Автор работы: Пользователь скрыл имя, 22 Ноября 2011 в 19:27, реферат
Зерттеу жұмысының өзектілігі. Түркия Республикасы - Батыс Азия мен Оңтүстік-шығыс Еуропада, яғни Еуропа мен Азияның түйіскен жерінде орналасқан мемлекет. Ауданы 779,452 шаршы шақырым, оның 97 пайызына жуығы шамамен 755,688 шаршы шақырым) Кіші Азияда орналасқан, ал 3 пайызға жуығы (23,764 шаршы шақырым) Еуропада орналасқан.
Кіріспе
І. Түркия және Орталық Азия
1.1 Қазақстанмен Түркияның экономикалық қатынастары
1.2 Қазақстан мен Түркия арасындағы сауда-экономикалық қарым-қатынас
1.3 Қазақстан мен Түркияның Елбасыларының арасындағы достық байланыс
ІІ. Түркия және Орталық Азия мемлекеттерінің байланыстары
Қорытынды
Пайдаланылған әдебиеттер тізімі
1.2 Қазақстан мен Түркия арасындағы сауда-экономикалық қарым-қатынас
Қазақстан мен Түркия арасындағы сауда-экономикалық қарым-қатынас жылдан – жылға қарқынды дамып келеді. Түркия Қазақстанның маңызды және ірі сауда-экономикалық әріптесі болып табылады. ҚР Статистика агенттігінің мәліметі бойынша, екі ел арасындағы сауда айналымы үстіміздегі жылдың қаңтар-шілде айлары ішінде 1,428 млрд АҚШ долларын құрады.
Аталған жүздесуде Түркия-Қазақстан парламентаралық достық тобының жетекшісі Мехмет Шешек сөз алып «Бір ұлт, екі елміз»,- деген Қазақстан Президенті Н.Назарбаевтың ата сөзіне тоқтап, алдағы уақытта тәжірибе алмасуға қатты назар аударатындықтарын жеткізді. Екі елдің университеттері арасында біркелкі Бағдарлама жасап оқыту және ауыл шаруашылығы жетістіктерінен маман алмасып, тәжірибе ортақтастыру қажеттілігін айтты.
«Түркия-Қазақстан» ынтымақтастық жөніндегі тобының жетекшісі Мехмет Чичек мырза Қазақстан жайлы ақжарқын пейілін білдірді. Қазақстан мен Түркия арасындағы ынтымақтастықтың келешегі туралы сенімді пікірін алға тартты. «Ел Президенті Нұрсұлтан Назарбаев Қазақстан мен Түркия туралы ой толғағанда ол екеуін екі мемлекет, бір халық деген болатын. Осы сөзі әлі есімізде. Біз халықаралық байланыстың сыртында, өте жақын халықпыз»,- деді түркиялық мейман.
Егемендігін
алған соң жүзеге асырған экономикалық
реформалары кезінде алған
Қазақстан
сауда- экономикалық саясаттағы көреген
қадамдары арқылы белсенді және бір қалыпты
сыртқы саясатымен аймақтағы басымдылығын
көрсетті. 2008-2009 жылдары Азиядағы ынтымақтастық
диалогына жетекшілік жасап, ал 2010 жылы
Еуропадағы Қауіпсіздік және Ынтымақтастық
Ұйымына, 2011 жылы Ислам конференциясы
ұйымына төрағалық ететін және басқа да
халықаралық ұйымдарда үлкен беделге
ие болған Қазақстан халықаралық геосаяси
күштер тарапынан да мойындалуда. Қазақстанның
алдымыздағы он жыл ішіндегі жаңа даму
стратегиясы белгіленген және осы бағытта
бәсекеге қабілетті 50 елдің қатарына қосылуды
мақсат ететін «Қазақстан 2030» стратегиясы
шеңберінде қабылданған «Еуропаға жол»
бағдарламасы қабылданған. Бұл Қазақстанның
Еуропамен қарым-қатынасының ең жоғарғы
деңгейге шығуына, экономикалық, саяси,
мәдени салаларда және демократиялық
жүзеге асыруларда Еуропаның бір бөлігі
болуын көздейді. Қазақстанның Еуропаға
жақындай түсуіне ықпал ететін «Еуропаға
жол» бағдарламасына қолдау көрсетілуі
қажет екенін де, Түркия бұл бағыттағы
талпыныстарды шүбәсіз қолдайды.
