Қашықтықтан оқыту барысындағы бақылау

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 29 Ноября 2011 в 19:19, реферат

Описание

Қашықтан оқыту технологиясы –оқу үрдісі кезінде оқып үйренушілер мен оқытушылар арасында интерактивті өзара іс-әрекетте оқытылып, материалдың негізгі көлемін оқып үйренушілерге жеткізуді қамтамасыз ететін, оқылған материалдарды меңгеру бойынша, сонымен бірге оқу үрдісі барысындағы оқып үйренушілердің өз бетімен жұмыс істеуіне мүмкіндік беретін ақпараттық технология. Қашықтан оқыту – компьютерлік және телекоммуникациялық технологияларға негізделген оқытудың құралдары мен түрлері, білім беру үрдісінде үздік дәстүрлі және инновациялық әдістер қолданылатын, күндізгі және сырттай білім алу ретінде білімді қабылдау түрі болып табылады.

Содержание

Жоспар:
Кіріспе
1. Қашықтық білім туралы түсінік
2. Оқыту жүйесін құру қағидалары
3. Типтерінің түрлері
4. ҚО кіретін бақылаудың ерекшелігі
Қорытынды
Қолданылған әдебиеттер тізімі

Работа состоит из  1 файл

реферат.docx

— 32.70 Кб (Скачать документ)
gn="justify">  - Ғылыми  – білім материалдық базасы. Оқу бағдарламасына  сәйкес оқу үшін қажетті материалдық және техникалық құралдар жиынтығы. Олар оқу және оқу-көмекші бөлмелері; зертханалық қондырғылар, техникалық оқыту құралдары, оқулықтар, оқу құралдары және басқа да оқу - әдістемелік материалдардан тұрады.

  - Идентификациялық  бақылау жүргізу жүйесі. ҚО кіретін бақылаудың ерекшелігі абитуриенттің кәсіптік сапалары мен қабілеттерінің даму деңгейін бағалау, тиімді құралдар мен оқыту әдістерін таңдайтындай, онымен сәйкес әлеуметтік психологиялық бейнесін құру болып табылады.

   Қашықтан оқыту үлгілері:

   Педагогикалық практикада танымал оқыту түрлері қалыптасқан. Олардың ішіндегі ең кең тарағандары: дәрістер, семинарлар, зертханалық жұмыстар, бақылау жұмыстары, емтихандар және т.б.

  - ҚО  дәрістері, дәстүрлі дәрісханалықтан айырмашылығы, оқытушымен бетпе-бет қатынасуды болғызбайды. Дегенмен, бірнеше артықшылық жақтары да бар. Дәрістерді жазу үшін аудио және бейне-кассеталар, CD-ROM  дискілерді және т.б. қолданады.  Жаңа ақпараттық технологияларды (гипермәтін, мультимедиа, ГИС-технологиясын және т.б.) қолдану дәрістерді көрнекі және мазмұнды түрде береді. Мұндай дәрістерді кез келген уақытта, кез келген қашықтықта оқуға болады.

  - ҚО  семинарлары  оқу сабақтарының белсенді түрі болып табылады. ҚО семинарлары бейнеконференциялардың көмегімен жүргізіледі. Олар  пікірталасқа  оның дамуының кез келген жерінде кіруіне мүмкіндік береді және бұдан бұрынғы айтылған сөздерді оқып,  бірнеше қадам артқа қайта оралады. Оқытушы материалдың меңгерілуін пікірталасқа қатысушының белсенділік дәрежесі бойынша бағалай алады. Студенттердің арасында өзара іс-әрекет ету саны артады, ал оқытушы тең құқылы әріптес ретінде көрінеді.

  - ҚО  кеңестері пәнді өз бетімен оқып үйренуде білім алушыларға жетекшілік жұмысын жасау және оларға көмек көрсету түрлерінің бірі болып табылады. Телефон және электронды пошта, сонымен бірге телеконференциялар қолданылады.

  - ҚО  зертханалық жұмыстар материалды тәжірибелік меңгерілуі үшін беріледі. Дәстүрлі білім беру жүйесінде зертханалық жұмыстар мынаны талап етеді: арнаулы жабдықтарды, макеттер, имитаторлар(бірдемені мүмкіндігінше дәл қайталайтын аспап), тренажерлар, химиялық реактивтер және т.б. ҚО жүйесінің келешекте мультимедиялық технологиялар, ГИС-технологиялар, имитациялық үлгілеулер және т.б.  қолдану есебінен зертханалық практикумдарды жүргізу міндеттерін қысқартуға маңызды мүмкіндігі болады. Білім алушыларға қарапайым жағдайда көрсетуге өте күрделі немесе мүлде мүмкін емес құбылыстарды виртуаллды шындық көрсететін мүмкіндігі бар.

