№1 Зертханалық
жұмыс.
Балабақшадағы тіл дамыту
жұмыстарының жүйесі.
1. Балабақшадағы тіл
дамыту міндеттері, олардың психологиялық-педагогикалық
және лингвистикалық негіздемесі.
2. Мектепке дейінгі
тәрбиелеу мен оқытудың мемлекеттік
стандартын талдау. (2009)
3. «Бал-бөбек» және
тағы басқа вариативті бағдарламаларды
талдау.
Мектепке дейінгі мекемелерде
баланың тілін дамытуға байланысты жүргізілетін
жұмыстардың өзіндік жүесі бар. Тіл дамыту
жұмыстары оқу, тәрбие және ұйымдастыру
іс-шаралары жұмыстары барысында жүзеге
асады. Ғылым мен мәдениеттің қазіргі
заманғы дамыған дәрежесі жас мамандардың
өз пәнін терең игерген жан-жақты дамығанын
міндеттейді. Осыған орай тәрбиеші педагогтарға
мәнерлеп оқуды өздерінің кәсіби міндеті
деп игеру жүктеледі. Міне, осы жайлардың
бәрі балабақшадағы білімдерді дайындауда
мәнерлеп оқу бірнеше бөлімдерге бөлінеді:
- Мектепке дейінгі бала тәрбиесіндегі көркем сөздің ролі.
- Сөйлеу техникасы
- Орфоэпия.
Көркем сөз өнері
тақырыбында қазақ халқының көркем сөзді
мәнерлеп, өлеңді махандап оқу, жаттауы,
жатқа айтуы, жалпы көркем сөздердің қоғамда
алатын орны халықтың тәрбие дәстүріндегі
мәні сөз етіледі.
Сөйлеу техникасы
бөліміндегі сөйлеу техникасы туралы
ұғым (тыныс алу, дауыс, дикция) сөйлеу
аппараттары, дыбыстау мәнері, сөздердің
айтылуы, дауыстап оқу жайында ережелер
беріліп, олар жаттанып бекітіліп отырады.
Орфоэпия бөлімінде
әдеби тілде дұрыс сөйлеу нормасы, дауысты,
дауыссыз дыбыстардың айтылуы, үндестік
заңы, ассимиляцияның дұрыс дыбысталуға
қажет ережелер беріледі. Бұл бөлім дұрыс
дыбыстау мәдениетін қалыптастыруға арналады.
Ауызекі сөйлеу тілі дауыс нақышына
аса бай. Ауызекі сөйлескен екі адам бір-біріне
айтайын деген ойын, сезімін білдіргенде,
дауыс реңкін әлденеше құбылтады. Бұл
біздің күнделікті өмірімізде сан-салалы
қырынан, жол үстінде жүргенде, отбасы,
ошақ қасында, қызмет бабында, кинода,
театрда айқын аңғарамыз.
Тіл дамыту әдістемесін оқытудағы негізгі
мақсат білімгерлерге ана тілінің лингво-физиологиялық
негіздерін терең ұғындыру және балалармен
ұйымдастырылған жұмыста тиімді әдіс-тәсілдерді
қолдана білуге даярлау. Курсты ооқытудағы
міндеттерге мыналар жатады:
- Әдістеменің теориялық негіздері мен ғылыми пән ретіндегі ерекшелігін айқындау.
- Басқа ғылымдармен байланысына зерттеу әдістеріне тоқталу.
- Байланыстыра сөйлеуге үйрету, сөздік қорын дамыту, грамматикалық құрылымды қалыптастыру, дыбыстық мәдениетімен таныстыру.
- Көркем әдебиетпен таныстыру және сауат ашу әдістемесіне тоқталу.
- Өнер ретінде көркем шығармаларды оқу теориясымен таныстыру.
Тіл дамыту әдістемесінің және
мәнерлеп оқу практикумының зерттеу әдістерінің
үш түрі бар: тарихи әдістемелік, балабақша
тәрбиешілерінің озық тәжірибелерін жалпылау
және зерттеу әдістері.
Балабақша балаларының тілін дамытудың
үлкен маманы Тихеева өз еңбегінде сурет
арқылы тіл дамытуды жоғары бағалаған.
Қазақ балабақша балаларының тілін дамыту
үшін қолдануды ертеден-ақ ұсынып келеді.
Оны Баймұратова еңбектері арқылы дәлелдеуге
болады. Балабақшада балалардың тілін
дамытуда көрнекілік ерекше орын алады,
өйткені, көрнекілік-заттардың бейнесі.
