Автор работы: Пользователь скрыл имя, 15 Марта 2012 в 12:12, реферат
Жер қыртысы — литосфераның беткі бөлігін құрайтын, төменгі жапсары Мохоровичич деңгейімен шектелген Жердің ең үстіңгі қабығы. Жер қыртысы қалыңдығына, құрамына, құрылысына қарай құрлықтық және мұхиттық болып негізгі 2 типке бөлінеді. Құрлықтық жер қыртысының қалыңдығы тектоник. жағдайына байланысты 25 — 45 км-ден (платформаларда) 45 — 75 км-ге дейін (тау түзілу аймақтарында), ал мұхиттық жер қыртысының қалыңд.
Эффузивті жыныстарды кейде жанартаулық жыныстар деп те атайды. Олардың қатарына: базальт, жанартаулық туфтар мен шынылар, пемза жатады.Магмалық тау жыныстары жер қыртысының 60%-ға жуығын құрайды. Металл кен орындарының көпшілігі магмалық жыныстармен байланысты қалыптасқан. Ресей жеріндегі темірдің аса ірі кен орны — Курск Магнит Аномалиясы магмалық жолмен пайда болған. Сол сияқты, алтын мен алмас желіле
Тау жыныстарының екінші бір үлкен тобын шөгінді жыныстар құрайды. Олар жер қыртысы массасының 10%-ға жуығын құрап, жер бетінің 75%-ын жауып жатыр. Қалыптасқан орнына қарай оларды: континенттік және теңіздік деп бөледі. Шөгінді жыныстар физикалық, (механикалық), химиялық және биологиялық үгілу нәтижесінде пайда болады. Шөгінді жыныстардың ең көп таралғандары — сазды (50%), құмды және карбонатты жыныстар (45%). Жер шарындағы пайдалы қазбалардың 3/4 белігінің қалыптасуы шөгінді жыныстармен байланысты. Мұнай, табиғи газ, минералды тұздардың кен орындары шөгінді жыныстар таралған аудандарға ғана тән. Сол сияқты темір, марганец, алюминий кендері, шашыранды күйіндегі алтын, платина және алмас та үгілу нәтижесінде шөгінді жыныстар арасында жинақталады.
Жоғары температуралар мен қысым әсерінен магмалық және шөгінді жыныстардың минералдық құрамы мен құрылымы елеулі езгеріске түсіп, олардан метаморфтық жыныстар қалыптасады. Метаморф
Жер бетінің басым көпшілігін (70,8%-ын) дүниежүз
Жердің атмосферасы
Жердің «қатты» қабатын (гидросфераны қоса) атмосфера қабаты қоршап жатыр. Ол Жермен бірге айналады және оның құрамы, негізінен, азот (78,08%-ы) пен оттектен (20,95%-ы) тұрады.
Атмосферадағы ауаның жалпы массасы 5,15•1015 тонна. Жер бетінен жоғарылаған сайын оның қысымы мен тығыздығы кемиді. Атмосфера бірнеше қабаттардан тұрады. Жер бетінен биіктеген сайын
тропосфера,
стратосфера,
мезосфера,
ионосфера,
термосфера,
экзосфера деп ажыратылады.
Олар бір-бірінен температуралық, физикалық және химиялық қасиеттерімен ерекшеленеді. Атмосфера қабаты Жер бетіне келіп түсетін Күн сәулесінің радиациясын ұстап қалады. Көмір қышқыл газ және су буының әсерінен Жерден жылу шығару мөлшері төмен болады.
Тіршілік Жерде бұдан 3 – 3,5 млрд жыл бұрын материяның күрделі эволюциялық өзгеруі нәтижесінде пайда болған. Оған Жер бетіндегі физикалық және химия
Жер бетінде өтетін процестердің негізгі энергия көзі – Күннің электрмагниттік радиациясы. Жер бетіне секундына 1,7•1017 Дж Күн сәулесінің энергиясы түседі. Осы энергияның, шамамен 50%-ы мұхит пен теңіздің беткі қабатына, топырақ пен өсімдікке, ішінара атмосфераға сіңіп, бірқатар өзгерістерден кейін атмосфераның инфрақызыл сәулесіне айналып кеңістікке тарайды. Қалған бөлігі атмосферадан, бұлттан, Жер бетінен шағылып кейін қайтады.
