит из  1 файл

Реферат.docx

— 70.93 Кб (Скачать документ)

 

Реферат

 

Тақырыбы:                             Шыңғыс хан

 

 

 

 

 

 

 

Орындаған:                                           Әліпханова Жансая

Тексерген:                                             Закарянова Шолпан

 

 

 

 

 

 

Өскемен қаласы 2013ж

Шыңғыс хан (түр. Чингиз Хон; моңғ. Тэмүүжин) — Азияда тұңғыш біртұтас мемлекет құрушы, өз заманының аса ірі әскери және мемлекет қайраткері. Ежелгі ру басшысы Есүхей батырдың отбасында туған.

Шыңғыс хан әулеті – Шыңғыс ханның үрім-бұтағы, Шыңғыс хан империясының құрамында болған Орта Азия мен Иран, Алтын Орда, Юань Қытайы, тағы басқа мемлекеттердегі моңғол билеушілері. Шыңғыс хан империясы тарағаннан кейін бұл мемлекеттер дербес өмір сүрді, дегенмен Шыңғыс хан әулеті билікті өз қолдарында сақтап қалды. Олар Шыңғыс ханның бәйбішесі Бөртеден туған 4 ұлдан тарады ұлдан тарады және “Алтын ұрпақ” (“Алтын ұруғ”) деп аталып, түркі-моңғол ақсүйектерінің ішінде ерекше құрметке бөленді, мұрагерлік жолмен хан тағына отыруға және елдегі билікке араласуға құқылы болды. Шыңғыс ханның басқа әйелдерінен тараған ұрпақтары мұндай құрметке бөленген жоқ. Шыңғыс хан көзінің тірісінде өзіне бағынған жерлерді 4 ұлына бөліп берді. Шыңғыс ханның төртінші ұлы Төлеге 1227 ж. әкесінің қара шаңырағы – Моңғолия жері иелікке тиді. Бірақ Шыңғыс хан қайтыс болғаннан кейін оның орнына отырған Үгедейдің ұрпақтары ұлы тақты өздерінде сақтап қалу үшін Төле тұқымымен кескілескен ұрыстар жүргізді. Осыған байланысты көп ұзамай Шыңғыс хан әулеті арасында өзара әскери қақтығыстар жиілеп кетті. Тақтан мұрагерлер өздерінің қол астындағы ұлыстарға сүйенді. Соған байланысты империя бірте-бірте құлдырай бастады. Орталықтан бөлініп шыққан ұлыстар жеке мемлекеттерге айналып, оларды Шыңғыс хан әулетінен шыққан билеушілер басқарды. Тіпті бұл әулетті биліктен ығыстырып, тақты өз қолдарына алған билеушілердің өздері (Әмір Темір, т.б.) Шыңғыс хан әулетіне туыс екендіктерін (күйеу, жиен, т.б.) баса көрсетіп отырды. Ұлы хандар. Шыңғыс хан қайтыс болғаннан кейін хан тағына Үгедей отырды (1229 – 1241). Оның баласы Күйікке (1246 – 48) билік әкесі қайтыс болғаннан кейін 5 жылдан соң тиді. Бірақ ол 2 жылдан кейін қайтыс болып, осыны пайдаланған Төленің балалары билікті Үгедейдің ұрпақтарынан тартып алмақшы болды. Күйік дүние салған соң басталған 3 жылдық соғыстан кейін Жошы ұлысының билеушісі әрі сол кездің өзінде өзін жеке билеуші сезінетін Батудың көмегімен хан тағына Төленің баласы Мөңке отырды (1251 – 59). Империядағы билікті енді Мөңке мен Бату бөлісті (олардың шекаралары Шу мен Талас өзендері арқылы өтті). Шағатай мен Үгедей тұқымдарынан шыққан бақталастар өлтірілді. Мөңке қайтыс болғаннан кейін түркі-моңғол империясында тағы да саяси дағдарыс басталды. Енді хан тағы үшін талас Төленің балалары арасында жүрді. 