Турция

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 31 Октября 2011 в 20:58, реферат

Описание

Түркия Ресей сияқты екі дүние бөлігінде орналасқан – Еуропада (Фракия немесе Румелия) және Азияда (Анадола немесе Анатолия, территориясының 67 пайызға жуық аумағын алып жатыр). Олар маңызды сауда-экономикалық және әскери-стратегиялық жолдармен – Босфор бұғазымен (Стамбұлдық), Дарданелламен (Чанаккола) және Мәрмәр (Мраморное) теңізімен және Жерорта теңізі мен дүниежүзілік мұхитпен қосатын Қара теңізбен бөлінеді.

Содержание

1. Географиялық орны
2. Табиғи жағдайы және табиғат ресурстары
3. Халқы
4. Шаруашылығының жалпы сипаттамасы және экономикасы
Қолданылған әдебиеттер тізімі

Работа состоит из  1 файл

Турция.doc

— 59.00 Кб (Скачать документ)

ҚР Білім  және ғылым министрлігі

Павлодар  мемлекеттік педагогикалық институты

География және экология кафедрасы 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 

Баяндама 

Тақырыбы: Түркия 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 

      Орындаған: ГШ-41 тобының студенті 

Сыздыкова Г.Ж.

                                                                      Тексерген: Өсербаева Г.О 
 
 
 
 
 

Павлодар  қаласы

2008 

Жоспар

    1. Географиялық  орны 

    2. Табиғи жағдайы және табиғат  ресурстары

    3. Халқы

    4. Шаруашылығының  жалпы  сипаттамасы  және экономикасы

    Қолданылған әдебиеттер тізімі 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 

    1. Географиялық  орны

    Түркия  Ресей сияқты екі дүние бөлігінде  орналасқан – Еуропада (Фракия немесе Румелия) және Азияда (Анадола немесе Анатолия, территориясының 67 пайызға  жуық аумағын алып жатыр). Олар маңызды  сауда-экономикалық және әскери-стратегиялық жолдармен – Босфор бұғазымен (Стамбұлдық), Дарданелламен  (Чанаккола) және Мәрмәр (Мраморное) теңізімен  және Жерорта теңізі мен дүниежүзілік мұхитпен қосатын  Қара теңізбен бөлінеді.

    Түркияның негізгі ерекшелігі – оның маңызды Еуропа мен Азияны, қаратеңіздік елдер мен жерортатеңіздік елдерін  байланыстыратын жолдар торабында орналасуы. Қазіргі кезде Түркия территориясы бойынша шоссе және теміржол магистралі өтеді. Ол Еуропаны Азияның көптеген елдерімен байланыстырады.

    Түркия территориясының батыстан шығысқа қарай максималды созылуы  1600 км,  ал солтүстіктен оңтүстікке қарай – 600 км. Құрлық бойынша шекарасы 2753 км созылған. Солтүстік-батысында  Болгария және Грекиямен, солтүстік-шығысында Грузия, Армения және Әзербайжанмен, шығысында Иранмен,  оңтүстік-шығысында  Ирак және Сирия елдерімен шекараласып жатыр.

    Түркияның үш жағынан да теңіздер шаяды: солтүстігінде  – Қара теңіз, батысында -  Эгей, оңтүстігінде – Жерорта теңізі. Мәрмәр теңізінің  жағалауының, бұғаз және аралдар  жағалаулының жағалаулық сызығы – 8333 км-ді құрайды.

