Қазақтың бала тәрбиелеу әдісі

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 26 Февраля 2013 в 21:23, задача

Описание

Қазақ халқы қыз ұзатып, ұлын үйлендіріп келе жатқан, басқа халықтар сияқты думаншыл-сауықшыл халықтардың бірі. Қазақ табиғатында отбасы иелері балаларының алдында өздерінің тіршілік әрекетінде барлық адамгершілік қасиеттерін, үлгісін көрсете білген. Оның басты себебі «ұлдың ұяты әкеде, қыздың ұяты шешеді» деп бағалағандықтан. Сондықтан, ата-ана балаларын тұрмыс пен салтқа бейімдеп, шеше көріп тон пішуге, әке көріп оқ жонуға баулитын болған. Осылайша ұрпақтың отбасы тәрбиесі ешқашан күн тәртібінен түскен емес.

Работа состоит из  1 файл

Қазақтың бала тәрбиелеу дәстүрі.docx

— 38.69 Кб (Скачать документ)

Қазақтың бала тәрбиелеу дәстүрі

Беске келгенше балаңды хандай ұста,

он беске дейін құлдай жұмса, он бестен кейін досыңдай көр

     Бала – отбасының негізгі діңгегі, бастапқы дәнекері. Дәстүрлі қазақ отбасында ата-ананың қадірі ерекше әспеттелген.

Ата-бабаларымыз бала тәрбиесіне ерекше назар аударып, «Беске келгенше балаңды хандай ұста, он беске дейін құлдай жұмса, он бестен кейін досыңдай көр» деп, баланың ой-өрісі даму кезеңін ерекше бағалаған.

Қазақ халқы қыз ұзатып, ұлын үйлендіріп келе жатқан, басқа халықтар сияқты думаншыл-сауықшыл халықтардың бірі. Қазақ табиғатында отбасы иелері балаларының алдында өздерінің тіршілік әрекетінде барлық адамгершілік қасиеттерін, үлгісін көрсете білген. Оның басты себебі «ұлдың ұяты әкеде, қыздың ұяты шешеді» деп бағалағандықтан. Сондықтан, ата-ана балаларын тұрмыс пен салтқа бейімдеп, шеше көріп тон пішуге, әке көріп оқ жонуға баулитын болған. Осылайша ұрпақтың отбасы тәрбиесі ешқашан күн тәртібінен түскен емес. Бұрынғы қазақ жастары тәрбиені мектеп пен медреседе оқып білмесе де қызы анадан, ұлы әкеден үлгі-өнеге алған. Отбасы үшін ежелден тән қасиетті балажандық, балаларды еңбексүйгіштікке тәрбиелеу, үлкенді құрметтеу, туысқандық кең байланыс, көршілермен және ұлты басқа халықтармен достық, ізгілік қатынастар осының бәрі қазақ халқының тұрмыс қалпына байланысты болған.

Баланы жастан деуші еді ғой, бірақ баланы жастан емес, бесіктен, бесіктен емес-ау, ана құрсағынан бастап тәрбиелеуді атам қазақ ерте ескерген. Әдетте,  адам барлық нәрсені өмірге келген  соң үйренетін, барлығын қоғамдық өмірден жинақтайтын тәрізді сезіледі. Алайда адамның бес жасқа дейінгі алған тәрбиесі бүкіл өмірден алған тәрбиесінің 90 пайызын құрайды екен. Соның ішінде сәбидің ана құрсағындағы тәрбиесі маңызды орын алады. Бір қызығы, бала ана құрсағында жүргенде, анасы нені көп үйренсе, нені білетін болса, кейін бала сол нәрсені тез игеріп алады екен. «Сүтпен біткен сүйекпен кетеді», дейді қазақ.

!?

  • «Баланы – жастан» деген мақал-мәтелге түсіндір.
  • Тақырып бойынша ата-анаңның көмегімен ойтолғау жаз.
  • Бала тәрбиесіне байланысты мақал-мәтелдер жинақта.




 

 

Жеті жасқа дейінгі балаға байланысты дәстүрлер   

 Әйел босанғаннан кейін үйге туыс немесе көрші 2-3 әйелді шақырылады. Олар жас босанған келіншекті құттықтайды, оған үй шаруасына көмектеседі. Бала туған соң 3 күннен кейін шілдехана тойы жасалады. Бұл той 3 күн бойы кешке нәрестенің туғанына 7 күн толғанға дейін жалғасады.

Шілдехана – өмірге адам келгенінің және оған қуанудың бір белгісі. Кей жерлерде «шілделік» деп атайды. Мұнда «балаңыздың бауы берік болсын» дегендей құтты болсын айтылады, жастар жиналып ән салып, домбыра тартып, өлең, жыр айтады. Шілдеханаға шақырумен де, шақырусыз да бара береді. Бала туғаннан кейін жан-жақтағы жақындарға сүйіншіге ат шаптырылады.«Ұл туғанға – күн туады», «Қьз туғанға – ай туады» деп бала туғаннан сүйінші сұраушылар ұл туса – «атұстар», қыз туса – «көйлек тігер» деп хабарлайды. Осы сөздің өзінде де қазақтың сыпайы сөйлейтін әдептілік мінезі, мәдениеттілік қалпы аңғарылады.

