Қазақ әдебиеті кабинеті – мұғалім мен оқушы зертханасы

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 14 Октября 2011 в 11:44, реферат

Описание

Тәрбие мақсаттары мен тәрбие жұмысының міндеттері білім беру үрдісінде, сабақтан тыс уақытта және білім алушылардың бос уақытында жүзеге асырылады десек, қазақ әдебиеті пәнін оқытуда жетілдіру, жаңа технологияларды қолдану арқылы оқыту сапасын арттыру – бүгінгі күн талабы. Жеке тұлғаны қалыптастырып дамыту және оған терең білім беру мақсатында педагогикалық жаңа технологиялар ұсынылуда. Соның ішінде дамыта оқыту технологиясы, сынып ішіндегі саралап оқыту технологиясы.

Работа состоит из  1 файл

кабинет1.doc

— 49.00 Кб (Скачать документ)

     Тәрбие  мақсаттары мен тәрбие жұмысының  міндеттері білім беру үрдісінде, сабақтан тыс уақытта және білім алушылардың  бос уақытында жүзеге асырылады  десек, қазақ әдебиеті пәнін оқытуда  жетілдіру, жаңа технологияларды қолдану  арқылы оқыту сапасын арттыру  – бүгінгі күн талабы. Жеке тұлғаны қалыптастырып дамыту және оған терең білім беру мақсатында педагогикалық жаңа технологиялар ұсынылуда. Соның ішінде дамыта оқыту технологиясы, сынып ішіндегі саралап оқыту технологиясы.Оқушының ойлау қабілетін дамыту үшін өздігінен жұмыс жасауға баула, өз ойын тұжырымдауға дағдыландыру, оқушы белсенділігін арттыру барысында проблемалық сұрақтарды пайдалану, проблемалық жағдаяттар туғызу.

     Білім беру сапасын жақсартудың бірден-бір  жолы – педагогикалық жаңа технологияларды қолдану. Педагог ғалымдар қазіргі таңда қолданылып жүрген білім беру технология терминін әр қырынан ашып көрсетуде. Педагог-ғалым Беспалько өзінің «Слагамое педагогическое технология» еңбегінде былай деп жазды: «Оқу – тәрбие үрдісінің алдын-ала жүйелі  түрде жоспарлануы және оның тәжірибеде жүзеге асуы – белгілі бір педагогикалық жүйенің тәжірибеде жүзеге асу жобасы». Педагогикалық жүйе – педагогикалық технология негізі.

     Дамыта  оқыту технологиясы – күрделі  құрылымды, біртұтас педагогикалық  жүйе. Оның нәтижесінде әр оқушының өзін-өзі өзгертуші субъект дәрежесіне көтерілуі көзделіп, оқыту барысында соған лайық жағдайлар жасалады.

       Әлемдік педагогиканың жүгінетіні – Л. Выготскийдің идеяларына негізделген В. Давыдов пен Д. Эльконин және Л. Занковтың дамыта оқыту жүйелері. Бұл технология оқушыны төмендегідей бағытта дамытады.

  1. Сезімін, түйсігін.
  2. Қабылдауын, ынтасын.
  3. Зейінін, есте ұстауын.
  4. Ұғынуын.
  5. Ойлау, қиялдау, болжау.
  6. Ерік-қайратын, жігерін
  7. Оқу, іс-әрекетін, дағды машығыны
  8. Жауапкершілігін

     Сабақ – ұстаздың жан-жақты ізденуінен, еңбектенуінен туындайтын педагогикалық шығарма. Әдебиет – сөз өнері. Сөз өнерін меңгеруге көп ізденіс пен ізденіске толы біліктілік, қалыптасқан дағды керек.

     Қазақ әдебиеті сабағында оқушылардың  білімге қызығуларын арттыру, терең  ойлау қабілетінің белсенділігін қалыптастыру оқытудың жаңа технологиялары арқылы жүзеге асыруға мүмкіндік мол.

     Ғылыми  негіздері Л. Выготский, Д. Дьюи, Ж. Пиаже еңбектерінде педагогикалық технологияның ізденісі мен теориясы нақты көрсетілген. Сын тұрғысынан ойлауды дамыту бағдарламасы - әлемнің әр түпкірінен жиналған білім берушілердің еңбектерінің жиынтығын. Бұл тәжірибені жүйеге келтірген. Ч. Тэмпл, Дж. Стилл.