1.3 Қазақстан мен Түркияның Елбасыларының арасындағы достық байланыс
Қазақстан мен Түркияның Елбасыларының арасындағы достық байланыс халықаралық қауым үшін үлгі болуда. 2008 жылдың қорытындысында екі елдің сауда айналымының 3,2 миллиард АҚШ доллары көлемінде болуы біз үшін қанағаттанарлық емес. Түрік компанияларының Қазақстанда алған мердігерлік міндеттерінің 8,8 миллиард долларға жетуі екі ел үшін де қанағаттанарлық жағдай. Қазақстандағы түрік инвестициясының мұнайдан басқа шетелдік инвестициялар арасында бірінші орында тұруы үлкен мақтаныш. Телекоммуникация, банк және қаржы жүйесі, құрылыс, басылым, білім, транспорттау, көлік, өндіріс өнеркәсібі, мұнай және қызмет секторы сынды салаларда жұмыс жүргізіп жатқан түрік кәсіпкерлерінің бұдан да үлкен жобаларды міндеттеріне алуға деген табандылықтары бізді одан әрі үміттендіріп, келешекке сенімді қарауға ықпал етеді. Энергетика және транспорттау салаларында өзге де жобалардың жүзеге асырылуы осы жарасымды ынтымақтастықты одан әрі дамытады. Осы орайда 2008 жылғы қарашадан бері қазақ шикі мұнайының «Баку-Тибилиси-Жейһан» мұнай тасымалдау құбыры арқылы Жерорта теңізіне жетуінің маңызын айта кету керек. Екі ел арасында халықаралық ұйымдардың шатыры астында өте жемісті де жарасымды ынтымақтастық жалғасуда. Түркияның Біріккен Ұлттар Ұйымының Қауіпсіздік кеңесіне мүшелігіне қабылдануы, Қазақстанның 2010 жылы ЕҚЫҰ төрағалығына сайлануы сынды табыстарда елдеріміздің бір-бірлеріне жасаған қолдауларының да маңызы зор. Өзара жәрдемдесудің Қазақстанның Дүниежүзілік сауда ұйымына үміткерлігінде де жалғасатыны сөзсіз. Президент Нұрсұлтан Назарбаевтың бастамасымен құрылған Азиядағы өзара іс-қимыл және сенім шаралары жөніндегі кеңестің (АӨІСШК) кезең төрағалығының құрметті Президенттің ұсынысы бойынша екі жылға (2010-2012) Түркияға берілуі болса, бұл да сыртқы саясаттағы келісім мен үйлесімнің тағы бір үлгісі болып табылады. Түркі тілдес мемлекеттер басшыларының саммитінде және осы саммитке қатысты құрылымдарда құрметті Президент Н. Назарбаевтың жасаған мықты қолдауын да ерекше. Бұлардан басқа, әскери, білім және мәдени салалардағы тығыз байланыс пен ынтымақтастық күн өткен сайын артуда. Қарым-қатынастарымызды нығайту үшін бірге жүргізіп жатқан жұмыстар келешекке үмітпен қарауымызды қамтамасыз етуде.
Жақында Қазақстан Республикасының Президенті Нұрсұлтан Назарбаевтың Түркия Республикасына ресми сапары басталды.
Қазақстан мен Түркия мемлекетінің басшылары ең алдымен Анкара қаласындағы Ататүрік мемориалды кешенін аралап, Түркия мемлекетінің негізін қалаушы әрі тұңғыш Президенті Мұстафа Кемал Ататүрік кесенесіне гүл себетін қою рәсіміне қатысты. Одан кейін «Чанкая» Президент Сарайында ресми қарсы алу рәсімі болып өтті. Бұдан соң Қазақстан Республикасының Президенті Нұрсұлтан Назарбаев Түркия Республикасының Президенті Абдолла Гүлмен шағын құрамда кездесті. Кездесу барысында біздің еліміздің басшысына Түркияның жоғары мемлекеттік наградасы табыс етілді. Кеңейтілген құрамдағы келіссөздерден кейін мемлекет басшылары екіжақты құжаттарға, атап айтқанда, Қазақстан Республикасы мен Түркия Республикасының арасындағы Стратегиялық әріптестік туралы Шартқа қол қойды. Сонымен қатар, екі ел Үкіметтері арасындағы ғылым мен техника, туризм, қоршаған ортаны қорғау салаларындағы Ынтымақтастық туралы Келісімдерге қол қойылды.