    Түркия  республикасы – Батыс Азияда және ішінара Оңтүстік-шығыс Еуропада орналасқан мемлекет. Аумағының 97%-ы Кіші Азия (Анадолы) түбегін, 3%-ға жуығын Еуропа ендігін немесе оңтүстік-шығыс Балқан түбегін (Шығыс Фракия) қамтиды. Солтүстік-шығысында ТМД елдерімен, шығысында Иранмен, оңтүстік-батысында Иракпен, Сириямен солүстік-батысында Болгария және Грекиямен шектеседі.  Жер аумағы 780,6 мың км2, халқы 75,1 млн. адам (2004). Астанасы – Анкара қаласы.  Негізгі халқы – түріктер. Одан басқа күрдтер арабтар, кавказ халықтары, гректер, т.б. тұрады. Сондай-ақ Екінші Дүниежүзілік соғыста тұтқында болып, кейіннен Батыс еуропада қалып қойған, 1940-50 ж. Шығыс Түркістанда Қытай коммунистеріне қарсы күресіп, Үндістан мен Пәкістан арқылы келген және 1970-80 ж. Ауғанстандағы соғыстан бас сауғалаған қазақтар мен олардың ұрпақтары тұрады(10-15 мың адам). Жергілікті халық негізінен ислам дінінің сүннит тармағын ұстанады. 1982 жылы қабылданған соңғы конституциясы бойынша мемлекет басшысы – президент. Оны елдегі бір палаталы парламент – Түркияның ұлы ұлттық мәжілісі жеті жылға сайлайды. Президент премьер-министр мен үкімет мүшелерін мәжіліс депутаттары арасынан тағайындайды. Елде көппартиялы  сайлау жүйесі орналасқан. Премьер-министр сайлауда ең көпшілік дауыс алынған партия арасынан ұсынылады және үкімет  мүшелері партиялардың мәжілістегі орнына тәуелді. Ресми тілі – түрік тілі. Ұлттық валютасы – түрік лирасы. Әкімшілік жағынан 67 ильге (уәлаятқа) бөлінген. 

    2. Табиғи жағдайы  және табиғат ресурстары

    Табиғаты. Түркия  - Кіші Азия мен Армян қыраттары шегінде жатқан таулы ел. Жер бедері. Түркия таулы ел. Оның Азия бөлігінің батысында  Кіші Азиялық қырат орналасқан (орташа биіктігі шамамен 1000 м). Оның ішкі бөлігі  - ежелгі тектоникалық ядро – Анатолий үстірті.Оның шығыс бөлігінде Түркияның Армениямен, Әзербайжанмен, Иранмен шекараласқан жерінде орналасқан елдің ең биік нүктесі – Бююк-Агрыдаг тауындағы  Үлкен Арарат (5137 м).Солтүстік Анатолий (Понтий) және Тавр таулары мен таулы жүйелері солтүстігі мен оңтүстігінде биік, теңізге оқыстан төмендейтін жерлер болып келеді. Солтүстік Анатолий тауның орташа биіктігі 1,5 мың м, Торостың орташа биіктігі – 2 мың метр. Шығыс Фракия – шатқалданған өсімдік шаруашылығына қолайлы ойпат.

    Солтүстік және оңтүстік жағалаулары аз тілімденген. Батыс жағалауы шығанақты болып келеді. Жері батыстан шығысқа қарай 160 км-ге, солтүстіктен оңтүстікке 500-600 км-ге, ал теңізбен шектескен жағалауы 7 мың км-ге созылған. Жер бедері негізінен таулы-үстіртті. Солтүстігін Понтий таулары (Качкар тауы, биіктігі 3937 м,), оңтүстігін Тавр тау жүйелері (Демирказық тауы, биіктігі 3726 м,), шығысын Солтүстік Тавр жоталары, ішкі бөлігін Анадолы үстірті алып жатыр. Жері әр түрлі климат белдеулерінде орналасқан. Қара теңіз жағалауының қысы жылы,  жазы ыстық, жауын-шашаын мөлшері 900-2000 мм аралығында  Жерорта теңізі жағалауының жазы ыстық, құрғақ, қысы жылы, аяз болмайды. Жауын-шашын күзден бастап  көктемге дейін жауады (600-700 мм). Ішкі аймақтарда (Орта және Оңтүстік-шығыс Анадолы) климаты континенттік. Жазы ыстық, қысы суық, әрі ұзақ.  Жауын-шашын мөлшері 300-550 мм.  Шығыс Анадолының климаты тым континенттік, қысы суық, әрі ұзақ. Ауа температурасы -400С дейін барады және ұзақтығы 5-6 айды қамтиды.Жазы салқын құрғақ. Дегенмен, кей жерлерде (Дияртақыр қазаншұңқырында) ыстық, құрғақ. Кей кездері 460С дейін де барады. Тауларында мәңгі қар жатады.  Пайдалы қазбалардан хромит (Тавр, Батыс Понтий таулары),борат (Батс Понтий таулары), боксит (Тавр, Понтий таулары), вольфрам, сынап, сүрме (Мендерес, Қыршехир, Батыс Понтий таулары), мыс (Понтий, Шығыс Тавр таулары),  тас көмір (Понтий таулары),мұнай (Оңтүстік-шығыс),  марганец, темір, қорғасын,  мырыш, қоңыр көмір, магнезит барит, асбест, флюорит, күкірт, фосфат, тас тұзы өндіріледі. Пайдалы қазбалары алуан түрлі болып келеді. Бірақ қоры бойынша көп емес. Торостағы хром рудасының кен орны басты табиғи байлығы болып табылады. Оның қорынан Түркия  дүниежүзі бойынша алдыңғы орындарды  алады (жалпы дүниежүзілік қор бойынша 8 пайыз). Тас және қоңыр көмір, мұнай, мыс (4 пайыз), темір, вольфрам (7 пайыз), уран (5 пайыз), молибден, марганец рудаларының, боксит, сынап, сурьма (25 пайыз) кен орындары анықталған.

