Автор работы: Пользователь скрыл имя, 01 Ноября 2012 в 08:59, курсовая работа
Қазақ халқының дене тәрбиесіне, оны шынықтыруға, ептілікке, денсаулықты, көңіл-күйді көтеруге арналған осы кездегі дене тәрбиесі мен спорт нышаны ерте заманда-ақ халық кәдесіне жарағандығын кейбір археологиялық деректер дәлелдейді. 1970 жылы Оңтүстік Қазақстан облысында б.з.б. 4 – 3 ғасырларда тоғызқұмалақ тастары табылды. Сол жылы Тараз қаласынан 30 км жерде археологтар тоғызқұмалақ тақтасының тасқа қашап салынған суретін кездестірді.
Кіріспе
1. Дене тәрбиесінің пайда болуы мен даму себептері.
2. Дене тәрбиесі жүйесінің мақсаты мен міндеттерінің өзгеруі. Дене тәрбиесінің арнайы амалдары .
3. Дене шынықтыру мәдениеті.
4. Дене тәрбиесінің жалпы жүйесінің негізгі түсініктері.
5. Спорт.
Қорытынды
Қолданылған әдебиеттер
Мазмұны
Кіріспе
1. Дене тәрбиесінің пайда болуы мен даму себептері.
2. Дене тәрбиесі жүйесінің мақсаты мен міндеттерінің өзгеруі. Дене тәрбиесінің арнайы амалдары .
3. Дене шынықтыру мәдениеті.
4. Дене тәрбиесінің жалпы жүйесінің негізгі түсініктері.
5. Спорт.
Қорытынды
Қолданылған әдебиеттер
Қазақ халқының дене тәрбиесіне, оны шынықтыруға, ептілікке, денсаулықты, көңіл-күйді көтеруге арналған осы кездегі дене тәрбиесі мен спорт нышаны ерте заманда-ақ халық кәдесіне жарағандығын кейбір археологиялық деректер дәлелдейді. 1970 жылы Оңтүстік Қазақстан облысында б.з.б. 4 – 3 ғасырларда тоғызқұмалақ тастары табылды. Сол жылы Тараз қаласынан 30 км жерде археологтар тоғызқұмалақ тақтасының тасқа қашап салынған суретін кездестірді. Түрік қағандығы дәуірінде Қазақстан жерінде көптеген қалалар салынып, мәдени орталықтар бой көтерді. Көне Таразда әнші-күйшілер, шабандоздар, садақ тартушылар, балуандар, басқа да күш өнерін көрсетушілер бас қосып отырған. 7 ғасырларда Орта Азия мен Қазақстан жерін жаулап алған Араб халифаты ислам дінін уағыздаумен қатар, шахмат (шатрандж) ойынының таралуына, оның дамуына айтарлықтай ықпал етті. Сөйтіп, көшпенді деп аталып келген қазақ халқы дене тәрбиесін, оның ішінде спортты дамытуға көңіл бөлгені байқалады.
Ежелден садақ тарту, бәйге, сайыс, күрес, аударыспақ сияқты спорт түрлерімен айналысқан қазақ халқы басқа да спорт түрлерімен айналысу арқылы өздерінің рухани байлықтарын жетілдіріп, толықтырып отырған. Халық өзіне лайықты деп санаған ұлттық спорт түрлерін, әр түрлі дене жаттығуларын үнемі жетілдіріп келген. Әр рудың, әр жүздің, әрбір хан мен бай-манаптың, болыс-бектің өз балуаны, өз мергені, өз сәйгүлігі болған. Олар бәйге-жарыстарда ірі рулардың намысын қорғаған
Қазақ халқы арасында спорттың
дамуына әр ұлт өкілдерімен арадағы
қарым-қатынастың нығаюы көп әсер етті.
Мұндай жағдай, әсіресе, Қазан төңкерісінен
кейін берік қалыптасты. Алғашқы
кезеңде спорт пен дене тәрбиесі
еңбекшілердің денсаулығын
Дене тәрбиесінің пайда болуы мен даму себептері
Дене тәрбиесінің мақсаты - жалпы халық пен жеке адамның үйлесімді жетілуін қамтамасыз ететін кешенді дене шынықтыру және спорттық ілімдер мен тәжірибені меңгеру. Күтілген нәтиже қоғам дамуының заңдылықтарымен тығыз байланысты. Бұл мақсат қоғамды құрап, оның байлығын қорғайтын әлеуметтің талаптарына сәйкестендіріледі. Дене тәрбиесінің мақсаты жан дүниесі рухани бай, ар-ожданы таза, Отанды қорғауда ұзақ жылдар шығармашылық еңбек етуге жарамды адамдардың дене қимылы дамуын қалыптастыру болып табылады.
