17 ғасырдың жаңа дәуір философиясы және ғылым

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 03 Ноября 2012 в 21:36, реферат

Описание

Жаңа дәуір философиясы белгілі бір әлеуметтік-экономикалық, саяси-қоғамдық қатынастардың жемісі болатын өйткені, Батыс Еуропада капиталистік құрылыстың пайда болуы орта ғасырлық діни идеологияға қарсы күресті үдете түсті. Тауарлы-ақшалы шаруашылықтың дамуы ортағасырлардағы тұйық қоғамның жемісі болған барлық әлеуметтік, саяси-идеологиялық қатынастарды талқандауға әкеліп соқты. Жаңа заман, яғни капитализм дәуірі құлдық пен феодалдық-өндірістік қатынастардың формаларын түбірінен жаңартып, қайтадан заттық-тауарлық қатынастарды қалпына келтірді. Адам ендігі жерде сатып алатын, сатылатын тауарларға бағынышты болды.

Работа состоит из  1 файл

реферат философия БҚИГУ.doc

— 1.46 Мб (Скачать документ)

        Жаңа Дәуір  философиясының тағы бір өкілі Джон Локк (1632-1704) Оксфорд университетінің түлегі, осы университетте грек тілі мен рито-рикадан сабақ берген. Адам ауруларын тереңірек зерттеу мақсатымен медицинамен, кейінірек саясатпен айналысты, үкіметтің басқарушы қыз-меттеріндеде болды, эмиграциядада өмір сүрді. Негізгі еңбектері: «Адамның ақыл-ойы туралы тәжірибе», «Ақыл-ойды басқару туралы», «Басқару туралы екі трактат» 
Локк эмпиризмді – білім тәжірибеден ғана туындайды деген көзқарасты ұстанды. Оның білім концепциясы сенсуализмге негізделген, ақыл-ойда әуелі сезімде болған нәрседен басқа ештеңе болуы мүмкін емес деп тұжырымдайды. Локктың пікірінше, адамгершіліктік ұғымдар да адамға туа біткен қасиеттер емес, оны Локк моральдық түсініктердің әр халықта әр түрлі, тіпті бір халықтың өзінде тарихи дамудың әр түрлі кезеңдерінде моральдық ережелердің бір-біріне ұқсамайтындығы арқылы жақсы дәлел-дейді, яғни моральдық априори болуы мүмкін емес. 
Локк құдай идеясының әуелден қалыптасқан идея екендігін де жоққа шығарады, бірақ оны тәжірибе арқылы танып-білуге, мойындауға болады деп пайымдайды. 
Адам жаны, Локктың ойынша, дүниеге келгенде таза қағаз, оны өмір әр түрлі жазулармен толтырады, осы өмірлік тәжірибені Локк сыртқы тәжірибе деп атайды (адамнан тыс заттар мен жағдайлардың әсері). Бірақ Локк адамның ішкі дүниесін де жоғары бағалайды, оны ішкі сезім немесе пайымдау деп атайды. Тәжірибенің осы екі түрі біздің идеяларымыз қайдан пайда болатынын түсіндіреді. Сыртқы тәжірибе идеяларын біз көз, есту, сезіну және тағы басқа сезім органдары арқылы, ал ішкі тәжірибе идеяларын қуаныш, қайғы, мақтан, тағы басқа психикалық жадайларымыз арқылы аламыз. 
Локк сыртқы, практикалық тәжірибенің рөлін жоғары бағалайды, практика ғана ақылымызды да, денемізді де жетілдіреді, тәрбиелеудің табыстылығы ішкі және сыртқы тәжірибенің үйлесімділігін көрсетеді дейді. Локктың бұл ойлары оның қоғамдық-саяси көзқарастарынан да жақсы байқалады. 
Локк Оксфорд университетінде грек тілі мен риторикадан сабақ берді деген болатынбыз. Менің ойымша, грек философиясының адамның, тұтас халықтың еркіндігі мен құқы туралы идеялары оның мемлекет туралы ойларына да ерекше әсер етті. Адамдардың бәрін ол еркін, тең, тәуелсіз, өмірге, еркіндікке, меншікке құқы бардеп қарастырды. Жеке меншік пен еңбекті ол адамның табиғи. ажырамас атрибуттары деп түсінеді, оларды қанағаттандырмаса, өмір де жоқ деп ұғынады. Құдай адамға бүкіл табиғатты берді, бірақ ол жеке меншік болғанда ғана пайда әкелмек, ол еңбек арқылы келеді. Адам еркіндігі, Локктың ойынша, оның азаматтық жағдайында, мемлекетте де сақталуы керек, яғни жогаргы билік шексіз болмауы тиіс. Бұл тұрғыдан алғанда Локк Гоббсқа қарсы. Локк конституциялық үкімет халықтың суверенитеті негізінде құрылуы керек және мұндай үкімет қоғам мүшелерінің бәріне тең қүқық пен еркіндікті қамтамасыз етуі қажет деп тұжырымдады. Оның ойынша, мемлекеттің функциясы ең қажетті нәрселермен шектелуі тиіс, келісімнің негізінде пайда болған мемлекет табиғи құқықты қатаң сақтауы керек. Локк үкімет билігін бөлуді ұсынды: жоғарғы билік тәуелсіз, бірақ бір-бірімен байланысты үш институттан тұрады, заң билігі – парламентте, атқарушы билік – сот пен армия, федеративтік – корөл мен министрліктерде. Конституциялық монархияның бұл концепциясы буржуазия мен дворяңдар арасында компромисс орнатуға ықпал етті, сондықтан Локкты Англияда либерализмді орнатушылардың бірі десе болады. Локктың пікірінше, қоғамға діни шыдамдылық қажет, бірақ атеизмге жол жоқ, себебі дінсіз қоғам болмақ емес