1260 ж. Қарақорымда өткен құрылтайда Шағатай әулеті мен Жошы әулетінің қолдауымен Мөңкенің бауыры Арық Бұға хан тағына отырды. Сол кезде Мөңкенің Қытайдағы бауыры Құбылай да өзін ұлы хан деп жариялады. Ағайындылар арасындағы 4 жылдық кескілескен қантөгіс Құбылайдың жеңісімен аяқталды. Бірақ оның билігін батыс ұлыстардағы Шыңғыс хан әулеті мойындамады. Ұзаққа созылған өзара соғыстардан кейін 1269 ж. Талас құрылтайы өтіп, ол Шыңғыс хан империясының тарағанын ресми түрде заңдастырды. Батыстағы ұлыстар дербес мемлекеттерге айналып, оларды Шыңғыс хан әулетінің жеке тармақтары – Шағатай әулеті, Хулагу әулеті өкілдері биледі. Юань әулеті. 1271 ж. Құбылай өзін Қытайды билеуші жаңа әулет – Юань әулетінің бірінші императорымын деп жариялады. Оның астанасы Ханбалық қ. (Пекин) болды. Бұл әулет императорларының [Құбылай Темір (1295 – 1307), Тоған Темір (1333 – 68), т.б.] билігі Қытай мен Моңғолияға жүріп, 1368 жылға дейін созылды. Шағатай әулеті – Орта Азияда билік құрған Шыңғыс ханның екінші баласы – Шағатайдан тараған үрім-бұтақ. Олар кейіннен 2-ге бөлініп, бір бөлігін Шыңғыс хан әулетіне күйеу бала (Гургэн) болып келетін Әмір Темір басқарды. Екінші жағын Шағатайдың ұрпақтары биледі (қ. Моғолстан). Жошы әулеті – Жошының екінші баласы – Бату (1227 – 56) негізін салған әулет. Одан кейінгі өкілдері: Берке (1255 – 66), Мөңке Темір (1266 – 80), Туда Мөңке (1280 – 87), Төле Бұға (1287 – 91), Тоқты (1291 – 1312), Өзбек (1312 – 42), Жәнібек (1342 – 57); қ. Алтын Орда, Ақ Орда. Шайбани әулеті – Шыңғыс ханның үлкен ұлы Жошының бесінші ұлы Шайбанидың ұрпақтары 15 – 16 ғ-ларда Шығыс Дешті Қыпшақ пен Мауераннахрда билік құрды. Неғұрлым әйгілі өкілдері: Әбілхайыр хан, Мұхаммед Шайбани, т.б. Хулагу әулеті немесе ильхандар – Шыңғыс хан әулетінің Ирандағы, Таяу Шығыстағы, Кавказ сыртындағы үрім-бұтақтары. 1256 ж. ұлы хан Мөңкенің қолдауымен інісі Хулагу хан (1256 – 65) негізін қалады. Оның мұрагері Абақ хан (1256 – 82) Кавказ бен Каспий бойы жерлері үшін Алтын Ордамен шайқасты. Газан хан өлгеннен кейін көп ұзамай мұнда да өзара тақ таласы күшейіп, жеке ұлыстар пайда болды. 1353 ж. ильхандардың мемлекеті жойылды (қ. Хулагу мемлекеті). Алтын Орда ыдырап, жеке ұлттар құрылған кезде олардың көпшілігін Шыңғыс хан әулеті басқарды. Солардың ішінде Қазақ хандығын Жошы ұрпақтарының бірі Орыс ханның әулеті басқарды. Шыңғыс хан әулеті қазақта төре деп аталады; қ. Қазақ хандарының генеалогиясы.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 


Мемлекет құруы


Өзінің әскери таланты  арқасында және дұшпандарының әлсіздігі  мен бытыраңқылығын пайдаланып, 1183—1204 жж. өкімет билігі үшін күресте негізгі жауларын — Меркіт тайпасының көсемі Тохтадан бастап, Найман тайпасының басшысы Таян ханға дейін — талқандады да, кең-байтақ территорияны басып алды, сөйтіп онда мекендейтін көптеген ру-тайпалық одақтардың бірден-бір билеушісі болды.

