Автор работы: Пользователь скрыл имя, 27 Февраля 2013 в 23:48, доклад
Бұл кезең түрлі жастағы дағдарыстан бұрын зерттелген. Бірақ оның пайда болу себебі мен мәніне жете зейін аударылмаған. Осы орада сәбидің қаз-қаз басып жүруі туралы жоғары даму заңдлықтарының жеке кезеңдеріндегі сапалы өзгерістер жайын да сөз қозғап отырмыз. Сәби бірден тәй-тәй басып жүріп кете алмайды, дегенмен, бірен-сараң болса да ондай балалар бар. Бірден жүрш кететін сәбиді мұқият зертгеу нәтижелері оның бойында әлі де анықтала қоймаған жасырын ерекшеліктері бола-болатындығын көрсетеді. Алайда құпия сыр сәби жүре бастағаннан жоғалатынын байқаймыз.
К.Коффка көзқарасы бүкіл құрылымдық психология тұрғысынан алғанда, сәбидің бұл алғашқы жаңалығы құрылымдык әрекет түрінде көрінеді. Сәби зат пен оны атау жөнінде өзіңдік құрылымды ашады. Мұның өзі жеміс қашықта жатқандай, тек қана оның таяқтың көмегі болмаса алынбайтын жағдайдары маймылдың әрекеті сияқты болып көрінетін жаңалық. Осы бағытта Коффка мен Валлон теориясы бірігіп кеткен сияқты.
Бюлер, Коффка, Валлон теориялары
Штерн теориясын қарағанда
Сонымен бұл теориялардың бәрі Штерн теориясының интеллектуалдығы – жұмсартқанымен оның бастапқы идеалистік тезисіне қарсы шығады да, тіл туралы түсінікті тілдің құбылыстан шығарып тастайды. Сөйтіп олар біз баяғы тілдің шығуы жайындағы Штерн теориясының қателігі маңынан ұзап шыға алмайды. Себебі, олар негізінен сәби сөзінің пайда болуы мен дамуының өзгермейтіндігін қуаттайды. Енді тілдің шыруы туралы қазіргі ілімді қысқаша ғана атап өтіп, сол арқылы сәбидің алғашқы дағдарысының негізгі себебін анықтайык.
Фактілерден бастайын. Бала тілінің шыруын мұқият бақылаған адам окулықтарда бұл мәселе өте аз жарияланғандығын аңғарады. Бала тілінін дамуындағы бұл маңызда кезең. Біз бала тілінің дамуындағы осы кезеңді атадық. Тілі шықпаған нәресте әлеуметтік ортада үлкендермен «тіл табысу» сияқты аса қажеттіліктің мән-жайын ашып көрсетуді мақсат өттік. Нәресте өзінің нәзіктігіне сәйкес басқалардың көмегімен әрекет етуге мәжбүр. Өзге адамдардың көмегімен әрекет ету -сәби қызметінің негізгі түрі. Бұл кезеңде баланың былдырлап қана жүретін «тілсіз» кезеңінен тілді меңгеретін кезеңге өту кезі қалайша шешілетінін түсінуімізге көмектеседі. Дамудың «тілсіз! ‘кезеңінен тіл шыққан кезеңге өтуі баланың дербестік арқылы жүзеге асады. Бұл қандай кезең? Сұрақка дұрыс қайталу үшін бұл мәселенің тарихын түсіндіре кету орынды сияқты. Баланың дербестік тілін алғаш рет сипаттап, оның маңызын бағалаған атақты ғалым Ч.Дариин (1809-1882). Ол сәби дамуымен тікелей айналыспаса да, өзінің тамаша байқағыштық қабілеті арқасында немересінің дамуын қадағалап, онын өзіне тән ерскше тілде сөйлейтінің аңғарған. Ол ерекшілік мынадай: сәби қолданатын сөздердін дыбыстық құрамы біздің сөздеріміздің дыбыстық құрамынан ерекше. Бұл тіл артикуляциялық, фонетикалық жағынан біздін сөйлсу тілімізден бөлек. Олардың айтқан сөздері біздің сөздеріміздің үзіктері сияқты болып келеді. Бұлар – сыртқы, дыбыстау түрі бойынша біздік сөздерден айырмашылығы бар. Кейде олар біздің сөздерімізге еліктесе, кейде күрт өзгсріп, біздердің бұзып айтатын сөздерімізге ұқсайды.
