Автор работы: Пользователь скрыл имя, 06 Февраля 2013 в 11:22, реферат
Кіріспе сөз. (Мұғалімнің сөзі) Табиғат – бізді қоршаған орта, ол адам
баласының санасынан тыс, өздігінен пайда болған. Демек, адам табиғатсыз өмір сүре алмайды. Табиғаттың ерекше қасиеті – ол өзінің бөліп шығарған қалдығынан адамның көмегінсіз-ақ өзін тазартып алады.
1. Экология – тағдыры.
2. Табиғатсыз адамдардың күні жоқ,
Мұны айтуға табиғаттың тілі жоқ.
3. Жер байлығы – ел байлығы.
4. Туған жердей жер болмас,
Туған елдей ел болмас.
5. Өз елінің тасын сыйламаған,
Өзге елдің тауын да сыйламайды.
6. Күте білсең, жер жомарт.
Мәнерлеп оқу.
- Астана қаласына келдік. Астана қаласының
тапсырмалары:
• Астана қаласы жайлы айтыңдар.
• Астанаға жыр арнаған ақынды атаңдар.
• Күләш Ахметова кім?
• К.Ахметованың Астана жайлы өлеңін мәнерлеп
оқыңдар.
Астана
Бәйтеректің басына сен шықтың ба?
Сарыарқаның саф ауасын жұттың ба?
Өзегіңді жарып аппақ бір сезім,
Өз еліңнің ұлылығын ұқтың ба?
Төгеді Есіл төңірегіне өмірлі
ән,
Өз Астанаң өз қолыңмен соғылған.
Енді, қазақ, бір – біріңді аяла!
Түбі бірге түп қазаққа шоғылған!
Алатауда қалды жылдар
ең асыл,
Есілдің де жандай ыстық жағасы.
Жан даламның
Алматы мен Астана –
Көздерінің ағы мен қарасы!
VІІІ. Ән айту.
- Міне Шымкент қаласына келдік. Шымкент
қаласының тапсырмалары:
• Шымкентте кім туған?
• Өтебай Тұрманжанов деген кім?
• Оның қай өлеңін білеміз?
- Ендеше, «Туған өлкемді» әнімен айтайық.
ІХ. Жазбаша жұмыс.
- Балалар, енді Атырау қаласына келдік.
Атырау қаласының тапсырмасы: сөзге дыбыстық
талдау жасау.
- Бүгінгі сабақта біз не жайлы айтып жатырмыз?
- Ендеше, отан сөзіне дыбыстық талдау
жасайық.
- Бұл сөз арқашанда қай әріптен жазылады?
- Дәптерді көлденең қойып, азат жолын
белгілеп, әдемі, көлбеу жазумен
Отан сөзін жазыңдар. Бұл сөзде неше буын?
Неше әріп? Неше дыбыс? Дауыссыз дыбыстар
нешеу? Дауысты дыбыстар нешеу?
О – дауысты, жуан
Т – дауыссыз, қатаң
А – дауысты, жуан
Н – дауыссыз, үнді
Х. Бекіту.
- Орал қаласына да келдік. Орал қаласының
тапсырмасы: Бөлімді қайталауға арналған
тест жазу.
1. “Ыстық қой, шіркін, туған жер!” деген
сөздер кімнің шығармасында
келтірілген?
А) М.Мақатаевтың Ә) Ж.Аймаутовтың Б) Ж.Смақовтың
В)С.Жүнісовтың
2. Ж.Смақовтың өлеңі қалай аяқталады: Өйткені
ол – Отан – …
А) Ұлы Отан Ә) Жан Отан Б) Сол Отан В) Бұл
Отан
3. Павлодар облысында туған ақындарды
ата.
А) Ж.Аймаутов, Д.Әбілев Б) К.Ахметова, Ы.Алтынсарин
Ә) Ж.Смақов, С.Жүнісов В) Ө.Тұрманжанов,
А.Байтұрсынұлы
4. Астанаға жыр арнаған ақынды ата.