Осы жеңістері және тайпа көсемдерін өз маңына топтастыруға бағытталған бірсыпыра әлеуметтік шараларды жүзеге асыруы нәтижесінде Тэмуджин дала ақсүйектері құрылтайының шешімімен Барыс жылы (1206) барлық тайпалардың ұлы ханы болып жарияланды да, «Шыңғыс хан» (түркі тілдеріндегі «теңіз» деген сөзден шыққан деп есептеледі) лауазымын алды.ШЫНҒЫС ХАН Есугейден кейінгі хан сайланады.Шынғысханның атын моңғолдарды қорғасын деп Шыңғысхан атаған.

Ішкі саясаты


Ішкі саясатта Шыңғыс хан мемлекетті басқару ісін бір орталыққа бағындыруға күш салды, түркі-моңғол тайпаларын «мыңдық» деп аталатын әскери-әкімшілік бөліктерге бөлді (өйткені хан талабы бойынша, бұл бөліктердің әрқайсысы 1000 атты әскер беруге тиісті болды). Шыңғыс хан бұларды жайылым жерлерімен қоса өз туыстары мен нояндарға еншіге бөліп берді.

Ұлы хан жазбаша іс жүргізуді ұйымдастырды. 1206 жылы ол әдеттегі құқық (Ұлы жасақ) ережелерін бекітті.

Мемлекет ішіндегі наразылықтарды басу үшін 10 мың адамдық жеке гвардия (кэшиг) құрды.

Әскери құрылысы


Әскерде өте қатаң тәртіп орнатты: сәл кіналы немесе қорқақтық көрсеткен әскери адамдар өлім жазасына кесілді. Шыңғыс хан әскери стратегия мен тактикада мұқият барлау, жауды жекелеп талқандау, тұтқиылдан шабуыл жасау, дұшпанды алдау үшін арнаулы отрядтардан тосқауыл қою, қыруар атты әскермен маневр жасау, т.б. әдістерді қолданды.

Жорықтары мен жаулап алулары


1207-11 жж. Шыңғыс хан Сібірмен Шығыс Түркістан ды (буряттарды, якуттарды, ойраттарды, қырғыздарды, ұйғырларды) бағындырды.

1211 ж. Цзинь мемлекетіне жорық жасады. 1215 ж. Бейжінді алды. 1217 ж. Солтүстік Қытай түгел Шыңғыс ханның билігіне көшті. 1219 ж. Корея патшалығы Шыңғыс хан әскерлерінен тізе бүкті. Моңғол әскерлерінің Солтүстік Қытай мен Корея патшалығына жорықтарын ірі қолбасшы, әмір Мұқылы Гауин Жалаири басқарды.

Қытайға қарсы шабуылдан кейін Шыңғыс хан әскерлерінің бір тобы 1218-19 жж. Жетісуды, 1219-21 ж. Қазақстан мен Орта Азияны жаулап алды.

Ұлыстарға бөлуі

Басып алынған жерлерді Шыңғыс хан ұлыстарға бөлді де, ұлдарына үлестіріп берді. Жошыға Ертістен Орал тауына, одан оңтүстікке қарай Каспий мен Арал төңірегіне дейінгі жерлер, Орта Азиядағы иеліктерінен Солтүстік Хорезм мен Сырдария аймағы, ШағатайғаМауераннахр, Жетісу, Қашқария, Үгедейге Батыс Моңғолия мен Тарбағатай аймағы берілді. Төле әкесінің ұлысы Моңғолияны мұраға алды.


Информация о работе Шыңғыс хан