Күн сәулесі Жер бетіне әр түрлі бұрыш жасап түсетіндіктен тропиктерден пол
Жер бетіндегі жылдық орташа температура 14,8°С-ты құрайды. Егер атмосфера қабаты болмаса, Жер бетіндегі орташа температура –23°С болар еді. Ең ыстық аймақ Солтүстік Африка (Ливия) мен С
Жердің құрылымы және құрылысы жағынан ең күрделі бөлігі – оның географиялық қабығы. Ол атмосфераның төменгі қабатын, литосфераның беткі қабатын, бүкіл гидросфера мен биосфераны қамтиды. Олардың арасында зат және энергия алмасуы тоқтаусыз жүріп жатады. Географиялық қабықтың қалыңдығы бірнеше километр ғана болғанымен онда табиғи ландшафтының орасан кеңістіктік дифференциясы байқалады. Олар арктикалық және антарктикалық мұзды шөлдер, тундра, тайга, аралас және жалпақ жапырақты ормандар, орманды далалар, далалар, шөлейттер, шөлдер, субтропиктік жерортатеңіздік ландшафтысы, муссонды ормандар, саванналар, гилеялардан, т.б. тұрады. Таулы жерлерде ландшафт түрлері биіктік белдеулік бойынша таралады. Жер бетінің 30%-ын ормандар, 20%-ға жуығын саванналар мен сирек ормандар, 20%-ға жуығын шөлдер мен шөлейттер, 10%-дан астамын мұздықтар және 10%-ға жуығын әр түрлі табиғи ландшафтар, қалған 10%-ын жыртылған жерлер мен урбандалған аумақтар алып жатыр.
Адамның пайда болуымен байланысты Жерде тіршіліктің саналық формасы (ноосфера) қалыптасты. Нәтижесінде, адамзат табиғаттың барлық құраушылары мен ландшафттарына антропогендік қ
Жерді көптеген ғылымдар зерттейді:
Геодезия – Жердің мөлшері мен пішінін;
астрономия – Аспан денелерін;
геофизика – Жер геосферасындағы физикалық процестерді және заттық күйін;
геохимия – химиялық элементтердің Жер қойнауында таралуын;
геология – Жердің даму тарихын, құрылымын;
физикалық география мен биология — географиялық қабықтағы және биосферадағы табиғи процестер мен құбылыстарды зерттейді.
Ядро шекарасында бойлық сейсмикалық толқындардың таралу жылдамдығы 13,6 км/с-тен 8,1 км/с-ке дейін кемиді, субядро шегіне таяу 11,2 км/с-ке дейін артады. Субядродағы сейсмикалық толқындардың таралу жылдамдығы тұрақты. Жердің физикалық қасиеттері мен температурасы тереңдеген сайын өзгереді. Геосфераны құрайтын жыныстар үнемі қозғалыста болады және өзгеріп отырады, бұл процесс, әсіресе, сұйық және газды қабаттарда өте жақсы байқалады. Жер қойнауында және бетінде болатын барлық процестер эндогендік және экзогендік болып екіге бөлінеді. Экзогендік процестер бұзушы (үгілу, өзен және мұз эрозиясы, жел мен жер асты суларының әрекеті, т.б.) және түзуші (құрлықтық ойыстардың, тау жыныстарының жаралуы) болып ажыратылады.
Жер қыртысына әсер етуші эндогендік процестердің жиынтығы тектоникалық процестер, ал олар байқалған қабаттар тектоносфера деп аталады. Тектоникалық процестер магмалық әрекеттердің барлық түрлерімен тығыз байланысты. Құрлықтардағы экзогендік процестер Жер бетіндегі биіктіктер мен ойпаңдар бойынша анықталады. Ішкі және сыртқы процестердің өзара байланысы Жер бедерін қалыптастырады. Жер бедерін түзуші факторларға Жер бетіндегі ауырлық күшінен туатын гравитациялық процестер, Жер – Күн – Ай жүйесінің өзара тартылыс күштері де әсер етеді. Ішкі күштер Жер бедерінің басты элементтерін түзеді, ал сыртқы күштер оларды бұзып өзгертеді.