Дарвин назар аударған екінші бір ерекшелік баланың дербестік тіліндегі сөздер біздін сөзімізден мағынасы жағынан айырмашылығын Дарвин мысалдарынан оқулықтарда келтірілген үзінділер арқылы берілген. Бірде оның немересі суда жүзіп жүрген Үйректі көріп, оның дыбысына еліктедіме, кім білсін, оны «уа» деп атай бастаған. Бұл дыбысты сәби суда жүзіп жүрген үйректі көргсн ксзде щығарады. Бұдан кейін бала үстел үстінде төгілгсн сүтті де, сусындарды да, стақандардағы шырындарды да, тіпті бөтелкедегі сүтті де сол дыбыспен атаған. Сірә, бөтелкедс су, сұйық зат болған сок бұл дыбысты соларға танған болуы керек. Бірде сәби құстың бейнесі салынған ескі қара бақыр тиынмен ойнап жүреді. Вір кезде оны да «уа» деп атай бастайды. Бұдам кейіи тиынды еске салатын кішкентай дөңгелек жылтыр заттары да (түйме, медаль) «уа» дсп атайтын болды.
Сонымен, егер біз бұл сәбидің «уа» деген сөзінің мағынасын жазсақ, оңда оның өзі атаған атаулардын бастағы ұғымына (судағы үйректі) келіп тірелср едік. Бұл ұғым әрқашанда күрделі болып келсді. Ол атаған сөзінін мәні жекелеген сипаттарға бөлініп жіктелмейді. Мұңдай ұғым тұтас бір көріністі біддіреді. Сәби бастапқы ұғымнан басқа бір ұғымдарға көшеді, адар көріністің жекелеген бөлшектерін білдіреді. Судың әсерінен көлшіктер, әр түрлі сұйықтар, ең соңында бөтелкені де солай атай бастайды. үйректің әсерінен бүркіт бейнесі бар тиын, ал онын әсерінен түйме, медаль т.б. нәрселер де солай аталды. «Пу-фу» дербестік сөзінің мағынасы туралы көптеген мысалдар келтіруге болады. Ол йод құйылған бөтелкені, йодты ысқырық арқылы дыбыс шығару, темекі тартушыдан шығатын түтін, оны өшірудың бәрі мағынасы жағынан бала үшін бірдей. Сонымен баланың айтқан бір сөзінің өзі талай мағыналы екенін көрсетеді. Бұл сөздер мағына жағынан біздің сөздерімізбен үйлеспейді және олардың біреуі де біздің тілімізге аударылмайды.
Сәбидік әр турлі заттардың қасиетін айтып, олардың тұрақты жүйемен ажыратуы дербестік тілде айтылмай, од қырсығып өзінік «пу-фу» деген сөзін айта беруі мүмкін. Ал біздің сөздеріміз бен түсінік жүйеміз сәбидің санасына ене қоймайды. Бұл мәселеге біз тағы да қайтып ораламыз. Енді осы фактіні тұжырымдайық. Бала сөзінің мағынасы біздікінен басқаша құрылған дегенге әркім-ақ. келіседі.
Сонымен, баланың, дербестік тілін, сәби тілінің жалпы даму ерекшелігіндегі екі түрлі қасиетті аңғардық. Бірінші ерекшелік – тілдің дыбыстық құрылымы, екіншісі – бала тілінің ұғымдық жағы.
Осыдан баланың дербестік тілінін үшінші ерекшелігі келіп шығады, оны Дарвин былай бағалайды, егер тілдің өзінің дыбыстық және ұғымдык жағынан біздің тілімізден айырмашылығы болса, онда осы тілдің көмегімен қатынас жасаудың да өзіндік айырмашылығы болуға тиіс. Сәби сөздерінің мағынасын оның маңындары жақын адамдары ғана түсінуі мүмкін. Бұған Дарвиннің немересімен жүргізген бақылауы дәлел. Сөйтіп баланың қатынас жасау мүмкіншілігі өзіндік сипатта болатындығын көрсетеді. Неміс авторлары бала сөйлеуіндегі мұндай сипатта жақтырмай, оны асыраушының не күтушінің тілі деп атады. Оның мәнісі бұл тілді тек сәбиді тәрбиелеуші адамдар ғана түсінеді деген сөз. Ересектер баланың сөйлеуіне ыңғайлануға тырысып, кәдімгі сөзді қалпынан бұзып сөйлеуге жол береді және ол сәбиге солай ықпал етеді. Егер күтуші ауырады деген сөздіқ орынан «ау-а» десе, біз баламен тілдескен ересектердің тілді бұзып сөйлегенін байқаймыз. Ересектер балаға қатысты біз әрқашанда мынадай қателікке жол береміз: бала кішкентай болғаңдықтан бізге бала үшін заттардың бәрі шашн болып көрінуге тиіс сияқты Сондықтан жас сәбилерге көк тіреген биік үйді нұсқап «үйшік» немесе ірі жылқыны көрсетіп «мынау құлыншақ» дейді. Дұрысында балаға әрбір нәрсенің өз аты мен түр-сипатын атап үйреткен дұрыс болмақ. Ал бұзып сөйлеу біздің өмірімізде кең орын алған, бірақ баланың бүкіл дәрбестік тілі ғой деп санап, асыраушы мен күтушінің тілді бұрмалал сөйлеуі пайдалы емес. Бала ересектердің йлеуімен сәйкес келмейтін ‘сөз жұрнақтары мен мағына жұрнақтарын біздің айтуымызбен дыбыстарды айқын игеруден бұрын меңгереді.