    Жан-жануарлар  дүниесі  дала және талы-орманды  жерлерді мекендеушілер деп бөлінеді. Жануарлардың мынадай түрлері мекендейді: аю, түлкі,бұғы, елік, қабан, тауешкі, борсық және құстардың толып жатқан түрлері. Түркияны қоршап жатқан теңіз бассейндері балық түрлеріне бай.

    Климаты. Анатолий климаты негізінен құрғақ болып келеді. Континенталдылығы теңізден ішке қарай алшақтай бастағанда басым бола түседі.Шығыс Анатолийде жаз айларында +300С дейін көтеріледі, ал қыс айларында керісінше -300С дейін төмендейді. Шығыс Фракия мен Жерортатеңіздік жағалаудың жазы жылы, құрғақ, қысысалқын, жауын-шашынды. Жылдық орташа жауын-шашын мөлшері 700 мм-ді құрайды. Қара теңіз жағалауында 3000  мм көлемінде түседі. Орталық Анатолийде жауын-шашын ең аз мөлшерде байқалады. Ол 200-400 мм-дей және көктемде басымырақ болады.

    Ішкі  сулары. Түркия территориясынан Оңтүстік-батыс Азияның ірі өзендері – Тигр мен Евфрат бастау алады. Алайда, өзендердің көбі аз сулы және режимі тұрақсыз болып келеді. Жаз айларында үстірттер бойымен ағатын өзендердің кейбіреулері құрғап қалады. Көлдері де көп. Солардың ең ірілерінің бірі – биік таулы ағынсыз, тұзды  Ван көлі.

    Топырағы  және өсімдігі. Анатолий топырағы негізінен жер шаруашылығына аз жарамды. Орталық Анатолийдің кең даласын қой және ешкілерге жайылым ретінде қолданылады. Жер шаруашылығына Шығыс Анатолийдің қарашірінді топырақты далалы аймағы қолайлы болып келеді. Алайда, малдарды көп ғасырлық бағудың әсерінен  топырақ-өсімдік  жамылғысы бұзылған. Қара және Эгей теңізінің жағалауында жауын-шашын молдығы мен қоңыржай жылы климаты өсімдік жамылғысының бай болуына әкелді. Таудың төменгі беткейі қалың жалпақ жапырақты орманмен жамылған. Етегінде – бақтар, одан жоғары – қылқан жапырақты орман және одан жоғарырақта альпілік шалғын орналасқан. 

    3. Халқы.

    Негізгі этникалық құрамы – түріктер. Олар - 55 млн адам шамасында (80 пайыздан жогғары). Түркия 1923 жылы Лозан достық келісіміне қол қою бойынша тұрғындарымен ауысқан болатын, олар қазірдің өзінде де сол жерлерде тұрып жатыр. Түріктердің құрамында юрюк және тахтадж деген сияқты кішігірім этникалық топтар бар. Олар Анатолийдің оңтүстік-шығыс және батысында таралған. Түріктерден кейінгі ірі халықтың бірі – күрдтер. Олар 10 млн-дай болады және елдің шығыс бөлігінде орналасқан.1 млн-дай болатын арабтар оңтүстік-шығыс бөлігінде мекендейді. Қара теңіз жағалауындағы және Орталық Анатолий баурайындағы черкестер,  лаздар,  аджарлар түріктермен араласып кеткен. Бұл мемлекеттің халқы сунниттік ислам дінін ұстанады.