А) М.Мақатаев Ә) Ж.Смақов Б) К.Ахметова
В) Ө.Тұрманжанов
5. Мақалды толықтыр: Отан – … басталады.
А) халықтан Ә) отбасынан Б) мектептен В)
әннен
- Тараз қаласының тапсырмасы: Есеп шығару.
- Сонымен, балалар, СҚ мен ОҚ неше облыс
бар? ШҚ мен БҚ неше облыс бар? Орт.Қ ше?
Барлығы қанша болады?
-Дәптерді ашып, осы есепті шығарайық.
СҚ+ОҚ– 8 обл.
ШҚ+БҚ – 5 обл ?
Орт.Қ – 1обл.
(8+5)+1=13(обл)
Жауабы: барлығы 14 облыс
ХІ. Қорытынды.
- Енді Көкшетау қаласына келдік. Көкшетаудың
тапсырмасы:
- Талдықорған қаласының
тапсырмасы: Отан туралы мақал-мәтелдер
айтыңдар.
- Балалар, осымен саяхатымыз аяқталды.
Осы шарлаған қалалармен
қоштасып, аулымызға қайтайық. Елімізге
не тілер едіңдер?
- ГҮЛДЕНЕ БЕР, ҚАЗАҚСТАН! ЖАЙНАЙ БЕР, ҚАЗАҚСТАН!
ХІІ. Үйге тапсырма. Туған жеріннің суретін
салу.
ХІІІ. Бағалау. Сабақта белсенділік көрсеткен
оқушыларды бағалау, мадақтау.
«Мамандықтар әлеміне саяхат»
Тақырыбы: «Мамандықтар әлеміне
саяхат»
Мақсаты: Ата-анамен балабақша арасында
баланы жан-жақты тәрбиелеудегі бір-бірімен
біртұтас байланыстығы. Жыл бойы жоспарлы
түрде балабақшада жұргізіліп отырған
жұмыс түрлері: оқу, ойын, еңбек, тәрбие
жұмыстарын жанұяда ата-ана толықтырып
отырама? Ата-ана баланың алдында өздерін
педагог болуы тиіс.
1-бөлім. «Балаңыз мектепке дайын ба?»
Ата-аналарға сауылнама таратылды.
2-бөлім. «Мамандықтар әлеміне саяхат»
3-бөлім. Ситуациялық сұрақтар.
Сөз жұмбақ шешу.
Сауалнаманы талқылау, қорытындылау.
Ситуациялар: 1. Баланың туған күнге баруы.
2. Табиғат туралы.
3. Қонақ күту рәсімі туралы.
Ән. «Көктем өрнегі» – Бір топ балалар
орындайды.
1.Берік. Шофер ағам. 2. Нұржан.
Мен ғарышкер боламын.
Бірге қырға шығады. Аспан – аспан арайлым,
Бірге тауға шығады. Саған жиі қараймын.
Ағам тыным таппайды, Сені көзбен шоламын
Қашан демін алады. Мен ғарышкер боламын.
Түн демейді түнді де
Күн демейді күнді де Таудай үлкен талабым
Шаршадым деп айтпайды. Мен бармақтай
баламын.
Шофер ағам білдің бе? Көктің жүзін барлайтын
Шалғын өссе сайларда Мен ғарышкер боламын.
Гүл өскенде тауларда
Апарады біздерді
Шофер ағам жайлауға
Сюжеттік ролдік ойын.
«Мұғалім»
Ертегіден үзінді айту. Балалар қандай
ертегі екенін айтады.
«Әріптер сыры» А, Ә, Б, «Ана», «Әке», «Бала»
Мақал – мәтел. Жұмбақ, тиым сөздер жарасы.