Жердің атмосфера қабаты ғарыштан келетін (метеорит, астеорит, т.б.) қауіптен сақтайды. Жылына орта есеппен 10 – 12 ірі метеорит атмосфера қабаттарынан өтіп, Жер бетіне жетеді. Жер бетінен 20 – 25 км қашықтықта озон қабаты орналасқан. Ол Жер бетіндегі тірі организмдерге қауіп төндіретінғарыштан келетін қысқа толқынды сәулелерді ұстап қалады. Атмосфера мен Жер беті арасында үздіксіз су айналымы болып тұрады. Нәтижесінде ол Жер бетінің 50%-ға жуығын жауып жататын бұлттар түзеді. Сонымен қатар атмосферадағы ауа үздіксіз қозғалыста болады. Жер бетіндегі географиялық белдеулердің (ендіктердің) әрк
Жердің Физикалық картасы
Ауданы
Ай: 510,073 миллион км²
Құрлық: 148,94 миллион км²
Су: 361,132 миллион км²
Құрлық бетінің 30%-ға жуығын ормандар, шамамен, 20%-ын саванналар мен сирек ормандар, 20%-ын — шөлдер мен шөлейттер, 10%-дан астамын мұздықтар, 10%-ға жуығын басқа табиғи ландшафтылар және 10%-дан астамын егістік жерлер мен елді мекендердің жерлері алып жатыр. Адамның пайда болуынан бастап (3 млн жылдай бұрын) Жердегі тіршілік парасатты нысанға жетті. [2]
Жердің магнит өрісі біршама зор. Жерден алыстаған сайын магнит өрісінің индукциясы әлсірей береді. Жер маңындағы кеңістікті космос аппараттары көмегімен зерттеу біздің планетамызды қуатты радиациялық белдеу қоршап тұрғандығын көрсетті, ал ол- үдей қозғалатын зарядталған элементтер бөлшектер- протондар мен электрондардан тұрады. Оны жоғары энергиялы бөлшекткр белдеуі деп атайды.
Белдеудің ішкі жағы шамамен Жер бетінен 500-5000 км-ге дейін созылып барады. Радиациялық белдеудің сыртқы жағы Жердің 1-5 радиустарындай биіктіктер аралығында. Ол негізінен он мыңдаған электронвольт энергиясы бар электрондардан тұрады. Радиациялық белдеуді құратын бөлшектерді Жердің магнит өрісі сірә,Күннен ұдайы шығарылып тұратын бөлшектерден қармап алатын болуы керек.
Бөлшектердің аса қуатты тасқыны , әсіресе Күндегі жарылыс құбылыстары кезінде, яғни Күндегі оталыстар кезінде пайда болады. Күн бөлшектерінің тасқыны 400-1000 км/с жылдамдықпен заулап ,өздерін туғызған Күн бетіндегі ыстық газдардың оталысынан 1-2 күн өткеннен кейін Жерге келіп жетеді. Осындай күшті корпускулалық тасқын Жердің магнит өрісін ұйытқытады. Магнит өрісінің өзгеріс-сипаты тез және оқыс құбылады, осыны магнит дауылы дейді.
Жердің орташа радиусы — 6 372,797 км, тығыздығы — 5 515,3 кг/м³, массасы — 5,9736×1024 кг. Жердің мұхит (қалыңдығы 5—7 км) және құрлық (қалыңдығы 40 км) қабығы мен 2900 км тереңдіктегі Гутенберг аралығына дейін баратын және балқыған, темірге бай ядроның үстінде жататын силикат мантия арасында Мохоровичич аралығы жатыр. Ең көне тау жыныстарының жасы 3980 млн жыл шамасында. Жер осыдан шамамен 4,6 млрд жыл бұрын құрылған.