Біз бала сөзінің мағынасын оның нақтылы жағдаймен ұшырасқан кезінде ғана түсінеміз. Егер сәбидің «уа» дегені түймені,’мені, сүтті, судағы үйректі, бақыр тиынды білдірсе, ал енді ол бақта серуендеп жүргенде «уа» дей айқайласа, онда біз оның мені көлшікке ертіп бар дегенін түсінеміз. Егер ол бөлмеде жүргенде «уа» десе, онда оның түймемен ойнағысы келгені.
Бұл жағдайда бала нақтылы нәрсемен қарым-қатынаста болады. Ол затпен тікелей кездескенде ғана сөз қолдануы мүмкін. Егер зат оның көз алдында болса, онда оның сөзі де бізге түсінікті болады.
Біз баламен түсінісіудің өте қиын екеніне көзіміз жетіп отыр. Менің ойымша аса қажетті болжамның бірі – сәбидің барлық әдеттен тыс көріністері өзара түсінісу қиындығынан келіп шығатынын дәлелдейтін болжам.
Яғни біз, баланың дербестік тілін үшінші ерекшелігі деп таптық, онда қарым-қатынас туралы айтылады, бірақ ол басқа түрдегі, өзге сипаттағы қарым-қатынас екендігіне көзіміз жетеді. Сайып келгенде баланың дербестігін тіліндегі ерекшеліктердің ішінен олардың сөйлеу тлі грамматикалық нор.мадан ауытқығандығын байқаймыз. Балалардың сөйлеу ерекшелігінде маңызды мәселенің бірі болып саналатын олардың сөйлем құрауы тілдің синтаксистік және этимологиялық заңдарына байланысты түрде дамып отыратындығы мәлім. Алайда сәбилік кезеңде баланың сөйлеуінде мұндай заңдылықтар жайында сөз қозғау асыра сілтеу болар еді. Сәбилердің сөйлеу ерекшеліктерінің кейбір жақтары біздерді ашу-ыза қысқанда аффектік жағдайға ұшыраған кездегі жүйесіз, үзіп-жұлқып айтқан сөздеріміз сияқты болады.
Міне, біз баланың дербес тітін зерттегенде кездесетін түрлі ерекшеліктер осылар. Тұңғыш рет өз немересінің тілінің шығуын зерттеген, Дарвин бұл мәселені нақты әрі дұрыс түсіне білген деп есептеймін. Бірак Дарвиннін бақылау нәтижелері дер кезінде шын мәнінде бағаланып, жете түсіндірілген жоқ. Оның бақылауынан көптеген мысалдар келтіріп, цитаталар алынса да, бала тілінің даму ерекшелігі туралы айтылған пікірлерін ешкім дұрыс қорытып, түсіндіре алмады. Сондықтан баланың дербестік тілінің дамуы жайындағы Дарвиннін ілімі өрістемей тұншығып қалды. Дегенмен бірқатар авторлар баланың алғашқы сөздерін жазып алып, тексеріп көргең кезде дербестік сипатгарьша қатысты материалдарды көптеп жинақтады. Істің мәні бала тілінін дамуында ерекше кезең болатынына ешкім жете түсіне бермейді. Белгілі неміс ғалымы К.Штумфтың байқау нәткжелері бойынша бұл мәселенін одан әрі зерттеу жандана түсті. Ол өзінік ерекше дамып келе жатқан баласын бақылаған. Оның баласы алғашқы жылдары (3- 4 жасында) осы тілдің көмегімен 1 және 2 сөйлегенімен әдетгегі өзге сәбилерге ұқсамайтын еді. Бала өзінің маңындағы адамдармен тілдесті, бірақ ол өзінің дербес тілінде жауап берді. Бұл кемелденен тіл болғандықтан (сәби бұлай сөйлеуге бірнеше жыл бойы машықтанады) ол жекелеген-сөздердің бірлігі мен құрылысының күрделі жағын басынан кешірді. Өз тілін пайдаланып жүрген сәби бір күні ата-анасы кешке үйге келгенде баланың күтушісі оның дербестік тілді тастап, кәдімгі неміс тілінде сөйлеп кеткенін хабарлады. Бұл оқиға әдет емес, өзіндік ерекшелік еді. Мұның өзі сәбидің дербестік тілімен сөйлеу кезеңінің бірнеше жыл бойы кешеуілдеп қалуы бала дамуындаға кемістік болатын. Бірнеше жыл бойы кешеулдеп қалу себебінен дербестік тілі енді бұрк етіп дамып кәдімгі қалыпты даму кезеңіне ауысты. Бала сөйлеуіндегі мұндай өзгеріс табиғи заңдылық екені бәрімізге белгілі жайт.
