Балаңыз неге сөйлемейді

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 19 Февраля 2013 в 21:41, лекция

Описание

Ең алдымен баланың ортасы, яғни ата-анасымен, үйдің үлкендерімен, құрдастарымен байланысы әсер етеді. Байқап жүргеніміздей қайсыбір ата-аналар баланың жетілуіне өздерінің тікелей әсері барлығын жете түсінбейді, эмоциялық қарым- қатынасқа түспейді. Баланы еркелету,бірге ойнау, жас ерекшелігіне байланысты ойыншықтар алып беру сияқты бала үшін маңызды қажеттіліктерді ескермейді.

Работа состоит из  1 файл

Балаңыз неге сөйлемейді.doc

— 43.00 Кб (Скачать документ)

 

Балаңыз неге сөйлемейді


Бала тілінің дамуы  күрделі процесс екендігі белгілі.

Күнделікті тәжірибемізден көріп  жүргеніміздей,  соңғы уақытта  бала тілінің кеш шығуы көп кездеседі. Бұл жағдайға мән беріп, дер кезінде мамандардан кеңес алып отыратын ата- аналар да бар, керісінше 4-5 жасқа дейін

«өзі шығады » деп күтіп,баланы психикалық даму тежеулігіне жеткізетіндері де бар.  Өйткені сөйлеу әрекеті де  адамның  еске сақтау, зейіні, ойлау қабілеті сияқты  жоғарғы психикалық функциясы қатарына жататындығын ұмытпауымыз керек. Аты аталған психикалық процестердің біреуі бұзылса,

оның кері әсері  де басқа процестерінен көрініп отырады.

Осыған байланысты сіздің балаңыздың дамуына кері ықпал ететін факторлерге  тоқталғым келеді.

Ең алдымен баланың  ортасы, яғни ата-анасымен, үйдің үлкендерімен, құрдастарымен  байланысы  әсер етеді. Байқап жүргеніміздей қайсыбір ата-аналар баланың жетілуіне өздерінің тікелей әсері барлығын жете түсінбейді, эмоциялық қарым- қатынасқа түспейді. Баланы еркелету,бірге ойнау, жас ерекшелігіне байланысты ойыншықтар алып беру сияқты бала үшін маңызды қажеттіліктерді ескермейді.

Жүктілік кезіндегі инфекциялық  аурулармен ауыру  да, қан аздылық, бүйрек жұмысының бұзылысы, жүрек ақаулығы сияқты факторлер де жатырдағы  нәрестеге әсер етпей қоймайды.

Ата-ананың  ішімдікті беріле  ішуі  де  аномальді баланың дүниеге келуіне себепші болады. Босану кезіндегі  нәрестенің ми жарақаты, миға оттегінің жетпеуі сияқты жәйларда  кері әсерін  тигізеді.

Енді 3 жасқа дейін  баланың уақытында тілінің шықпауына  нақтырақ тоқталсақ:

Асфиксия: ағзада көміртегі газының молайып, қанға оттегінің жетіспеуі. Асфиксия  ауыр жүктілік  немесе  босану  кезінде пайда болады.Оған себеп жатырдағы нәрестенің мойнына кіндіктің оралуы, босану кезінде көп қан кету. Асфиксиямен туылған балалар бірдедауыс шығармайды.

Асфиксия ның ауыр және жеңіл  түрі болады. Бірақ қай түрі де  нәрестенің жүйке жүйесінің қызметінің әлсізденуіне әкеп соқтырады.

Мысалы жеңіл түрінде асфиксия алған балада  мектепке дейін жүйке және психикалық дамуы жақсы болғанмен, мектепке  барған соң , сол уақыттан бастап басы айналу, тез шаршағыштық, ашуланшақ болу, еске сақтау және зейінінің нашар болуы, мектеп бағдарламасын меңгермеу  сияқты шағымдар айтылады. Бұл жағдайда баланы алдымен невропатолог дәрігерге көрсету керек.

Босану кезіндегі бас сүйектің ішкі жарақаты:  мұндай жағдайда миға қанқұйылу салдарынан, мидың қанайналу жұмысы бұзылады. Жарақат  көбіне  әйел адамның аяғы ауыр кезінде  жүктіліктің  ауыр өтуі себебінен  болады. Сондықтан да дәрігерлер кесарево арқылы босандыру әдісін ұсынады.

