Жапония

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 09 Декабря 2011 в 09:45, контрольная работа

Описание

Жер аумағы, шекаралары, жағдайы: күн-шығыс елі. Аумағы жағынан Жапонияны Батыс Еуропадағы ең ірі елдермен және АҚШ-тың штаттарымен салыстыруға болады. Алайда, ол құрамы мен кескін – келбеті жағынан олардан мүлде өзгеше. Жапония төрт ірі және төрт мыңдай ұсақ аралға қоныстанған аралдар елі. Бұл тұтасымен аралдар әлемі! Жапония салыстырмалы түрде табиғи ресурстарға кедей де, жағалауға бай. Жағалау сызығының ұзындығы (30 мың км) жағынан ол АҚШ сияқты үлкен елді басып озады және бүкіл Африкамен теңестіруге болады.

Работа состоит из  1 файл

Жапония.docx

— 51.44 Кб (Скачать документ)

                                                Жапония 
 
     Жер аумағы, шекаралары, жағдайы: күн-шығыс елі. Аумағы жағынан Жапонияны Батыс Еуропадағы ең ірі елдермен және АҚШ-тың штаттарымен салыстыруға болады. Алайда, ол құрамы мен кескін – келбеті жағынан олардан мүлде өзгеше. Жапония төрт ірі және төрт мыңдай ұсақ аралға қоныстанған аралдар елі. Бұл тұтасымен аралдар әлемі! Жапония салыстырмалы түрде табиғи ресурстарға кедей де, жағалауға бай. Жағалау сызығының ұзындығы (30 мың км) жағынан ол АҚШ сияқты үлкен елді басып озады және бүкіл Африкамен теңестіруге болады. 
 
     Жапонияның экономикалық – географиялық жағдайы (ЭГЖ-ы) ең алдымен, былайша айқындалады: Еуразия құрылығы мен Тынық мұхиттың түйіскен жеріндегі және Азия – Тынық мұхиты аймағының дәл ортасындағы Жапония орналасқан аралдар тізбегінің (доғасының) ұзындығы 3,5 мың км-ге созылады. Бұл Жапонияның халықаралық географиялық еңбек бөлінісіне қатысуы үшін өте үлкен мүмкіндік береді. 
 
     Азияның ең шығысында Жапонияның орны оның «Күншығыс елі» дейтін атауынан да бейнелі көрініс тапқан. 
 
     Халқы: табиғи өсу ерекшелігі, ұлттық құрамы, орналасуы. Жапония халқының саны жағынан дүние жүзі елдерінің «алғашқы ондығын» аяқтайды. Алайда соңғы онжылдықтарда халқының табиғи өсу сипаты күрт өзгерді. Жапония өсудің екінші түрінен бірінші түріне өткен Азиядағы мемлекетке айналды. 
 
     Бұл «демографиялық революция» өте қысқа мерзімге өтті. Ол жапон қоғамының аса ірі әлеуметтік – экономикалық қайта құрылуының, білім беру мен денсаулық сақтау саласында үлкен жетістіктерге жетуінің нәтижесінде іске асты. Жапония – дүние жүзінде балалар өлімінің көрсеткішінен ең төмендігімен және өмір сүру орта жасы бойынша көрсеткішінің ең жоғарылығымен танылған салауатты адамдар елі. Сондай-ақ оған мемлекеттік демографиялық саясат үлкен әсер етті. Онда отбасының мәселелерін жоспарлау жөніндегі сабақтар мектептің жоғары сыныптарында-ақ өткізіледі. Неғұрлым кеш некелесу қатты насихатталады. 
 
     Жапония халқының ұ л т т ы қ қ ұ р а м ы мүлде бірыңғай. Бұл – типтік бір ұлтты ел, мұнда жапондықтар халықтың 99% -ынан астамын құрайды. Жапон тілі қте ерекше және басқа тілдік топтардың бірде-біреуіне қосылмайды. Әрі иероглиф, әрі буындық әліппе ретінде пайдаланылатын қазіргі жапон жазуының жүйесі де өте күрделі. 
 
     Елде ерте феодалдық кезеңнің өзінде енген екі негізгі дін бар: синтоизм және буддизм. Дінге сенушілер бір мезетте қатар өмір сүріп жатқан осы екі дінді де тұтынады; қайсысының әсері басым болса, соған көбірек ден қояды. 
 
     Жапония – балаларды ең ерте жастан бастап оқытып, тәрбиелеуге үлкен көңіл бөлетін бірден-бір жоғары мәдениетті, жаппай сауатты ел. Жапонияда университеттердің саны бүкіл Батыс Еуропадағыдан көп. Бұл ел – байырғы мәдениетті, әсемдікті және тұрмыс дәстүрін берік сақтаған, жапондық өмір салты дейтін түсініктің құрамына енетін ежелден келе жатқан мәдениеттті ел. 
 
     Жапондардың ұлттық дәстүрлерінің бірі – қоршаған ортаны , ағаштар мен гүлдерді, жануарларды аялап, қорғау дәстүрі адамдардың бойына бала жастан сіңіп, қалыптасады. Сондықтан Жапонияда әрбір маусым бойынша табиғатта серуендеу кең өріс алған, мысалы: көктемде жабайы шиенің (сакура) гүлдеуін, күзде үйеңкі орманын тамашалау ұлттық мекерелердің біріне айналған. Қазір осылардың бәрі батыстан елес бере бастады. 
 
     Х а л ы қ т ы ғ ы з д ы ғ ы н ы ң орта есебі бойынша (1 км2 –ге 340 адамнан) Жапония дүние жүзінде алдыңғы орындардың бірін иеленеді. Шын мәнінде мұнда халықтың тығыздығы едәуір жоғары, өйткені елдегі халық түгел дерлік жағалық ойпаттар мен  өзен аңғарларында шоғырланған. 
 