Бір топ балалардың орындауында би «16
қыз»
«Дәрігер» мамандығы
1.жарнама: Мен үшінде және ел үшінде «Дәрігер»
мамандығынан артық мамандық жоқ, себебі
дәрігер: Адам жанының арашасы. Дәрігер,
алдына келген науқас адаммен бірге ауырады
жүрегі сыздайды, Ал енді өзі емдеген адамы
сауығып кетсе, дәрігер адаммен бірге
қуанады. Дәрігердің үстіндегі ақ халаты,
дәрігердің кіршіксіз ақ көңілін, адамдарға
деген мейірімділігін білдіреді. Дәрігер
мамандығым мақтанышым.
«Дәрігер» тақпақ.
Аяжан – Ақ халатты киемін
Аппақ болып жүремңн.
Аппақ болып жүргенді
Өзім өте сүйемін.
Дәрігермін мен деймін
Кәрі әжемді емдеймін
Көп-көп ішіп дәріні
Кәрілікті жең деймін.
«Дәрігер» сюжеттік ролдік ойын.
Бір ата-ана бала болып жедел-жәрдем шақырады.
Жедел-жәрдем келеді, бірінші көмек көрсетеді,
баланың қызуын қарайды. Ойын барысында
сәлемдесу, рахмет айт, қоштасу туралы
сөздерді қолданып ретімен сөйлеуі керек.
Ән – «Болайықшы осындай»
Бр топ балалардың орындалуында
Жақсы бала еңбекшіл Бәріміз осындай
Ер азамат болады Болайықшы досым-ай
Қиындықты жеңіп бір Еңбекшіл осындай
Құшағы гүлге толады Болайықшы досым-ай.
2.Мадина. «Бағдаршам»
Қай көше, қай қалаға барсаңда,
Қай ақыл, өлшеміне салсаңда.
Жолда жүру ережесі заңдылық,
Елімізде үлкен, кіші баршаға.
II – бөлім. «Мамандықтар әлеміне саяхат»
«Ұстаз» 2. «Дәрігер», 3. «Тігінші», 4. «Шаштараз»,
5. «Аспазшы» Осы мамандықтар бойынша бес
стол қойылып, мамандыққа сәйкес ойын
құралдары, көрнекіліктер жасақталған.
М/ы: Әрбір мамандыққа 5-6-дан бөлініп ата—аналар
отырады. Мыс: Бір ата-ана дәрігер болады,
сол столдағы қалған ата-аналар, балалар
болып ойнайды.
Ата-ана әрбір мамандыққа жеке-жеке жарнама
береді. М/ы: Балалардың осы мамандыққа
қызығушылығын арттыру мақсатында.
Осы мамандықты балаға ойын арқылы, ойнап
қалай үйрететінін көрсетіп береді.
Мұғалім. – столы. Ролде ата-аналар бала
болады.
Жарнама. – Мұғалім, ұстаз мамандығымды
мақтан етемін. Қандай мамандық иесі болсада,
небір ғалым, шахтер, ұшқыш, академик болсада
барлық адам, ұстаздың алдынан білім алған.
Сондықтан еі жақсы мамандық – Мұғалім
болу. «Ұстаздық еткен жалықпас, үйретуден
балаға» - дегендей, мен шәкірттерге білім
нәрін сусындатудан жалықпаймын.
2.Асылай тақпақ. «Мұғалім»
Білім алған өзіңнен
Дәрігер, ұшқыш, не ғалым.
Саған ыстық сезіммен
Қарайды жұрт мұғалім.
Менде өзіңді әрдайым
Қамқорым деп ұғамын.
Күліп атқан таңдайын
Жарқынсың сен мұғалім.
3.«Шаштараз» мамандығы
1.жарнама. Шаштараз мамандығы да өте қасиетті
мамандық, шашығңыз өсіп кетсе, сәніңіз
кетеді. Барлық мамандық иелері шаштаразға
келіп – шашым өсіп кетіп еді, шашты қиып
сәнденіп өте жақсы әдемі болдым – деп,
Шашқа да тазалық күтім керек. Сондықтан
да шаштаразға келіңіз, сәнденіп шашыңызға
үлгі жасап қайтыңыз. Айналадағы адамдарға
сұлу көрініңіз.
