Түркия мемлекеті

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 18 Февраля 2012 в 12:35, реферат

Описание

Түркия - Азия мен Еуропа құрлықтарында орналасқан мемлекет. Жұрт саны - 70 млн. Тәуелсіздігін 1923 ж. алған. Осман империясының ыдырауының нәтижесінде пайда болды. Кіші Азия түбегінде орналасқан, оны Қара, Жерорта, Эге мен Мәрмәр теңіздері жан-жақтан қоршайды. Шығыста Гүржістанмен, Әзірбайжанмен, Иранмен, Әрменстанмен, батыста Болгариямен, Грекиямен, оңтүстікте Ирак пен Сириямен шекаралас.

Работа состоит из  1 файл

Түркия.doc

— 54.00 Кб (Скачать документ)

     Түркия  мемлекеті

     Түркия - Азия мен Еуропа құрлықтарында орналасқан мемлекет. Жұрт саны - 70 млн. Тәуелсіздігін 1923 ж. алған. Осман империясының ыдырауының нәтижесінде пайда болды. Кіші Азия түбегінде орналасқан, оны Қара, Жерорта, Эге мен Мәрмәр теңіздері жан-жақтан қоршайды. Шығыста Гүржістанмен, Әзірбайжанмен, Иранмен, Әрменстанмен, батыста Болгариямен, Грекиямен, оңтүстікте Ирак пен Сириямен шекаралас.

Тарихы

XI ғасырдың соңында  Кіші Азия түбегіне  Орта Азиядан оғыз  тайпаларынан бөлінген  көшпенді селжүк  тайпалары кірді.  Сол кездегі ірі, қуатты Византия империясы да оларға тойтарыс бере алмады. 1071 жылы Манцикерт (түрікше Маназкерт) маңындағы шайқаста селжүктер византиялықтарды күйретті. Нәтижесінде селжүктер олардың Кіші Азиядағы, Сүрия мен Палестинадағы иеліктерді тартып алды.

Бірақ та Ирак, Иран, Сүрия, Палестина, Кіші Азияны қамтыған Селжүк империясы  біраздан кейін бірнеше  бөлікке бөлінді. Оның Кіші Азиядаға бөлігі өзін Конья  сұлтандығы деп жариялады  оның астанасы Конья (бұрыңғы  Иконий) қаласында  болды. Крестшілердің  жорықтарына, Кіші Азия мен Қиыр Шығыстың корольдіктеріне (Антиохия, Кіші Әрменстан, т.б.) тойтарыс бере алған Конья сұлтандығын 1318 жылда Хулагу хандығы құлатты.

Соған дейін, XII ғасырдың басында, Шыңғысханның және оның ұрпақтарының шабуылдардан құтылып, Хорасаннан Сүлеймен ханның басшылығымен оғыздар Әрменстанға, одан кейін, оның баласы Ертоғырыл ханның кезінде Кіші Азияға көшіп кетті де, Кония сұлтаны Ала-эд-дин Византиямен соғыста көмектесті, сондықтан ол оғыздарға Ангора(Анкара) мен Брусса (Бурса) қалаларының арасындағы жерлерді берді.