«Мәдениет» латын тілінен - жетілу, тәрбие, білім, даму деген түсініктерді білдіреді және адамзаттың тарихи дамуы барысында адам қолымен жасалған материалдық, рухани қазыналардың жиынтығы (бұл туралы мәдениеттану сабақтарында толық түсінік берілген). Бұл ұғым әртүрлі қоғамдағы (көне дәуір, құл иеленуші, т.б.) техникалық, ғылым, білім, әдебиет, өнер, пәлсапа, адамгершілік және соған тән мекемелердің дамуы жолындағы қол жеткен табыстарын қамти көрсетеді. Дене мәдениеті - жалпы мәдениеттің бір түрі. Оның өзіне тән ерекше мәні адамның дене қуаты дайындығын, қимыл-әрекетін өмір тәжірибесіне сәйкес пайдалануға, өзінің дене ахуалын және дамуын үйлестіре жетілдіріп, ширата түсуіне байланысты, оған: жоғарыдағы қызметтің мақсатына сай жетілдірген түрлері, олардың мәдени құнды бағаға ие болған нәтижелері жатады. Дене мәдениеті кең ұғым деңгейінде алғанда қоғамның халық дене тәрбиесі қабілетін дамытуға бағдарлаған арнайы әдістер және жағдайлар жетістігінің жиынтығы болып табылады.
Адамгершілік,
ізгілік өріс алған қоғамда дене мәдениеті
жеке тұлғаның жан-жақты үндестік таба
дамуы тиімді қүралдарының әр адамның
дене шынығуын жетілдіру жолында игіліктерге
жеткізудің арнаулы ықпал етуші фактордың
біріне саналады. Осы жайларды ескере
отырып, дене мәдениеті халықтың дене
шынығуын жетілдіре түсуге жасаған жағдайлар
мен тиісті құралдарды пайдалана білудегі
жеткен нәтижелерінің жиынтығы болып
табылады. Сөйтіп, дене мәдениеті осы
саладағы қоғамдық тарихи даму практикасының
барлық жетістіктерін бойға жинақтаған
қоғамдық қүбылыс ретінде көрінеді. Дене
мәдениетінің жетістіктері қоғам өмірінде
белсенді рөл атқарады. Олар адамдардың
дене және рухани мәдениетін тәрбиелеу
құралы ретінде пайдаланады.Негізгі түсініктер
арасында «дене мәдениеті» деген сөздің
мағынасы кең. Дене тәрбиесінің пайда
болуы және алғашқы дамуы қоғамдық құбылыс
ретінде халықтың сана-сезімі арқылы дамыды.
Талай мындаған жылдар бойы адам аңдармен «жарысып» келді. Ол өзінің икемділігін, ептілігін, күштілігін, төзімділігін, жақсы дене қуатының дайындығы арқылы ғана жеңе алар еді, сондықтан барлық ұжым болып, бірігіп аң аулауға шығар еді. Найза лақтыру, садақ ату, т.б. еңбек құралдарын аң аулауға, үй шаруашылығына керекті шаруаларын істеді. Осының бәрі дене қимылын жетілдіруге әкеліп соқты. Сонымен бірге, сол уақыттағы табиғаттың дүлей күштері (жер сілкінісі, қарлы борандар, дауылдар, су тасқындары, құрғақшылық т.б.) және өз тайпасын қорғау немесе басқа бөтен тайпаларды басып алып, өзіне бағындыру үшін жасалынған қорғаныс-шапқыншылық әрекеттері де адамзат баласының өз тұқымын аман алып қалу мәжбүрлігінен туындаған еді.
Алайда, бұның бәрі дене жаттығуларына әкелер әсері аз болғандықтан, дене қимылы жаттығуларын әрі қарай жетілдіру керек болды. Адам өзіне керек жаттығуларды күнделікті үйрену үшін қайталай берді. Бұл жаттығулар күнкөріс қамынан басқа ойын ретінде қолдана бастады. Соның арқасында дене қимылы жаттығулары одан әрі дами бастады. Ол жаттығулар адам еңбек құралынан адамның өзіне жарайтын қалыпқа жетті.