    Халқының  орташа тығыздығы – 1 км2–ге 85 адам. Халықтың тығыз қоныстанған аумағы – Шығыс Фракия және Анатолийдің теңіздік бөлігі, ал ең сирек орналасқан аумағы – Орталық және Шығыс Анатолий. Түркия халқының  табиғи өсімі жоғары  және урбандалудың белсенділігі байқалады. Қала халқы 70 пайыздан астамын құрайды. Мемлекеттің 1 млн-нан асатын халқы бар бес қаласы бар: Стамбұл (10 млн адам шамасында), Анкара (4 млн адам), Измир, Адана, Бурса. Жұмыссыздықтың жоғары көрсеткішіеңбек эмиграциясына әкеледі: екі млн-нан астас түріктер Германияда, Еуразиялық Одақ елдерінде, сонымен қатар Таяу Шығыс елдерінде де жұмыс істеуде.   
 

    4. Шаруашылығының  жалпы  сипаттамасы және экономикасы

    Ұлы Түрік мемлекеті ХІХ ғасырда  батыс еуропалық державалардың жартылай  отарына айналды. Ұлттық-буржуазиялық көтерілістен кейін 1918-1923 жылдары Кемаль Ататүріктің басқаруымен мемлекеттік капитализмнің қалыптасуына ықпалын тигізетін реворма жасалынды. АҚШ және НАТО-ның басқа да мемлекеттерінің әсер етуі Екінші дүниежүзілік соғыстан кейін күшейді. 70-80 жылдары жүргізілген саясат индустрилизациясының нәтижесінде мемлекетте базалық индустриялды салалары – энергетикасы, тау-кен өндірісі, қара және түсті металлургиясы, химия, мұнай өндеу өнеркәсібі, машина жасау өнеркісібі, т.б. пайда болды.

    80-жылдарда  Түркия ауыр дағдарыстан шығуға  талпынды. Ол  мынадай стратегия қабылдады: мемлекеттің  экономикаға тікелей қатысып отыруынан бас тартты; экономиканың толығымен нарықтыққа ауысу және оның бәсекелестің заңдарына бағыну; шет ел тауарларының және капиталының  еркін еуіне мемлекетті ашу; импорттаудан көбінесе экспорттауға ауысу.

    Өндіруші  өнеркәсібі индустриалды сектор өнімінде екінші дәрежелі орнын сақтайды. Пайдалы  қазбаларды алудың дамуы және экспорттау прогресі байқалмайды. Бұрын сыртқы нарықта көп сұраныста болған хром, қазіргі кезде экспорттың біраз бөлігін ғана құрайды. Тас көмірдің сұранысын қанағаттандыра алмайды. Тас көмір 3 млн тонна өндірілсе, қоңыр көмір 45-55 млн тонна өндіріледі. Сонымен қатар темір рудасы да (4 млн. т.) сұранысты  толығымен қамтамасыз ете алмайды. Ал мұнай өндіру баяу өсіп келеді(1995 жылы 4 млн. т.).

    Өндеуші өнеркәсібі 90-жылдардың аяғында  индустриалды сектор өнімінің 2/3 құндылығымен қамтамасыз етті. Негізгі бөлігін  тамақ және жеңіл өнеркәсібі құрайды. Тамақ өнеркәсібі барлық өндеуші өнеркәсіптің 18 пайызын берді. Тоқыма өнеркәсібі – ең дамыған салаларының бірі. Бұл сала өнімдері көптеген елдерге экспортталады, соның ішінде - Ресей, АҚШ, Еуропа елдері. Түркия 90-жылдары ЕО елдерін  тоқыма өнімдерімен қамтамасыз етіп отырған.

    Құрылыспен  байланысты өнеркәсіп жақсы дамыды. Сонымен қатар қара және түсті металлургия, химия-фармацевтикалық өнеркәсіп және автожинау, т.б. алға басты.

    Энергия көздерінің маңыздыларының бірі мұнай болып табылады. Ол өздерінде өндірілгендіктен, оны экспорттайды. Мұнай өндеуші мекемелерде: Батманда, Қырыққалада, Измирде, Алиагада, Мерсинада сомарлық қуаты 30 млн. т. астам болатын мұнайды өнейді.

