Жайық өзені

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 31 Октября 2011 в 14:03, сочинение

Описание

Бұл өзен өзінің басын Орал тауының 600 м биіктігінен алады. Оның жалпы ұзындығы 2354 шақырым, оның 500 шақырымы ғана облыс территориясымен өтеді. Жайық өзені Каспий маңы ойпатын кесіп өтіп, Каспий теңізіне құяды. Негізгі арнасына Батыс Қазақстан облысының жерінде бірнеше салалары қосылады. Оның оң жақ салаларына - Ембулатовка, Быковка, Рубежка, Шаған және Деркөл, ал сол жақ салаларына - Елек, Шыңғырлау, Барбастау және Ащы өзендері жатады.

Работа состоит из  1 файл

География.docx

— 23.85 Кб (Скачать документ)

Жайық өзені

Бұл өзен өзінің басын Орал тауының 600 м биіктігінен  алады. Оның жалпы ұзындығы 2354 шақырым, оның 500 шақырымы ғана облыс территориясымен  өтеді. Жайық өзені Каспий маңы ойпатын  кесіп өтіп, Каспий теңізіне құяды. Негізгі арнасына Батыс Қазақстан  облысының жерінде бірнеше салалары қосылады. Оның оң жақ салаларына - Ембулатовка, Быковка, Рубежка, Шаған және Деркөл, ал сол жақ салаларына - Елек, Шыңғырлау, Барбастау және Ащы өзендері жатады. Соңғысы басын Шалқар көлінен  алады да, Жайық өзеніне су мол  жылдары ғана қосылады. 
Өзеннің орта бөлігінде көктемгі тасқын судың артығы қолдан қазылған Кешім каналы арқылы терт суқоймасына құйылып, шабындық және жайылымдық жерлерді суаруға пайдаланылады. 
Көшім каналы осы облыс еңбеккерлерінің қажымас қайратының белгісі. Отызыншы жылдары елімізде техникалық құралдар жетпей жатқан кезде еңбекші бұқара бұл каналды қолмен қазған болатын. 
Жайықтың бір жылғы орташа су шығыны секундына 320 текше метр. Соңғы жылдардағы құрғақшылық және шаруашылық мақсатына алынатын су мөлшерінің артуы өзеннің орташа су көлемінің жылына 7-8 текше шақырымға дейін азаюына әкеліп соқтырады. 
Жайық өзенінің тағы бір ерекшелігі, оның төменгі ағысында салалары жоқ. (Диаграмма, 7-сурет.) Сондықтан су деңгейінің түсуі немесе көтерілуі жоғарғы жақтан келетін су мөлшеріне байланысты болады. 
Жайық езенінің бастауында жер бетінің деңгейі 637 м биікте, ал Каспий теңізіне құяр жері - теңіз деңгейінен 27-28 метр төмен жатыр. Сондықтан Жайық езені арнасының құлау бұрышы әрбір шақырым сайын 30 см. төмендеп отырады. Ал көршілес жатқан Еділ өзенінің құлау бұрышының деңгейі Жайықтан 4 есе аз. 
Осы құлау деңгейінің салыстырмалы биіктері үлкен болғандықтан, күз кезінде су ағысының жылдамдығы сағатына 4-5 шақырым болса, ал көктемгі су тасыған шағында 10 шақырымға дейін жетеді. 
Жайықтың арнасы ғасырлар бойы көп өзгеріске ұшырап отырған. Бір кездегі көптеген ескі арналар мен салалар бүгінде Жайық өзенінен "өгейсіп", бөлініп қалған. Оған дәлел - XVII ғасырда алғаш көшіп келіп өзеннің жағасына коныстанған қазақ селолары қазір жағалаудан мүлдем жырақ жатыр. 
Жайық өзені онша енді емес, бірақ көктемде тасыған кезде бірнеше шақырымға жайылып кетеді. 
Жайық өзенінің тасуы сәуір айының екінші жартысынан басталады да, мамыр айының орта кезінде су ең жоғарғы деңгейге жетеді. Өзеннің көктемдегі деңгейі әр жылдары бірдей емес. 
1942 жылы Жайық өзенінің тасу мөлшерінің су шығыны 1933 жылмен салыстырғанда 20 есе көп болды. Бұл кезде су шығыны секундына 18400 текше метрге дейін жетті. Ал суының ең аз кезі ақпан айында су шығыны бар болғаны бір секундта 100 текше метр. Алайда өзеннің бір қалыпты орташа сабасының кезінде ені 150-200 метрден, терендігі қайраңда бір, негізгі арнасында үш метрден аспайды. 
Жайыққа қарашаның аяқ кезінен бастап мұз қатады да, наурыз айының соңы мен сәуір басында мұздар сөгіліп, өзен ағысы еркіндік алады. Мұздың қалыңдығы орташа 60-80 см-ге дейін жетеді. Мұз құрсану уақыты 130-120 тәулікке созылады. 
Өзеннің екі жағасы көбіне тік жарқабақ болып келеді. Өзен суы біршама лайлы. Судың құрамындағы әр түрлі шайынды жыныстардың мөлшеріне қарап оның лайлануын анықтайды. 
Жайыққа Көшім саласының қосылар жерінде судың лайлануы бір текше метрде 290 грамм. Осы жердегі қатты шайынды жыныстардың мөлшері жылына 1900 мың тоннаға тең. 
Өзен суының химиялык, құрамында карбонатты кальций тұздарының қоспасы басым болып келеді. 
Жайық езенінде су жол қатынасы ХХ-ғасырдың бірінші жартысында күшті дамып, оның аяғында мүлдем тоқталды деуге болады. 
Өйткені Жайық сонау тарихи заманнан бері балық кәсіпшілігі өркендеген, әсіресе «қызыл балықтың» негізгі мекені болып келеді.
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 

Информация о работе Жайық өзені