  - ҚО  бақылау – бұл білім алушының оқу материалын теориялық және практикалық меңгеруі нәтижелерін тексеру. ҚО өзін дәлелдете білді және тестік бақылаудың лайықтылығын құптайды. Тест ережесі, пән бойынша кеңейтілген сұрақтар тізімін қамтиды, олардың әрбіреуіне бірнеше жауаптар нұсқасы ұсынылады. Студент осы нұсқалардан дұрыс жауапты таңдауы керек. 

 Оқу электрондық басылымдар:

   Оқу белгілерінің электрондық  басылымы қағаз басылымының барлық ерекшеліктеріне ие бола отырып, елеулі айырмашылықтары мен артықшылықтары да бар. Дербес жағдайда: компьютер жадында немесе дискетада сақтау ықшамдылығы, гипермәтіндік мүмкіндіктер, бейімділігі, таралымы, өзгертулер мен толықтыруларды жылдам енгізудің мүмкіндігі, электронды пошта бойынша жіберудің ыңғайлылығы. Бұл - пән бойынша дидактикалық, әдістемелік және ақпараттық-анықтама материалдарын өзіне енгізген, сонымен бірге, білімді бақылау және өз бетімен алу үшін оны комплексті қолдануға әсері болатын бағдарламамен қамтамасыз етілген  автоматтандырылған оқыту жүйесі.

   
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 

 Қорытынды

   Компьютерлік оқыту жүйесі-ҚО  білім беру үрдісінде кең түрде  қолданылатын оқу белгілерінің  бағдарламалық құралдары және  мынандай жағдайлар туғызады:

   - оқыту үрдісін саралау және даралау; - білім алушы қателерінің диагностикасымен және кері байланысын тексеру;

  - өзін-өзі  бақылау және оқу-танымдық іс-әрекетіне  өзіндік түзетулерді қамтамасыз  ету;

   - компьютердегі көп еңбек сіңіруді керек қылатын есептеулер есебінен оқыту мерзімін қысқарту;

   - көзбен шолу оқу ақпаратына демонстрация жасау;

  - құбылыстар  мен процестерді үлгілеу және боямалау;

  - эксперимент  пен тәжірибелерді, зертханалық жұмыстарды виртуалды шындық жағдайында жүргізу;

  - қолайлы  шешімдерді қабылдауда іскерлік таныту; - ойын жағдайларын қолданып, оқу үрдісіне қызығушылығын арттыру;

  - танымдық  мәдениетін және т.б. жеткізе білу.

 Аудио-бейне оқу материалдары магниттік тасымалдауыштарда   жазылады, білім алушыға магнитофонның, бейне магнитофондар немесе CD-ROM лазерлі жинақ-дисктердің көмегімен берілуі керек. Компьютерлік желілер- байланыс каналдарымен қосылған әр алуан түрлі ақпараттар мен компьютерлер жиынтығын қамтитын оқыту құралдары. ҚО кең қолданылатын интегралды құрал ғаламдық желі INTERNET болып табылады.

 Білім беруді ақпараттандырудың маңызды  бөлімінің бірі – қашықтан оқыту. Қашықтан оқыту – бұл қазіргі  заманға сай ақпараттық –коммуникациялық технология негізіне, оқыту үрдісінің  субъектілері, мұғалімдер мен оқушылардың  электронды басылымдарының авторлары  мен оны пайдаланушылардың қарым-қатынасын  қамтамасыз етеді.

   Қашықтықтан оқыту жүйесінің рөлі білім саласы үшін өте жоғары, себебі бұл жүйе арқылы мұғалімдеріміз бен окушыларымыз әлемдік ақпараттармен байланысуга, ғылыми және шығармашылық жұмыстарын жетілдіруге, әлемдік ақпарат кеңістігінде өздерінің білімдерін шындауга зор мүмкіндік алады.Қашықтықтан оқыту ақпараттық мәдениет деңгейі дидактикалык бағдарламалар білім саласында оқытуды басқару мен бақьлауды автоматтандыру, студентке өз бетінше қайталанбайтын көпнұсқалы, көпденгейді дидактикалық шарттар негізінде тапсырмалар беру, білім мен дағдыны объективті бағалау, ерекше ақпараттық материалдарды мультимедиалық формада беру, виртуалды өмірге енгізу т.с.с. жаңа мүмкіндіктер ұсынылады. Сонымен қатар, мүндай бағдарламалар қашықтықтан оқытудын материалды өз бетінше игеру жетілдірілген психологиялық педагогикалык әдістерді пайдалану, қашықтықтан оқытуды студенттің жеке психофизиологиялық ерекшеліктеріне қарай таңдауға мүмкіндік береді.

 Қолданылған әдебиеттер тізімі: 

1. Қазақстан республикасының мемлекеттік жалпыға міндетті білім беру стандарты

2. Журнал «Информатика и образование»,   № 7 -2006ж.

3. Загвязинский В.И. Методология и методика дидактического исследования. М. 1981.

4. Краевский В.В. Методология педагогического исследования. Самара, 1994.

5. Русско-казахский словарь http://audaru.soylem.kz/

6. Журнал «Информатика негіздері»  № 1 – 2005 ж

Информация о работе Қашықтықтан оқыту барысындағы бақылау