     Жапония соңғы онжылдықтарда у р б а н и з а ц и я қарқынының өте жоғарлығымен ерекшеленеді. Осы көрсеткіштің нәтижесінде ол дүние жүзінде алғашқы орындардың біріне шықты. Елде екі жүзден астам үлкен қала бар. 
 
     Қаланың жапондық үлгісінің көптеген өзіне тән сипаттары бар. Қалалардың көбі орта ғасырларда феодалдық сарайлардың, монастырьлардың, пошта жолдарының төңірегінде пайда болған. Олар өзінің құрылымдық формасы мен бір және екі қабатты құрылысын әлі күнге дейін сақтап келеді. Екінші дүниежүзілік соғыстан кейін көптеген үлкен қалалар «американдыруға» ұшырады: олардың орнына банкілер, монополиялардың штаб – пәтерлері орналасатын көп қабатты үйлер пайда болды. Алайда, бір ерекшелігі – жапон қалаларында бірыңғай іскерлік орталығы жоқ. 
 
     Атап айтқанда, қазір халықтың негізгі бөлігі үлкен қалалар мен қалалық агломерацияларға шоғырлануда. Олардың ірілері Хонсюдың оңтүстік жағалауын бойлап үзіліссіз тізбек түрінде созылып жатыр. Олардың ішінде Токио, Осаки және Нагой қалаларының айналасына шоғырланған «үлкен үштік» агломерациясы ерекше көзге түседі. Қалай болғанда да, Жапония Токиодан басталады деп тегін айтпайды. 
 
      Т о к и о – Жапон аралдарының ішіндегі ең үлкен Канто жазығында орналасқан дүние жүзіндегі аса ірі қала. Ол 1869 жылы елдің астанасы болды және «Шығыс астана» дегенді білдіретін осы атауына сол кезде ие болған. Өзінің тым ретсіз салынуымен ерекшеленетін Токио - дүние жүзіндегі ең халқы көп қалалардың бірі. Ол жоғарыға да (жер сілкінісіне төтеп берерлік 50-60 қабатты үйлер), төменге де (жер асты сауда орталықтары), жан – жағына қарай да өсіп барады. 
 
     Осаки мен Нагой агломерациялары қасындағы Токионың басқа да агломерацияларымен тұтасып, бұрынғылардан да ірі «галактиканы» - жағалауды бойлау 600-700 км-ге созылып жатқан Токайдо мегаполисін дүниеге әкелді. Мұндағы халықтың орташа тығыздығы 1 км2 –ге 800-1000 адамнан келеді, ал ондағы адамның жалпы саны 55 млн-ға жетеді, бұл, мысалы, Италияның бүкіл халқының санымен салыстыруға болады. 
 
     Шаруашылығы: XXI ғ-ға барар жолда. 50 – жылдардан бастап ширек ғасыр бойы жапон экономикасы өте жоғары қарқынмен өсуде болды. Ел қысқа мерзім ішінде ғылымда, техникада, білім беруде, өнеркәсіп пен саудада үлкен жетістіктерге жетіп, қарыштап алға басты. Жапония дүние жүзіндегі ең басты несие беруші елге айналды. Елде экономикалық өмірдің барлық саласында түбегейлі қайта құрулар елеулі дәрежеде жүзеге асырылды, постиндустриялы қоғамның негіздері жасалды.

 
    Мұнай-химия, құрылыс өнеркәсібі сияқты базалық салалар импорттық шикізат арқылы қайта құрылған болатын. Бұлардың бәрі техника мен технологияның ең жаңа жетістіктерімен жабдықталды, бұл кезде көптеген патенттер мен лицензиялар шетелден, әсіресе АҚШ пен ГФР-ден сатып алынып, жергілікті жағдайға бейімделіп құрылды. 
 
    Қуат және шикізат көздерінің дағдарысынан кейін, яғни 70-жылдардың ортасында өнеркәсіп дамудың революциялық жолына түсті. Ел импортқа тәуелді отын мен шикізатты қажет ететін өндірістерді (қуат көзі мен металға қатысты болып келетін) барынша азайып, ал ең жаңа ғылымға тікелей қатысатын салаларды барынша көбейте бастады. Ғылым электроника, жұмыс техникасы, биотехнология салаларында жетекші орынға ие болып, дәстүрлі қуат көздерін пайдалануға кірісті. Жапония ғылымды қаржыландыру үлесі жағынан дамыған елдердің ішінде бірінші орын алады, ал ғылыми қызметкерлірдің саны жағынан ГФР, Ұлыбритания және Францияны қосып есептегендегіден асып түседі. 
 
     Екінші дүниежүзілік соғыc   тан кейін ауыл шаруашылығын да түбірімен қайта құруға тура келді. 1929 жылы Н.И. Вавилов осы елге жасаған сапарынан кейін өзінің «Пять контингентов» дейтін кітабында былай деп жазды: «Жапониядағы егіншілік өзінің өнімділігімен таң қалдырады. Орталық және Оңтүстік Жапонияда жердің әрбір кішкентай пұштағы жете пайдаланылған». Әрине, қазір дәстүрлі шаруашылықтағы өнімді еңбек әлі сақталып отыр. 40-жылдардың аяғындағы аграрлық реформадан кейін помещиктік жер иеленушілік жойылып, жер шаруалардың меншігіне берілді де, негізгі өнім өндірушілер фермерлер болып шықты. 
 