Бірақ бұл әдістің де жағымсыз жақтары бар. Зейіні тұрақсыз, өте жыбырлақ, әр түрлі тіл кемістіктері бар балалар  тәжірибемізден  көріп жүргеніміздей  осы кесерево арқылы  дүниеге келген балалар арасынан кездеседі.

Бас сүйегі ішіндегі жарақатпен  дүниеге келген нәресте арасында нерв  жүйесінің, психикалық дамуының кеш дамуы,  сол сияқты  орталық нерв жүйесінің зақымдануының ауыр түрі – балалар сал ауруы кездеседі.

Невропатолог дәрігерлер психомоторлы дамуында ауытқушылығы бар  балаларға « перинатальді энцефалопатия» деген сараптама (диагноз) қойып жатады.

Бұл да баланың сөйлеу  функциясының  дамуына кері ықпалын тигізеді. Енді қысқаша осы сараптамаға тоқталайық.

« Перинатальді энцефалопатия» — бұл жүктілік кезіндегі, босану барысында немесе туылғаннан кейін   нәресте   миының зақымдалуына байланысты  орталық нерв жүйесінің  бұзылуы. « Энцефалопатия» термині – мидың зақымдалуы мағынасын білдіреді. Ал « перинатальді » деп босануға жақын не босану барысында деген мағынаны білдіреді. Перинатальді энцефалопатия кезіндегі мидың жарақаты әр түрлі дәрежеде болады. Ол жаңа туған нәрестеде  швед дәрігері В.Апгар ұсынған 10 балдық жүйемен анықталады. Энцефалопатиямен туылған нәрестеде бұл бал төмен болады. Сондықтан да невропатолог дәрігердің бақылауында болған дұрыс. 1 жастан кейін дәрігер есептен шығарып тастағанмен, баланың дамуына мән беріп , шамадан тыс талап қоюдың орнына, шыдамдылық таныту керек.

Жоғарыдағы аты аталған  ауытқушылықтар шала туған балаға ерекше әсер етеді. Шала туылған бала  деп 38 аптаға жетпей, 2500 грамм салмақпен туылған балалар. Уақытынан бұрын ананың босануы түрлі факторлер әсер етеді: хроникалық , эндокринді аурулығына, стресске ұшырауына  байланысты .

Ата-аналар баланың даму сатысын біліп отырғаны абзал. Мысалы қашан  гуілдейді, былдырлайды, ойыншыққа назар аударуы, үй- ішін тануы, басын ұстауы, отыру, жүруі, сөйлеуі т.б. Қимыл- қозғалыс, сөйлеу және психикалық дамуында  баланың сәл ауытқушылық байқалса  уақыт оздырмай маман- дәрігерлерден кеңес алуы керек.

Тілінің дамуында тежеліс  немесе сөйлеу белсенділігінің жоқтығы көп жағдайда қоршаған ортаның әсерінен болады. Яғни, жанұядағы тынышсыздық,үлкендер тарапынан  бала тәрбиесіне әр түрлі ықпал жасау . Сол сияқты шамадан тыс еркелету, өз тілегін сөзімен жеткіздіруге мүмкіндік жасамау.

Ананың мейіріміне зәру бала да сөйлеуге ынтасы болмайды.

Психикалық  дамуында тежеулік бар, интеллектісі төмен балаларда да тілінің дамуында кешеуілдік болады. Олардың активті сөздік қоры ғана емес, қоршаған ортаны қабылдауы төмен . Мұндай балалар өте жыбырлақ, икемсіз, өздіктерінен  ойнай алмайды, ортаға бейімделмейді. Мұндай жағдайда тезірек дәрігерге көрсетіп, тиісті емдік шарасын алу керек.

Баламен үнемі сөйлесіп отыру, қимыл- қозғалысын дамытып отыруды ұсынамыз.Ұсақ моторикасын ( қолының қимыл- қозғалысы) жетілдірудің маңызы зор. Қол бұлшық етінің  икемсіз болуы да сөйлеу процесін тежейді. Сондықтан да  уақыт оздырмай, баланың жан- жақты  дамуына көңіл бөлген жөн.

Танзиля  Омарова –Атырау  облыстық балалар денсаулығын қалпына келтіру орталығының  жоғары санатты логопед- дефектологы.


Информация о работе Балаңыз неге сөйлемейді