Осы жылдың 20 қазаны күні ҚР Парламенті Мәжілісінің төрағасы Орал Мұхамеджанов Түркия Ұлы Ұлттық Мәжілісінің төрағасымен және Түркия Республикасы Ұлы Ұлттық Мәжілісінің төрағасы Көксал Топтан бастаған дегегация мүшелерімен кездесті.
Мәжіліс Төрағасы сөзді Түркия Республикасының Қазақстанның егемендігін ең алғашқы болып таныған бауырлас ел, халықаралық, аймақтық екіжақты аспектілерде маңызды серіктесі болып табылатынынан бастады. Қазақстанның Еуропадағы Қауіпсіздік және Ынтымақтастық Ұйымына (ЕҚЫҰ) 2010 жылы төрғалық етуі және Дүниежүзілік Сауда Ұйымына (ДСҰ) енуі жолындағы ұмтылысына қолдау көрсеткені үшін ризашылық білдірді. 2009-2010 жылдарға Түркияның Біріккен Ұлттар Ұйымының Қауіпсіздік Кеңесіне тұрақсыз мүшелікке өткенін Қазақстан қызу қолдайтындындығын білдірді.
Қазақстан өзінің тәуелсіздігін жариялағаннан кейін – Түркия Қазақстанды тәуелсіз ел ретінде таныды. Сол жылдары біз Түркияның түркілік ынтымақтастықты дамытуға, Қазақ еліне деген бауырластық ниетін анық байқадық. Қазіргі таңда екі елдің арасындағы сауда айналымы 3 млрд. долларды құрап отыр. Бұл көрсеткіш алдағы уақытта арта түседі. Бүгінде Түркия ЕуроОдаққа мүше болуға талпынып отыр. Ресми Анкара ЕуроОдақ құрылғалы бері оған мүше болу үшін тынбай талпыныс жасаумен келеді. Соңғы уақыттары Түркия ЕуроОдаққа өзге мемлекеттердің қолдауынсыз мүше болудың қиын екенін түсінді. Алдағы уақытта ЕҚЫҰ-ның төрағасы болатын Қазақстаннан Түркия айрықша қолдау күтетіні шындық.
Түркия – НАТО-ға мүше, әлемдік геосаясатта орыны бар мемлекет. НАТО мен Қазақстан арасындағы жақсы қарым-қатынастың орнауына Түркияның ықпалы бар. Өз кезегінде Қазақстан да Түркияның мұндай артықшылықтарын өз мүддесіне тиімді пайдалануы керек.
Түркия
ресми Астананың саяси
ІІ.
Түркия және Орталық
Азия мемлекеттерінің
байланыстары
Түркі халықтарының мәдени ықпалдастығын арттыру мақсатында 1993 жылы Алматыда алты бірдей түрік мемлекетінің басшылары (Түрік Республикасы, Қазақстан, Қырғызстан, Түркіменстан, Әзірбайжан және Өзбекстанның) «ТҮРКСОЙ» ұйымын құруға шешім қабылдаған болатын. Алайда, сол жылдардағы саяси, экономикалық себептерге байланысты бұл ұйым көздеген мақсатқа сай жұмыс істей алмады. Дегенмен, біртіндеп ТҮРКСОЙ-дың аясы кеңіп, бұл ұйымға Татарстан, Башкұртстан, Солтүстік Кипр, Хакасия, Гагауз, Тыва мемлекеттері мүше болды. Әсіресе, соңғы екі-үш жылда ТҮРКСОЙ-дың бойына қан жүгіріп, көптеген мәдени игі шаралардың ойдағыдай атқарылуына мұрындық болды. Штаб-пәтері Анкарада орналасқан аталмыш ұйымның жұмысын одан арықарай жетілдіруде Қазақстан мен Түркия мемлекеттерінің алатын орны ерекше. Елбасының Түркияға жасаған ресми сапарында осы мәселелерге де көңіл бөлінеді күтілді.
