Дидактика пәні

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 06 Февраля 2013 в 16:18, реферат

Описание

Педагогикалық процестің заңдылықтары Ю.К.Бабанский, И.Я.Лернердің,И.Ф.Харламовтың және И.П.Подласыйдың ғылыми педагогикалық еңбектерінде кең көлемде баяндалған.
Оқыту процесінің дидактикалық заңдылықтарына:
1.Оқытудың мақсат-міндеттерінің қоғам талабынан туындап, сонымен бірге оның мазмұны мен амал-тәсілдері және ұйымдастыру формаларының өзгеріп, жаңартып, толығып отыруы заңды процесс болып табылады.
2.Оқытуда оның білім беру, тәрбиелеу және даму қызметтерінің өзара байланысты болуы заңдылық.

Работа состоит из  1 файл

педог 4 срс.doc

— 72.00 Кб (Скачать документ)

Оқыту процесін іске асыру белгілі бір заңдылықтарды  меңгеру негізінде жүзеге асады.

 Құбылыстар мен процестер арасындағы дамуды сипаттайтын мәнді байланыс философияда заңдылық деп аталады. Оқыту процесінің заңдылықтары оның тұтастығын дәлелдейді.

Педагогикалық процестің заңдылықтары Ю.К.Бабанский, И.Я.Лернердің,И.Ф.Харламовтың және И.П.Подласыйдың ғылыми педагогикалық еңбектерінде кең көлемде баяндалған.

Оқыту процесінің дидактикалық заңдылықтарына:

1.Оқытудың мақсат-міндеттерінің қоғам талабынан туындап, сонымен бірге оның мазмұны мен амал-тәсілдері және ұйымдастыру формаларының өзгеріп, жаңартып, толығып отыруы заңды процесс болып табылады.

2.Оқытуда оның білім беру, тәрбиелеу және даму қызметтерінің өзара байланысты болуы заңдылық.

3.Оқыту процесінде баланың таным белсенділігі артады, ақыл-ой қабілеті дамиды, ғылыми ұғымдарды, олардың мәнін, ерекшеліктерін түсініп, меңгереді.

4. Оқыту – тәрбиенің негізгі құралы. Сондықтан оқытуда тұлғаның жеке басының қалыптасып дамуы да заңды процесс.

5. Оқыту барысында әрбір тұлғаның жас және дара ерекшеліктерін ескеру, соған байланысты таным әрекетін ұйымдастырып отыру да заңдылық боп есептеледі.

6. Оқытудың адам және табиғаттың жалпы даму заңдылықтарына байланыстылығы.

Оқыту принциптері дидактиканың негізгі  буыны. Принцип (латын сөзі) – бастапқы, негізгі деген ұғымды немесе, басшылыққа алатын идея, негізгі ереже, талаптар деген мағнаны білдіреді.

Оқыту принциптері  кездейсоқ құрылмайды, оларды қалыптастыруда белгілі бір дәуір, тарих жатыр. Солардың негізі алғаш рет Я.А. Коменский, Ж.Ж. Руссо, И.Г. Песталоци және К.Д. Ушинскийдің еңбектерінде тұжырымдалған.

