Қиын балалар

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 01 Декабря 2011 в 20:27, реферат

Описание

Мектепте жұмыс істейтін педагогтар, тәрбиешілер балаларды оқытып-тәрбиелеу барысында, сабақтан көп қалатын, тәртібі нашар, білім деңгейі төмен, құрбыларымен тіл табыса алмайтын, ашуланшақ, бұзақылықтар жасайтын балаларды жиі кездестіреді. Психолог мамандар мұндай оқушыларды «Қиын балалар», «Мінез-құлқында ауытқуы бар оқушылар», «Қиын тәрбиеленуші» қатарына жатқызады.

Работа состоит из  1 файл

Мектепте жұмыс істейтін педагогтар.doc Самал.doc

— 80.50 Кб (Скачать документ)

          Мектепте жұмыс істейтін педагогтар, тәрбиешілер балаларды оқытып-тәрбиелеу барысында, сабақтан көп қалатын, тәртібі нашар, білім деңгейі төмен, құрбыларымен тіл табыса алмайтын, ашуланшақ, бұзақылықтар жасайтын балаларды жиі кездестіреді. Психолог мамандар мұндай оқушыларды «Қиын балалар», «Мінез-құлқында ауытқуы бар оқушылар»,    «Қиын тәрбиеленуші» қатарына жатқызады.

         Қиын бала деген кім? Қиын баланың пайда болуына не немесе кім ықпал етеді? деген сұрақтар амалсыздан туындайды.

    Қиын балалар және мінез-құлықтағы қиындық ұғымы 1920-30 жылдары П.П. Блонскийдің еңбектерінде пайда бола бастады. Оның зерттеулерінде қиын балалардың мінез-құлық тарихын мектеп, отбасы арқылы ашып көрсетеді. Ол қиын балаларға мұғалімнің қатынасы арқылы қиын оқушы терминін нақтылауды жөн көреді. Бұл балаларға былайша мінездеме береді: обьективті көзқараспен қарағанда қиын оқушы –мынадай, ол мұғалімнің жұмысының жемісті еместігіне байланысты. Субьективті көзқараспен қарағанда қиын оқушы – мынадай, онымен мұғалімге жұмыс істеу өте қиын, мұғалімнен көп жұмыс істеуді талап ететін оқушы. Істі бүлдіруші оқушыларға толыққанды мінездеме бере отырып, П.П. Блонский өз жұмыстарында мектепті, сыныпты ұйымдастыруға баса көңіл бөледі. Блонскийдің пікірі бой  «Қиын» оқушыларды тәрбиелеу және оқыту қазіргі таңда психикалық қиындық проблема ретінде күн тәртібінде түспей отырғаны мәлім. Мұның өзі «қиын оқушылар» санының жылдан жылға өсіп отыруымен байланысты болып табылады. Бұл уақыттарда «қиын оқушыларға» көбінесе жас өспірімдер жатқызылса, бүгінгі таңда бастауыш сынып оқушыларының арасында да осы категорияға жататындар да аз емес. Сондықтан «қиын оқушыларды» ерте жастай басынан кезеңінен бастап қолға алып, олардың саналы білім мен сапалы тәрбие алуларына мүмкіндік жасалуы қажет. «Қиын оқушыларды» тәрбиелеу жүйесінде адамгершілік тәрбиесі аса маңызды орынға ие болады. Қазіргі кезде бастауыш сатыда оқушының жалпы және психологиялық дамуының жеткілікті деңгейіне қол жеткізу үшін ең алдымен бұрынғыша пәндік білім, біліктердің белгілі бір жиынтығымен қаруландыру емес, оқу әрекетін қалыптастыру негізінде жеке бас тұлғаны тәрбиелеу мақсаты қойылып отырғаны белгілі болып отыр. Мектептегі шәкірттеріміздің бойында халқымыз ғасырлар бойы   қастер тұтып келген ар-намыс, ождан имандылық, инабаттылық, мейрімділік, кіші пейілділік, ата-мекеніне, еліне сүйіспеншілік сияқты асыл қасиеттерді тәрбиелеу заман талабынан туындап отырған мәселе. Сондықтан оқушылардың ішіндегі ерекше категория болып табылатын «қиын оқушыларға» адамгершілік тәрбие берудің формулаларын әдіс-тәсілдерін жетілдіру аса қажет, бұл міндеттерді жүзеге асырудың бастауыш буыннан басталатыны белгілі.