Алайда Штумфтың хабарын замандастары күлкілі окиға ретінде қарады. Баланың дербестік тілінің негізін ашын керсету үшін және екі түрлі фактіні байқап көрсету мақсатын анықтауға ондаған жылдар бойы ғылыми зертгеулер жүргізуге тура келді.
Бірінші фаеті баланың дербестік тілі некен-саяк болатын оқиға емес-ті, Ол кез келген сәбидің тілінің дамып жетілуіне* байқалатын зандылық. Мұндай зандылықты былай түсіндіруге болады: бала ересектердін тілін меңгеруге дейін дербестік тілінде сөйлейді. Мен бұл жайтты дара ерекшелік ретінде айтып отырмын. Енді біздерге қазіргі ғылыми әдебиеттерде айтылын жұрт дербестік тіл деген атаудың мәні зерттеушілерге түсінікті болса керек. Дербестік тіл бала сөйлеуінде өзіндік ерекшелігі бар заңдылыққа бағынады. Бұл тідің дыбыстық жүйесі де, ұғымдық жағы да қатынас жасау мен қабысу түрлері өзгеше. Сондықтан да ол дербестік тіл деген атаура ие болады.
Сонымен бірінші жағдай – баланың дербестік тілі – кез келген дені сау сәби дамуындағы қажетті кезең деген жайтты қуаттайды.
Екінші жағдай: түрлі себептермен тілі жетілмей қалған кезде, оның дербестік тілінің дамуы жиі кездеседі және бұл жай бала тілінің дамуындағы кемшілікті анықтайды. Осындай кемшіліктер әр түрлі себептер салдарынан пайда болғанымен баланың сөйлеуі мен ым-ышарасы негізгі генетикалық кызмет атқара береді. Дені сау бала мен кемістігі бар бала өмірінде дербестік тілі елеулі роль атқарады.
Баланың дербестік тілі оның өз тілі, өзіңдік сөйлеу ерекшелігі. Бала әрбір сөзді атау үшін оның буынын, не өзініі дыбыстап атауы арқылы өзгелерге ойын білдіріп отырады.
Кез келген баланын қалыпты дамуын да біз дербестік
тілдің үш түрлі сипатын байқаймыз. Біріншісі дербестік тілдегі бала сөзінің атаулары мен дыбысталу ерекшеліктері ересек адамардың сөйлеуі мен дауыстап айтуынан өзгеше сипатга болады. Осы жөнінде зерттеушілердің баланың дербестік сөйлеуінде өрнектік сөз болмай, свздердің түбірі не сол түбірлердін буынын тау арқылы ойын білдіреді деуі шындық.
Бкінші ерекшелік. Дербестік тілдің мәні біздін сөздеріміздің мәніне дәл келе бермейді.
Үшіншісі – бала өз сөздерімен қатар ересек адамдардың да сөздерін түсіне алады, яғни тілі шыққанған дейін де бірқатар сөздердін мәнін түсінеді. Ол біз айтатын тұр, отыр, нан, сүт, ыстық және басқа сөздерді түсінеді, мұның өзі баланың өзінше сөйлеу ерекшелігіне кедергі жасамайды. Сондықтан Г.И.Идельбергер және басқалар баланың дербестік тілі біздің тілімізбен қатар немесе белгілі бір байланысты жағдайда өмір сүреді деген пікірді қолдайды.