Орталық Азия елдерінің одағы, оны интеграциялау мәселесі - қайталанып айтылып жүрген, қоғамдық өмірдің өзекті әрі өткір мәселесі. Бұл қажеттілікті жүзеге асырған жағдайда әрине, олар бірыңғай саяси-экономикалық, әлеуметтік саясатты белгілеген болар еді. Демографиялық дамуы жағынан алда келе жатқан Өзбекстанда 26 млн., ал экономикалық жедел даму жолына түскен Қазақстанда 15 млн. тұрғын бар. Қазақстан мен Өзбекстан Президенттері 2006 жылғы Ташкент кездесуінде бұл проблеманың өзектілігін, бірігудің тиімді екенін қадап айтты. Ауғанстан президенті Х. Карзай «Үлкен Орталық Азия әріптестік, сауда мен даму» деген тақырып-пен Кабулда өткен халықаралық кеңесте өз елін тығырық-тан шығару жолдарын сөз етті. Жалпы, Орталық Азия мемлекеттерінің интеграциялануы проблемасын Кабул-дың қатысуынсыз шешу мүмкін емес. Осыған орай, Қазақ-стан мемлекеті Ауғанстанды қалпына келтіру үшін қажет инвестиция жұмсап, мамандарды оқытуды қолға алды. Бұл туралы кезінде Кабулда-ғы кеңесте бұрынғы Қазақстан Республикасының Сыртқы істер министрі, қазіргі Сенат төрағасы Қ. Тоқаев мәлімдеген болатын. Бұл еліміз тәуелсіздік алғалы қазақстандық делегацияның алғашқы ресми сапары еді. Қ. Тоқаев мырза сол жолы Кабулға Нұрсұлтан Назарбаевтың жеке хатын ала барды. Онда Қазақстан Пре-зиденті Ауғанстан басшысы Хамид Карзайды Азиядағы өзара сенім және ықпалдас-тық жөніндегі кеңеске арнайы шақыруы жазылған.
Хамид Карзай саммитке қатысты. Айта кету керек, Ауғанстан Ислам Республикасы дамудың жаңа сатысына көшті. Ұзақ жылдар қанды қырғыннан көз ашпаған ел жаңа үкіметке арқа сүйеді. Мұнда қарулы қақтығыстар, саяси текетірестіктер әлі де болса ішінара жүріп жатыр. Батысқа үміт артатындар да, оған наразылық танытып жатқандар да бар. Орталық Азиядағы қауіпсіздік мәселесін біріге отырып талқылауды қазақстандық сарапшылар мен АҚШ-тың Орталық Азия және Кавказ жөніндегі институты осыдан үш жыл бұрын қолға алған болатын. Бұл тақырып Кабулда өткен кеңестің күн тәртібіне шығарылды. Бұған ғаламның әр қиырынан 40-қа жуық елдің сарапшы-ғалымдары қатысты.
Халықаралық қауымдастық Орталық Азияның бірігуіне, онда тұрақтылық ырғағын сақтауға ынталы. Сауда-экономика, әлеуметтік көмектермен қатар дамып келе жатқан Орталық Азия елдері үшін саяси тәуелсіздік проблемасы бірінші кезекке шығады.
Орталық Азияның мемлекеттері халқының саны 1,4 миллиардқа жеткен алып держава Қытаймен шектеседі. Қытайдың экономикалық даму қар-қынына Батыс елдері сақтана қарайтын болды. Жақында ішкі жалпы өнімі бойынша Италияны басып озған Қытай, әлемде-гі жетекші жеті мемлекеттің сапына қосылды. Бұл, әрине, оның жетістігінің шыңы емес. Сарапшылар Қытай Англия мен Францияны да артқа тастай алатынын айтады... Бұл - бейбіт, экономикалық, техно-логиялық жарыстағы жетістіктер болғанын батыс елдері қанағат тұтып отыр.