        Табиғат пен қоғам құбылыстарына қиындық тұрғысынан қарау адам өмірінің негізі болып табылады. Қиындық қатынас адам мен қоғам өмірінде жалпы ортақ және мәңгілік фактор болып табылады. Ғылыми әдебиеттерде құндылық түсінігіне әр-түрлі анықтамалар берілді. Филологиялық тұрғыдан алсақ, құндылықтар адам үшін пайдалы, яғни адамзат қоғамының іргелі даму мен адамның жеке тұлғасын жетілдіруге тиімді ықпал ететіндердің барлығы болып табылады.

        Адамгершіліктің өрісі кең, бұл қасиет әр адамның еңбекке қоғам өмірінде, тұрмыста көпшілік орында өзін ұстауынан басқалармен қарым-қатынасынан, жүріс – тұрысынан, қимылынан байқалады. Адамгершілігі мол адам бақытты, ел жұртына қадірлі, қоғамға да пайда келтіреді. Яғни маңайындағыларға үлгі-өнеге бола алады. Сондықтан «қиын оқушыларды» жас кезінен адамгершілік қасиеттерге баулу олардың келешекте азамат болып қалыптасуына кепілдік береді.

        Адамгершілікке тәрбиелеудің негізгі міндеттері: а) адамгершілік сананы қалыптастыру; ә) адамгершілік сезімдерді тәрбиелеу және дамыту; б) адамгершілік мінез құлық біліктілігі мен әдеттерін қалыптастыру.

        Бастауыш сыныпта «қиын оқушыларды» адамгершілікке тәрбиелеу ең алдымен оқыту процесінде жүргізіледі. Баланың адамгершілік қасиеті сабақ үстінде, мұғаліммен және құрбы-құрдастарымен ұдайы қарым-қатынасында қалыптасады. Халық адамгершілік қасиеттеріді жоғары бағалаған. «Жігіттің құны жүз жылқы, ары мың жылқы»,- іспеттес мақал -мәтелдер соның айқыны.

      «Қиын» оқушыларда адамгершілік  қатынасты қалыптастыру бағытында ұйымдастырылатын тәрбиелік істерге адам санасының адамдық мәдениетінің бір бөлігі мораль туралы түсінікті қалыптастыру соның негізінде оқушыларда адамгершілік ой пікірлер мен сенімдерді тәрбиелеу жатады. Осы бағытта этнопедагогикалық құралдарын пайдалану арқылы «қиын оқушылармен» ұйымдастырылатын жұмыс жоспарын білуге болады. Тәрбиелік істерді ұйымдастыруға қойылатын педагогикалық талаптар: «қиын оқушыларға» адамгершілік тәрбие беруде этнопедагогика құндылықтарының алатын орны және атқаратын рөлін сапалы олардың білімділік дамытушылық және танымдық мүмкіндіктерін жүзеге асыру, тәрбиелік іс-әрекетте қолдану аясын көрсету. Ғылым педагогикалық, психологиялық фольклорлық құндылықтардың алатын орнымен озат мұғалімдердің іс-тәжірибесін жинақтау, талдау ауыз әдебиетімен оқып үйрену, баланың адамгершілік саналарының қалыптасуына ықылас жасайтынын көруге мүмкіндік береді.