      Ауыл шаруашылығының құрылымы да өзгерді. Жапония әрқашан да таза егінші ел болатын. Егістік жердің тең жартысын алып жататын күріш бұрынғысынша дәнді дақылдардың ішіндегі жапондардың негізгі наны болып қала берді. Бау – бақшамен айналысу, мүйізді ірі қара мал (сиыр), шошқа, құс өсіру жақсы дамыды. Жапондардың тамақтану рационы еуропалық және американдық рационға жақындай түсті. 
 
     Жапондық шаруашылықтың тағы бір дәстүрлі саласы – балықшылық. Балық аулау жөнінде Жапония алғашқы орындардың бірінде тұр. Елде 3 мыңнан астам балық аулау аймағы бар. Теңіз жағалауының жануарлар дүниесі мол және әр алуан болуы тек балықшылық қан емес, теңіз өнімдерін дайындауды дамытуға да мүмкіндік берді. Балық пен теңіз өнімдері жапондардың азықтық рационында үлкен орын алады. Сондай-ақ онда інжу-маржан кәсібі дамыған. 
 
     Жапонияда өзен қатынасы мен құбыр тартудан басқа көлік түрлерінің бәре де жақсы дамыған. Өзінің көлік-жол торабы бойынша бұл ел Батыс Еуропа елдерін еске түсіреді, бірақ жүк, әсіресе жолаушылар тасымалдауда олардың кез келгенінен асып түседі. Ал, жолаушылар тасымалдайтын темір жолдарының молдығы жөнінен дүние жүзінде бірінші орын алады. Жапония сондай-ақ аса ірі және ең жаңа теңіз сауда кемелеріне ие болып отыр. Олар кеңінен қолданылады және өзінің ¾ салмағындай жүк көтеріп жүзетін «арзан көлік». 
 
     Жапония шаруашылығының аса маңызды ерекшелігі – оның халықаралық экономикалық байланысқа айрықша кеңінен тартылуында. Елдің нашар қамтамасыз етілуі - өз отыны мен шикізатының жетіспеуінде, сондықтан оның 9/10 бөлігін сырттан алады. Екінші жағынан, елдің экономикасы дайын өнімдерді экспорттауға төтенше тәуелді. Жапония белсенді сауда балансына ие. Дүние жүзінің көптеген елдері жапон фотоаппараты, бейне үнтаспалары, калькуляторы, сағатың автомобилі мен мотоциклін сатып алады. Жапония – барлық Азия – Тынық мұхит аймағы елдерінің басты сауда серігі. Жапон бизнесмендерінің айтатын сөзі – «сауда жасау немесе өлу». Соңғы кезде бұл ел тауар экспорттаудан капатал экспорттауға көбірек ойысып барады. Жапондық тікелей инвестиция негізінен Солтүстік Америкаға, Еуропаға, Азияның басқа да елдеріне бағытталған.
 
 

Австралияның  туы Австралияның елтаңбасы 
 
Әнұраны: «Алға, керемет Аустралия» 
 
Тәуелсіздік күні Доминион: 1 января 1901 () 
 
Вестминстерлық статут: 11 желтоқсан 1931 (9 қыркүйек 1939) 
 
Австралиялық Жарғы: 3 марта 1986 
 
(Великобритания) 
 
Ресми тілі Ағылшын 
 
Астанасы Канберра 
 
Үлкен қалалары Сидней, Мельбурн, Брисбен, Перт, Аделаида 
 
Басқару түрі Конституциялық монархия 
 
Королева 
 
Генерал-губернатор 
 
Премьер-министр Елизавета II 
 
Квентин Брайс 
 
Кевин Радд 
 
Шекарасы 
 
  • Барлығы 
 
  • % . д/ж 6 орын 
 
7 686 850 км² 
 

 
Халқы 
 
  • Барлығы (2009) 
 
  • Тығыздығы д/ж 52 орын 
 
21,585,178 адам 
 
2,7 адам/км² 
 
ЖІӨ 
 
  • Барлығы (2007) 
 
  • 1 адамға д/ж 16 орын 
 
766,8 млрд. $ 
 
36 400 $ 
 
Валютасы Австралиялық доллар (AUD) 
 
Интернет-домены .au 
 
ISO коды AUS 
 
Телефон коды +61 
 
Сағаттық белдеуі UTC +8 … +10 
 
 
 
Австралия (лат. australis — оңтүстік) — оңтүстік жарты шардағы құрлық. Ол 10°41' оңт. ендіктегі Йорк мүйісінен 39°11' оңт. ендіктегі оңт.-шығ. мүйіске дейін және 113°05' шығ. бойлықтғы Стип-Пойнт мүйісі мен 153°34' шығ. бойлықтағы Байрон мүйісі аралығында орналасқан. Аум. жағынан Жер шарындағы ең кіші құрлық (7,63 млн км²). Батысы мен оңтүстігін Үнді мұхиты, шығысы мен солтүстігін Тынық мүхиттың Тасман, Маржан, Тимор және Арафур т-дері қоршаган. Жағалаулары аз тілімделген. Ірі шығанақтары — солтүстігінде — Карпентария, оңтүстігінде — Австралияның үлкен шығанағы. 
 
Австралияның солтүстігінде Кейп-Йорк түбегі, шығыс, солт.-шығ. жағалауын бойлап (ұз. 2300 км) Үлкен тосқауыл рифі жатыр. Оңтүстігінде Тасмания ар-нан Австралияны Басс бүғазы бөлген. Оңтүстігін бойлай Үлкен Австралия шығанағы орналасқан. Еуропалықтар үшін Австралия құрлығын 1606 ж. голландиялық теңіз саяхатшысы В. Янсзон ашқан. 
 

Жер бедері 
 
     Австралия жерінің басым көпшілігі жазық және оның 95%-тен астамының биікт. 600 м-ден аспайды. Орограф. ерекшеліктеріне қарай жер бедерін 3-ке бөлуге болады. 
 