Саясатты экономика белгілейді десек, қазіргі кезеңде Орталық Азияның даму бағдарын белгілеуде Қытай Халық Республикасы жетекші орын алады.
Қазақстан мен Қытай ара-сындағы сауда айналымы жылына 10 пайызға өсуде. 2005 жылы Қазақстан мен Қытайдың арасындағы мұнай құбыры іс-ке қосылды. Сауд Арабиясы Қытайға мұнай жеткізіп беруге келісім жасады. Ресей мемлекеті де Батыс Еуропадан гөрі Шығыстағы ұлы көршімен сауда-экономикалық бағытын дамыту тиімді екенін ұғынды.
Орталық Азиядағы саяси-әлеуметтік және экономикалық жағдайдың тұрақтануына, өзінің көршілерімен қалыпты жағдай орнатуына осы ай-мақтағы ірі державалар Пәкістан мен Түркия мемлекеттері де мүдделілік танытады. Қазақстан, Өзбекстан, Тәжікстан, Қырғызстан, Түркіменстан, Әзірбайжан секілді тәуелсіз мұсылман мемлекеттерімен талай ғасырдан бері әлеуметтік-экономикалық, қоғамдық-саяси жүйеде өзара татулық, туысқандық қатынастар орнатқан бұл мемлекеттер аймақтың дербес дамуын қолдайды. Мұның жарқын мысалы ретінде жақындағы Астанаға Пәкістанның белгілі қоғам қайраткері, елдегі билік жүргізуші – «Пәкістан мұсылмандар лигасы» пар-тиясының Вице-президенті Гохар Аюб Ханның ресми сапарын атап өтер едік.
Орталық
Азия мемлекеттерінің тәуелсіз одағын
құру мәселесі бүгінгі күн тәртібіне өткір
қойылды. Өзекті мәселе өзінің шешімін
күтіп тұр. Бұл мәселе жөнінде әлемдегі
жетекші державалар мүдделілік танытуда.
Қазақстан Республикасы өзінің көп қырлы
саясатын жүзеге асыра отырып, тәуелсіздік
тұғырын одан биіктетудің тиімді әдісін
оңтайлы пайдаланады деп үміттенеміз.
Қорытынды
Түркия Президенті Абдулла Гүлдің Қазақ еліне ресми сапары қазақ пен түрік арасын жақындастыра түсті. Өзін түркі әлемінің бейресми көшбасшысы санайтын Түркия Түрікменстан, Әзірбайжан және тағы да басқа түркі тілдес елдерді қанатының астына алып, оларға ұдайы қамқорлық көрсетіп келеді.
Қазақ елінің көшбасшысы қазақ-түрік экономикалық ынтымақтастығының жаңа бір белесін белгілегенін айта кеткен жөн: Қазақстан мен Түркия арасындағы өзара сауда айналымы $10 млрд-қа жеткізілуі қажет. Әрине, бұл асуды алу оңайға соқпайды, екі ел іскерлерінің, жауапты құрылымдар мен шенеуніктерінің шелектеп тер төгуін қажет етеді. «Жаһандық қаржы-экономикалық дағдарыс біздің елдер арасындағы сауда айналымын біраз төмендетті, 2008 жылы өзара тауар айналым 2,9 млрд долларды құрады. 2009 жылы ол $1,4 млрд-қа дейін төмендеп кетті. Биылғы жылы біз тауар айналым деңгейін қалпына келтіріп, өзара сауда-саттықты арттыруымыз керек» деген болатын Мемлекет басшысы Ақордадағы екі ел делегацияларының қатысуымен өткен кеңейтілген келіссөздер барысында. Ал келіссөздер аяқталған соң, Н.Назарбаев журналистерге қос тараптың «таяу жылдары тауар айналым ауқымын 10 млрд долларға дейін ұлғайту» жөнінде нақты міндеттенгенін мәлімдеді. Кәрім Мәсімов пен Реджеп Тайып Ердоғанның «құлағына алтын сырға»: бұл ретте Елбасы қазақ-түрік үкіметаралық комиссиясының қызметінің тиімділігін арттыру қажеттігін шегеледі. Сонда Түркия Қазақстанның жетекші сыртқы экономикалық әріптестерінің алдыңғы қатарында қала бермек.