     «Сын  тұрғысынан ойлауды дамыту бағдарламасы»  оқушыларды өз ойын еркін жеткізуге  дайындайтындығымен, сабақты өткізу барысында стратегиялардың барлығы үш кезең арқылы жүзеге асатын тиімділігімен мұғалімнің сапалы сабақ өткізуіне мүмкіндік туғызу, ғылыми-теориялық тұжырымдамаларының тереңдігімен ерекшеленеді.

     Ұстаздың  басты мақсаты – білім теңізінен нәр алуға ұмтылыспен қараған шәкіртке жол көрсетіп, сүйікті пәніне айналған қазақ әдебиетінің көркем туындыларын оқуға қызығуын ояту, көркемсөздің құдіреттілігін түсінуге оқушыны дағдыландыру, сабақта оқушының ізденісін дамыту, оның шығармашылық тұлғасын қалыптастыру.

     Білім беру – ұлттың шығармашылық және интеллектуалдық  деңгейі қалыптасқан сала. Сондықтан  да біздің мемлекетімізде ұлттық білім  беру жүйесін жетілдіруге, реформалауға, осы саланың инновациялық қызметінің белсенділігін арттыруға үлкен  назар аударылып, көңіл бөлінуде. Соның жарқын көрінісі  - тәрбие тұжырымдамасы. Бұл бағытта қазақ әдебиетін оқытуда жаңа технологияларды қолдану арқылы жоғары нәтижелерге қол жеткізуге мүмкіндік мол.

     «Білім  беру жүйесінің басты міндеті  – ұлттық және жалпы адамзаттық құңдылықтар, ғылым мен практика жетістіктері негізінде жеке адамды қалыптастыруға, дамытуға жеке кәсіптік шыңдауға бағытталған сапалы білім алу үшін қажетті жағдайлар жасау; жеке адамның шығармашылық, рухани және күш-қуат мүмкіндіктерін дамыту, даралықты дамыту үшін жағдайжасау арқылы ой-өрісін байыту, оқытудың жаңа технологияларын, қашықтықтан оқыту, ақпараттық-коммуникациялық     технологияларды енгізу және тиімді пайдалану, білім беруді ақпараттандыру» деп, Қазақстан Республикасының « Білім туралы» Заңында нақтылап, білім беру жүйесіндегі басты ұстаным ретінде жеке адамның білімділігін арттыру, жеке тұлғаның құзырлылығын қалыптастыру, білім берудің дамытушы сипатын жетілдіру секілді маңызды мәселелерін айқындап, білім беру жүйесін одан әрі дамыту міндеттерін көздейді.

     Ендеше  қазақ әдебиетін оқытуда нәтижеге бағытталған іс-әрекетті құзыреттілік тұрғыдан жүзеге асыру – негізгі  міндет. Құзырлылық – оқушының іс-әрекетінің сапасынан көрінетін білім нәтижесі. Құзырлылық ұғымы білім, біліктілік, дағдының оқу нәтижесінде көрінуімен қатар тұлғаның шығармашылық іс-әрекеттері мен құндылық бағдарының да қалыптасқан жүйесін көрсетеді. Оқушы құзырлылығы мектептегі оқу-тәрбие үрдісі кезінде құзыреттілік тұрғыдан берілетін білім арықылы қалыптасады.

     Құзырлылық  – білім берудегі басты сапа көрсеткіші ретінде танылады және қойылған педагогикалық мақсатқа сәйкесжүргізіледі.

     Сондықтан оқытудың тиімділігін, нәтижелілігін, құндылығын арттыру мақсатында жаңа білім беру мазмұнына сәйкес инновациялық технологияларды пайдаланудың өзіндік ерекшеліктері ғылыми тұрғыдан зерттелу үстінде.

     Мәселен, Білім жүйесіндегі мақсат қою  технологиясының негізінде шәкірттердің білімді меңгеруін оқушы деңгейі, алгоритмдік, эвристикалық, шығармашылық сатылар бойынша дамытуға қол  жеткізуге болады.

     Алдымен оқушы бірінші сатыда алдына қойған мақсатына мұғалімнің көмегімен жетеді, орындайды. Оған бұрыңғы білімі де көмекке келуі мүмкін. Содан соң мақсатқа өз бетімен жету арқылы алгоритмдік сатыға көтеріледі де, өз еңбегімен жаңа мәлімет, білім алып, эвристикалық және жағдаятты өзі шеше алатындай деңгейге көтеріліп, тың мәлімет, терең білім игеріп барып, шығармашылық сатыға көтеріледі.