     Батыс Австралия таулы үстіртінің орташа биікт 400—500 м, үстірттің шығысында (кұрлықтың орталық тұсында) Макдоннелл жотасы (1.510 м), солтүстігінде Кимберли алқабы (биікт. 936 м), оңт.-батыста Дарлинг (582 м) жоталары жатыр. 
 
    Орталық ойпаттың биікт. 100 метрден аспайды, ал Австралиядағы ең темен жер — Эйр к-нің маңы (мұхит деңгейінен 12 м төмен орналасқан). Ойпаттың оңт.-батысында Флиндерс, Маунт-Лофти жоталары бар. 
 
    Құрлықтың бүкіл шығыс бөлігін ұзына бойы созылған Үлкен суайрық жот асы алып жатыр. Оның тау беткейлері жадағай келген, шығыс беткейі тік құлама және қатты тілімделген, батыс беткейлері біртіндеп төбелерге және көлбеу жазықтарға ұласқан. Австралияда ең биік жер — Косцюшко тауы (2.230 м) құрлықтың осы тұсында орналасқан. 
 
Геологиялық құрылысы және кен байлықтары 
 
Ǿ㸪vᄀағасында палеоген жыныстары басып жатқан кайнозой дәуірінің Юкла ойысы бар. Шығыс Австралия геосинклиналь белдеуі батыстан шығысқа қарай біртіндеп алмасатын каледондық (Аделаида) және герциндік (Жаңа Англия) жүйелерден құралған. Солтүстік-тен оңтүстікке қарай Карпентария шығанағы, Үлкен Артезиан және Муррей алаптары сияқты бірнеше ойыс жатыр. 
 
    Құрлықтың архей, протерозой, кембрий, ордовик жыныстарында, алтынның (Калгури, Кулгари, Бендиго, Балларат), уранның (Рам-Джангл, Мэри-Катлин, Радиум-Хилл), түсті металдардың (Брокен-Хилл, Маунт-Айза, Клонкар-ри) ірі кен орындары, оңт. мен бат-ндағы протерозой шөгін-ділерінде темір мен марганец-тің, ал солтүстігіндегі Уайпа кен орнында боксит кентасы бар. Үлкен артезиан алабы мен Амадея ойысында, Виктория жағалауындағы әр түрлі геол. жүйелерде мұнай мен газ мол. Құрлыктың  шығысы мен ба-тысында титан мен цирконийдің аса ірі кен орындары орналасқан. 
 
Ауа райы 
 
Құрлықтың басым бөлігін тропиктік (18°—30° оңт. ендік), ал солтүстігі мен оңтүстігін субтропиктік белдеу алып жатыр. Шығыс жағала-уының климаты — тропиктік теңіздік, Күн радиациясы үнемі жоғары, ашық күндер басым. 
 
Сондықтан Австралияның барлық аймағында темп-pa жоғары және тұрақгы (20 -28°C ға дейін), тек қыс айларында (шілде - тамызда 12 -20°С температуpa төмендейді. Қаңтардың орташа температурасы 40°C болатын аудан құрлықтың солт.-батысында, абс. максимум — Клонкарриде (53,1°C). 
 
    Тұрақты аяз тек оңт.-шығ-тағы Австралия Альпісінде (-22°С-қа дейін) байқалады. Үлкен суайрық жотасының Тынық мұхиттан соғатын ылғалға бөгет жасауы, құрлықтың бүкіл орталық аймағының климатының кұрғақ болуына әсерін тигізеді. Австралия жерінің 40%-ке жуығында жауын-шашын мөлш. 250 мм-ден аспайды. 
 
     Құрлықтың солтүстігі мен шығысындағы тауларда жауын-шашын мөлш. 500 мм-ден 2000 мм-ге дейін жетеді. Бұл аймаққа экватордан келетін ылғалды муссонның әсері бар. 
 
Гидрология 
 
     Аустралияда өзен, көлдер аз. Материктің 60%-ын қамтитын ішкі тұйық алапқа уақытша кебетін өзен арналары - криктер тән. Олар қалдық көлге құяды. Өте таяз, суы тұзды болып келетін, жағалаулары қалың тұз қабыршақтарымен жабылған көлдер – қалдық көлдер. Көлдер құрғақ кезеңде тартылып қалады. Қалдық көлдер материктің батысы мен орталығында көп. Ең ірісі – Эйр көліне бағытталған Куперс-Крик. 
 
Аустралия өзендері жаңбыр және жер асты суларымен қоректенеді. 
 
      Үнді мұхиты алабына Аустралияның ең үлкен өзені – Муррей жатады. Муррей мен оның ірі саласы Дарлинг Үлкен Суайрық жотасынан басталып, Үнді мұхитына құяды. Муррей өзені жыл бойы Аустралия Альпісінен келетін сулар есебінен толығады. Құрғақ кезеңде Муррейдің деңгейі күрт төмендейді, ал Дарлинг төменгі ағысында мүлде тартылып қалады. 
 
    Аустралияда 33 артезиан алабы (жер асты сулар) бар. Мұнда дүние жүзіндегі ең ірі Үлкен Артезиан алабы орналасқан. Жер асты суларының көпшілігі тұзды болып келеді. Қабат аралық жер асты сулары 2000 м-ге дейінгі тереңдікте жатқандықтан, оларды бұрғылап, жер бетіне шығару көп қиындық туғызады. 
 
Аустралия Одағы 
 
Аустралия материгі мен көршілес орналасқан Тасмания аралын бір ғана ел – Аустралия Одағы алып жатыр. Қазіргі кезде халық саны 21млн адамнан асады. Елдегі қала халқының үлесі 86% -дан асады. Мемлекеттің байырғы халқы аборигендер метистермен қосқанда халықтың 1%-ын құрайды. Азиядан қоныс аударған қытайлар мен үнділердің саны көп. 
 
