Автор работы: Пользователь скрыл имя, 18 Марта 2012 в 12:34, лекция
Оқушыларға WordPad құжатына суретті кірістіруді және
WordPad бағдарламасынан шығу туралы түсінік беру.
Атырау облысы
Қызылқоға ауданы
Мұқыр орта мектебі
Панорамалық сабақ:
WordPad құжатына суреттерді кірістіру
WordPad бағдарламасынан шығу
Дайындаған: Информатика пәнінің
мұғалімі Н. Нөкерова
Сабақтың тақырыбы: WordPad құжатына суреттерді кірістіру
WordPad бағдарламасынан шығу
Сабақтың мақсаты:
Оқушыларға WordPad құжатына суретті кірістіруді және
WordPad бағдарламасынан шығу туралы түсінік беру.
А) Білімділік мақсаты:
WordPad құжатына суретті кірістіру туралы толық
мағұлмат беру. WordPad бағдарламасынан шығуды үйрету.
Редактордың құрал – саймандарын дұрыс пайдалана білу
және командаларды орындай алу қызметін меңгерту.
Б) Тәрбиелік мақсаты:
Эстетикалық талғамын қалыптастыру, нәтиже алуға және
уақытты үнемдеуге дағдыландыру.Оқушыларды
адамгершілікке, ұқыптылыққа, компьютерде дұрыс
отыра білуге тәрбиелеу
В) Дамытушылық мақсаты: Графикалық бейнелеу жұмыстарын орындау
арқылы бейнелік ойлау қабілетін дамыту.
Пәнге деген қызығушылығын арттыру.
Сабақтың өту барысы:
І. Ұйымдастыру бөлімі:
а) Оқушылармен амандасу.
б) Оқушылардың сабаққа қатысын тексеру.
ІІ. Өткенге шолу:
а) Үй тапсырмасын сұрау,
б) Тест жұмысы (компьютерде орындайды)
ІІІ. Негізгі бөлім:
WordPad құжатына суретті кірістіру
WordPad бағдарламасынан шығу
ІҮ. Көрнекілігі:
а) Компьютер, проектор, буклетттер, тесттер.
Ү. Сабақта қолданылған әдіс – тәсілдер: СТО стратегиялары
а) Суретпен жұмыс
б) Галереянды шарлау
в) Еске түсіру стратегиясы.
Үй тапсырмасы сұралғаннан кейін қайталау ретінде тест әдісі арқылы білімдерін бекітемін.
Жаңа сабақ:
WordPad құжатына дайын суреттерді немесе Paint графикалық редакторында немесе басқа графикалық қолданаларда жасалған суреттерді кірістіруге болады.
Графикалық обьектіні кірістіру үшін келесі әрекеттер орындалады.
1. Paint графикалық редакторында сурет салу қажет.
2. Немесе суреттер кітапханасынан алу қажет.
3. Paint графикалық редакторындағы суретті қиып алу немесе көшірмесін алу керек.
Түзету (Правка ) менюінен Көшіру (Копировать) немесе Қию (Вырезать) командаларының бірін таңдау қажет.
4. Суретті кірістіретін мәтінді ашып, меңзерді құжаттың суретті кірістіретін жеріне орналастырып, Түзету - Кірістіру (Вставить) батырмасын шерту қажет.
5. Сурет құжат ішіне орналасады.
WordPad құжатынан шығу үшін терезені жап (закрыть окно) батырмасын шертіп немесе Файл – шығу (Выход) командасын орындау қажет. Егер құжат сақталмаса, онда экранда Сохранить изменения в файле? деген сұрату терезесі пайда болады.
ІҮ. Компьютермен жұмыс
1. Суретпен жұмыс
Оқушылар Аналар мерекесіне орай құттықтау хатын жазып, сурет кірістіреді.
2. Галереянды шарлау
Оқушылар бірі – бірінің салған суреттерін аралап қарап, баға береді.
Ү. Сергіту сәті:
Көз жаттығуларын жасау.
ҮІ. Сабақты бекіту.
1. Мәтін ішіне суретті кірістіру үшін қандай іс – әрекет орындалады?
2. WordPad құжатынан шығудың неше тәсілі бар?
ҮІІ. Оқушыларды бағалау.
ҮІІІ. Үйге тапсырма беру:
5.2 тақырып. WordPad құжатына суреттерді кірістіру
WordPad бағдарламасынан шығу
Информация о работе WordPad құжатына суреттерді кірістіру WordPad бағдарламасынан шығу