Ертоғырылдың  баласы Осман бей  Византиямен күресте  оның Кіші Азиядағы көптеген жерлерін тартып алды. Содан кейін, 1299 жылы Осман Кония  сұлтандығынан тәуелсіздігін  жариялап, Осман мемлекетін құрды. Жағрафиялық  орны, табиғат жағдайы. Түркия дүниенің екі бөлігінде орналасқан мемлекет. Жерінің 97 % -ы Азия материгінде, ал 3 %-ы Еуропада жатыр. Батысы мен шығысы 1600 км-ге, солтүстігі мен оңтүстігі 550 км-ге созылған. Жағалауын солтүстігінде Қара теңіз, батысында Эге теңізі, оңтүстігінде Жерорта теңізі сулары шайып жатыр. Географиялық орнының ерекшелігі Еуропа мен Азия материгінің тоғысқан жерінде орналасқандығы. Босфор бұғазы үстінде салынған көпір Азия мен Еуропа материктерін жалғастырып тұр. Көпір 1973 жылы қазан айының 30-да Түрік Республикасының 50 жылдық құрметіне ашылған. Ұзындығы 1074 м, биіктігі 64 м. Оның құрылысында түріктермен қатар ағылшындар, немістер, жапондықтар еңбек етті. Қазір бұл көпір жаңа Түркияның символы сияқты. Босфор, Дарданелл бұғаздары мен Мәрмәр теңізі халықаралық маңызы бар су жолы. Босфор, Дарданелл бұғаздары тек Азия мен Еуропа арасындағы шекара емес, сонымен қатар Қара теңізді Дүниежүзілік мұхитпен жалғастырып жатқан су көлігі жүйесі. Түркияның «Анадолы» деп аталатын бөлігі Кіші Азия түбегінде, қалған бөлігі Еуропаның Балқан түбегінде. Босфор бұғазының жарлауытты жағалауларында Түркияның үлкен ірі портты қаласы Ыстанбұл орналасқан. Ертеде Ыстамбұл Шығыс Рим империясының (Византияның) астанасы болған. Қала ол кезде Константинополь деп аталатын, 1453 жылы қаланы түріктер басып алып, жаңадан Ыстамбұл деп атаған. Генерал Мұстафа Кемал Ататүрктің басқаруымен түрік халқының ұлт – азаттық көтерілісі нәтижесінде ( 1918 – 1923 ж.) 1923 жылы қазанның 29-да Түркия Республикасы құрылып, Түркия Республикасының тұңғыш президенті болып Мұстафа Кемал Ататүрк сайланды. Елдің астанасы Ыстамбұлдан Анкараға көшірілді. Түркияның құрлықтағы шекарасының ұзындығы 618 км, шығысында Армения, Гүржістан,Әзірбайжан, Иранмен оңтүстігінде Ирак, Сүриямен, батысында Грекия, Болгариямен, солтүстігінде Қара теңіз арқылы Румыния, Украина, Ресей Федерациясымен шектеседі. Жер бедері. Түркияның Еуропадағы Шығыс Фракия немесе Румеслей деп аталатын бөлігі биіктігі 1000 м-дей үстіртті төбелі болып келеді. Азия бөлігін ( Кіші азия немесе Анадолы ) түгелдей Кіші азия таулы қыраты алып жатыр. Елде ойпатты жерлер аз, тек теңіз жағалаулары мен өзен птырауларында онша үлкен емес жерлерді қамтиды. Қара теңіз жағалауына қатарласа ұзындығы 1000 км-ге созылған Понти таулары алып жатыр. Понти тауларының орташа биіктігі 2500 м., шығысындағы Качкар тауының биіктігі 3931 м. жартасты болып келетін альпілік шатқал тармақтарын асып өтетін тау аңғарларының болмауы елді мекендердің қарым-қатынасын қиындатады. Түркияның оңтүстігінде Жерорта теңізі жағалауында Тавр күрделі тау жотасы орналасқан. Тавр таулары Батыс, Орталық және Шығыс Тавр жоталары болып бөлінеді. Батыс Тавр таулары. Анталья бұғазы мен ойпатын доға тәрізді қоршап жатыр. Ең биік жері Бедаг ( 3086 м.) тауы. Тау жоталары арасында тұщы көлдерден Бейшехир, Эгридир, Сугла, ал тұзды көлдерден Аджигөл, Ақшекер бар. Орталық Тавр тау жоталары Батыс Тавр тауларына қарағанда жер бедері альпілік және биік болып келеді. Көптеген тау жоталарының биіктігі 3000 м-ден биік батысында Жерорта теңізіне жарасты болып құлай енеді. Мерсин тауының оңтүстігінде Адана аллювиальды ойпаты орналасқан. Шығыс Тавр. Тау жоталары Мұрат өзені мен Ван көлінен Шығыс шекараға дейінгі аралықта жатыр. Осы аралықта Джило тау торабының биіктігі 4168 м. Тау жоталары Фырат және Джиле өзендерінің аңғарымен тілімделген. Шығыс Таврдан оңтүстікке қарай кең алқапты Диярбақыр қазаншұңқыры алып жатыр. Шығыс Анадолының табиғаты әсем, теңіз деңгейінен 1720 м биіктікте Ван көлі орналасқан. Елдің солтүстік шығысында Әрменстан Республикасымен шекаралас ауданда Түркия Республикасының ең биік шыңы Үлкен Ағры тауы орналасқан. Ол сөнген жанартау, оның биіктігі 5165 м. Үлкен Ағры тауының қасында тағы бір сөнген жанартау Кіші Арғы ( 3925 м.) орналасқан. Түркия аумағының көп жер бөлігі сейсмкалық аймаққа жатады. Эгей теңізі аумағы мен елдің шығысында жер сілкіну жиі болып тұрады.

Географиясы

Жағрафиялық орны, табиғат жағдайы. Түркия дүниенің екі  бөлігінде орналасқан мемлекет. Жерінің 97 % -ы Азия материгінде, ал 3 %-ы Еуропада жатыр. Батысы мен шығысы 1600 км-ге, солтүстігі мен оңтүстігі 550 км-ге созылған. Жағалауын солтүстігінде Қара теңіз, батысында Эге теңізі, оңтүстігінде Жерорта теңізі сулары шайып жатыр. Жағрафиялық орнының ерекшелігі Еуропа мен Азия материгінің тоғысқан жерінде орналасқандығы. Босфор бұғазы үстінде салынған көпір Азия мен Еуропа материктерін жалғастырып тұр. Көпір 1973 жылы қазан айының 30-да Түрік Республикасының 50 жылдық құрметіне ашылған. Ұзындығы 1074 м, биіктігі 64 м. Оның құрылысында түріктермен қатар ағылшындар, немістер, жапондықтар еңбек етті. Қазір бұл көпір жаңа Түркияның символы сияқты.