     Ресейлік  ғалым В. Дьяченко теориялық жағынан  талдап, артықшылығын көрсеткен ұжымдық  оқыту тәсілі сабақты ұйымдастырудың төрт түрлі жолын ұсынады. Олар: жекелей жұмыс, жұптық жұмыс, топтық жұмыс, ұжымдық жұмыс. Мұнда жеке адамның басымдылығы емес, оқушыны адам ретінде санау, қабілетіне қарай еңбек етуіне жағдай туғызу масқаты қойылған. Бұл үлкен жауапкершілікті талап етеді. Мұндағы ерекшелік: оқушы білімді сапалы меңгереді, біреуге үйрету, біреуден үйрену арқылы логикалық ойлау, байланыстырып сөйлеу, салыстыру, дәлелдеу, т.б. дағдылары қалыптасады. Кітаппен жұмыс, негізгі ойды ажырата білу, мәтінді талдай білу және барлық оқушының бірдей жұмыс істеуі - әдеби білім берудегі ең басты мәселе. Әдебиет пәнін оқытудың мақсаты оқушылардың рухани дүниесін байыту, жан-жақты тәрбие беру (адамгершілік, эстетикалық, азаматтық, ізгілік), оқырмандық ынта-ықылас тудыру, әдеби мұраны, онда бейнеленген өмірді өзінше бағалап, пайымдай білуге дағдыландыру, ауызша, жазбаша тіл мәдениетін қалыптастыру болғандықтан, мынадай міндеттер қойылады:

    • оқушылардың берілген шығарманы толық оқуы, талдап, өнер табиғатына сай оқып, сөз өнерінің ерекшеліктерін түсіне білуі;
    • сезім сергектігі, эмоциялық мәдениетті тәрбиелеу;
    • бейнелі ойлау, елестете алу қабілеттерін қалыптастыру, дамыту;
    • ойын әдеби тілде жеткізе білу;
    • шығарманы көркемдік тілі жағынан талдай білуін қалыптастыру, дамыту.

     Осындай мақсат пен міндетті орындауда пікірсайыс әдісі арқылы қалыптасатын ұжымдық оқыту оқушының білімін, көзқарасын тереңдетіп, әдебиеттің өнермен, өмірмен байланысы арқылы оның өзіндік ойы мен көзқарасын, шығармашылық еркіндігін қалыптастыруда біршама тың қадамдар жасауға мүмкіндік береді.

     Оқытудағы тиімді әдістер мен тәсілдерді таңдауда олардың мектеп тәжірибесі мен оқу-әдістемелік  әдебиеттерде маңызды деп көрсетілген  түрлеріне баса назар айдарылады. Мұғалім мен оқушының арасында ғышығармашылық байланысты жүзеге асыруда мына мәселелерге мән беріледі:

    • қазақ әдебиеті бағдарламасы бойынша тиісті білім мөлшерінің болуы;
    • оны өмірде қолданудың тиімді жолдарын білу;
    • оқушылардың тілдік қабілетін дамыту және сөйлеу әрекетін жетілдіру

     Қазақ әдебиетін оқыту үрдісі қарым-қатынастық, мәдени және әлеуметтік қажеттілікті тұтастай іске асыруға бағытталғандықтан, мектептердегі қазақ әдебиетін оқыту сапасы, нәтижесі және онда берілген базалық білім мазмұнының осы пәнге тірек болатын ресми нормативтік құжаттар мен оқу-әдістемелік кешендерде нақты тұжырымдалып негізделуіне тікелей байланысты екендігі даусыз.

     Қазақ әдебиетінен білім берудің мемлекеттік  стандартында оқушылардың еркін, сауатты, мәдениетті сөйлеу, саналы, түсініп  оқу, іс қағаздарын, ресми құжаттарды жаза білуге және тұрмыста, түрлі тілдік ортада, қоғамдық ортада сөйлей білу сияқты дағдыларды меңгертудің  міндетті деңгейлері айқындалған.

