Баланың өмірінде ойынның маңызы

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 31 Октября 2013 в 23:28, доклад

Описание

«Балаға ең керегі ойын.Ең мағыналы мектебі, бар қызығы мол ойын.Ойында бала көргенін,білгенін екшелейді,үйренгенін нығайтып бекітеді.Тек ойын кезінде ған бала еркін сөйлейді.Не айту керек дегенге мән беріп жатпайды,өзінің көкейіндегісін ғана айтады.Бала ойында сызбалар мен арнайы үлгілер болмайды.

Работа состоит из  1 файл

Балаға ең керегі ойын.doc

— 24.50 Кб (Скачать документ)

       «Балаға ең керегі ойын.Ең мағыналы мектебі, бар қызығы мол ойын.Ойында бала көргенін,білгенін екшелейді,үйренгенін нығайтып бекітеді.Тек ойын кезінде ған бала еркін сөйлейді.Не айту керек дегенге мән беріп жатпайды,өзінің көкейіндегісін ғана айтады.Бала ойында сызбалар мен арнайы үлгілер болмайды.

        Ойын балалар  үшін айналадағыны танып, білу  тәсілі.Балалар ойындарының тәрбиелік  маңызын жоғары бағалаған А.С.  Макаренко былай деп жазған : «Бала  ойында қалай болса,өскен соң  жұмыстада коп жағынан ұқсас болады .Яғни келешек қайраткер азаматтарды тәрбиелеу ойыннан басталады.Ойындар мазмұнына қарай ,өзіне тән ерекшеліктеріне қарай(сюжетті-рөлді,драматизациялық және дидактикалық ,қимыл-қозғалыс ,ұлттық ойындар болып )бөлінеді.Солардың бірі дидактикалық ойындар.

         Дидактикалық  ойындар балалардың білімдерін  кеңейту және бекіту мақсатындағы  жоспарлы және мақсатты педогогикалық  тәсіл."Ойын ойнап ,ән салмай өер бала боларма" дегендей,ойынның қай түрі болмасын зер салып ,ой жүгіртіп қарар болсақ, одан мәнді де мағыналы істер туындап өрбитінін байқаймыз.Өйткені алдымен ненің болсын бастамасы жол бастар қайнар көзі болатыны белгілі,дегенмен біз ойынды бар өнерідің бастауы деп білеміз.Дидактикалық ойындардың бала өміріндегі орны ерекше болып табылады.Баланың байқағыштық,түсіну қабілеттерін ,сезіну қабілеттерін ,сөздік қорларын дамытады.Ойын көп жопарлы күрделі педогогикалық процесс болғандықтан мектепке дейінгі жастағы балаларды балалрды оқытудағы ойындық әдіс болып табылады.,оқыту формасы балаларды жан-жақты тәрбиелеудегі негізгі құрал,болып есептеледі.

    Дидактикалық ойын оқытудың әдістеріне 2 жолмен қарастырылады. Ойын сабақтар және дидактикалық тапсырмалар не болмаса автодидактикалық ойындар.

   Балалар ойын ойнағанды  ұнатады және өз ынталарымен беріліп ойнайды.Мектеп жасындағы балаларды оқытуда дидактикалық ойын маңызды құрал болып табылады. 
        Дидактикалық ойынның мзмұны бірнеше элементтерден тұрады: Дидактикалық тапсырмалар,мазмұны,ойынның орындалуы,мұнда басты элемент дидактикалық тапсырмалар болып табылады.

 

Тапсырмалар әр түрлі болып табылады:

1.Табиғат;

2.Жануарлар;

3.Өсімдіктер;

4.Адамдар;

5.Еңбек.

Дидактикалық ойынның басты  ерекшеліктері ережелерге сүйенеді.

 Көптеген дидактикалық ойындар  балалардың жеке дар ойнауына арналған ,олар балалардың дербестігін ,аңғарғыштығын ,өздігінен еңбек етуін жетілдіреді.

Қорыта айтарым дидактикалық ойындар  оқыту мен білім беру бір-бірімен  тығыз байланыста.Ойын сырттай қарағанда  оп-оңай көрінуі мүмкін .Ал іс жүзінде  бала ,ойынға қатысу үшін басқалармен тіл табысып,өзінің ойлағанын іске асыру оңай іс емес.Баланың рухани жетілуі,дамуы мен ой дүниесінің өркен жаюы ойынға тікелей тәуелді.""""""""


Информация о работе Баланың өмірінде ойынның маңызы