      Бізге белгілі деректерге қарағанда мектептегіқиын балалардың салдарынан қылмыс жасау фактілері, темекі шегу, алькаголдік ішімдіктерді пайдалану, сонымен қатар нашақорлық бұрынғыға қарағанда біршама көбейген. Ал бала мұндай әрекеттерге мұғалім мен ата-ана бақылауынан шет қалған кезде баратыны белгілі. Алдымен бала тәрбиесіндегі ата –ананың рөліне келсек көз алдымызға көптеген міндеттермен жауапкершіліктер келетіні анық. Өйткені бала тәрбиесімен бірге ата-ана балаларының дүние тамақтануы мен бүтін өз замандастарынан кейін қалдырмауға т.б. осы сияқты мәселелерге тікелей жауапты. Баланың тәрбиелі білімді болып өсуіне де ата-ананың қосар үлесі орасан. Ата –аналарынан мектеп қабырғасында жылылық сезінбеген жас өспірім өмірде «мен ешкімге қажетсізбін»,- деп санап уайымға жиі саналады. Осындай іс-әрекеттің салдарынан мінез құлқы күрт өзгере бастайды. Бұл құбылыс кәзіргі таңда қала балаларында көптеп кездесіп жүр. Ата-аналар жас өспірімдердің мінезіндегі ауытқуларға назар аудару олардың психикалық әр-түрлі ауыр жағдайларға шалдығуына себепші болып отыр. Сондықтан да бастауыш сынып оқушысының арасында мінез құлқында қиындықтары бар оқушылар бүгіндері көптеп кездесіп жүр. Мектеп те мұндай оқушыларды мінез – құлқында ауытқулары бар оқушылар қиын тәрбиеленуші қиын балалар деп әр түрлі атпен атайды.   Педагог – ғылымдар «қиын» балалар мәселерін жан-жақты зерттеуде. Бұл мәселемен 20-30 жылдары еліміздің аса көрнекті педагогтары мен психолгтары А.Макаренко, Шацкий, Выготский, Блонский шұғылданды. Ол елуінші жылдарға дейін обьективті жағдайларға байланысты тоқырап қалды да, тек сол жылдардан кейін «қиын» балалар мәселелерімен шұғылданушылардың жемісті ғылыми еңбектері шыға бастады. Зерттеу жұмыстарының дәлелденуіне қарағанда «қиын» балардың шығуына бірнеше себептер болады. Отбасы тәрбиесінің дұрыс ұйымдастырылмауы, ата ананың болмауы, дұрыс талап қоймаушылық жағдайлар себеп болады. «Қиын» балалардың тәртіптерінің нашарлауының тағы бір себебі жұртшылықтың, қоғамдық ортаның тәрбие процестеріне толық көңіл бөлмеуінен. Балалардың тәртіптерінің төмендеуі мен нашарлауы 3 топқа бөлінеді. І-топқа күнделікті мектеп режимін бұзатын, оқығысы келмейтін, кішігірім ұрлық жасап, анда-санда темекі тартып шаршап ішетін оқушылар жатса, ІІ- ші топқа осындай кемшіліктермен қатар қоғамдық орындарда бұзақылық жасап, үлкендерді сыйламайтын оқушылар жатқызылады. ІІІ-ші топқа денсаулығы нашар, ақыл-ойы өз жасына сәйкес дамымаған, нерв жүйесі әр-түрлі ауруларға ұшыраған жасөспірімдер жатады. Осылардың барлығы қазақ тілінде шыққан педагогикалық әдебиеттерде «қиын»балалар деп аталады. Ал, негізінде, І-топтағы оқушыларды «тәртібі төмендеген оқушылар», ал ІІ-ші топтағы оқушыларды «тәртібі нашар оқушылар» деп атап, 3ші топтағы оқушыларды «тәрбиеленуі қиын оқушылар» деп атаған орынды. Біздер осы оқушылардың бәрін де бір топқа жатқызып қателесудеміз. Себебі І-ші және ІІ- ші топтағы оқушыларды ғылыми негізде ұйымдастырылған оқу-тәрбие процесінде 1-2 жылда қайтадан тәрбиелеуге болса, ІІІ-топтағы оқушылардың сырқаты болғандықтан ұзақ тәрбие жұмыстарын жүргізіп, қажет болғанда емдеу әдіс ұйымдастырылады.Сондықтанда зерттеушілер осы топтағы оқушыларды ғана «тәрбиеленуі қиын оқушылар» деп аталынуы керек деп кеңес береді.