Қоғамның саяси, экономикалық өмір салтының өзгеруі дене тәрбиесі жүйелерінің өзгеруіне әкеліп соқты, жаңа жүйе пайда болды. Дене тәрбиесінің мақсат, міндеттері өзгерді, дене қимылы жаттығулары, амалдары, қағидалары т.б. формалары дене қимылын үйымдастыру жолдары өзгергенмен, қоғамдық құбылыс ретінде ол адам өмірінде мәңгі қалып қойды. Дене тәрбиесі жүйесінің мақсаты мен міндеттерінің өзгеруі дене тәрбиесінің арнайы амалдары — дене қимылы жаттығуларына да әсерін тигізді. Бір жаттығулар түрлері өзгерсе, екіншілері - пайдасының аздығынан немесе сол заманның сұранысына орай, жоғалып кетіп, олардың орнына жаңа жаттығулар келіп жатты. Ол екі себепке байланысты еді: біріншіден, қоғамның ол-ауқаты жақсарып дами бастаған әр кезеңде адамнан дене қимылы мен қасиеттерін көбейтіп отыру керек еді. Жаңа міндеттер жаңа дене қимылы жүйелерін әкеліп жатты. Екіншіден, дене тәрбиесі ғылымының дамуына байланысты, дене қимылы қасиеттерін адам терендете оқып біле бастады, бұл деген адамға кездесіп көрмеген жаңа жаттығулар түрін дайындау болса, үшіншіден, сол дайындаған жаттығулардың адам ағзасына пайда келтіретін жаттығуларды дайындау болды. Дене тәрбиесі дамыған сайын дене қимылы жаттығулары да көп түрленіп, көбейе түсті. Олар тек еңбек саласынан емес, әскери, өнер, би билеу салаларынан да алынып жатты. Уақыт өте келе, заман сұранысына байланысты, дене қимылы жаттығулары адамның өзінің білу мүмкіндіктеріне орай, жасанды істеліне бастады. Дене тәрбиесі жұмысында шешілуге тиіс міндеттер үш топқа бөлінеді: сауықтыру, тәрбиелік және білім беру міндеттері. Аталмыш міндеттердің өскелең ұрпақты тәрбиелеуге қосар үлесі мол. Сондықтан да, оларға қысқаша сипаттама берген жөн.
Сауықтыру міндеттеріне - денсаулық күйін жақсарту, одан әрі нығайту, ағза түрлерінің және қызметтерінің үйлесімді дамуы, тұлға мүсінінің дұрыс қалыптасып жетілуі жатады. Нақтылы педагогикалық жүйеде барлық міндеттер өзара тығыз байланыста болады. Әрбір сабақ шын мәнінде сауықтыру және сауықтыру-тәрбиелік міндеттерін шешеді. Дегенмен, дене тәрбиесінің жекелеген кезеңдерінде олардың біреуінің мәні басымырақ болуы мүмкін. Мысалы, қозғалыс әрекеттерін оқып-үйренуді алғашқы бастаған кезде білім беру міндеттері жетекші рөл аткарады, ал оны одан әрі жетілдіру әдістерін меңгеріп, оны жетілдіру кезеңінде бірінші кезекте тәрбиелік міндеттер тұрады. Сауықтыру міндеттерін шешу арқылы адамның материалдық қоры - мықты денсаулық, ағзаның жоғары қызмет мүмкіндігі, сүлу сымбаттылық калыптасады, бұларсыз адамның дене қасиеттерін жетілдіру туралы ойлаудың өзі мүмкін емес. Дене шынықтыру жаттығуларымен шүғылданған кезде, адамның табиғатына оның жоспарлы әсері байқалады.
Тәрбиелік міндеттер адамның жеке басының жан-жақты дамуына рухани, патриоттық, адамгершілік, сана-сезім мен дене қуатының уйлесімді бірлігін құрайды. Дене тәрбиесі бүтіндей педагогикалық мәні. Білім беру саласында өзінің арнайы зандылықтарымен тәрбиенің жалпы міндеттерін атқара алады. Тәрбиелік міндеттердің мектептегі оқу-тәрбие, сыныптан және мектептен тыс жүмыстарына қосар үлесі мол. Дене шынықтыру мүғалімі бұл бағыттағы жұмыстарды ұжыммен бірлесіп істеуі қажет.
Білім беру міндеттері - дене шынықтыру мен спорт саласындағы арнайы білімдерді меңгеріп, оны арнайы орындарда қимыл-қозғалыстарды үйрету арқылы, күнделікті қолданысқа түсіру. Дене қимылының білімі деп, арнайы жүйелі білімді, дене қимылы жаттығуларын игеріп, оны түрмыста, өмірде, әскери қызметте т.б. түрлі амалдар мен айла-тәсілдер арқылы өз бетінше қолданады. Арнайы білім - дене тәрбиесінің зандылықтарын басшылыққа алатын білім. Бұл саланың мазмұнын дене қимылы білімінің деңгейі мен бағыты қарастырылады. Дене қимылы білімі ұғымын ең алғаш рет орыстың белгілі ғалымы П.Ф. Лесгафттың ғылыми еңбегінде айтылады. Нақ осы ғалым алғаш рет дене тәрбиесі теориясы мен әдістемесін бөліп, спорттық ойындар, гимнастика, жеңіл атлетика түрлерін айырьш, олардың әрқайсысын жеке спорт түрі ретінде жіктеді.