Аборигендер бір-бірінен тілдік айырмашылықтары арқылы бөлінетін 200-ден астам тайпалардан құралған. Аборигендар аңшылық кәсіпті жақсы меңгерген. 
 
Еуропадан қоныс аударған ағылшын ұрпақтарынан материктің келімсек халқы – Аустралиялық ағылшындар қалыптасты. 
 
Аустралия Одағы – шаруашылығы дамыған ел. Тау-кен өнеркәсібі дамып, қалыптасқан. Машина жасау, химия және тамақ өнеркәсібі өркендеген. Аустралия меринос қойларының саны жөнінен дүние жүзінде 
 
1-ші орында. Елдің оңтүстік-шығыс және оңтүстік-батыста бидай егіледі. Жағалық жазықтарда ананас, банан, қант қамысы, ірі қалалардың маңындағы суармалы жерлерде бау-бақша өсіріледі.
 

Египет

Осы уақытта Египет деп аталатын Араб Республикасы елінің жерінде бағзы заманда қазіргі кездегі барлық адамдардың назарын өзіне магнитше тартқан күшті және құпиялы өркениет пайда болған. Европа мен Америкада тас мен жабайы аңшылық ғасыры үстемдік еткен сол бір замандарда ежелгі египет инженерлері Ұлы Ніл бойында ирригациялық құрылыстар тұрғызып, ежелгі египет математиктері Ұлы Пирамиданың негізінің тік төртбұрышы мен қисаю бұрышын есеп шығарған, көне египет сәулетшілері маңыздылыңы мен мәнін уақыттың өзі өшіре алмаған керемет шаһарлар тұрғызған.  
Бүгінгі Египет – Африканың солтүстік-шығысында орналасқан ірі араб елі. Оның аумағының бір бөлігі - Синай түбегі - Азияда жатыр.Екі континенттің арасындағы шекара Суэцк каналының бойымен өтеді.  
Египеттің миллион текше километрден асатын аумағының 96% - бұл сирек кездесетін шұрайлы жерлерден тұратын шөлді дала, ал шөлді даланың аумақты бөлігі –құмды емес, таулы болып келеді. Қалған бөлігінде 70-миллиондық тұрғыны бар елдің 9 проценті әлі күнге дейін өмір сүріп жатқан Нільдің алқабы мен атырауы.  
Тіпті ежелгі грек тарихшысы Геродот «Египет – Нілдің сыйы» деп айтқан болатын. Ұлы өзеннің арнасы мың жарым километрге созылып, оңтүстіктен, Суданмен жалғасып жатқан шекарасынан солтүстікке, Жерорта теңізінің жағалауына дейін, шығыс Аравия шөлейтін батыс Ливия шөлейтінен бөліп жатыр. Нілдің бойындағы «тіршілік жолағының» арнауы оңтүстігінде бір километрден Каир ауданына дейін 20-25 километрге дейін жетеді.  
Шөлейт жерлерінің өзі: құм, құм төбелер, көшпенділердің тілдерінде ғана атауы түсінікті – сарыдан, қою сары секілді күлгін түске дейінгі небір түстердің түрлері аса бір әсерде қалдырады.  
Египет – төтенше қонақжай ел. Қонақтарын қашанда ашық көңілмен қарсы алады. Сіздің жанұяңыз, жұмысыңыз, Египеттен алған әсеріңіз туралы қызықтап сұрайды. Ең болмаса бір шыны шәй ішіп кетіңіз деп, ақ көңілімен қонаққа шақырады. Египетке миллиондаған саяхатшылар келген – олардың көптегені мұнда қайта-қайта келіп кеткен. Олардың ішіндегі ең танымалдары Нілдің бойындағы ғажайып елді сипаттаған жол жазбаларын қалдырған: математик Евклид, географ Страбон, жазушылар Гюстав Флобер и Агата Кристи, Лоренс Даррелл и Э.М. Форстер. Тіпті жаугершілер де бұл елдің сұлулығына жәйбірақат қала алмаған. Ұлы Александр оған Александрияны сыйлаған; Наполеон, оның архелогтары Ежелгі Египетті ашқан, бір сапарында әскерлеріне қарап, толқи тұра: «Солдаттар, мына пирамидалардың биіктігінен сендерге қырық ғасыр қарап тұр!» деген сөздер айтқан.  
Египеттің тарихы 7 мың жылды қамтиды. Оның аумағында сақталған ежелгі мәдениеттің ештеңеге тең келмейтіндей ескерткіштері жер бетіндегі орасан зор туристерді өзіне тартып отыр. Орасан зор пирамидалар және Үлкен Сфинкс, Жоғарғы Египеттегі ұлылық шаһарлар, басқа да көптеген тарихи және архитектуралық қайталанбас туындылар – осының бәрі мұндай таңқаларлық елмен жақын танысқандардың бәрінің қиялын шарықтата түседі.  
Табиғаты. 
Ніл алқабында Египеттің бай өлкесі мен атырауында жердің әрбір текше метрі барынша пайдаланылады. Мұнда бидай, арпа, қарақұмық, күріш, жүгері, мақта, қант құрағы, көкөністер, маслина мен дәмдеуіштер өсіріледі. Орман, тоғайлар мүлдем жоқ, бірақ та Нілдің жағалауында құрма пальмалары өседі. Жеміс ағаштары, банан плантациялары мен жүзімдер Нілдің шұрайттары мен атырауында өздерін өте тамаша сезінеді. Жерорталық жағалауларда негізінен пальма тығыз өскен жағажайлар, Синай түбегінде – көлденеңінен кесілген жатқалдар, барлық түске боялған тау ландшафтары көз тартады. Шөлейттің ортасында шоқ тоғайлары мол өскен шұрайттар, плантациялар мен мол өнімді дәнді дақылды егістіктері бар жасыл аралдар.  
Тұрғындары.  
Бүгінгі күні Египеттің тұрғындары 70,5 млн.адамнан асады және жыл сайын 1,3 млн. өсіп отырады. Каирда қазір 17 млн. адам өмір сүріп жатыр, бұл дегеніміз 50-ші жылдардағы барлық елдің тұрғындарының саны. Ежелгі египеттіктердің арабтанған ұрпақтары тұрғындардың 99% құрайды. Этникалық азшылықты нубийлықтар, сонымен қатар бедуиндер және өзге де көшпелі тайпалар құрайды. Тұрғындардың 80% - шаруалар (феллахтар)  
