Автор работы: Пользователь скрыл имя, 08 Февраля 2013 в 19:02, реферат
Білім беру ұйымдарындағы оқу және тәрбие процесі жұмыстық оқу бағдарламалары мен жұмыстық оқу жоспарларына сәйкес жүзеге асырылады.
Білім беру ұйымдары жүзеге асыратын оқу және тәрбие жұмысын жоспарлау мен есепке алу оқу және тәрбие процесін ұйымдастырудың негізі болып табылады.
І. Кіріспе бөлім
ІІ. Негізгі бөлім
2.1 Тәрбие заңдылықтары мен қағидалары
2.2 Кәсіптік білім беру мекемелерінің тәрбие контигентінің ерекшеліктері
ІІІ. Қорытынды
ІV. Пайдаланылған әдебиеттер тізімі
Кәсіптік білім беру орындарында тәрбие жұмысын жүргізудің мына төмендегідей ерекшеліктері бар:
ІІІ. Қорытынды
Жас бала – жаңа өркен
жайған жасыл ағаш тәрізді» - дейді
халқымыз. Жерге отырғызған жас көшет
те қашан тамыры тереңдеп, жапырағы
жайқалып, саялы ағаш болып үлкейгенше
мәпелеп күтіп, үзбей тәрбиелеуді
керек етеді.Тәрбие – халықтың ғасырлар
бойы жинақтап, іріктеп алған озық
тәжірибесі мен ізгі қасиеттерін
жас ұрпақтың бойына сіңіру, олардың
айналамен қарым – қатынасын,
өмірге көзқарасын және соған сай
мінез – құлқын қалыптастыру құралы.
Тәрбие, кең мағынасымен
алғанда, қандай да болса бір жан иесіне
тиісті азық беріп, сол жан иесінің дұрыс
өсуіне көмек көрсету деген сөз. Ал енді,
адамзат туралы айтылғанда, адамның баласын
кәміл жасқа толып, өзіне- өзі қожа болғанша
тиісті азық беріп, өсіру деген мағынада
жүргізіледі.
Қазақ халқының сан ғасырдан бері тәрбие
жөніндегі өнегелі істері мен сөздері,
тұрмысы, мәдениеті, өнері, өмір тәжірибесі
халық педагогикасының асыл қазынасы
болып келді. Қай заманда болмасын ұрпақ
тәрбиесі адамзаттың парызы болды. Әр
бір халық өзінің тарихы мен тәжірибесін
жалғастыратын жас түлектерді ғасырлар
бойы тәрбие әдістері мен тәсілдерін қолданып,
өмір тәжірибесі сынынан өткен әдептілік,
сыпайылық, адалдық, инабаттылық, іскерлік,
мейірімділік, қайырымдылық, еңбек сүйгіштік,
үлкенді сыйлау, оған ілтипат көрсету
сияқты қасиеттерді олардың бойына екті.
Осылардың бәрі адамзат тәрбиесінде халық
педагогикасының қандай рөл атқаратындығын
көрсетеді.
Әрине, жастарға тәлім
– тәрбие беруде тек ұлттық дәстүрлермен
шектелуге болмайды. Сондықтан тәрбие
ісі тиімді және нәтижелі болу үшін халық
педагогикасына кешенді қараған жөн.
Халықтың даналық ойлары халық педагогикасының
шамшырағы болған. Халық даналығы – мақал
– мәтел, ертегі, өлең – жыр түрінде, ақын–
жыраулардың, шешендердің сөздері толғау,
өсиет өлеңдері арқылы баяндалып отырған.
Қазақстанның ХХІ
ғасырдағы басты даму жолын белгілеп берген
Елбасының «Қазақстан - 2030» стратегиялық
жоспарында халықтың рухани жаңаруына
ерекше маңыз берілген. Сондықтан жан
– жақты жетілген, дүниесі бай, белгілі
дәрежеде ғылыми білім жүйесін игерген
және оны бағалай, талдай алатын, өзге
халықтардың тарихын, мәдениетін, тілін
меңгерген, өздігінен денсаулығын нығайтуға,
адамгершілік қасиеттерін, эстетикалық
талғамын дамытуға ынтызар, өмірдің әрқилы
кезеңдерінде дербес еңбек етуге даяр
ұрпақты тәрбиелеу – ең басты өзекті мәселе.
Ол біріншіден, білім мазмұны арқылы іске
асса, екіншіден, тәлім – тәрбие мазмұны
арқылы бойға сіңеді.
Пайдаланылған әдебиеттер тізімі