Қазіргі кезде оқу материалының кеңеюі оқу орындарында бекітілген тарификация сағаттарының көлемімен беріледі. Елбасының бекіткен «Дене шынықтыру және спорт» туралы Заңына байланысты, жалпы білім беретін мектептердегі дене шынықтыру сабақтарының саны артқаны белгілі. Жоғары буын оқушыларынан басқа, онда орта және төменгі буындарда да ұлдар мен қыздардың сабақта жеке өткізілуі көзделген. Болашақта дене шынықтыру мен спорт педагогикасы қүрамына біріктірілетін дене мәдениетінің тарихы, дене тәрбиесінің психофизиологиясы, биомеханика және тағы басқа арнайы пәндерді кешенді оқу пәні ретінде оқыту жоспарлануда. Бұл педагогикалық мүмкіндіктерді ашып қана қоймай, оны қалың жұртшылықтың қабылдауына игі ықпал етеді.
Қандай да болсын, оқу орындарында (орта мектептер, арнаулы орта білім беретін мекемелер мен кәсіптік білім беретін оку орьшдары, жоғары оку орындары) «Дене шынықтыру» пәнінің маңызы зор екенін әрдайым есте ұстап, оның маңызын биіктете отырып, жоғары деңгейде ұйымдастырып өткізгені абзал, ол үшін жас мамандарды әрбір тақырыптарды өткен кезде нақтылы мақсат-міндеттерді қоя білу және бұқаралық көпшілік арасында дене тәрбиесі, дене шынықтыру және спорт жөнінде үгіт-насихат жұмыстары мен салауатгы өмір сүру салты женінде жұмыстарды жүргізу тәсілдері мен дағды-машықтарын, әдістерін, қағидаларын және амалдарын үйренеді.
Дене тәрбиесі жүйесінің мақсаты мен міндеттерінің өзгеруі.
Дене тәрбиесінің арнайы амалдары
Дене тәрбиесі жүйесінің ең басты мақсаты - адам баласының дене қалпының жетілуі жөніндегі көрсеткіштерін ойдағыдай болуын қамтамасыз ету болып табылады. Қоғамның өзі дене тәрбиесі жүйесінің және оның қалыпты жүмыс атқаруын көтермелеп отыруға міндетті. Бұл күтіліп отырған көрсеткіш қоғамның даму заңдылыктарьша негізделген. Бұл мақсатта елдің байлығын арттыру және оны қорғауға дайын адамдар жөніндегі қоғамның объективті қажеттілігі көрініс тапқан.
Дене тәрбиесі - адам ағзасына дене қимылы жаттығуларымен максатты, жүйелі түрде ықпал ету, денсаулықты нығайтуға жақсартарлық табиғаттың табиғи күштері мен тазалық сақтауды жолға қою, дене қасиеттерін тәрбиелеу және өмірлік мәні зор қозғалтқыштық іскерлік иен дағдыларды, соларға байланысты білімдерді қалыптастырып, жетілдіру, адамды белсенді өмірге даярлау, деп түсінік беруге болады.
Бұл анықтамадан дене мәдениетінің екі ерекшелігі байқалады:
1. Қозғалыстарға үйрету. Ол дене тәрбиесі білімінің негізгі мазмұнын қүрайды, яғни, өзінің қозғалысын басқарудағы арнайы тәсілдерді орынды пайдалану жүйесін меңгертеді, сол арқылы іскерліктің, дағдылардың және онымен байланысты білімнің қорын игереді.
Адамның дене құрылысы сапаларына қатысты дене құрылысының табиғи қасиеттері кешеніне максатты түрде ықпал ету. Дене тәрбиесінің бұл саласын дене сапаларын тәрбиелеу сапалары деп атайды. Соңғы нәтижеде дене тәрбиесі тәрбиенің басқа түрлерімен бірге педагогикалық үдеріс ретінде жеке тулғаның қалыптасуына ықпал етеді.
Дене қимылы білімі - қозғалыстарға үйретудің негізгі мазмұнын құрайды және адамның өз қозғалыстарын басқарудағы орынды тәсілдерді меңгеру жүйесін жасайды, сол арқылы іскерліктің дағдылардың және солармен байланысты білімдердің емірге қажетті қозғалтқыш қорын меңгертеді.
Информация о работе Дене тәрбиесінің пайда болуы мен даму себептері