          Қиын бала мәселесі бойынша ең алғаш зерттеу жүргізген П.П. Бельский кәмелетке жасы толмаған мінез-құлқындағы қиындығы бар балалардың ішкі дүниесін қарастырды. В.В. Трифонов зерттеулерінде «қиын оқушы анықтамасы – бұл күнделікті педагогикалық әсерге көне бермейтін, өзіне үнемі қосымша уақыт бөліп қарауды, мұғалімнің ерік-жігерін, күшін, қажырлы педагогикалық еңбегін қажетсінетін оқушы. Г.А. Фортунатовтың зерттеулерінде «қиын балаларға » үлгермеушілер мен тәрбие ықпалына көнбейтін балаларды және психикалық бұзылудан жапа шеккендерді жатқызады. Қазіргі кезде психологияда қиын бала түсінігінің бірыңғай анықтамасы жоқ. Бұл шексіз ұғым, ол жеке адамның өзгеру құбылысын жинақтаушы.

    Осы категориядағы балалардың жалпы адамдық және өзге ешкімде қайталанбайтын қасиеттері, әлеуметтік және биологиялық факторлардың ықпалымен қамтамасыз етіледі.

       Ағылшын психологы Хевитта және Дженкинс қиын балаларды екі үлкен категорияға бөлген :

1. Әлеуметтік  формадағы антиқоғамдық мінез-құлқы  тән балалар. 

2. Әлеуметтік  емес антиқоғамдық агрессивті  мінез-құлықты балалар. Бұл балалардың  жанұясымен, қатарластарымен қарым-қатынасы жаман, эмоциялары бұзылған, агрессивті, қатыгез әрі кекшіл балалар.

Ғалымдардың бірқатары  қиын балалардың пайда болуын өмірдің  қолайсыз және әлеуметтік-биологиялық  факторлармен байланыстырды.

Ал И.А. Невский  қиын баланың пайда болуы отбасындағы, мектептегі жүргізілетін оқу-тәрбие жұмыстарының жеткіліксіздігінен деп түсіндірді. Яғни, ата-ана тарапынан, мектеп қабырғасынан жылулық сезінбеген, мейірімділік көрмеген оқушы өмірде өзінің ешкімге қажетсізбін деп есептеп, ашуланшақ, агрессивті, қатыгез болып өседі. Қиын оқушының пайда болу себептерін анықтағанда, біріншіден отбасындағы тәрбиеге, ал екіншіден мектептегі оқу-тәрбие мәселесіне аса көңіл бөлеміз. Өйткені, көптеген психолог ғалымдардың зерттеулеріне жүгінетін болсақ, оқушылардың мінез-құлқындағы қиындықтардың пайда болу себептерін отбасындағы дұрыс тәрбие бермеудің салдарынан болатындығын анықтады:

1) отбасының  әлеуметтік және экономикалық  жағдайы; 

2) ата-ананың  баласына немқұрайлы қарауы;

3) қараусыз қалған  бала немесе шектен тыс қамқорлық.

       Қазіргі кездегі жас ата-аналар өсіп келе жатқан баласын аса тым еркелетіп өсіріп жатыр десек те қателеспейтін шығармыз. Аса тым артық мадақтау мен шектен тыс мәпелеуде өскен бала ешқандай күш жұмсамайақ көзге түскісі келеді, егер мұғалім ескерту айтатын жағдайда жылай салатын әлсіз, өздігінен еш нәрсеге қол жеткізе алмайтын, ерке болып, өзбеттілігі қалыптаспаған бала болып өседі. Сонымен бірге «Үйлену оңай, отбасын құру қиын» деп ата-бабамыз айтқандай қазіргі жастарымыздың отбасылық өмірге дайын еместігінен, немқұрайлы қарағандықтан қара көзді балалар толық емес отбасында немесе жетім балалар үйінде тәрбиеленіп жатыр. Не анасының жылылығын, не әкесінің мейірімділігін, тәрбиесін көрмей өскен баланың психикасы жарақатталып, қиын балалар санының қатарына қосылады.