Босфор, Дарданелл бұғаздары  мен Мәрмәр теңізі халықаралық маңызы бар су жолы. Босфор, Дарданелл бұғаздары тек Азия мен Еуропа арасындағы шекара емес, сонымен қатар Қара теңізді Дүниежүзілік мұхитпен жалғастырып жатқан су көлігі жүйесі. Түркияның «Анадолы» деп аталатын бөлігі Кіші Азия түбегінде, қалған бөлігі Еуропаның Балқан түбегінде. Босфор бұғазының жарлауытты жағалауларында Түркияның үлкен ірі портты қаласы Ыстанбұл орналасқан. Ертеде Ыстамбұл Шығыс Рим империясының (Византияның) астанасы болған. Қала ол кезде Константинополь деп аталатын, 1453 жылы қаланы түріктер басып алып, жаңадан Ыстамбұл деп атаған.

Генерал Мұстафа Кемал  Ататүрктің басқаруымен  түрік халқының ұлт  – азаттық көтерілісі нәтижесінде ( 1918 – 1923 ж.) 1923 жылы қазанның 29-да Түркия Республикасы құрылып, Түркия Республикасының  тұңғыш президенті болып  Мұстафа Кемал  Ататүрк сайланды.

Елдің астанасы Ыстамбұлдан  Анкараға көшірілді. Түркияның құрлықтағы шекарасының ұзындығы 618 км, шығысында Әрменстан, Гүржістан,Әзірбайжан, Иранмен оңтүстігінде Ирак, Сүриямен, батысында  Грекия, Болгариямен, солтүстігінде Қара теңіз арқылы Румыния, Украина, Ресей Федерациясымен шектеседі.

Жер бедері. Түркияның  Еуропадағы Шығыс  Фракия немесе Румеслей деп аталатын бөлігі биіктігі 1000 м-дей  үстіртті төбелі болып  келеді. Азия бөлігін ( Кіші азия немесе Анадолы ) түгелдей Кіші азия таулы қыраты алып жатыр. Елде ойпатты жерлер аз, тек теңіз жағалаулары мен өзен птырауларында онша үлкен емес жерлерді қамтиды. Қара теңіз жағалауына қатарласа ұзындығы 1000 км-ге созылған Понти таулары алып жатыр. Понти тауларының орташа биіктігі 2500 м., шығысындағы Качкар тауының биіктігі 3931 м. жартасты болып келетін альпілік шатқал тармақтарын асып өтетін тау аңғарларының болмауы елді мекендердің қарым-қатынасын қиындатады.

Түркияның оңтүстігінде Жерорта  теңізі жағалауында  Тавр күрделі тау  жотасы орналасқан. Тавр таулары Батыс, Орталық және Шығыс Тавр жоталары болып бөлінеді.

Батыс Тавр таулары. Анталья  бұғазы мен ойпатын  доға тәрізді қоршап жатыр. Ең биік жері Бедағ ( 3086 м.) тауы. Тау  жоталары арасында тұщы көлдерден Бейшехир, Эгридир, Сугла, ал тұзды  көлдерден Аджиғөл, Ақшекер бар.

Орталық Тавр тау жоталары Батыс Тавр тауларына  қарағанда жер  бедері альпілік және биік болып келеді. Көптеген тау жоталарының  биіктігі 3000 м-ден  биік батысында Жерорта  теңізіне жарасты  болып құлай енеді. Мерсин тауының оңтүстігінде Адана аллювиальды ойпаты орналасқан.

Шығыс Тавр. Тау жоталары Мұрат өзені мен  Ван көлінен Шығыс  шекараға дейінгі  аралықта жатыр. Осы  аралықта Джило тау  торабының биіктігі 4168 м. Тау жоталары Фыратт және Джиле өзендерінің  аңғарымен тілімделген. Шығыс Таврдан  оңтүстікке қарай кең алқапты Диярбақыр қазаншұңқыры алып жатыр. Шығыс Анадолының табиғаты әсем, теңіз деңгейінен 1720 м биіктікте Ван көлі орналасқан.

Елдің солтүстік шығысында  Әрменстан Республикасымен  шекаралас ауданда  Түркия Республикасының  ең биік шыңы Үлкен Ағры тауы орналасқан. Ол сөнген жанартау, оның биіктігі 5165 м. Үлкен Ағры тауының қасында тағы бір сөнген жанартау Кіші Арғы ( 3925 м.) орналасқан. Түркия аумағының көп жер бөлігі сейсмкалық аймаққа жатады. Эгей теңізі аумағы мен елдің шығысында жер сілкіну жиі болып тұрады.

Информация о работе Түркия мемлекеті