Египттің діні. 
Ресми деректер бойынша египеттіктердің 90% - мұсылмандар, 10% - христиандықты дәріптейтін коптар.  
Ислам. 
Ислам, үш әлем діндерінің ішіндегі ең жасы. Оның негізін салушы 570 ж. Меккеде (бүгінде Сауд Аравиясы) дүниеге келген саудагер Абу әл-Қасым Мұхаммед ибн Абд Аллах ибн Абд әл-Мутталиб ибн Хашим. Мұхаммед пайғамбар арабтардың арасында Аллахтың жалғыз екендігі сенімін бекіту үшін жіберілген болатын.  
Библиядағы фактілер мен кейіпкерлер Мұхаммедтің миссиясы туралы, мұсылмандық, христиандық және иудизмнің арасындағы байланысты ашып көрсетеді. Мұхаммедке ақиқат хабарды Жебірейл (Гавриил) жеткізген. Исламда Моисей, Иисус және Марияны дін тарихындағы қасиетті тұлғалар деп санайды. Христиандар мен иудеилер Мұхаммедтің пайғамбар екендігін мойындамағаннан кейін, ол исламды жеке дін ретінде танытты. Алайда, христиандық және иудистік діни ілімдері исламның өздерінің ізін басушылар екендігін мойындайды.  
Ислам ілімінің негізі христиан дінінен негізгі мәселелер бойынша айрықша болып келеді. Ол адамзаттың алғашқы күнәсін, Иисустың құдайдан туылуын, оның айшықта өлуін мойындамайды, өйткені мұсылмандардың сенімі бойынша құдай мәңгі өмір сүреді – туылуы да, тууы да мүмкін емес.  
«Ислам» сөзін жие «барлығы алладан», немесе «барлығы алланың еркінде» деп аударылады. Ілімнің мәні мұнымен шектелмейді. Сенім «бес парызға» иек артады: сыйыну «Аллахтан басқа құдай жоқ, Мұхаммед – оның елшісі» сөздерімен басталады; намаз – құдайға сенушілер күн сайын бетін Меккеге қаратып, бес рет намазға жығылады; мұқтаждарға садақа тарату; рамазан айында ораза ұстау; әрбір мұсылман өмірінде ең болмаса бір рет қаражаттық және өзінің жағдайына қарай Меккеге хажылыққа бару. Өкінішке қарай, нағыз мұсылмандар үшін бұл парызды өтеу қиыншылық туғызып отыр, себебі Мекке қаласы барлық келем деушілерді қабылдай алмайды.  
Дилетанттардың айтуы бойынша сенімнің алтыншы парызы джихад – нақтыланбаған аудармасы қасиетті соғыс деп аталады. Негізінде алғанда соғыстың бұл жерде ешқандай қатысы жоқ – бұл түсініктің негізінде аллаға адал берілу, жақсы болу немесе ең жақсы болуға ұмтылыс жатыр. Мисионерлік исламның міндетті мақсаттарына жатпайды.  
Мұсылмандардың қасиетті кітабы Қоран (арабша – «оқу, декламация (мәнерлеп оқу өнері)») өзінің сүрелерінде (тарауында) Мұхаммедке жіберілген ғажайып ашылуды (откровении) баяндайды. Қоранды аллах елшісінің айтқандары мен істеген істерін қысқаша мазмұндайтын Хадис толықтырады. Хадис екі бөлімнен тұрады: бірінші бөлімінде Мұхаммед пайғамбардың айтқандарын өз құлағымен естіген немесе қылықтарын өзі көрген адамнан бастап, ұрпақтан ұрпаққа жалғастырған адамдардың аттары жазылған; екінші бөлігінде: әңгіменің өзі берілген. IX-Х ғғ. белгілі теологтар таңдап алған және мойындаған Хадистің үзінділері сүнна деп аталады, бұл мұсылмандардың «қасиетті жеткізуі». Египетте исламның негізгі екі бағыты – сүнниттер мен шииттер өмір сүреді. Тұрғындардың көбі сүнниттер. Шииттер сүниттерге қарағанда діни және саяси мағына жағынан радикалды, бірақ та олардың саны Египетте көп емес.  
Ислам - қоғам мен жанұяға христиан дініне қарағанда өлшеусіз үлкен әсер етеді. Египеттегі зиялы заңнаманың негізін мұсылмандық құқықтық норманың жиынтығы – шариат құрайды, бірақ та жұмсартылған үлгісінде қолданылады. Египетте ұрлық үшін қолын шабу сияқты қатаң жазалаулардан бас тартқан. Шариат пен қазіргі уақыттағы заңнаманы жақындастыруға қадамдар жасалуда.  
Копт христиандары. 
«Копт» сөзі арабтың «купт» сөзінен, ал оның өзі гректің «эгиптос» сөзінен шыққан. Бірақ түп тамыры одан да тереңіректе ежелгіегипеттік "Ха-Ка-Птах" сөзінен таралуы да мүмкін. Коптар Ніл алқабын мекендеген алғашқы египеттік христиандардың ұрпақтарымыз деп санайды. Египтегі христианшылдықтың пайда болған жері Александрия, бұл жерден ол елдің ішіндеекі негізбен: анахореттік және монаштық қоғамдастық ретінде тарады. Коптар Иисус Христосқа екі – тәңірлік және адамдық табиғат емес, тек бір ғана тәңірлік табиғат қана тән деген сенімді ұстады. Әлемдік Халкидон Соборы 451 ж. монофизиттікті қате ілім деп айыптағаннан кейін, Египеттегі копт шіркеуі ортодоксалды христиан шіркеуінен ажырады.  
Египетті 641 жылы арабтар жаулап алғанға дейін бірнеше ғасырлар бойы христиан елі болып келді. Енді коптар Египеттің 68-миллиондық тұрғындарының ішіндегі шамамен 5-7 млн. деп саналады. Олар мұсылмандармен қатиар өмір сүреді, тіпті кейбір уақытта шіркеудің қоңыраулықтары мешіттердің минареттерімен көрші орналастырылған.  
Копт шіркеуінің басында патриарх тұр, қазіргі уақытта Шенуда ІІІ, резиденциясы Александрияда. Коптар ұқыпты сыйынады және пост (еттен және сүт тағамдарынан бас тартады) ұстайды. Олардың литургиясы православия ғұрыптарына жақынырақ.  