Заттың бейнесі арқылы затты танытуға
болады. Ғалымдар тәрбиешінің тіл мәдениетіне
үлкен талап қояды, оған дәлел ретінде
Федоренко, Фоличева, Лоторев жазған «Мектеп
жасына дейінгі балалар тілін дамыту методикасы»
атты еңбектегі тәрбиешінің тіл мәдениеті
туралы пікірлерін келтірейік. Балалар
бақшасының тәрбиешісі үшін үлгілі сөйлеу,
тілін меңгеру-бұл кәсіби даярлықтың көрінісі,
сондықтан өзінің сөйлеу тілін жетілдіру
болашақ әрбір педагогтің адамгершілік
және қоғамдық парызы. Ол кейін балаларға
берілетін тілдік дағдыларды жетік меңгеруге
тиіс. Суреттің тіл дамытуда қолданылатын
түрлеріне тоқталайық. Суреттің тіл дамытуда
екі түрі қолданылады:
- Жеке заттардың суреттері
- Мазмұнды суреттер.
Олар заттардың өзімен түрлі пішінде немесе сипатына
байланысты және мазмұнды күрделірек
суреттер.
№2 Зертханалық
жұмыс.
Көркем шығарма мәтінін
қайталап айтуға үйретудегі тәрбиешінің
басшылығы.
- Шығармаларды іріктеу.
- Балаларды байланыстырып сөйлеуге үйретудің әдістері.
- Сабақ өткізу.
Жалпы көркем шығарма
халықтың немесе белгілі бір автордың
әр түрлі мазмұнда жазылған еңбегі. Көркем
шығарма туындыларына өлең, әңгіме, поэма,
повест, роман, пьесса т.б жатады. Көркем
шығармаларды талдау әдеби жанрларға
байланысты шығуы қарастырылады. Сонымен
қатар шығарманың сюжеті мен композициясы
сөз болады. Шығармадағы оқиға шешімі
шығарманың сюжеті арқылы баяндалады.
Көркем шығарманың типтері шығарманың
женр, идея, тақырыбын, автордың түпкі
ойын анықтау. Көркем шығарманың тіліне
ден қойылады. Негізгі орындау міндетін
негізгі оқу-түсіндіру оны бөліктерге
бөлу. Әр бөлімдердің астарын табу, оның
оқу міндеттерін түсіндіру.
Балғындарды
тәрбиелеуде ауыз әдебиетінің
жас өлеңдерінің ұғымына сай
жазылған туындыларының да өсиет-өнегелік
мәні зор. Абайдың жылдың төрт мезгіліне
жазған өлең жолдары, балалар әдебиетінің
атасы Ыбырай Алтынсарин шығармаларының
тәлімдік, білімдік мәні айрықша. Балдырғандар
көркем әдебиетпен үлкендердің ауызекі
әңгімелеп беруі, оқуы арқылы танысады.
Ауыз әдебиетінің
шығармаларын ертедегі әйгілі жыраулар,
ертегішілер өздері жатқа айтып қана қоймай,
жас жеткіншектердің сыр сандығына сала
берген.
Балалар
ересектердің байланыстыра айтылған
сөздерін түсінуден естілген
дыбыс ағынын ұсынудан бұрын жекелеген
сөйлемдерді, сөз тіркестерін, сөздерді,
морфемаларды үйренеді. Яғни, оларды айтылып
жатқан сөз ағынынан бөліп ұғынады. Байланыстыратын
сөздерді үйрену, оның компоненттерін,
сөйлемдерді, сөздерді және т.б мүшелерін
даралап айыру қабілетін дамытпайынша
мүмкін болмайды. Балалардың осы қабілетін
дамытуға көмектесу және сол арқылы оның
байланыстыра сөйлеуін үйретуді жеңіл
ету үшін дидактикалық тілдік материалдарды
әзірлеу кезінде әдетте қиындық тудыратын
сөз тудыру мен грамматикалық тұлғалардың
кейбір ерекшеліктерін есепке алу қажет.
Тілдік
белгілердің байланысуы осы тіркесте
қолданылған тілдік белгілердің
әрқайсысының мағынасынан өзгеше
жаңа мағынаға ие болады. Морфемалардан
сөздер, сөздерден сөз тіркестерін,
сөз тіркестерінен сөйлем жасау
кезінде жеке сөздердің мәні, элементтердің
мағынасы интеграцияға ұшырайды. Мысалы,
баға деген түбір морфемаға сөз тудырушы
–лы, -ла қосымшасы қосылып, жаңа сөздер
пайда болады. Көрсетілген морфеманың
тіркестері лексикалық мағынасы жағынан
бір-бірінен өзгеше үш түрлі белгі жасайды.
Жалпылауыш сөз баға, сөз, сапа, әрекет.
Байланыстыра
сөйлеудің екі типі бар: диалог және монолог.
Диалог-екі не одан да көп адамның әңгімесі,
әңгіменің мақсаты, әдетте, бірнәрсе жайында
сұрап, оған жауап беруге, белгілі бір
әрекетке түрткі болуға шақыру. Монолог-
бір адамның байланыстыра сөйлеген сөзі.
