Автор работы: Пользователь скрыл имя, 28 Февраля 2013 в 19:33, контрольная работа
Мектеп оқушыларының мамандық таңдауда дұрыс бағыт алу мәселесі мектептің психологиялық қызмет аясында жүргізілетін аса жауапты да маңызды жұмыстарының бірі болып отыр. Бала үшін болашақ мамандықты таңдау өмірлік жолын дұрыс таңдаумен бірдей. Өкінішке орай, біз, балалардың таңдауының ақылмен емес, біреудің сөзіне ере отырып, немесе ата-анасының ықпалымен «қай жерге оқуға түсу оңай» деген көзқарастармен болып жатқанын байқаймыз. Ақпараттың көптігі де, өзін-өзі танудың әліппесі де, оларды қалай пайдалану керектігін білмегендіктен түкке жарамсыз болып қалатын жағдайлар жиі кездеседі.