      Сондықтан «Қиын бала қайдан пайда болды?» - деген сұраққа жауап бермес бұрын, отбасымыздағы ерлі-зайыптылар арасындағы қарым-қатынасты, ата-ана мен бала арасындағы қарым-қатынасты ретке келтіріп алғанымыз дұрыс сияқты. Алайда, бұрынғы ата-бабамыз мұра қылып қалдырып кеткен отбасындағы баланы тәрбиелеу стильдерін қайта жаңғыртатын болсақ та қателеспеген болар едік. Бұл қоғамдағы, отбасындағы көптеген мәселелердің шешілуін біраз жеңілдететіні сөзсіз деп ойлаймыз.  

      Сонымен балалардың мінез-құлқындағы қиындықтардың пайда болу себебі, біріншіден, отбасы тәрбиесі десек, екіншіден, мектептегі оқу-тәрбие жұмысындағы кемшіліктермен сипатталады.

      Бала мектепке келген кезден бастап оқушы - мұғалім және оқушы-оқушы арасында қарым-қатынас қалыптаса бастайды. Бұндай қарым-қатынасты орындау оқушыға бастапқыда қиын соғады. Жалпы мектептегі мұғалімнің барлық балаларға қойылатын талаптары да көзқарастары да бірдей болуы керек. Дегенмен де кейбір мұғалімдердің өзінің сүйіктілері және сүйікті емес оқушылары да (гадкий утенок) болады. Бұл мұғалімнің оқушылармен қарым-қатынас орнатуын аса қиындатады. Өйткен мұғалім өзінің сүйіктілеріне жақсы баға қойып, қолдап отырады, ал қалған балалар қаншама тырысқанмен шет жақта қалып «Мен қанша тырысып айтқанмен де төмен баға қояды» деген пікірлер қалыптасып, оқушылардың оқу мотивациясының төмендеуіне әкеледі.

        Д.Б. Элькониннің айтуынша, баланың дамуы кезінде оқу процесінің алатын орны ерекше. Бала мектепке келгенде оның ойында оқуға деген қызығушылық әлі толық қалыптаспаған, тек оқу барысында мұғалімнің ықпалымен қызығушылғы біртіндеп қалыптасады деген.

      Белгілі ғалым Л.С. Выготский былай деп жазған: «Қызығушылық-бала қылығын итермелеуші күш. Баланың іс-әрекеті оның органикалық қажеттілігімен сәйкестілігін көрсететін инстинктивті ұмтылыс. Тұлғаны қандай да бір іс-әрекетке шақырғыңыз келсе, ең алдымен оның қызығушылығын тудыру қажет. Оның сол іс-әрекетке дайын екеніне және оны орындауға барлық күшін бағыттайтынына көз жеткізуге керек. Сонда ғана тұлғаның іс-әрекетті өз бетінше істей алады, ал мұғалім тек қана оның іс-әрекетін басқарып және бағдарлап отырады».

       Ал, мұғалімге психологиялық білім өзіне-өзі белгілі талап қоя білу үшін де және оқушыларға білу, білім беру және тәрбиелеу үшін де қажетті өзіндегі жеке адамдық қасиеттерді дамытуға да керек.

       Ал оқушының оқуға қызығушылығын тудыру мұғалімнің педагогикалық шеберлігі мен қабілетіне байланысты болады. Бұл негіз ең біріншіден педагогтың жеке қасиетіне, қабілетіне, оқушымен қарым-қатынасына, олардың әрекеттерін дұрыс ұйымдастыруына қарай құрылады.