Монологтың мақсаты-белгілі бір факт жөнінде
баяндау. Монолог текстін қайталап айтуға
көмектесетін сұрақтар мынадай типтерге
бөлінеді:
- Бәрі қосылып қайталауға бағыттаушы сұрақ
- Есіне түсіретін сұрақ
- Жетекші сұрақ
- Тікелей сұрақ
- Тікелей сұрақтардың тізбегі
- Барлаушы сұрақтар
- Сұрақ-нұсқау.
Монолог түрінде сөйлеуге үйретудің
әдістері қайталап айту мен
ойдан шығару болып табылады.
Балаларға қайталап айтқызудан бұрын тексті сөзсіз оқып беру керек.
Балаларға көркем шығармалардың
текстерін қайталап айтуға көмектесу
әр түрлі сұрақтар қою арқылы ауызша
айту тәсілімен іске асырылады. Монолог
сөзге балаларды жүйелі үйретуді шамамен 5
жастан бастайды. Бірақ, бұған әзірлік
екі жастан, оларға тақпақ оқып, оны жаттатқан
кезден бері жүргізіледі. Ал төрт жасар
балаларға баяндау және суреттеу монологтарына
жаттықтыруға, ал жетіге аяқ басқанда
қысқа бір-екі сөйлемдік әңгімеге үйретуге
болады.
№3 Зертханалық
жұмыс.
Ауызекі сөйлеудің түрлері-диалог,
монолог және оларға сипаттама.
- Диалогтық сөйлеуге сабақ өткізу.
- Монологтық сөйлеуге сабақ өткізу.
Байланыстыра сөйлеудің екі типі
бар: диалог және монолог. Диалог
екі не одан да көп адамның
әңгімесі. Әңгіменің мақсаты, әдетте, бір нәрсе жайында сұрап,
оған жауап алу, белгілі бір әрекетке түрткі
болуға шақыру. Монолог бір адамның байланыстыра
сөйлеген сөзі. Монологтың мақсаты белгілі
бір факт жөнінде баяндау, әңгіме, диалогқа
қарама-қарсы болып келетін ауызекі сөйлеу
тілі жатады. Монолог-бұл мүлде реплика
емес, қоршаған ортаға әдейі әсер ету болып
саналатын ойды жеңіл етіп сөздік формаға
келтірілген жүйе. Монологтың барлығы
да көркем шығарманың нышаны.
Диалог стилі жағынан негізінен
ауызекі сөйлеу тіліне тән. Л.В.Щерба «өзара қатынасқа түскен
екі индивидтің бір-біріне жасаған реакциясынан,
белгілі ситуациямен немесе сөйлеушінің
айтуымен анықталатын әдеттегі ішкі себептерден
пайда болған реакциядан тұрады. Диалог-бұл
шын мәнінде жауап беру тізбегі»-деп жазды.
Диалогқа қатысушылардың әрбір жекелеген
репликасында аяқталған ой жоқ, тек олардың
бәрі «диалогтық бірлікте» деп ұғынылады.
Монолог сөзге балаларды жүйелі
үйретуді шамамен бес жастан
бастайды. Бірақ бұған әзірлік
екі жастан, оларға тақпақ оқып, оны жаттатқан кезден бері жүргізіледі.
Ал төрт жасар балаларға баяндау және
суреттеу монологтарына жаттықтыруға,
ал жетіге аяқ басқанда қысқа бір-екі сөйлемдік
әңгімеге үйретуге болады. Монологтың
қиындығы сонда-ол баладан өзі үшін маңызды
оқиғаға немесе әдеби шығармаға беріле
көңіл бөлуді, оған қатысты заттар мен
құбылысты сезіп қана қоймай, олардың
бір-бірімен байланысын да байқай алатындай
болуды талап етеді. Бұл үшін есте сақтай
білу керек. Есте сақтау қабілетінің жұмыс
істеуі жалпы баланың ақыл-ойының өсуімен
байланысты, балалардың бұл қиындықты
жеңуіне үлкендер көмегі қажет. Олар монологпен
сөйлесуге тақырып тауып беріп, баланың
сөзін аяғына дейін тыңдап отырады.
Монолог түрінде сөйлеуге үйретудің
әдістері қайталап айту мен
ойдан шығарып айту. Балалар монолог текстерін қайталап
айтады, оқиғалар мен заттарды нақтылы
көріп те және оны көзге елестететіп те
ойдан құрастырып айта береді.
Монолог түрінде сөйлеуге үйренудің
әдістерін меңгеру үшін тәрбиеші:
1) балаларды тыңдауға; 2) оларға ойдан шығаруға, қайталап айтуға,
әңгімелесуге көмектесуге міндетті. Орташа
топтағы, ересек және дайындық топтарын
монолог сөзге үйрету жұмысының айырмашылығы
текстің көлемі мен оның мазмұнының күрделілігіне
байланысты (оның екеуі де «Балалар бақшасындағы
тәрбие программасында» белгіленген).