Бәсіре атау – бала туғанында оған бір құлынды атап, бәсіре береді. Ежелгі наным-сенім бойынша, өмірге келген баланың аман-сау ержетіп, есеюі осы бәсіремен тығыз байланысты. Сол себепті бәсіреге берілген құлынға (ол тай болғанда да) мінбейді, басқаға бермейді, сойып жемейді, сатпайды.

Бесік тойы – нәрестені алғаш бесікке бөлеуге байланысты жасалатын ғұрыптық салтанат. Баланың кіндігі түсіп, кіндік жарасы жазылысымен бесікке салады. Бесік той, негізінен, тұңғыш балаға жасалынады. Одан кейінгі балаларға «бесікке салу» кәдесін ғана атқарады. Бесіктің жасауын баланың нағашылары дайындайды және олар ана мен балаға киім-кешек әкеледі. Осы әкелінген дүние мен бесікті көрсету мақсатында ауылдың ұрпақ өсірген қадірменді әжелері, әйелдер шақырылады.

Нәресте дүниеге келісімен үш күннен кешіктірмей оған ат қойылуға тиісті. Жаңа туған сәбиге лайықты ат қоюға халық ерекше көңіл бөліп, жақсы есімдер мен елге әйгілі адамдардың атын қойған. Бала есімін белгілі, беделді кісілерге қойғызып, батасын алуды да ұмытпаған. Халық баласына ат қоюдың жолы мен сәттері көп. Шөп шауып жатса Шөптібай деп, Наурыз айында туса Наурызбай деп, айт күні туса Айтбай деп те қоя салады. Сол сияқты қыз бала туа берсе Ұлболсын, Ұлтуған, Ұлмекен дейді. Көз тимесін деп Тасбике, Башай, Қосқұлақ, Итемен деп те қойған.

5 күн толғанында оны бесікке салады. Оған көрші-көлеңнің әйелдері шашу алып келіп, «тыштыма» жасатып, сәбиді сән-салтанатпен бесігіне бөлейді. Нәрестенің туғанына 40 күн толғанша, оны бір күн сабынды сумен, бір күн тұзды сумен, бір күн жұпар иісті шөппен (марал оты) кезекпе-кезек шомылдырады. Тұзды суға түсіп, тұзға піскен сәби шымыр болып өседі, денесі жарақат алса, жарасы тез жазылады. Сәбидің алғашқы қырық күні қауіп-қатерге толы деп есептеледі. Осы кезеңнен аман-сау өтіп, мойны қатқан соң көңілі орныққан ата-анасы оны қырқынан шығарады.

Ұл баланы қырық күнге жеткізбей, 37-39 күнде, қыз баланы қырық күннен асырып, 42-44 күнде қырқынан шығару қажет. Бұл кәдеге шақырылған әйелдер ыдысқа 40 қасық су құйып, күміс теңгелер салып, баланы суға шомылдырып, қырық күнге дейін алынбаған сүт тырнағы мен қарын шашын алады. Нәрестенің қарын шашын алған әйелді сыйлықсыз қайтаруға болмайды. Нәрестенің қарын шашын шүберекке түйіп, баланың оң иығына қадайды, тырнағын жерге көміп тастайды. Қырқынан шыққан нәрестеге «ит көйлек» кигізеді.

Дәмету – келінінің емшектегі жас сәбиі бар енелер бір үйге қонаққа барса, сол үйдің дастарханынан бір дәмді үйіне ала келеді. Жөн-жосықты білетін әйелдер: «Келінің дәметіп, емшегі ісіп қалмасын, мына тағамнан ала кет» деп, өздері – ақ салып беруге тісті.

2-3 ай өткенінде нәресте  айналасындағы дыбысқа елеңдеп, анасының дауысын ажырата бастайды. Осы кезде анасы «Бесік жырын» айтып, халқымыздың әсем сазын, ана тілінің ұлттық үнін оның құлағына сіңіре бастауға тиісті. Халқымыз: «Сүтпен кірген мінез сүйекпен кетеді», – дейді. Балаға тәрбиені бесік жырынан бастаудың маңызы айрықша.

6 айдан соң сәби талпынып, еңбектеуге бейімделе бастайды. Ата-анасы «балам тез еңбектеп кетсін», – деп, көрші-көлеңнің әйелдерін жинап, «Бауырынан табақ алу» ырымын жасайды. Арнайы пісірілген бір табақ дәм талпынып тұрған сәбидің оңынан сол жағына, солынан оң жағына жүгіртіліп, «Тез еңбекте!», «Тез еңбектеп кетсін!» деген сөздер  айтылады.

7 айға толғанында шешесі сәбиіне қосымша піскен сүт, жұмсақ ет беріп қоректендіреді. Осы кезеңге байланысты халқымызда: «Бала етке бола жөргегін сатады», – деген сөз бар.