  • Оқытудың ғылымилығы принципі. Оқыту процесінде оқушыларды ғылыми біліммен қаруландыру мектептің аса маңызды міндеті. Себебі, мектептегі оқыту, білім беру негізгі ғылыми жүйеде жасалған. Онда әрбір ғылымның пайда болуы, тарихы, даму заңдылықтары түсіндіріледі. Сонымен бірге, ғылыми мысалдар, фактілер тәжірибемен байланыстырылып қарастырылады.
  • Оқытудың жүйелілігі мен бірізділігі принципі. Бұл пртнциптегі өзекті мәселе оқылатын оқу материалын белгілі реттілікпен оқушыларға жеткізуді қамтамасыз етіп, дамытуды және оны әрбір оқушының саналы меңгеруін қарастырады. Әрбір сабақ барысында қойылған оқу міндеттерін оқушылардың түсініп, оқу материалын логикалық тұрғыда жүйелі қабылдауын мақсат етіп көздейді.
  • Оқытуда теория мен практиканың байланыста болуы принципі. Бұл принциптің міндеті оқытуда оқушылар жаңа теориялық білім алып қана қоймай, сол алған білімдерін өмірде қолдана білуін қамтамасыз ету.
  • Оқытудағы саналылық пен белсенділік принципі. Бұл принцип оқушылардың таным әрекеті мен оған басшылық жасауға бағыт беретін негізгі принциптерін бірі. Саналылық пен белсенділік принципін оқушылардың меңгеруінде, олардың оқуға деген қызығушылығын арттырудың маңызы ерекше.
  • Оқытудың кқөрнекілік принципі. Оқушылардың дүние танымы негізінен көрнекілік арқылы жұзеге асырылады. Ол заттардың өзін немесе бейнесін, көлемін тікелей көріп байқауға мүмкіндік береді. Көрнекілік принципінің мақсаты оқылатын тақырыпқа сай оқушылардың білім көлемін тереңдету, қызығушылығын орнату және есте сақтау қабілетін шыңдау; мұғалімнің өз ойын оқушыларға нақтылы дәлелдеуі ұшін қолдануы.
  • Оқытудағы білімнің беріктігі принципі. Оқытудың тиімділігін арттырып, сапасын жақсарту оқытудың негізгі принциптерінің бірі. Осы принципті ұйымдастыруға байланысты мынадай талаптар жүйесін ескерген жөн: оқушылардың алған білімдерін қайталап отыруды үнемі ұйымдастыру; сабақтар жүйесінде әр түрлі жаттығу жұмыстарын ұйымдастыру; оқушылардың білім сапасын есепке алу, тексеру және бағалау.
  • Мұғалімнің басшылық ролі. Мектептегі оқу-тәрбие процесінде мұғалімнің қызметі ерекше. Ол оқу-тәрбие процесінің міндеттерін шешуші басты тұлға. Мұғалім ақушылардың дүниетанымын қалыптастырып, мәдени-рухани дамуына жүйелі басшылық жасайды.
  • Ынталандыру принципі. Оқуға, білімге, мұғалімнің жеке басына деген, сондай-ақ оқу жұмысының барлық әдістеріне, түрлері мен формаларына оқушыларды ынта-ықылас болса, олардың оқу-таным әрекеті сенімді, ерікті, қуанышты болады. Сондықтан мұғалім, ең алдымен сабақтарын қызықты, тартымды, әсерлі етіп өткізуге міндетті.
  • Гуманизациялау принципі – оқушыға деген ерекше сүйіспеншілікті, құрметті талап етеді. Балаға сенім артып, оның жеке басының қасиеттерін ескеріп, оқу-таным әрекетінің жемісті болуына қолайлы жағдайлар мен мүмкіндіктерді жасау керек. Оқу-тәрбие процесінде, сабақтарда балаларды қорқытпай, қысымшылық жасамай, керісінше, олармен жылы қарым-қатынас жасау міндет.
  • Интеграциялау принципі – бұл жалпы білім мазмұның анықтауда, оқу бағдарламалары мен оқулықтарды жазып шығаруда ескеретін маңызды принцип. Интеграция - әртүрлі пәндердегі негізгі принциптері мен заңдылықтарды өзара тығыз диалектикалық бірлікте қарастыруды көздейді.

      Білім беру мазмұны  дидактикалық категория ретінде  «нені оқыту керек» деген сұраққа  жауап бере келе, оқушыларды жан-жақты дамытудың негізін құрайды, олардың ойлау және таным адам баласы жинаған білімдер, біліктер мен дағдылардың жүйесін айтамыз.

Білім беру жүйесі үш тірек негізінен  құралған. Оған:

  • Міндетті түрде халыққа жалпы білім беру.
  • Политехникалық білім беру.
  • Еңбекке баулу және кәсіптік білім беру.
 Жалпы  білім беру негізінен үш түрлі  мақсатты көздейді: біріншісі –  табиғат, қоғам, адам, техника,  өнер туралы ғылыми білім негіздерін  меңгерту. Бұған ғылымдағы негізгі  заңдылықтардан, фактілерден, жетекші ұғымдар мен идеялардан басқа, дүние-танымдық идеялармен сенімдер, практикалық білік пен дағды және ғылыми зерттеу әдістері мен ғылыми ойлау тәсілдері жатады. Екіншісі – оқушыларды практикалық іс-әрекетке, өз бетімен пайдалы еңбек етуге даярлау. Үшіншісі мақсаты – оқушылардың ғылыми дүниетанымын қалыптастыруды көздейді. Оқушылардың ғылыми көзқарасы мен сенімдерін қалыптастыру оқу пәндерін оқытуда олардың танымдық және тәрбиелік мүмкіндіктерін тоғығымен пайдалануды керек етеді.
Білім беру – қоғамдық мақсатты көздейді. Сол арқылы алдыңғы өткен аға ұрпақтың әлеуметтік маңызды тәжірибесі кейінгі ұрпаққа беріледі.