Қай
жастағы топтарда болсын монолог
түрінде сөйлеуге үйретудің негізгі тәсілі ауызша айту үлгісіне
үйрену болып табылады. Қосымша тәсілдер-нақтылы
заттарды тіркету, суреттерге сүйену.
Өзара еркін сөйлесу арқылы монолог сөзге
үйрету. Тәрбиеші хабарын қайталап айту.
Тәрбиеші хабарының тақырыбы әр түрлі
оқиғалар, бастан кешкен немесе жұмысқа
бара жатқан жолда, дүкенде, үйде, тоғайда,
паркте т.б жерлерде кездесесіп қалуы
мүмкін әр алуан жағдайлар: немесе аңдардың,
гүлдердің, қандай да бір үйдің, ағаштың,
орманның жалпы адамды қоршаған ортаның
алуан түрлі сипаттамасы болуы мүмкін.
Әрине, бұл әңгімелер суреттеу монологы,
баяндау монологы формасында болады. Ал
жоғары топтағы балаларға арналған хабарлар
пікір алысу монологы болуы керек.
Алайда тәрбиеші хабарлары өзінің дидактикалық
мақсаттарына қарай әр түрлі болатынын
ескерген жөн: ол балалар көңілін бір құбылысқа
бөлетін, сонымен бірге олардың лексикасын
байытатын грамматикалық және синтаксистік
формалардан мағлұмат беретін таза танымдық
сипаттағы әңгіме болуы да мүмкін. Хабар
балаларға қайталап айтуды үйрететіндей
арнайы дидактикалық материал, яғни балалардың
монологты пайдалану қабілетін монолог
сөздерді меңгергенге дейін дейін қолдана
бергені дұрыс. Өмірде кездесетін оқиғалардан,
шындыққа құрылған ауызша суреттеулерді
тәрбиеші балалар ұғымына жеткізе алатындай
болуы керек. Сенімді, әсерлі түрде айтылған,
көңілді қалжың, әжуасы аралас суреттеулер
балаларға қатты әсер етеді, оны басқаларға
ынтамен қайталап айтуға әуестенеді. Бұның
өзі сөйлеу мүмкіндігін дамыта түседі.
Монолог текстін қайталап айтуға бәрі
қосылып қайталау, есіне түсіретін, жетекші,
тікелей, барлаушы, нұсқау сұрақтары жатады.
№5 Зертханалық
жұмыс.
Әдеби шығармаларды айтып
беруге үйрету процесіндегі
монологтық сөйлеуді үйрету.
- Ойыншық және картина бойынша әңгімелесуге үйрету әдістемесі.
- Мектеп жасына дейінгі балаларды шығармашылық әңгімелесуге баулу.
- Сабақ өткізу.
Ойыншық және картиналар балабақшадағы
мектеп жасына дейінгі балалардың
тілін, ақыл-ойын, ойлау қабілетін дамытуда
үлкен маңызы бар. Бұл әдістер көрнекілік
әдістер арқылы оқыту деп аталады. Мектеп
жасына дейінгі балалардың ұйымдастырылған
оқу іс-әрекетінде әсіресе сурет арқылы
сабақ өту кең тараған. Мысалы, суретке
қарап әңгіме құрастыру, яғни суреттегі
көріністі тәрбиеші сұрап, баладан жауап
алу арқылы тілін дамыту жұмыстары жүргізіледі.
Ертегілердің суреттері арқылы немесе
ойыншықтар арқылы балаларды әңгімеге
тарту қолайлы. Олардан ертгеінің сюжетін
суреті арқылы сұраса, олар солай тез қабылдайды.
Ойыншықтар арқылы да, мысалыға, қуыршақ
театрын ұйымдастырып, кейіпкерлер рольдерін
балаларға бөліп беріп сабақ ұйымдастыру
да қолайлы. Көрнекіліктің мектеп жасына
дейінгі балалар тілін дамытуында алатын
орны зор. Еш сабақ көрнекіліксіз өткізілмейді.
Себебі, балалар айтқанды тыңдай бермейді,
және олай тез қабылдай алмайды. Сол себепті
көрнекілік қолданса ғана олардың назарын
тез аударып, тез қабылдауына, қызығушылығын
арттырады. Педагог Коменский көрнекілік
әдіске байланысты: «Балалардың сезіп
қабылдауы үшін мүмкін болатындардың
бәрі, атап айтқанда: көрінетінді-көріп
қабылдау, естілетінді-естіп қабылдау,
иісі барын-иісін сезу арқылы, дәмі барын-дәмі
арқылы, сипауға болатынды-сипап сезу
арқылы іске асыру керек» дейді.