9-11 айында бала қаз тұрып, жүруге талпынады. Ол «тәй-тәйлап» жүре бастасымен-ақ ата-анасы «балам тез жүріп кетсін», – деп, тұсаукесер тойын жасайды. Тұсаукесер тойы міндетті түрде аталып өтуге тиісті қуаныш. Тойда ортаға ата-анасы  кішкене сәбиді әкеледі. Ақ кимешек киген әжелер шашуын әкеледі. Баланың келешегінде қарама-қарсы қайшылану болмасын деп, мүмкіндігінше қайшымен кеспеген. Тұсау кесудің алдында ол, баланың қолына түсетін ерекше бір сыйлық ұстатып, балаға бата-тілегін айтатын болған. Ел «Әумин!» деп бетін сипаған соң тұсау кесіледі де, баланың әбден естияр болған, аға-әпкелері сәбиді «қаз-қаздап» жұртқа қарай біршама жүргізеді. Баланың тұсауын кескен адамның өмірде сүріншек, шалағай, зуылдақ не өтірікші болмағаны дұрыс. Керісінше, жүріс-тұрысы ширақ, өмірде орнықты, нық адам болғанын әке-шешелері әдейі ырым етіп, қалайтын болған. Той иелері тұсау кесушіге өздерінің сый-кәделерін жасайды. Тұсауды кесетін сапы не пышақ өз иесіне қайтарылады да, кесілген ала жіпті жаңа нәрестелі болғандарға немесе бала көтере алмай жүрген жұптарға ырым қылып таратып береді. Осы кезде шашу шашылып, тұсау кесу жыры айтылады. Баланың ата-анасы тұсау кесушінің кәдесін береді. Тұсау кесердің жібін дайындаудың бірнеше түрлері, жолдары, сенімдері де бар. Көбейіп, көгере берсін деп көк шөптен есіп жасайды. Бай болсын деп малдың тоқ ішегінен де өреді. Адал болсын деп ала жіптен де жасайды.

Кекіл – жас балалардың шашын тегістеп ұстарамен алып тастайды да бір шөкім шаш қалдырып, оның жиегін тегістеп қиып қояды. Кекіл балаларға жарасымды ажар береді.

Тұлым қию – кішкентай кезінде баланың шашын өсірмей екі шекесіне екі шоқ шаш қояды. Мұны тұлым деп атайды. Тұлым көбінесе қыз балаға қойылады және ол сәбиге лайықты болады.   

 Айдар - балалардың төбе шашын ұзартып өсіріп қояды. Бұл ғұрып ер балаға жасалады. Сәбилерге кекіл, тұлым да қою негізінде көз тимесін деген сенімнің жатуы ықтимал.   

 Ашамайға мінгізу – баланың сана-сезімін жетілдіру үшін жасалатын тәрбиелік салттың бірі. Жас бала есі кіріп, 6-7 жасқа келген соң, оған жеке тай атап, балаға арналған «ашамай» деп аталатын ер жасатып, қамшы өріп, «сен азамат болдың» деген сенім ұялатып, үйретілген жуас тайға мінгізіп, жүргізеді. Оны еңбекке, адамгершілікке тәрбиелеу жолының бірі. Ақ тілекті аналар шашу шашады. Ересек балалар тайға мініп, жарысады. Осы дәстүрге байланысты шет елдердің көптеген жазушылары қазақтарды «ер тоқымға қонған ұлт» деп жазып қалдырған.

Сүндеттеу – бала ер жетіп, азамат болды дегенді білдіреді. Ер балаға байланысты салт-дәстүрлер 5-7жас аралығында жасалатын сүндеттеумен аяқталады. Сүндеттеу алдында баланың басына үкілі бас киім кигізіп, иығына әшекейлі шапан жауып туыстарын аралатады. Сүндетке отырғызылған балаға тай мінгізіп, келген қонақтары сыйлықтар сыйлайды. Тойда ұлттық киім киген баланы атқа отырғызып, жиналған қонақтардың алдына шығарады. Шашуларын шашып, байғазыларын береді. Балаға қозы, не бұзау, не құлын атайды. Сыйға аталған  құлынның құлағына ерекше таңба басып, оны «сүндет жылқысы» деп атап жүреді.

Құлақ тесу – дәстүрге енген ежелгі ғұрыптың бірі. Бойжеткеннің немесе балиғатқа толған қыздың (9 жас) құлағын тесу үшін қыздың шешесі, жеңгелері, апалары жиналған. Құлақты уқалап жанын кетіріп қыздырылған жуан инемен немесе кәдімгі тарымен тескен. Ол үшін екі тарыны құлақтың сырғалығының екі жағынан бірінің тұсына бірін дәл келтіріп уқалаған. Бір қызығы тесілген құлаққа қызыл иттің жүнін есіп өткізген. Үлкен кісілер иттің жүнін өткізсе «құлақ іспейді, қотырланбайды, жара түспейді» дейді екен. Мүмкін мұның да себебі болған шығар. Өйткені қазынасы кең халық емдік құпиялардың да бір сырын білетін болар… Халық ұғымында «қыздың құлағын тесу – оны сүндеттеумен бірдей» деген қағида бар.


Информация о работе Қазақтың бала тәрбиелеу әдісі