    Электр  энергетикасы 80-жылдарда дами бастады. Электр станцияларының қуаттылығы  онжылдық ішінде 6-дан 16 млн. кВт-қа өсті. Таяу шығыста «Афшин-Элбистан» ЖЭС-ы, «Кебан» СЭС-ы іске қосылған. 1990 жылы Евфрат өзенінде жасалған ірі «Ататүрік» СЭС-ы іске қосылды. 90-жылдардың соңына қарай жылына 100 млрд кВт/сағ энергия өндірілді. Түркия  көршілес жатқан Шығыс Азия елдеріне (Болгария, Румыния, Албания) және Грузияға электр энергиясын экспорттаған.

    Түркия  аграрлы-индустриялы ел. Түркия азық-түлік  өнімдерін өндіруде дербестікке  жеткен  әлемдегі санаулы елдердің бірі.  Егіншілік – ауыл шаруашылығының жетекші салаларының бірі. Ел аумағының 33%-ын  егістік алып жатыр. Оның 80пайызына дәнді-дақылдар өсіріледі. Егістік алқаптың 15 пайызына техникалық дақылдар (мақта, темекі, қант қызылшасы, күнжіт, зығыр) егіледі.4,2 пайызын бақ пен жүзім баулары алып жатыр. Жерорта теңізі жағалауында негізінен жүзім, інжір, маслина, цитрусты жемістер, алма, өрік, т.б., ал Қара теңіз жағалауының шығыс бөлігінде шай (жылына 200 мың тонна шамасында) өсіріледі. Мал шаруышылығы да жақсы дамыған. Түркия - ангор ешкісінің түбітін әлемдік нарыққа шығаратын жетекші ел. Ауыл шаруашылығының ежелгі саласы жібек тұтын өсіру сақталған. Елде балық шаруашылығымен айналысатын кәсіпкерліктер көп: жылына шамамен 180 мың тонна теңіз балығы ауланады. Ел аумағының шамамен 25 пайызын орман-тоғай алып жатыр. Түркия өнеркәсібінің тарихы ХІХ ғасырдың соңында басталды. 1927 жылы өнеркәсіпті қолдау тураы жаңа заң қабылданды. 1927 жылы жалпы ұлттық    өндірістегі өнеркәсіптің  үлесі 20 пайызға артты. 1960 жылы жоспарлы даму кезеңі басталып, үкімет  мемлекеттік секторға басшылық жасауды қолға алды. 1980 жылы экономикадағы  және өнеркәсіптегі тоқырауды жоюға жаңа экономикалық бағдарлама әзірленді. Бұл бағдарлама елдің экономикасын  әлемдік экономикамен ынтымақтасуға бағыттаған жаңа саясатқа жол салды. Бағдарлама нарықтық экономикаға жол ашып, импортты ырықтандырды және төлемдердің табиғи балансын қалыптастырды. өнеркәсіп секторының үлесі ауыл шаруашылығы өндірісін қысқарту есебінен ұлғайды. Соған орай осы кезеңде өнеркәсіп өнімдерін экспортқа шығару арта түсті. 1990-1994 жылдардан бастап өнімдерді бөлу жүйесі жақсарып, елдегі жұмыссыздық пен аймақтық сәйкессіздік жойыла бастады. Қазіргі кезде  Түркия әлемдік стандарттар бойынша тауар шығаратын өнеркәсіптің жетекші салаларын құрылымдық жағынан  жетілдіріп, экспортқа бағдарлаған даму стратегиясын ұстануда. Елде туризм жақсы дамыған және ол экономикаға үлкен кіріс кіргізіп отыр.  Түркия үкіметі Еуроодаққа кіруді мақсат етіп, ел экономикасын еуропалық стандартқа жақындату мақсатында көптеген жұмыстар жүргізді.  Негізгі сауда серіктестері: ЕО елдері, Иран, Ирак, АҚШ,  ТМД елдері, т.б.  Түркия 1991 жылы 16 желтоқсанда Қазақстанның тәуелсіздігін ең бірінші мойындаған ел болып табылады. Түріктер алғашқы болып Қазақстан экономикасына инвестиция  тартты. Қазір Қазақстанда түрік компаниялары әр түрлі салаларда жұмыс жасайды. Екі ел арасында  саяси, экономикалық, мәдени байланыстар орныққан.  
 
 
 

Информация о работе Турция