Спаситель (құтқарушы), Богоматерь (құдайдың анасы) және великомученниктер (ұлы азап шегушілер) мүсінделген икондарды христиандар үшін қасиетті жерлерде ғана емес, жәй ғана қолөнершілердің дүкеншелері мен каирдың дүкендерінің витриналарынан да кездеседі. Мұның өзі Каирда тек қана Ислам дінін ғана емес, христиан дінінің қасиетті тұлғаларын құрметтейтінін көрсетеді.  
Египеттіктер әлемге монахтық өмірді – орыс мәдениетінің де бір бөлігі болған дәстүрді сыйлады . Алғашқы монастырь египеттің Шығыс шөл даласында ІҮ ғасырдың басында киелі Ұлы Антоний негізін қалаған.Ол қазіргі уақытта да бар. Бір уақытта сол аймақты сол уақыттарда Қасиетті Павел монастыры да бой көтерді. Нілдің жағасында осы уақытқа дейін орыстар ла құрмет тұтатын киелі Египеттік Макарий, Қасиетті Екатерина, Египеттік Мария сияқты қасиеттілер туып, өмір сүрген.  
ІҮ ғасырда негізін қалаған Қасиетті Антоний моностыры Каир мен Хургаданың арасында шамамен жарты жолдық Бенни-Суэйфуде. Әдетте, таң сәріден монастырьдың қақпасының алдында, шіркеулердің бірінде сақталған бай икондар коллекциясы мен ҮІІІ ғ. қолжазбаларын көру үшін келушілер жиналып тұрады. ІҮ-ХІҮ ғасырлардың қолжазбалары сақталған кітапханада сонда. Египет үкіметі Қасиетті Антония монастырын қайта жарақтандыру туралы жоспарын жария етті.  
Қасиетті Павел монастырының жасы Қасиетті Антония монастырынан қалыспайды. Аңыз бойынша Қасиетті Антонияның өзі киелі Павелді үңгірдің ішінде жерлеген, соның айналасынан монастырь тұрғызылған дейді. Қазір монастырьда төрт шіркеу бар, ал ең ежелгісі Қасиетті Павелдің өлігі (мощи, церк. – шірімей сақталған өлік) сақталған үңгірдің үстінде. Шіркеудің қабырғалары жақсы сақталған орта ғасырлық фрескамен сәнделген. Басқа шіркеулер ХҮІІІ ғасырда салынған. Синай тауының етегінде Қасиетті Екатериана монастыры бар.   
Тілі  
Египтегі өзара сөйлесу тілі араб тілінің бір диалектасы, ресми тілі – “жоғары” араб тілі деп аталатын тіл. Арабтар оңнан солға қарай жазады.. Бірақ сандары солдан оңға қарай жазылып, оқылады.  
Египетте ағылшын тілі білімі өте көмектеседі. Қалалар мен курорттық орталықтарда тұратын көптеген арабтар ағылшын тілінде тілдесе алады; жол көрсеткіштерінде және көше атауларында жие-жие ағылшын және латын шрифтері пайдаланылады.  
Тұрмыс салттары мен ғұрыптары 
Мұсылмандар діні египеттіктердің өмірінің ырғағын анықтайды. Бұл таза сыртқы белгіден айқын көрінеді: мысалы күніне бес рет муэдзин дауыс күшейткіштен дінге сенушілерді намазға шақырады.. Ал рамазан айында түн күнге айналады. Күні бойы мұсылмандар ораза тұтып, күн батқаннан кейін ғана ауыз ашады. Бұл уақытта қоғамдық өмір тұрып қалады, мемлкеттік мекемелер тек 10.00-нан 14.00-ге дейін жұмыс жасайды.  
Саяхатшы, әрине египеттіктердің, алдымен ауылдық жерлерде айқын көрінетін, бірақ та қала өміріне де бөтен емес ұлттық киімінің ерекшеліктеріне назар аударады.Египеттіктер кең пішілген жейделер киеді, жәй адамдар әдетте ақ түсті таңдайды, ал әйелдер әр түрлі түстегі элементтермен әрлендіреген, қара түсте киінеді, арасында әшекеймен немесе шілтермен безендіреді. Көптеген әйелдер мұсылмандық құндылықтарға бет бұра күйеулерінің немесе жанұясының дегенімен хигаб – бетті жаппай, тек шашты жауып тұратын паранджаның бір түрін, және ұзын кең көйлек – галабей киеді.  
Экономикасы 
Барлық еңбекке жарамды тұрғындардың 30% ауыл шаруашылығымен айналысады. Өнеркәсіпте тоқыма фабрикалары мен азық-түлік өндіру жөніндегі кәсіпорындарының маңызы зор. Хелундағы орзан зор металлургиялық комбинаттын өздерінің мол жерасты қазба байлықтары шикізатпен қамтамасыз етеді. Электр энергиясын ең алдымен Асуан гидростансасы береді.Табиғи газдың ірі жерасты қоры бар.  
1979 жылдан щетел капиталдарының құйылуы анағұрлым өсті. Елдің барлық аудандарын бірімен-бірін жалғастырып жатқан жол құрылысы кеңейді, мектептер, емханалар салынды, телефон байланысы жаңартылып, кеңейді. Египеттік фунт тұрақты валютаға айналды.Туризм индустриясы қарқынды дамуда - ондаған жаңа қонақ үйлер бой көтерді, Қызыл теңізде жаңа курорт орталықтары құрылды, көптеген ежелгі ескерткіштер қалпына келтірілді.  
Мемлекеттік құрылымы  
Египет Араб Республикасының Басы және оның қарулы күштерінің жоғарғы бас билеушісі президент, “раис” деп аталады. Бұл лауазымды Хосни Мүбарак атқарады.  
Парламенттің бес жылға сайланған 448 депутаты (тағы 10 президент сайлайды) бірдей үлесте шаруалар мен жұмысшылардың атынан сайланғандар. Билік етуші Өосни Мүбарак төрағалық ететін Ұлттық-демократиялық партия.Шураның (Парламенттің жоғарғы палатасы) 210 мүшесі кеңесу функциясын атқарады, олардың ішіндегі 57-ін мемлекет басшысы тағайындайды.  
1971 жылғы Конституция – ислам мемлекеттік дін деп жариялады., провинциялардың губернаторлары мен үлкен қалалардың мэрларын зор өкілеттілік пен жауапкершілік тақты.
 

