Девиантты мінез-құлықты балалармен жұмыс

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 31 Января 2013 в 22:03, реферат

Описание

Мінез-құлықтың ауытқыған генезінде маңызды орын алушы әлеуметтік факторлар қатарына тәрбие мен қоршаған ортаның жағымсыз жағдайлары да жатады. В.В. Ковалевтің мәліметі бойынша, қоршаған ортаның ұзақ уақыт бойындағы жағымсыз әсерінің салдарынан жеткіншектердің "тұлғасының патологиялық дамуы" қалыптасуы мүмкін. Әлеуметтік факторлар түрткі болған мінез-құлық ауытқылары арасында шағын әлеуметтік және педагогикалық тұрғыдан қараусыз қалған құбылыстармен байланысты патологиялық тұрғыға жатпайтын түрлер маңызды орын алады

Содержание

I.Кіріспе
II.Негізгі бөлімі
а) Ауытқушы мінез-құлыққа жалпы сипаттама
ә) Ауытқушы мінез-құлықтың әдістері
III.Қорытынды
Пайдаланған әдебиеттер

Работа состоит из  1 файл

Девентология сөж ж.doc

— 50.00 Кб (Скачать документ)

    Девиантты мінез-құлықты балалармен жұмыс                  

 Жоспары:

I.Кіріспе

II.Негізгі  бөлімі

 а) Ауытқушы мінез-құлыққа жалпы сипаттама

 ә) Ауытқушы мінез-құлықтың әдістері

III.Қорытынды

Пайдаланған әдебиеттер

 

        Ауытқушы мінез-құлықтың биологиялық негізі, тұқым қуалаушы факторлар және ананың ауыр аяқ кезіндегі түрлі сыртқы жағымсыз жағдайлардың әсер ету салдары да болуы мүмкін. Ана ағзасына кері әсер ететін аса зиянды факторлар қатарына ішімдік, темекі шегу, токсикологиялық, нашакорлық заттардың пайдалануы бірінші кезекке өз

Р.Г.Иьлешева мінез-құлық   ауытқуының   мүмкіндігін   туғызатын биологиялық факторларға  психикалық және физикалық даму, жетілу қарқындылығының  үйлеспеу  кезінде   пайда   болатын   "қайшылық"' жатады деп белгіледі. Қалыпты жағдайда бұл үрдістер қатар жүреді. Мұндай мысалдардың біріне психофизикалық инфантилизм, яғни балалық шаққа тән психикалық, мінез-құлық ерекшеліктерінің жеткіншек жастағыларда (ересек адамдарда) сақталуы жатады.

Мінез-құлықтың ауытқыған генезінде маңызды орын алушы әлеуметтік факторлар қатарына тәрбие мен қоршаған ортаның жағымсыз жағдайлары да жатады. В.В. Ковалевтің мәліметі бойынша, қоршаған ортаның ұзақ уақыт бойындағы жағымсыз әсерінің салдарынан жеткіншектердің "тұлғасының патологиялық дамуы" қалыптасуы мүмкін. Әлеуметтік факторлар түрткі болған мінез-құлық ауытқылары арасында шағын әлеуметтік және педагогикалық тұрғыдан қараусыз қалған құбылыстармен байланысты патологиялық тұрғыға жатпайтын түрлер маңызды орын алады

В.В. Ковалев, А.Е. Личко өз еңбектерінде, қоршаған ортамен әрекеттестікте пайда болатын және осы кезеңде мінез-құлықтарын қалыптасуына ықпалын тигізетін, жеткіншек жасына тән психологиялық реакцияларындағы балалық және ересектік ерекшеліктерінің бір уақытта  үйлесуі жөніндегі мәселені зерттеген .Жасөспірім жасына тән мінез-құлықтың бірнеше реакцияларын сипаттайды:

  1. Эмансипация реакциясы - бұл жасөспірімдердің дербестікке, 
    үлкендердің      қамқорлығынан      босануына     талаптануын 
    бейнелейді. Қоршаған ортаның қолайсыз жағдайында бұл 
    реакция    мектептен    немесе    үйден    қашудың    негізінде, 
    мұғалімдер мен ата-аналарға бағытталған ашудың әсерінде 
    және жеке әлеуметтікке қарсы қылықтардың негізінде болуы 
    мүмкін.
  2. "Теріс нәрсеге еліктеу" (иммитация) реакциясы - бүл баланың 
    мінез-қүлқында, әсіресе отбасы мүшелерінің қолайсыз мінез- құлықтарына қарсылығын білдіру кезінде айқын көрінеді. Сонымен қатар, тәуелсіздікке күресу мен эмансипация реакциясының құрылуын бейнелейді.
  3. Топталу реакциясы - бүл мінез-құлықтың белгілі бір стилмен 
    жеткіншектер  және топ аралық, әсіресе    өзінің    лидерімен    қарым-қатынастың    жүйелігін сипаттайды.
  4. Әуестену   реакциясы    -   жеткіншектің   тұлғасының   ішкі 
    құрылымының ерекшеліктерін бейнелейді.
  5. Жыныстық әуестігімен қалыптасатын реакциялар (органанизм, 
    ерте    жыныс    қатынас    өмірі,    жыныстық    мәселелерге қызығушылықтың жоғары болуы).

Жасөспірімдердің  қырық төрт пайызы толық отбасы болмағанын, яғни тек ата- анасының біреуі ғана болғанын, отыз пайызда жақын  туыстарының  біреуі (әкесі, шешесі немесе ағасы) заң алдында жауапқа тартылғандар, он бес пайызы әке шешесінің ішімдікке салынғанын анықтаған. ( бұдан шығатын қорытынды мінез-құлқы ауытқушы болған балалардың негізгі себебі отбасы тәрбиесінің дұрыс жолға қойылмауы.

Мінез-құлқы  ауытқушы болған жасөспірімдердің мінез- құлқы  бұзылған    жағдайда      біріншіден    қоршаған        ортамен байланысы бұзылып, өзінше   тұйықталып, көңілге қонымсыз істер істейді, сандырақ сөздер  айтады, үнемі алаңдай береді, ешбір себепсіз қорқады

Баланың мінезінде өзгерістерді оның жүріс-тұрысынан, қылжақтауынан, ауыз мұрны   қимылынан, сөйлеуінен   көруге болады. Т.А. Власова мен М.С. Певзнердің еңбектерінде жасөспірім жасында бір қатар мінез-құлық ауытқыларының қалыптасуына байланысты дамудың түрлі формаларындағы балаларды оқытуының барабар жағдайларының жағымсыз рөліне нұсқаулар көрсетілді. В.Г. Властовский (1976ж.) өз зерттеулерінде, жалпыға бірдей мектептердегі "қиын" жасөспірімдердің мінез-құлықтарының ауытқылары, негізінен психикалық тұрақсыздық синдромына қатысты болады деген тұжырымға келді.

Ол өз кезегінде  психосоматикалық сфераның жетілмеуімен қатар, әлеуметтік декривациямен де шартталады, яғни тәрбиенің жағымсыз жағдайларымен ескеріледі. Таным іс-әрекетінің церебральды-органикалық сипатымен қатар эмоционалды бейнедегі инфантилді қылықтардың үйлесуі, жалпыға бірдей мектептегі оқушылардың көпшілігін церебральды-органикалық сипаттағы психикалық дамуы тежелген жасөспірімдер қатарына жатқызылылады деген қорытынды жасауға түрткі болды. "Қиын" жасөспірімдердің еріктік-аффективті сферасының ауытқыған көріністері бойынша түрліше болып келеді.

К.С. Лебединский және Райский М.М. жалпыға  бірдей мектептегі тәрбиесі қиын жасөспірімдердің аффективті қозғыштық синдромын зерттей, талдау жүргізу негізінде оларды екі топқа бөлді:

1.Жасөспірімдердің  аффективті қозғыштық деңгейін  патологиялық емес ретінде бағалауға болады. Оларға мінез-құлықтың жеңіл түрде зақымдануы, невротикалық реакциялар мен дәлелденбеген құбылмалы көңіл-күйдің болмауы, аффективті реакциялардың сомато-вегетативті құрылымының "жүмсақтығы", қолайлы жағдайларда мінез-құлықтың орнын толтыру қабілеттілігі тән. Олардың аффективті ашулары қысқа мерзімді және жеткіншектердің оларға өздерінің белгілі сынауы тән болып келеді.