Білім берудің  мазмұны ең алдымен қоғамның мектеп алдына қоятын мақсаттары мен міндеттері арқылы анықталады. Сонымен бірге  дидактикалық талаптар да ескеріледі, соның негізінде қандай білім қай сыныпта, қандай көлемде, қандай пәндер оқытылуы керектігі де белгіленеді. Мектептегі оқушыларға политехникалық білім беру мақсаты – көпсалалы ұқсас және өңдіріс, техника, технология негіздерінде, сондай-ақ еліміздің экономикасы, ауылшаруашылығын ұйымдастыруға сай бағытталған жан-жақты білімдер жүйесін меңгерту.

Бұған қосымша  казіргі кезеңдегі индустриалдық  өндірістің негізін құратын автоматтандырылған және информатика механизмдерімен  жұмыс істеу дағдыларымен қаруландыру, соған сай компьютерлік білім беру.

Оқыту әдістері дегеніміз – оқытушы мен оқушылардың жұмыс істеу әдісі, оның арқасында білім, іскерлік, дағды қалыптасып, оқушылардың дүние танымдылығы мен қабілеттілігі артады.  Оқыту әдістері дегеніміз – оқытудың мақсат-міндеттеріне сай оның мазмұнын оқушыларға меңгертуде мұғалім мен оқушылардың қолданатын амал-тәсілдері мен құралдарының жиынтығы болып табылады. Мұғалім оқыту әдістерінің көмегімен оқушыларға білім беріп, олардың практикалық әрекетін ұйымдастыруда өзінің іс-әрекетін оқушылардың таным әрекетіне басшылық етумен байланыстырады.

Мұғалім оқытудың нәтижесін  арттыруда оқыту әдістеріне қатысты  амал-тәсілдерімен қатар оның құралдарын да пайдаланады.

Оқу құралдарына: оқу  кітаптары, көрнекі құралдары, техникалық құралдар жатады.

Оқыту әдістері туралы ізденіс  мәселелері педагогика  саласында  талас тудыратын күрделі мәселелердің бірі болып табылады. Бұл мәселені зерттеуші авторлар (С.И. Архангельский, С.И. Зиновьев, Н.В. Кузьмина, Т.А.. Ильина т.б.) әр қайсысы оқыту әдістеріне түрліше анықтама беріп, оларды әр түрлі негізінде топтастыруды ұсынады.

Ғылыми педагогикалық  әдебиеттерде топтастырудың жиырмадан  астам түрі бар екенін жазады. Оларды бірнеше топқа бөліп қарастыруға болады.

  • Оқушылардың таным белсенділігіне қарай (М.Н. Скаткин, И.Я. Лернер): түсіндірмелі хабарлау әдісі; репродуктивтік әдіс; проблемалы баяндау әдісі; эвристикалық әдіс;
  • Оқытудың мақсаттары мен құралдарына қарай (М.А. Данилов, Б.П. Есипов, Т.А. Ильина): жаңа білім беру әдісі; біліктер мен дағдыларды қалыптастыру әдісі; техникалық құралдармен жұмыс істеу әдісі; өзіндік жұмыс істеу әдісі; білімді тексеру әдісі; проблемалы, программаланған оқыту әдісі;
  • Тұтас педагогикалық әрекеттің тәсілдеріне қарай Ю.К. Бабанский: оқу-танымдық әрекеттерді ұйымдастыру; оқуға ынталандыру; оқытудағы бақылау және өзін-өзі бақылау әдістері;
  • Әдістің логикалық және өзін-өзі бақылау әдістері (Р.Г. Лемберг): ауызша баяндау әдісі, есеп шығару әдісі, өнер құралдарын пайдалану әдісі;
  • Мұғалім мен оқушылардың жасайтын әрекетінің ерекшеліктеріне қарай (В.Оконь): жаңа білімді игеру әдісі, өзіндік білім әдісі, проблемалы әдіс, практикалық әдіс, көркем әдебиет пен өнер құралдарын пайдалану әдісі.

Солардың ішінде ең көп  тарағаны – білім берудің көздеріне  қарай (И.Т. Огородников, С.И. Петровский, Е.Я. Голанг): сөздік немесе ауызша баяндау әдісі; көрнекілік әдістер; практикалық әдістер.

Бұл әдістің ерекшелігі мынада: егер мұғалім оқу материалын ауызша баяндаса, онда білім алу көзі мұғалімнің сөзі болып табылады немесе мұғалім оқушыларға білім беруде көрнекіліктерді қолданса, онда білім алу көзі көрнекіліктекр болып есептеленеді.


Информация о работе Дидактика пәні