     Мектепте  оқытылатын кез келген пәннің өзіндік  орны бар. Әйтсе де халықтың рухани қазынасы, ұлттық діл қалыптастырудың  бірден – бір қайнар бастауы болып саналатын ана тілі мен төл әдебиеттің, ата тарихтың білім мен тәрбие беру жүйесінде мәні мен маңызы айрықша

      

     Әдебиет сабақтарының оқу жабдықтары мен  әдебиет кабинеті  

     Мектепте  әдебиет сабақтарын ұйымдастырып өткізуде қазақ тілі мен әдебиеті кабинеті елеулі роль атқарады. Кабинет, біріншіден, оқу-тәрбиелік процесті жабдықтауға көмектессе, екіншіден, мұғалімнің методикалық жұмысының, үшіншіден, әдебиетке байланысты сынытап тыс жүргізілетін жұмыстардың орталығы болып табылады. Бұл ретте кабинетке көмектесетін орындардың бірі – мектеп кітапханасы. Демек кабинетті әдемілеп әшекейлеуде, оқу-методикалық және көрнекті құралдармен жабдықтауда мұғалім мен кітапханашы бірлесе отырып қызмет етуі керек. Ал әдебиет сабақтарында қолданылатын техникалық құралдармен жабдықтауда мектептің физика және математика кабинетімен байланыс жасалады. Кабинетке қажеттілігіне қарай шкафтар, стол, орындықтар қойылады. Ақын-жазушылардың портреттері ілінеді, олардың ғылым, өнер, оқу кітап т.б. туралы айтқан ой-пікірлері, өсиет, нақыл, қанатты сөздері жазылады.

     Кабинетте орта мектепте пайдаланылатын оқу жабдықтары мен құралдарының түрлері болды, мысалы, программа бойынша өтілетін ақын, жазушылардың негізгі шығармалары, әдебиет оқулықтары мен хрестоматиялары, қазақ әдебиетінің тарихы мен сыны жайындағы жеке кітапшалар мен монографиялық еңбектер, көрнекті техникалық құралдар (арнаулы және қолдан жасалған иллюстративтік материалдар мен сурет-картиналар, проекциялық фонарь, аллоскоп, магнитофон, микрофон, патефон, оқу фильмдері, радиоқабылдағыш т.б.)

     Сондай-ақ түрлі әдеби монтаждар, кітап  көрмелері мен жаңалықтары да кабинеттен орын алады. Осымен қатар  кабинетте методикалық кітапшалар мен кітаптар, жинақтар, мақалалар, баяндамалар, әдебиет программалары, каленьдарлық жоспар мен сабақ жоспар-конспектілерінің үлгілері т.б.

     Міне  әдебиет кабинетінің мүлік, құрал-жабдықтары, жұмыс мазмұны осындай.

     Кабинеттік  оқу тәжірибесі де дидактизмнің зор  табысы. Техникалық құралдар, түрліше  дидактикалық кабинетте шоғырланбақ. Соны материалдардың (стенд, схема) қоймасына айналдырмай, оқулығы бар, эксперимент материалдарына бай, жанды оқу кабинетіне айналдыру қажет. Материалдар – оқу, талдау, мақамдап оқу жұмыстарына негізделеді. Онда текстің мазмұндық жоспарлары, мінездемелері, талдау үлгілері болуға тиіс. Ең қажеттісі – кабинеттік оқу дублер жасаудың, инсценировка мен импровизацияның  жанды клубына айналуы қажет.  

     Пайдаланылған әдебиеттер: 

      1. «Жалпы  білім беретін мектептерде қазақ  тілі мен әдебиетін оқытудың өзекті мәселелері» - халықаралық ғылыми-практикалық конференция материалдарының жинағы. – Алматы, 2009.
      2. Қазақстан Республикасының Президенті Н.Ә. Назарбаевтың «Жаңа онжылдық- жаңа экономикалық өрлеу – Қазақстанның жаңа мүмкіндіктері» Қазақстан халқына Жолдау.-Астана, 2010.
      3. Қазақстан Республикасының мемлекеттік жалпыға міндетті білім беру стандарты.- Астана, 2006.
      4. Сманов Б. Қазақ әдебиеті (әдістемелік нұсқау).- Алматы: Мектеп, 2003.
      5. Жұмажанова Т. Әдебиетті оқыту әдістемесі. – Алматы: Білім, 2009.
      6. Көшімбаев А. Қазақ әдебиетін оқыту методикасы. – Алматы: Мектеп, 1969.

Информация о работе Қазақ әдебиеті кабинеті – мұғалім мен оқушы зертханасы