БРАЗИЛИЯДА ГАЗДЫҢ АСА ІРІ КЕН ОРНЫ АШЫЛДЫ 
 
    Бразилияның Petrobras компаниясы мұхиттың ел аумағына кіретін қайраңынан аса ірі газ кеніші ашылғанын әлемге айқайлап тұрып жариялады. Атын азан шақырып «Юпитер» деп қойған бұл кеніш Рио-де-Жанейро шатының жағалуынан 290 километрде, 5252 метр тереңде жатқан көрінеді. Оның 2187 метрі – мұхит суының тереңдігі. Пеленің отандастары соңғы жылдары мұхит астынан олжа табуға кәнігі болып алған сияқты. «Юпитер» – соңғы айларда ашылып отырған үшінші кеніш. 
    Өткен қараша айында Petrobras «Тупи» атты кеніштен газдың мол қорын тапқан болатын. Ал, арада бір ай өткенде Рио-де-Жанейроға көрші Эспириту-Санту штатының қайраңынан мұнай мен газдың тағы бір ірі кеніші табылды. Арада тағы бір ай өткенде «Юпитер» шықты! 
    Бразилия осы кеніштер арқылы көміртегі өндіруді 50 пайызға ұлғайтып, әлемдік мұнай мен газ өндірушілерінің алғашқы ондығына кіруден үмітті. Егер, мұнай мен газ кеніштері қазіргі қарқынмен табыла беретін болса, енді бір 10 жылдан кейін бүкіл әлем Бразилияға жаутаңдап қалуы да мүмкін-ау... 
    Әлемдік сарапшылардың пікірінше, қазіргі таңда құрылықтан мұнай іздеу – бос әуре көрінеді. Құрылықтың бар қоры ашылып болғанға ұқсайды. Мұнай мен газдың ендігі ашылар қоры мұхиттар мен теңіздердің табанында жатыр. Бірақ, Солтүстік мұзды мұхит астында әлемде теңдесі жоқ мұнай-газ қорларын бауырына басып отырған Ресейдің құрылығында да қамба аз емес көрінеді. Шығыс Сібірдің астында одан да мол байлық жатыр деген болжам бар. Орыстар бұл Шығыс Сібірді зерттеуді 70-жылдардың өзінде-ақ бастап кеткен. Алғашқы нақты мәліметтер Борис Ельциннің уақытында белгілі болды, алайда, «орыс аюы» ол мәліметтерді құпия ұстауға жарлық берген деген сыбыс бар. «Енді бір 30 жылдан кейін әлемдік мұнай қоры сарқылады. Сол кезде ашу керек, сонда бүкіл әлем орыстарға тәуелді болып қалады», деген көрінеді Бәкең. 
    Алайда, осындай «арам ойды» американдар да, жапондар да жасырын ұстап отырған көрінеді. Өткен жылдың жазында Тынық мұхиттың Жапония аумағында мұнай мен газдың аса мол қоры табылды, оны жапондар өздері іздеп тапты, бірақ, ресми Токио ол мәліметтерді Мемлекеттік құпиялар санатына енгізген деген ақпарат Интернет кеңістігін шарлап кеткен еді. Бірақ, жапондар үндемей құтылыпты. Қайраңның астында жатқан мұнай толы қазандар АҚШ жағалауларында бар көрінеді. Соған қарағанда мұнай мен газ ірі державалардың саяси тетігіне айналып болған деп батыл айтуға болады. Ал, ақкөңіл Пеленің отандастарының бар тапқанын айқайлап жүріп жариялағаны аңғалдық па, ақкөңілділік пе, әлде олардың да арам ойы бар ма, кім білсін...

Информация о работе Жапония