 Джордж Беркли (1685-1753) – ағылшындық субъективист философ, ерекше тәсілмен жазған ойшыл. Негізгі еңбектерін ол 28 жасына дейін жазып бітіргенін де атап өткен жөн. Беркли Локктың сезімдік білім алғашқы және екінші сапаға ие, бірінші немесе алғашқы сапалар заттардың бойында реалды түрде бар, ал екінші сапалар – түс, иіс, дөм субьектіге ғана тән деген көзқарасын сынады. Оның ойынша, біз дүниені сезім мүшелері арқылы ғана қабылдаймыз сондықтан сапалардың объективтілігін, біздің санамыздан тыс тұратынын біле алмаймыз. Беркли заттар біздің сезім мүшелерімізге әсер етеді, бірақ біз заттардың нағыз мәнін көре алмаймыз, ал сапа-қасиеттердің өзі салыстырмалы ғана дейді. Мысалы, адамның бір қолы салқын, екіншісі – жылы болса, қолдарын жылы суға салған адамның суды сезінуі де екі түрлі болады. Яғни, Берклидің пікірінше, қабылдау субъектінің жагдай-күйіне тікелей байланысты. Бірақ ол бұл түсінікті абсолюттік дәрежеге дейін жеткізеді, материяның болмысы қабылдануға тәуелді деген пікірді дәлелдемек болады. Мысалы, бір затты адам қабылдамаса, ол зат өмір сүруін тоқтатқаны ма? Оған Беркли басқа адамдар немесе басқа тірі нәрселер қабылдайды, ең ақырын-да, мәңгілік қабылдаушы субъект Құдай қабылдайды деп жауап береді. Беркли осылайша заттың өзіне тән объективті сапасын жоққа шығарып, өмір сүретін субъективтік «Мен’*, одан басқа нәрсе жоқ деп пайымдайды.

 Давид Юм (1711-1776) – ағылшын философы, Локк пен Берклидің философиясын дамытушы. Адам өзін қоршаған дүниені сезім мүшелерінің көмегімен, түйсіктерінің жиынтығы арқылы таниды деп мойындағанымен, материалдық дүниенің реалды өмір сүретіндігіне күмән келтіреді. Оның пікірінше, адамның ақылы сезім мүшелері беретін білімнен басқа білім бере алмайды, өзінің рухани тәжірибесінен басқаны қорыта алмайды. Юм ойынша, тәжірибе дегеніміз «әсерлер» ағыны, оның себептері түсініксіз және тәжірибені логикалық жолмен дәлелдеу мүмкін емес, сондықтан тәжірибелік білім дұрыс бола алмайды. Юм осылайша себеп-салдарлық байланысқа қарсы шығады, себептіліктің объективтік сипатын тану мүмкін емес деген тұжырым жасайды. Бірақ, оның ойынша, субъективтік себептілік бар, ол сезімдік әсерлердің йдеяларды туғызуы. Мысалы, адамдар Күннің күн сайын шығатынына сенімді. Бүл сенімнің негізі -осы құбылыстың күнделікті қайталанатыны. Яғни, адамдардың практикалық сенімінің бастауы теориялық білім емес, қалыптасқан дағды-сенім. Осылайша Юм біржакты эмпиризмі, оны рационализмнен бөліп қарауы дүниені танып-білуге болмайды деген агностицизмге әкеліп соқты. 
   Жаңа Дәуір философиясы туралы ойымызды қорытсақ, бұл кезеңдегі философия эксперименталдық ғылымдармен тығыз байланысты дамып, таным мәселелеріне басты назар аударған, әлеуметтік дамудың жаңа жолдарын іздеуге талпынган, қоғамдық келісім үлгілерін ұсынған, рухани маңызы күшті философия болды.

 

 

 

 

 

Әдебиеттер:

 

1.Әлемдік философия (6 том) 20 томдық , 2005ж., Алматы

2. Философия және мәдениеттану, 10 томдық

3. Антология мировой философия, 1970, 2 том

4. Г.Фурнкел философия, Эпохи возраждения,1980ж, г.Москва


Информация о работе 17 ғасырдың жаңа дәуір философиясы және ғылым