«Шаштараз» тақпақ. – Жанаргүл
Емес оның жәй ісі Әпкем туған бұл үйдің
Қолында өткір қайшысы Мекеніндей сән
күйдің Әпкемнің бес саусағы Шаш түзеуге
сан келіпй Шашты қиып тауысады. Шыққандар
көп сәнденіп .
Ойын: «Шаштараз»
Қайшы – Мен қайшымын, шаштаразға өте
керекпін, мен
болмасам, шашты қиялмайды.
Тарақ – Мен тарақпын, шашты тараймын
сәндеп
беремін, шаштаразға мен керекпін шаштараздың
бір қолында тарақ тұрады.
Қайшы сен бекерге мақтанба.
Айна – Айна болмаса адамдар, өзінің шашышның
қанадай екенін қалай білер еді. Мен өте
қажетпін шаштаразға да адамдарға да.
Шампун – Менде шаш күтіміне пайдамды
тигіземін.
Қиылған шашты шумпунпен жусаңыз.
Шышыңыз құлпырым шыға келеді.
Шаштараз – Ия достарым таласпаңыздар,
маған бәрің де
керексіңдер, себебі: Сіздер шаштаразыдң
құралысыздар.
Би «Русский танец», Бір топ балалардың
орындалуында.
4.«Тігінші» – мамандығы
1.жарнама: Тігінші
Адамдардың дене бітіміне үйлесімді сән
үлгімен жарасымды киім тігеміз. Қай салада
жүрсеңізде, сымбатты көрінгеніңіз қандай
жақсы.
«Адам көркі шүберек» – деп ата-бабамыз
бекер айтпаған.
Тақпақ оқу. «Тігінші»
Қызың біздің бақшада
Алуан ойын ойнаймыз
Астық тасып қамбаға
Сабан тойын тойлаймыз.
Кеме жасап теңізде
Балық аулап ойнаймыз
Шебер болып іс тігіп
Тігінші болып ойнаймыз.
Ойын. «Неден тігілген?»
Матаның тщұрлерін, түсін, не жасалатынынайтып
береді.
«Мода» – сән үлгісін көрсету, – балалар.
Жаз мезгіліне, күз, қыс, көктемге байлансты
үлгілер, спорттық киімдер. Тоқыма және
серуен кезінде киетін киім үлгілері.
Ән – «Балдырғандар жыры»
5.«Аспазшы» – мамандығы
1.жарнама: Барлық мамандық иелері болсаңызда
күніне
үш мезгіл тамақ ішпей жүре алмайсыз ғой.
Аспазшы мамандығы қандай жақсы.
«Ас адамның арқауы» – деген. Денсаулыққа
пайдалы. Ас ішпесең, өмңр сүреде алмаймыз.
Түрлі, дәмді тағамдар дайындап адамдардың
алғысын алған қандай керемет.
Тақпақ оқу – «Аспазшы»
Біздің бұл бақшада Әлде бал қаймақ па
Бар әсем асхана Борыщпа, сорпа ма
Бар онда аспазшы Әлде бал, қаймақ па
Ақ көңіл жақсы ана. Тұрады ортада.
Тәп тәтті тамағы Пісіре білгенге
Апай, ас маманы Астың жоқ маманы.
Ойын. – «Аспазшы»
Салат дайындайды. «Витаминді салат»
Қолдарын жуып тамаққа отыру, рахмет айту,
ұқыптылықты адамгершілікті сақтау.
Аспаздың, еңбегін бағалау.
Би. «Чарли» Бір топ балалардың
орындауында.
Сөзжұмбақ
М
А
М
А
Н
Д
Ы
Қ
Бес дұшпанның бірі – Мақтаншақ
Дос – мінез құлыққа байланысты – Ақыл
Еңбекқор жәндік – Құмырсқа
Ата-ананық бақыты – Бала
Бес асыл іс – Қанағат
Спорт құралы – Доп
Үш арсыз – Ұйқы
Киелі құс – Аққу.
Ән. «Әрқашан күн сөнбесін»
Ата-аналар, балалар бәрі бірге айтылады.