Бұл топтағы жасөспірімдердің мінез-құлық ауытқылары шағын әлеуметтік педагогикалық тұрғыдан қараусыз қалуымен ескеріледі. Көпшілігінде тұрақсыздық, өзін-өзі бағалауының толық дамымаушылығы, талаптану деңгейінің төмен болуы беліленген.Сонымен қатар, жынысытық қарым-қатынасқа байланысты қызығушылықтары айқын көрініп, ақыл-ой деңгейі орташа қалыпта болуы көрсетілген.

2.Мінез-құлықтары  ауытқыған және аффективті қозғыштығының  патологиялық деңгейіндегі жасөспірімдер.  Олардың қолайсыз жағдайда тәрбиеленген шеңберінде, резидуалды-церебралды кемістігінің орнының толмауы және эплептикалық, шизойдтық түріндегі органикалық психопатия айқындалып, қозғыштық типі бойынша тұлғаның патохарактерологиялық қалыптасуы белгіленді. Сонымен қатар, бұл топтың қыздары мен ұлдары арасындағы ерекшеліктерінің айырмашылығы айқындалды.

Мәселен, ұл балаларда агрессиямен  қатар аффективті дәрежеге бейімділіктің болуы белгіленген. Аффективті қозғыштықтың байқалуы олардың қатыгездік, жыныстық қарым-қатынасқа қызығушылықтың жоғарлауы, ішімдіке ұмтылу түрінде  эмоционалды тежелу құштарлығымен үйлеседі.

Көптеген  зерттеушілер психопатты тәрізді ауытқуларды  мінез-құлық декомпенсациясының жиі көріністері, деп есептеді, олар: аффективті тұрақсыздық пен қозғыштық; өте қарапайым истороидты реакцияларға, қанғуға, ұрлыққа, т.б. бейім деп есептеді.

Л.С. Выготский, М.С. Певзнер, Л.В. Занков, Т.А. Власованың   еңбектерінде "Қиын балалық шақтың" психологиялық-педагогикалық зерттеу    мәселелері    кең    түрғыда    қарастырылған.    Мінез-құлық   ауытқыларын, аурудың клиникалық сипатының шеңберінде ғана немесе оның   құбылыстарын   зерттеген   клиницистерге   қарағанда,   кеңес психологтары мен дефектологтары тәрбие, оқыту, еңбек бағдарының барабар   түрде   әдістерін   талап   етуші   дамудың   ауытқуларының шеңберінде қарастыра отырып, мінез-құлық қиындығының мәселесі  бойынша онтогенетикалық көзқарастарды анықтады.

Психикалық  дамуы қалыпты жағдайдағы балалардан қарағанда, ақыл-ойы кем балаларда мінез-құлықтың ауытқуы жиірек кездесетіні белгілі. Балалар мен жеткіншектердің мінез-құлықтарының ауытқуына себеп болатын паталогиялық факторларға, ақыл-ой кемістігінің жағдайлары да жатады. В.А. Малинаускене (1977ж.) өзінің зерттеу еңбектерінде осындай ауытқылардың пайда болуына түрткі болатын 5 түрін атап көрсетті:

1) ақыл-ой қалыпты дамыған  адамдардағы себептер;

2) мидың дөрекі турдегі  органикалық зақымдануы;

3) ақыл-ой кемістігінен жиі кездесіп отыратын дағдарыс, түнелу және дау-дамайдың орын алуы;

4) эмоционалды ауытқушылықтар және соның салдарынан сын көзбен қарауының жетіспеушілігі.

 

 

Пайдаланылған әдебиеттер:

1.Нысанбаев. "социология". Алматы. 2002. 
2.М.Тажин. Б.Аяғанов. "Социология негіздері". Алматы. 1993. 


Информация о работе Девиантты мінез-құлықты балалармен жұмыс