       Бала білімінің бастапқы іргетасы бастауышта қаланатыны бәрімізге белгілі. Бастауыш сыныпта сабақтың бір элементтерін түсінбеуі оқуда қиындық тудырады, ал оқу бағдарламасы сыныптан сыныпқа ауысқан сайын күрделене береді, бұл баланың оқу үлгерімі нашарлап, сабақтан қашу, сабаққа келмеу және т.б. әрекеттері арқылы көріне бастайды.

     Г.М. Минковский, Л.М. Зюбин, Д.В. Колесов, В.Н. Кудрявцев зерттеулерінде қиын балалардың басым көпшілігі - мектептегі оқуда қиындықтарға кезігіп, оқу бағдарламасын дұрыс меңгере алмай, ұжымнан тысқары қалып қалған балалар, -деп атап көрсетті.  

       Белгілі ғалымдар Б.Г. Ананьев, Л.И. Божович зерттеулерінде мұғалім мен бала арасындағы қарым-қатынас, баланың ата-анасына және құрбыларына қарым-қатынасын анықтап, эксперименттік түрде зерттеп көрсеткен. Жалпы ғалымдардың зерттеулеріне сүйенетін болсақ, бала мінез-құлқының қиындығы 6-8 сыныптарда әсіресе ұл балаларда басымырақ байқалады деген.

      Мінез-құлқында қиыншылығы бар оқушыларды әдетте екі топқа бөліп қарастырады:

1. Тән кемтарлығы  және жан жарақаты бар оқушылар;

2. Отбасында,  мектепте тәрбиелеуден шет қалған, жеке басын қалыптастыруда сыртқы  кері факторлардың, әлеуметтік жағдайдың  әсері болған және өтпелі кезеңнің күрделілігінен мінезі дұрыс қалыптаспаған оқушылар.

       Қиын балалардың психологиялық ерекшеліктерін теориялық тұрғыда Л.С. Выготский еңбектерінде талқыланды, сондай-ақ А.С. Макаренко тәжірибелерінен де үлкен орын алды.

      Бірқатар қазақстандық педагог зерттеушілер В.Г. Баженов, А. Жұмабаев, К.А. Жүкенова, А.М. Карабаева, И.Ф. Назаров, В.А. Парфенов, В.А. Трифонов, В.П. Шевченко, Л.В. Лысенко, Л.К. Керимов және т.б еңбектерінде қиын балалардың қиқарлық сияқты жағымсыз қасиеттерінің қалыптасуына әлеуметтік-педагогикалық факторлардың әсер ететіндігін зерттеді. Бастауыш мектеп оқушылары мен жасөспірімдердің асоциальды мінез-құлықтарын, спорт, өзіндік және жеке жұмыстарды ұйымдастыру, мектепке деген ықпалды күшейту, отбасындағы белсенділікті арттыру, ұжымдағы әрекеттерге балаларды қатыстыру арқылы жеңудің әртүрлі жолдарын көрсетті.

       Қазіргі кезде мектепте бала өрескел қылық жасаса, тәртіпсіздік көрсетсе кінәні ата-аналар мұғалімдер не тәрбиешінің тәрбиесі деп санайды. Тәрбиенің түп негізі бала дүниеге шыр етіп келегеннен кейін басталады. Баланы материалдық жағынан қамтамасыз етеміз деп ата-аналар күні бойы маңдай терін төгіп, жұмыс істеп, балаларының ешкімнен кем болмағанын қалайды. Алайда, қараусыз қалған балалардың елігуі тез және жаман қылықтарға да бейім келеді. Ал баласының бос уақытында не істеп жүргенін, қайда барып, немен шұғылданып жүргенін білмейтін ата-аналардың көптігі қаншама. Сонымен бірге, өсіп келе жатқан жас ұрпақ сыпайылық, мейірімділік танытпай қатігездігі байқалып жатса «Мынау менің балам ба, бұл қылықты мен үйреткен емеспін» деп таң қаламыз. «Не ексең, соны орасың» деп ата-бабамыз тегін айтпаған, балаға материалдық қажеттіліктен гөрі рухани қажеттілік аса қажет деп ойлаймыз.

Информация о работе Қиын балалар