Сонғы ерекшелік. Баланың дербестік тілі мен оның мағынасы сәбидің өзінің белсене қатысуымен қалыптасады.
Әрбір сәбидің дамуындаш дербестік тіл шындык фактор. Бұл жайт сәбилік кезеңдегі дағдарыс деп саналады. Алайда сәби алдағы даму кезеңдерінде сөйлеу әрекеттерін ересек адамдарға еліктеу нәтижесінде қалыпты жағдайға түсіп, мұңдай дағдарыс кезеңді женетін болады.
Кейбір авторлар баланың дербестік тілі жайындағы теорияны қатал сынап, бұл тілді тек сәбидің өзі ғана жасайды дейді. Мысалы, В.Элиасберг бала өзгелерді өзінің тілінде сөйлеуге мәжбұр етті дейді. Бұл сәбидің өзінің тілі деп санау қате болар еді. Кейбір ретге бұл дұрыс та сияқты. Мысалы, К.Штумфтың аласы 5 жасында оған айтылған сөздерді жете түсінбесе де, басқа тілде сөйлескісі келді. Алайда бұл тілді әдеттен тыс ерекше не төтенше жағдай деп қарауға болмайды. Өйткені сәби үнемі өзін қоршаған адамдармен қарым-қатынаста болып, оларға еліктейді.
Баланың дербестік тілінің кейбір ерекшеліктерімен танысып, баланың бірқалыпты және оңдағы кемістіктің пайда болу себетерін анықтаған фактілерді баяндауға кірісейік. Баланың дербестік тілде сөйлеу сатысындағы екінші жылғы өмірінен ірнеше мысалдар келтірейік.
Нона – 1 жыл 3 ай. Қыз, если тобынан. Оның дербестік тілінде небәрі 17 сөз бар. Солардың ішінде «Мы-к» деген сөз мысықты және т.б. бірнеше заттарды білдіреді. Біздер бала сөйлеуінің өзіндік ерекшеліктерін жүйелі бақылау нәтижесінде олардың сөздерін құрастырып айтуында әр алуан болып отыратын қызықты жайттарды жиі көреміз.
Энтелина – 1 жыл 3 ай, «Ка» деген сөз оның бүкіл дамуында 11 тұрлі мағынаға ие болады. Бастапқыда (11 айда) бұл өзі ойнайтын сарытас болды. Содан кейін ол жұмыртқаны, сабынды, бұдан соң кез келген түрлі-түсті барлық тастарды солай атады. Кейін 1 жыл 1 айға дейін ботқаны да осылай атап, келі келе-келе қанттың үлкен түйірі, бұдан соң барлық тәтгі дәмдер, кисель, котлет, қарындаш пен сабын қорабы және сабын да солай аталды. Бұл сөздерде қарындаш пен қалам белгісінің өз аталған заттармен ұқсастығы жоқ. Дегенмен, бұл ретте «қа»қарындаш, қалам сөздерінің «ерсектер сөздеріңдегі осы сөздерің бастапқы буыны. Мұнда дыбыстық ұқсастық бар. Сәби тек қана алғашқы «ка» буынды ғана ұстап қалған.
Кейбір заттар бұл сөздің мағыналық құрамына бір ғана белгісі бойынша, басқа заттар екінші белгісі бойынша енеді. Мысалы, сары сабын түсінің белгісі не сәйкес қалам мен қарындаш дыбыстың ұқсастығы лайықты анықталады. бұл мағыналардың бәрі жалғыз ғана «қа» деп аталатын сөз арқыл бейнеленетін заттар тобын құрайды.
Осы «қа»-ны түсінуге бола ма? Сол сәби-қыздың әкесі күнделік жүргізген физиолог маман екен. Ол былай деп жазады «қа» деген атау сәбидің нені мезгеп отырғанын анықтау қиынға соқты, оны түсіну әрқашанда көрнекі нәрселердің көмегіме шешіледі. Егер осы сөздердің түсініктері нақты жағдаймен үйлеспейтін болса, онда сөздердін мағынасын түсіну мүмкін емес
Ересек адамдардың сөздері белгілі жағдайдың орындары өзге сөздермен -жеткізе алар еді, ал дербестік тілде мұндай сөздепр жоқ, ол тек бір ғана жағдайды ұғындыра алады. Оларда бағыттау қызметі мен атау қызметі бар, бірақ жоқ заттар мен мағыналарды білдіретін қызметі жоқ.